Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет35/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   124
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
75 
қабілетті. Оған бұл жолда нумерология көмектеседі деген пікір 
айтады.
Нумерология мен сандық астрология адам денесінде сыртқы әлем 
заңдарының қайталап көрінуі деген көнеден қалыптасқан 
түсініктерді 
нақтылауға 
бағытталған. 
Космос 
заңдарын 
макрокосмос десек, адамды микрокосмос деп айтуға болады. 
Өйткені адам да табиғаттың ерекше жаратылған жаратылысы. 
Адам өміріндегі түрлі құпия сырлар оның туған сәтінен басталады. 
Нумерологиялық тұрғыдан айтқанда, туған күні мен оған 
қойылған есім тылсым бір «космостық кодпен» тығыз 
байланысты. Бұл сандық код адам денесінің биологиялық және 
энергетикалық қуатын ғана емес, сондай-ақ оның тағдырын, тіпті 
қайтыс болатын уақытын да анықтайды. 
Нумерология сандық таңбалар (символ) мен геометриялық 
фигураларды жоғарыда айтылған заңдылықтарды зерттеуде 
негізгі құрал ретінде пайдаланады деуге болады. Бірақ 
нумерологияны математикамен шатастыруға болмайды, олардың 
айналамызда болып жатқан құбылыстарды есептеу, анықтау 
әдістері әртүрлі. Сандар математикада есептік немесе көлемдік 
көрсеткіштерді санауға негізделсе, нумерология сандарды 
философиялық, статистикалық критерийлер ретінде қолданады.
Сандар нумерологияда заттар мен құбылыстардың өзіндік 
ерекшеліктерін таңбалау қызметін атқарады және философиялық 
таным түсінігіне ие болады. Осы тұрғыдан келгенде, жер бетінде 
тіршіліктің пайда болуы мен дамуы ғарыштық (космостық) 
қырынан да, экологиялық қырынан да кездейсоқ жаратылыс емес 
деген ой келеді. Сондықтан да Жер басқа ғаламшарларға қарағанда 
Күннен қашықтығы өте дәлдікпен өлшенген. Күннің қуатты 
сәулесі бүкіл тіршілікті күйдіріп жіберетіндей өте жақын да емес, 
мұз болып қатып, өмір болмайтындай алыс та емес. Оның үстіне 
жер тіршіліктің дамуына керекті оттегімен байытылған. Демек, 
Табиғат пен Ғарыштың адамзаттың пайда болуында және оның 
дамуын ары қарай жалғастыруында кездейсоқ дүниелер емес 
екенін байқаймыз. Осы байланыс арқылы адамзат пен ғаламның 
бір-бірімен тығыз байланысты екені көрінеді. Қоршаған дүниенің 
және ғаламшарлардың ритмі әрбір адам өмірінің ритмімен 
сабақтас, ұқсастықтары ғалымдарды ерте кезден-ақ қызықтырған. 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
76 
Сол себепті ғалымдар беймәлім, тылсым дүниенің сырын ұғуға, 
ашуға талпынған. Белгілі нумеролог ғалым
В.В. Калюжный нумерологияның дүниетанымдық сипатын 
зерделей отырып, адамның өсу процесі, денсаулығы, психикасы 
және басқа да қасиеттері ғаламдық жаратылыспен байланысты 
деген пікір айтады [4, с. 8].
Нумерология мен астрология көне ілімдер ретінде есеп-қисапты 
талап ететін көптеген ғылымның дамуына негіз болды. Біз осы 
мақалада сандардың таңбалық (символика) жүйесі мен басқа 
белгілердің қалыптасу, даму жолдарына зерттеу жүргізуге 
тырысамыз.
Қытайда философиялық тұрғыдан алғанда, логикалық таным 
моделі мен оны зерттеудің құралы ретінде және сандық жүйелер 
мен геометриялық құрылымдардың қызметін, олардың мәні мен 
маңызын анықтау үшін нумерология ғылымы пайдаланылды. 
Олардың математикалық заңдар бойынша емес, бірінші кезекте, 
символикалық, ассоциативті, мнемоникалық жағынан байланысты 
екені жайлы ғылыми тұжырымдар жасалған [5, с. 47]. Яғни қандай 
да бір мәліметті не белгіні басқа ақпарат арқылы есте сақтау 
дегенді білдіреді. Мәселен, санды есте сақтаудың орнына сөзді, ал 
сөздің орнына мекен-жайды есте сақтау деп түсінуге болады.
Қытай философиясында ежелгі заманғы ғұламалар әлем мен оның 
құрылымын философиялық тұрғыдан танудың бір ортақ атауы 
ретінде универсал термин «категория» қажет болғаны айтылады. 
Синолог ғалым Го Юй «Речи Царств» атты кітабында қытай 
философиясының көне жазба ескерткіштерінің бірінде қоршаған 
ортадағы заттар мен құбылыстардың ортақ терминін жасау 
идеясының көтерілгенін атап өтеді [6, б. 288]. Сонымен қатар 
еңбекте барлық адамдар мен рухтар сан арқылы келісімге келеді, 
дыбыс арқылы анықтайды. Сандар анықталып, дыбыстар 
үйлестірілгеннен кейін бірігу мүмкін болады.
Қытай сан мәдениеті, яғни нумерологиясы «Ғарыштың 
музыкалық-сандық құрылымы» жөніндегі пифагорлық іліммен 
сабақтасып жатыр деген пікір бар. Қазіргі заманғы көзқараспен 
қарағанда ежелгі ғалымдардың табиғаттың заңды құбылыстарын 
дәл болжаған талдаулары таңқаларлық дүние болып көрінеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет