Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет30/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
61 
Зерттеуші тілдің өмір сүруінің ғана емес, оның қолданым 
мәдениетінің де осы дыбыс пен таңбаның үйлесіміне тәуелді 
екенін көрегендікпен түйіндейді. Ауызша тіл мен жазбаша тілдің 
арасындағы байланыс медальдің екі беті секілді бірінен-бірі 
ажырағысыз біртұтастық тапқанда ғана сауаттылықтың кепілі 
болатынын ескертеді. Сондықтан әліпбиге берген анықтамасында 
«Әліпби – тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың 
жұмағы» дейді. Анықтамаға зер салып қараған адам осында 
айтылған әр сөздің астарындағы асқан сезгірлікпен түйінделген 
терең ойды аңғарар еді. Біріншіден, таңба тілдің негізгі 
дыбыстарына, яғни сол тілдің бар ерекшелігін танытатын, мәнін 
ашатын, көркін келтіретін төл дыбыстарын айқындауға арналуы 
тиіс. Ескеретін бір жайт: ғұламаның айтып отырғаны – қазір «төл 
дыбыс» деп аталып жүрген тоғыз дыбыс қана емес, қазақ сөзінің 
ажарын ашып, көркем де көрікті болуын қамтамасыз ететін сөз 
құрауға негіз болатын барлық фонемалар, толыққанды дыбыстар. 
Екіншіден, жазу таңбалары тіл дыбыстарына молынан жетіп, әр 
әріп өзі таңбалайтын дыбыспен толық сәйкестік табуы қажеттігін 
дәйектейді. Үшіншіден, сол ауызша тілде айтылатын дыбыс пен 
таңбалайтын әріп үндесе келіп, оқуға да, жазуға да жеңіл болуына 
көңіл бөледі. Төртіншіден, ол тілді үйретушіге де, тілді 
үйренушіге де қиындық туғызбайтындай нақты ережелерге 
негізделуі қажеттігіне мән береді. Яғни әрбір ауызша дыбысталған 
сөздің жазылу тәртібі мен ережесі нақты, анық та қанық болуы 
керек. Кейбір тілдердегідей, бір ереженің соңында бірнеше 
ауытқушылық жағдайларына (исключение) қатысты қосалқы 
түсіндірме беріп отыруды қажет етпейтіндей сауатты һәм айқын 
болып құрылуы жөн екенін ескереді. Бесіншіден, «заманындағы 
өнер құралдарына орнатуға қолайлы» болуы керектігіне назар 
аудартады. Сөйтіп, жоғарыда айтылған барлық талаптарға толық 
жауап беретін араб әрпімен түзілген қазақтың жазу емлесі екенін 
жан-жақты дәйектейді [3, 253]. 
Тіл тұтынушылардың қазақ тіліндегі айтылым және жазылым 
мәдениетін меңгеру мәселесін теңдей шешкен, өзі негіздеген озық 
әліпбидің артықшылығын толық ашып түсіндіреді. «Араб әрпінен 
жасап алған әліп-биімізге жер жүзіндегі әліп-би баласы жетпейді. 
Араб әрпімен түзген емлемізге бізге мәлім емлелердің бірі де 
жетпейді!». Ахмет Байтұрсынұлы секілді өз ісінің баяндылығы 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
62 
мен өміршеңдігіне толық сенген шынайы зерттеуші ғана осылай 
кесіп айтса керек. Бір жағынан, өз ортасындағы «менің дүнием 
өтпесе, сенікі де өтпесін» дегеннен аса алмай, аяқтан шалатын 
қызғаныштың кеселі; екінші жағынан, кеңестік идеологияның 
қолшоқпарына айналған әсіресаясатшыл «зерттеушілердің» барын 
тәрк етіп, «заман тамырын дөп басуға ғана ынтыққан» 
жалпақшешейлігі, көзсіз келісімпаздығы мен қысастығы; үшінші 
жағынан, жазу мәдениеті кенже дамыған тіл деп кемсіте қараған 
туыстас халық ғалымдарының қазақ тілінің төл емлесін менсінбей, 
өз жазу тәртібін тықпалаған әрекеттері ашындырған білімпаз 
осылай айтуға мәжбүр. Бұл өзінікін өзгенің дүниесінен артық 
көріп, мадақтау немесе мақтану емес, Абай айтқан, үлкендік! Ұлты 
үшін өзі жасаған ұлық ісінің мәні мен маңызын терең түйсіне 
отырып, бағалаудан туған берік байлам! Ұлы ойшыл Абай өзінің 
жиырма бірінші қарасөзінде: «Мақтан деген нәрсенің мен екі 
түрлісін байқадым: біреуінің атын үлкендік деп атаймын, біреуін 
мақтаншақтық деймін. Үлкендік – адам ішінен өзін-өзі бағалы есеп 
қылмақ. Яғни надан атанбастығын, жеңіл атанбастығын, 
мақтаншақ атанбастығын, әдепсіз, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, 
сұрамшақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді – осындай 
жарамсыз қылықтардан сақтанып, сол мінездерді бойына қорлық 
біліп, өзін ондайлардан зор есептемек. Бұл мінез – ақылдылардың, 
арлылардың, артықтардың мінезі» - дейді [2, 156]. 
Зерттеу 
барысында 
Ахмет 
Байтұрсынұлының 
айтылым 
мәдениетіне қатысты негізгі қағидалары мен оның ізін жалғап, 
бірегей тұжырымдар жасаған ғалымдардың зерттеу еңбектерін 
саралай отырып, білім беру жүйесінде айтылымның амал-
тәсілдерін дұрыс меңгертудің бірқатар шарттары анықталды. 
Бірінші шарт – сабақ барысында білім алушылардың сөйлеуге 
деген қажеттілігін тудырып отыру. Өйткені қажеттілік болмаса, 
оны жүзеге асыратын жағдаяттар, тапсырмалар дұрыс 
ұйымдастырылмаса, білім алушыға өз ойын жеткізудің түрлі амал-
тәсілдерін, жолдарын меңгерткенмен, білімнің өзектілігі 
төмендейді. Сол себепті «оқытуды өмірмен байланыстыру 
жолымен» түрлі жағдаяттар ойластыра отырып, оқушылардың 
сөйлеуге мүдделілігін арттырып отыруды талап етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет