Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет29/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
59 
маңызды болса, сол ойды құбылтып жеткізудегі үн, кідіріс, саз, 
мәнер де сондай мәнді.
Ғалым қазақ тілінің табиғи қасиеті ауызша тілде айқын 
көрінетініне мән бере отырып, сол ерекшелікті жазу жүйесін 
белгілеуде де басты назарда ұстану қажеттігін дәйектейді. Ұлт 
ұстазы қазақтың ауызша тіліндегі табиғи қасиеттің барынша 
сақталуының сырын жазу-сызуы болмаған халықтың тілі «табиғат 
закөніне ергендігінен», яғни тілдің табиғатын «зорлап таңатын» 
емлесінің жасалмауынан деп көрсетеді. Қазақ сөзінің сазды келіп, 
бір-бірімен үйлесімді дыбысталуының себебі сөйлеу аппаратының 
ауанына қарай дыбыстардың еркін төгіле шығуынан екенін баса 
айтады. Әсіресе, сөйлеу үдерісіндегі дауысты дыбыстардың рөліне 
ерекше тоқталады. Ауызша сөйлегенде дауысты дыбыстардың 
рөлін жоғары бағалайды. Олардың жасалуындағы сөйлеу 
мүшелерінің атқаратын қызметіне жіті мән береді: «Қамаудағы 
дыбыс пен ашықтағы дыбыс екеуі бірдей болмайды. Ашықтағы 
дыбыс ашық, көркем шығады. Қамаудағы дыбыс ажарсыз 
шығады. Дұрыстыққа салып, тура көзбен қарағанда, тіл 
турасындағы күйінерлік іс қазақта емес, басқа түрік балаларында. 
Ашық дыбыстарын көмескі дыбыстарға, көркем дыбыстарын 
ажарсыз дыбыстарға алмастырып, тілдің сиқын бұзып, сынын 
кетірген басқа түріктер. Ауыз еркін ашылғанда шыққан дыбыс 
ашық болады, ауыз тарылған сайын дыбыстың ашықтық дәрежесі 
төмендей береді. Сондықтан бірінші дәрежедегі дыбыстарды 
төмен дәрежедегі дыбыстарға алмастырсақ, сөздің де көркі сол 
дәрежеге төмен түседі. Сөздің көркі төмендесе, тілдің де көркі 
төмендейді» [3, 249]. Осы байламы арқылы тілдегі барлық 
элементтердің дыбыс – сөз – сөйлем – мәтін тізбегіндегі тіл 
бірліктерінің бір-бірімен тығыз ұштасып жатқанын, олардың 
біріне-бірі тәуелді екендігін ғылыми тұрғыдан негіздеп береді.
Ауызша тілдегі әдеби нормалар ретінде қабылдауға толық лайық 
саналатын бірегейліктің түпкі төркіні тіл табиғатының 
өзгешелігінде 
жатқанын 
бағамдайды. 
А.Байтұрсынұлы 
қосымшалардың, шылау сөздердің қазақ тілінде бірнеше 
варианттары болуы да тілдің өз табиғатынан туындап тұрғанын 
көрсетеді. Олардың да жөні түзу келуінің мәнісін халықтың сөз 
қолдану үдерісінде тілдің өз болмысына нұқсан келтірмеуінен деп 
атап көрсетеді. Қазақ сөзінің сыны бұзылмауының себебін 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
60 
тереңнен толғай түсіндіре отырып, оны жазу тілінде де 
басшылыққа алудың тиімділігіне көңіл бөледі. Жазба мәдениет 
ережелерін белгілеуде де тілдің ауызша табиғи болмысын 
ескерудің жолын ұсынады. «Тіл өзінің табиғаты тартуынша 
әрқайсысын өз орнына қойған. Тілдің өзінің қойған орнынан басқа 
орынға қойсақ, онда ол қойғанымыз ол тілше болмайды. Ол тілше 
болмаған соң, оның түбі ол тілді бұзу, өзгерту болады» деп тілдің 
жазбаша түрінің емлесін анықтау үдерісінде ауызша сөйлеу тілінің 
заңдылықтарын сақтаудың мүмкіндіктерін айқындайды.
Ғалымның емле түзудегі ең басты қағидасы: тіпті туыстас тілдер 
болса да, өзге бір тілдің жазу жүйесін екінші бір тілге таңуға 
болмайды. Ал, егер туыстас тілдер үшін ортақ емле жасау 
қажеттігі туындап жатса, онда «азбаған тілді» негізге алу керек! 
«Азбаған асыл тілден емле шығарып, соған қарап басқа емлелерді 
түзеу керектігін» айтады. А.Байтұрсынұлы «атаның берген мүлкін 
(тілін) 20 ғасырға дейін аздырмай алып келген таза тіл» деп қазақ 
тілін атайды. Бұл – өз тілін өзгелерден ұлық тұтып айтыла салған 
асығыс я асылық пікір емес, тілдерді өзара салыстыру арқылы 
жасалған тұғырлы тұжырым. Осы пікірін тілге қатысты кез келген 
мәселеге: емлеге, 
жалпы ауызша және жазбаша тіл 
заңдылықтарына байланысты еңбектерінде әр қырынан ашып, 
дәлелдеп отырады. 
Ғалымның айтылымдағы дыбыс пен жазбаша тілдегі әріп 
таңбасының 
қатынасы 
туралы 
түйіндеулері 
әлемдік 
лингвистикадағы емле жайына арналған ең ұтымды және дәлелді 
бірегей тұжырым екенін замандастары да, кейінгі зерттеушілер де 
толық мойындайды. Оның мәнісі тілдің өмір сүруінің осы екі 
формасының 
арасындағы 
айырмашылықты 
барынша 
теңдестірудің, ұтымды етіп үйлестірудің жолын анық таба 
алуында. Расында, ғұлама жазба тілдің заманы туып келе жатқан 
жаңа дәуірдегі тіл тұтынушылардың сөздерді қалай жазылса, 
ауызша 
тілде 
солай 
қолдануға 
ыңғайланып 
кететінін 
көрегендікпен болжаған. Сондықтан жазба тілдің емлесі адам 
қолымен әзірленетін, бекітілетін жасанды ережелер жүйесі 
болғандықтан, жазу жүйесін тіл табиғатына етене жақын етіп 
нормалауды ұстанады. Емлені қалып деп қарап, оған тілді зорлап 
сыйдыруды емес, керісінше, сол қалыпты тілдің өз табиғи 
болмысына лайық етіп құюды ұсынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет