Қазақ тіліндегі үстеулер тарихы



бет16/16
Дата14.10.2023
өлшемі211,66 Kb.
#114891
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Қазақ тіліндегі үстеулер тарихы

(Мүсірепов)

1. Үстеу семантикалық сипатына сәйкес қимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі сын-сипаты, белгісін білдіреді. Осымен байланысты мезгіл пысықтауыш, мекен пысықтауыш, сын-қимыл, мақсат, себеп пысықтауыш бола алады. Жайнағаның қараңғы түнде құлындай шыңғырған дауысы естілді (Мұқанов) Тұра қаштым жалма-жан (Абай). Ерекше бір азап дүниесінен келгендей (Әуезов). Боранды күні ығып келе жатқан қойға араласып, бет-бетімен бөліп-бөліп әкетіп, талай қойды қырып шықты (Сонда). Оразбай жалғыз көзін төмен салып... (Сонда). Аңшылық өмірінде талай қыранды көріп өткен (Сонда) деген мысалдардағы түнде үстеуі қашан? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың өту мезгілін білдіріп, мезгіл пысықтауыш қызметінде, жалма-жан, ерекше сөздері қалай? сұрағына жауап беріп, іс-әрекеттің амалын білдіріп, қимыл-сын пысықтауыш болса, төмен үстеуі қимылдың орнын білдіріп, қайда? деген сұраққа жауап беріп, сөйлемнің мекен пысықтауыш мүшесі қызметінде, ал талай үстеуі қанша? деген сұраққа жауап беріп, мөлшер пысықтауыш қызметін атқарып тұр.

2. Кейбір үстеу сөйлем аяғында жіктеліп, баяндауыш болады. Іркітің де сонда, өлген малдың тері-терсегі де сонда, төлің де сонда (Мүсірепов) деген сөйлемдегі сонда үстеуі III жақ жіктік жалғауының нөлдік тұлғасында тұрып баяндауыш қызметін атқарып тұр. 3. Кейбірі атау септігінде тұрып, субстантивтеніп, бастауыш болады. Еріншектің ертеңі бітпес (Мақал). Біразы - уылжыған жас, бірқатары – сақалдары күректей мұжықтар (Мүсірепов) деген сөйлемдердегі ертеңі, біразы, бірқатары атау септігінде тұрып, бастауыш қызметінде жұмсалып тұр. 4. Зат есіммен, сын есіммен тіркесіп келіп, кейде анықтауыш қызметін атқарады: бірталай уақыт өтті, бірен-саран адам көрінеді, осынша өнерді қалай игердің? т.б. 5. Сөйлемде септеліп, заттанып толықтауыш та болады. Бірталайымен қол алысып амандасты (Мүсірепов).Талайды осы күні-ақ жүрмін көріп (Торайғыров) сөйлемдеріндегі бірталайымен, талайды үстеулері көмектес септігі мен табыс септігінде тұрып толықтауыш қызметін атқарып тұр.

Қорыта айтқанда, үстеу сөздер іс-әрекеттің, қимылдың мезгілін, мекенін, сын - бейнесін білдіретіндіктен негізінен етістіктермен тіркеседі. Бірақ,үстеу сөздердің есім сөздермен тіркесі де,тілімізде жиі кездесетін құбылыс деуге болады. Осы айтылғандар негізінде үстеулерді-сөздерді таптастыру ұстанымдарына сай, лексика-семантикалық сипаты, морфологиялық ерекшеліктері, синтаксистік қызметтеріне байланысты жеке дербес сөз табы деп тануға болады.

Назарларыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет