Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
78
сабақтасып
жатуы
Шығыс
философиясы
мен
Батыс
фиолосфиясында өзіндік орнын тапқан деп ойлаймыз. Бұл жерде
бір ел екіншісінен алды деп айтуға болмайды. Себебі,
табиғат
аясында өмір сүрген әртүрлі халық өзін қоршаған ортаға
байланысты таным-түсінігі, оның тылсым сырларын білуге
ұмтылуы табиғи заңдылық деп түсіну қажет.
Қазіргі қытай философиясы болсын, түркілер философиясы, оның
ішінде қазақ философиясында болсын әлемді тану мен оның құпия
сырларын сандар мен таңбалар арқылы зерттеу дамып келеді деп
айтуға болады. Жалпы әлемді танудың біріңғай философиялық
түсінігі қалыптасу үшін бір методолoгия қажеттігі туындайды.
Еуропалық дәстүрлі философияда методология рөлінде формальді
логика басты назарда болса, қытайда нумерология негізгі рөл
атқарады.
Нумерологияны тану, зерттеу ісінде философияның
маңызы ерекше деп түсінеміз.
Табиғат дүниесін қазақ танымына сай саралап көрер болсақ, оның
философиялық талдауы бізді көне заманға жетелейтінін
анықтаймыз. Қазақ даналарының дүниетаным болжамдарына
сәйкес табиғат жаратылыс, оның жаратушысы адам болып
табылады. Белгілі ғалым А.
Машани Әл-Фарабидің табиғи-
философиялық қағидалары жөнінде әлемді құраушы заттардың ең
негізгі қасиеті қозғалыста болу екендігіне назар аудара отырып,
бұларды алты түрге бөлетінін айтады. Олар бірінші, жаратушыдан
болған бас себеп; екінші, аспан қабаттары; үшінші, рухани-ғақли
әрекеттер; төртінші жан қуаты; бесінші, заттың формада болуы;
заттың тектік негізі [6, б.135]. Ары қарай зерттей отырып, ғалым
дүние қуаттарының өте қатаң тәртіп бойынша тұтас бір
құрылымдық үйлесімде орналасқанын,
Әлем және Ғарыш сол
деген пікір айтады. Адам сол әлемнің бір мүшесі, оның қабілеті
міндеті сол әлемді тану, оның жаратылысын түсіну, жаратушысын
тауып оған сену деп ой қорытады. Бұл мәселе Абайдың 45-қара
сөзінде де айтылады: «Адамшылықтың алды – махаббат, ғаделет
сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ. Ол жаратқан тәңірінің ісі ...
Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып
қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен біліп».
Жоғарыда келтірлген сезімдер
Жаратушының адамға берген
сыйы. Табиғат болмаса және ол табиғат адамның бақылау, көру,
ойлау қабілетіне сай жаратылмаған болса, адам ғылым жасай