Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет39/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
83 
төртінші жұлдызы болып шығады. Енді «4» саны шығатын 
қосынды сандар: 31, 22, 13. Егер туған күн датасы 1 қаңтар 1991 
болса, онда 1+1+1991 болады, ары қарай есептейтін болсақ, 
1+1+1+9+9+1= 22=2+2=4. Осы тәртіппен қуаныш әкелетін күнді 
есептеп шығаруға болады.
Енді 1-ден 9-ға дейінгі натурал сандардың нумерология мен 
сандық астрология тұрғысынан ұғымдары мен сипатын талдап 
көрейік.
1– бұл санға (кодқа) қатысты күн жаңа жұмысты бастауға тиімді 
және шаруаны кейінге қалдырғысы келмейтін, шұғыл шешім 
қабылдап, іс бастау үшін жақсы күн болып саналады. 
2 – контрасты күн. Ойға алған жұмыс шешілуі мүмкін, бірақ толық 
сәтті болмайды. Мұндай даталарда сәттілік істің барысында 
болады. Сондықтан істі тез аяқтауға асықпай, созыңқырап 
жалғастыру қажет. 
3 – бұл санға сәйкес келетін күн бастаған істі аяқтау үшін белсенді 
әрекет жасау керек немесе жаңа іс бастау қажет. Осы күні 
достықты мықтылай түсу және өзара көмек көрсету керек. Бірақ 
біреуге қасақана қиянат жасамаған дұрыс, себебі сол жамандық 
бумеранг секілді өзіңе айналып келуі мүмкін. Сонымен қатар бұл 
күн қызмет бабымен іссапарға шығуға қолайлы күн. 
4 – бұл санның коды қысқамерзімді жұмыстарды бастау 
немесе аяқтауға оңтайлы күн. Қарапайым сауда-саттық, алып сату 
сияқты коммерциялық істерде сәттіздіктер орын алуы мүмкін. Ал 
басқа келісімшарттар жасау, материалдық қамтамасыз ету сияқты 
жұмыс түрлерінде сәттілік болады.
5 – тәуекел және тосынсый (сюрприз) күні. Бұл күні күрделі 
жұмыстар мен жауапты әрекеттерге бармаған жөн. Адамның 
кейінгі тағдыры сол жұмыстың нәтижесіне байланысты болады. 
Ондай жауапты да маңызды жұмысты алдын ала сақтандыру 
жұмыстарын жасап не болмаса оң шешім шығатынына сенімді 
болғанда ғана бастауға кеңес береді.
6 – Бұл күні бастаған істі жалғастыру үшін тиімді 
пайдалануға және жақындарыңызға арнауға кеңес береді. Бұл күн 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
84 
өзара түсіністік, үйлесім, еркіндікті нығайту, үй шаруасы сияқты 
ұсақ-түйек жұмыстармен айналысу күні.
7 – бұл күн бастаған істі жалғастыру және интеллекті 
жетілдіру (оқу, конференцияларға қатысу, концерттерге, театрға, 
музейге бару) күні болып есептеледі. Сонымен қатар бұл күні 
адамда алдын ала сезу, интуиция сияқты қабілеттер артады. 
8 – Бұл күн үлкен де маңызды істерді шешуге, коммерциялық
қаржылық мәселелерді шешуге қолайлы күн. Сондай-ақ, осы күні 
бірнеше әріптес адамдардың немесе ұйымдардың өзара тиімді 
нәтижеге қол жеткізу үшін күш біріктіруі пайдалы болмақ. 
9 – бұл күн болашағы зор істі бастайтын күн. Әсіресе, коммерция, 
қаржы және өнер саласындағы адамдар үшін тиімділігі 
ескертіледі. 
Жалпы нумерология мен сандық астрологияда қарапайым 
сан туған күннің «алтын санымен» сәйкес келетін болса, ондай 
айдың бұл күні ол адам үшін оңтайлы болып саналады. Егер 
сәйкестік болмаса, онда ол адамға нумерологиялық код схемасы 
бойынша әрекет етуге кеңес береді.
Қазақ және қытай тілдеріндегі нумерологияның таңбалық, 
ұғымдық сипатын қарастырып көрейік. Жалпы тіл білімі 
саласында жазудың, оның ішінде сандар жүйесі мен таңбалардың 
пайда болуы адамзат мәдениетіндегі толық шешімін таппаған 
мәселелердің бірі деген ғалымдардың пікірлерін негізге аламыз. 
Иероглифтер болсын, пиктографиялық таңбалар болсын немесе 
көне түркі жазба ескерткіштеріндегі таңбалардың даму 
сипаттарын зерттеп қарағанда олардың ортақтық қасиеттерін 
байқаймыз. Мысалы олардың бәрі сол өңірдегі тілде сөйлейтіндер 
үшін жасалғандығын және алғашқы жазу үлгілерінің сипаты, 
қызметі тарихи даму үдерісі және жазуға негіз болғандығын 
айтуға болады. Бұл жайында француз ғалымы М.Кoэннің мынадай 
пікірін келтіруге болады: «Даже если бы в нашем распоряжении 
было значительно больше документов по древнейшей истории 
письма, следовало бы воздержаться от проникновения во мрак его 
происхождения» [7, б. 223].
Мәдениет тарихында жазулар – идеографиялық, силлабикалық 
және алфавиттік деп бөлінетіндігі белгілі. Идеографиялық жазуда 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет