Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет37/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   124
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
79 
алмас еді деген болжам айтады. Сонымен қатар ғалым «пешене-
бесене» деген сөзге талдау жасайды. Қазақ халқында «бешене-
бесене» деген сөздерді мағыналас ретінде қарастыра келе, қазақ 
тіліндегі «бесенеден белгілі», «пешенесіне жазылған» тіркестерді 
«жұлдызы солай» деген тіркеспен мағыналас қарастырады. Мұнда 
«бес» санының тарихи, табиғи мазмұны мен маңызына назар 
аударады [7, б.138]. Сонымен бірге «пешене» сөзінің қазақ 
мәдениетіндегі сандардың тамаша сырын қозғайтынына 
тоқталады. Сол арқылы осыдан мыңдаған жылдар бұрын болған 
оқиғалардан хабар алуға болатынын атап өтеді. Бұл бойынша 
ғаламның жаратылысын 12000 мың жылдық деп, онан кейін бір 
жылдың ішіндегі 12 айды және осыған байланысты он екі жылға 
пешене сөзінің түбір деп есептейтін бес санын қосып, он екі мүшел 
жылды шығарады. Бұл бір ғана он екіге қатысты қазақ 
дүниетанымындағы сандардың сипатын беріп отыр. Зерттеуші 
әлемнің тылсым дүниелерін анықтау мақсатында, үнемі Әл-
Фарабиге жүгініп отырғандығын байқаймыз. Сандар құпиясын 
ашуда ол Әл-Фарабидің музыкалық трактаттарын саралап, 
«ондағы жеті саны оның музыкалық ноталар саны, бес саны оның 
барлық дүниені құраушы тектер саны, пешене – құт саны: от, су, 
жел, жұлдыз. Бұл тектердің алғашқы төртеуі жер саны, кейінгі 
бесіншісі аспандық. Қазақтың пешене – бес ана деп келетін түсінігі 
осы басқы – алғашқы табиғи тек санымен байланысты деп 
санаймыз дейді [7, б.152]. Ғалым А. Машани өзінің сөзін дәлелдеу 
мақсатында үнемі ауыз әдебиетіне сілтеме жасап отырады. Оның 
ішінде Оғыз хан немесе өгіз хан туралы аңыздағы Оғыздың 
аспаннан түскен Нұр қызына үйленуі, Күн, Ай, Жұлдыз, Көк, Тау, 
Теңіз атты ұлдарының болуы арқылы аңыздың астрономиялық 
мазмұнға негізделгенін көрсетеді. Одан бөлек жыл басы болуға 
таласатын жануарлар туралы аңыз, «Наурыз» мейрамына 
байланысты аңыздардағы қазақ халқының әлемнің тылсым 
құпияларын 
сандық 
түсінікпен 
байланыстырып, 
оны 
математикалық дәлдікпен тани білгенін анықтайды. Күн мен 
түннің теңелуінің 21-наурызға сәйкес келетіні белгілі. Ал сол күн 
мен түннің ұзақтығының бірдейлігін өте дәлдікпен есептеп 
шыққан даналық қазақ ғұламаларының әлемдік ғылымдағы орнын 
көрсетеді деп білеміз. Аспан денелерінің-жұлдыздардың орналасу 
тәртібін аспан сағатына теңейді. Күн мен түннің теңелген наурыз 
мейрамында осы аспан сағатының тілі он екі мүшел жұлдыз 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
80 
тобының қайсысына дәл келсе, сол жұлдыз шоғыры, сол мүшел 
жануар жыл басы болмақ дейді.
Профессор А.Машани сан әлемін зерттей отырып, таңба (символ) 
сырына да назар аударады. Мұнда зерттеуші тағы да Өгіз хан 
аңызына сүйенеді. Өгіз ханның екінші аты таңбашы болғандығын, 
оның әртүрлі белгілер, мөрлер жасап, жұртқа таратқандығын атап 
өтеді. Осы арқылы автор тағы да он екі санының құпиясын ашуға 
тырысқан. Бұл үшін ол қазақтың «Алыптар туралы» атты ертегісін 
негізге алады. «А» әрпі ертегідегі Айдың үйінен, «В» әрпі шыққан 
деп немесe Өгіз ханның аспан анадан туған ұрпағы әліп болғанда, 
бәйтерек ішінен кездескен ұрпағын бәйтерек тірек «Б» әрпі болған 
деп басқа да әріптік таңбалардың қалай шыққандығын талдайды. 
Бір қарағанда, көңілге түрлі сұрақ келгенiмен, ғалымның ғылыми 
талдаулары 
математикалық 
дәлдіктермен 
негізделіп 
отыратындығы ғаламның құпия сырларының шешуі осында 
жатқандығына сенуге болады. Осы жүйемен таңбаларды талдай 
отырып, қазақ руларының өзіндік таңбаларына да сараптама 
жасайды.
Жалпы, әлем жаратылысы, олардың таңбалану сыры, сандардың 
құпиясына байланысты нумерология ғылымындағы мәселелер 
барлық халыққа ортақ деген тұжырым жасаймыз. Бүкіл адамзат 
баласына ортақ ғылыми мәселелердің барлығының негізі қазақ 
тілінде, қазақ тарихында, қазақ дүниетанымында, қазақ 
мәдениетінде бар деп санаймыз.
Қытай нумерологиясындағы «тақ» және «жұп» деген түсініктің 
қазақ халқында да бар екендігі белгілі. Бұл қарастырылып отырған 
мәселе Ақжан Машанидің көптомдық еңбегінде жан-жақты 
сараланғандықтан, біз мақаламызда негізінен осы ғалымның 
еңбегіне сүйенеміз [8, б.118]. Қазақ дүниетанымында күндізді жаз, 
түнді қыс деп білу танымы бар екендігі белгілі. Осыған сәйкес 
жаздың жұлдызы-жылқы, қыстың жұлдызы-сиыр болып 
табылады. Сиыр қазақ жыл санауы бойынша екінші, яғни мүшел 
бұрышы жұп, ал жылқы жетінші мүшел болғандықтан мүшел 
бұрышы тақ болады. Жұп сан ертедегі қағида бойынша әйелдік 
сан, яғни сиыр үй ішінің, әйелдің малы. Тақ сан еркектік сан – 
жылқы ерлер мінетін жануар. Бұл пікірді А. Машани қазақ 
аңызына сүйене отырып былай сипаттайды: «Қазақ жыл 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет