Негізгі үстеулерден қосымшалар арқылы да қосарлану арқылы да, сөздермен тіркесіп те туынды үстеулер жасала береді. Мысалы, әрең, әрең -әрең, әдейлеп - ұдайлап, әрі - бері, бұрынды соңды, ілгері кей
3. Негізгі үстеулерден қосымшалар арқылы да қосарлану арқылы да, сөздермен тіркесіп те туынды үстеулер жасала береді. Мысалы, әрең, әрең -әрең, әдейлеп - ұдайлап, әрі - бері, бұрынды соңды, ілгері кейін т.б.
Туынды үстеулердеп басқа сөз таптарынан түрлі қосымшалар арқылы, сөздердің бірігу және қосарлану, тіркесу тәсілдері арқылы, сондай -ақ кейбір сөз тіркестерінің тұрақтану арқылы жасалған (я үстеуге айналып) үстеулерді айтамыз. Кұрылысы мен құрамы жағынан үстеулер екі топқа бөлінеді: A) жалаң туынды үстеу ә) күрделі туынды үстеулер
1. Жалаң туынды үстеулер түрлі қосымшалар арқылы жасалған үстеулерді жалаң туынды үстеулер дейміз. Олар, қандай қосымшалар қосылса да, сыртқы формасы жағынан бір сөз болып келеді. Бірақ жалаң туынды үстеулерге жалғанатын қосымшалар екі түрлі болады: біреулері жұрнақтар арқылы жасалады, біреулері әртүрлі жалғаулардың көнеленуі, олар төмендегідей. Жұрнақтар арқылы жасалатын жалаң үстеулер. Бұлар арнаулы жұрнақтар арқылы жасалады. Бұндай үстеу тудыратын жұрнақтар мыналар:
1. -ша,-ше жұрнағы үстеу тудыратын, әрі негізгі, әрі аса өнімді жұрнақ болып қызмет атқарады. Осы жұрнақ арқылы жасалған үстеу мағына жағынан негізінде амалдың қалай, қалайша істелетіндігінің бейнесін білдіреді. Бұл жұрнақ жалқы зат есімдерге де, жалпы есімдерге де (мысалы, Бәйтеневше, Амангелдіше, құсша, адамша) олардың жекеше түрінде де, көпше түрінде де (мысалы, батырша, батырларша, комсомолша, комсомолдарша т.б. ) және тәуелді түрінде де (көзімше, көзіңше, көзімізше, көзінше т.б.) жалғанып үстеу туырады. Осы жұрнақ арқылы кейбір негізгі сын есімнен де (есімше, жаңаша, басқаша, қысқаша т.б.) туынды сын есімнен де (биылғыша, бұрынғыша) үстеу жасалады. Жіктеу есімдерінен де (әлдекімше, кейбіреулерше) үстеу сөздер туады.
2. лей (дай, -дей, -тай, -тей) жұрнақтары да аса өнімді жұрнақтардың бірі. Мысалы, осылай, екіншілей, жастай, жібектей, күздей т.б.
3. -дайын, -дейін (тайын, -тейін) жұрнақтары да аса өнімді жұрнақтар. Бұл жұрнақтар - дай және ын деген қосым шалардан құрамды жұрнақтар. Мысалы. Түлкі дейін түн қатып, бөрі дейін жал тартып (Махамбет): Еділден асып айқара, заулатты мені от арба, жоғары дайын шай қала.