Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет38/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   124
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
81 
санауындағы сиыр мен жылқының аспандық жұлдызы – Шолпан. 
Ертеде жылқы жыл басы болғанда ол үркерді табанына басып 
тұрады екен. Соның салдарынан үркер аспанға шыға алмайды. 
Үркер аспанға шыға алмаған соң қыс та болмаған екен. Сонан 
кейінгі замандарда аспан күзетінің кезегі сиырға келеді. Сонда 
сиырдың аша тұяғының арасынан шығып, Үркер аспанға көтеріліп 
кетіпті. Содан бері қыс қатты болатын болған. Бұл ауысудан Өгіз 
хан кезіндегі жыл басының – сиыр, ал Ертөстікте жыл басы – 
Жылқы екенін көреміз. Қыс пен жаздың ауысуы осыдан шығыпты. 
Сонымен қатар, күн мен түн, жақсылық пен жамандықты талдай 
келе сегіз санының мағынасын ашуға тырысады. Ары қарай ғалым 
өзінің әлем жаратылысына қатысты олардың «тақ» пен «жұп» 
қатынасын сандық ұғыммен байланыстырады. Ер Төстіктегі сегіз 
батырды, Абайдың «Сегіз аяқ» әнін, т.б. аңыз-ертегілердегі 
сандардың 
қазақ 
дүниетанымына 
сай 
өрілуі 
әлемдік 
нумерологиядағы қалыптасқан танымдық сипаттармен үйлесіп 
жатқандығын байқаймыз.
Нумерологияның астрологиялық негізін зерттей отырып, 
ғалымдардың пирамида немесе үшкіл ұғымына соқпай кетпейтінін 
аңғардық. Осындағы әрбір бұрыштың философиялық мағынасы 
бар. Бұл табиғаттың үш негізгі күшін бейнелейді. Олар: Аспан, 
Жер және осы екеуінің арасында олардың қуатын бойына 
дарытатын адам. Үшкіл таңбасы ∆ табиғаттағы төрт негізгі 
құбылысты: от, жер, су және ауаны сипаттау немесе білдіру үшін 
қолданылады. 
Сан таңбаларының жұлдыздардың графикаларымен үйлесуін 
ғалымдар нумерологиялық астрологияның философиялық саласы 
деп түсіндіреді [4, с. 59]. Белгілі бір дүниетанымға негізделмеген 
сандар жүйесін, сан мәдениетін, сандардың таңбалық ұғымын 
тану, білу мүмкін емес. Қандай да бір сандық таңба, белгі, жазу 
болсын, оның «магиялық» астары бар деп түсіндіріледі. 
Нумеролог ғалымдар сандар жүйесінің ғарыштық бейнесін Орион 
шоқжұлдызымен байланыстырады. Қытайша транскрипциясында 
ол Шэнь дегенді білдіреді. Бұл шоқжұлдыздың сандық-
құрылымдық белгілеріне қарап, оны үштік, бестік сипаттары бар 
нумерологиялық жүйе деп қарастыруға болады.


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
82 
Біздің заманымызға дейінгі V ғасырда қытай астрологтарының 
аспан денелерін 28 бөлікке (станция) бөлгендігі мәлім. Біз 
қарастырып отырған Орион жұлдызы сол бөліктердің бірімен 
шектеседі. Аспан денелерінің 28 бөлікке бөлінуі ежелгі үнді 
астрологтарында да болғандығы тарихи деректерде айтылады. 
Деректерге жүгінсек, қытайлар бұлай бөлу жүйесін үнділерден 
алған секілді.
Нумерология ғылымында «28» саны «керемет» сан деп, ал 
математикада «толық» сан деп есептеледі. Қытай астрологтары 
болсын, үнді астрологтары болсын аспан денелерін осындай 
«толық», «кемел» бөлікке бөлу себебін түсіндірмейді. «28» 
санының неге осындай магиялық ерекшелікке ие болды деген 
мәселенің басы бүгінгі күнге дейін ашық қалып отыр. Дегенмен, 
«28» санының «толық» деген қасиетке ие екені дәйек болып қала 
береді. Ол Ғаламшар құрылымының бірігу заңының оккульттік 
формуласы ретінде (28 = 4 х 7) қолданылады және ежелгі түсінік 
бойынша «28» саны адамдардың өміріне жиі араласады екен. 
Демек, көптеген адамдардың өмірінде болатын күрт өзгерістер 
осы оккульттік санның әсерінен болады деген пікір қалыптасқан. 
Оккульттік ұғым деп қоршаған ортадағы жалпы адамдарға 
беймәлім, тек ерекше қасиетке ие адамдарға ғана белгілі болатын 
тылсым құбылыстар сырын айтады. 
Кез келген адам өмірінде қандай да бір жетістіктерге жетсе немесе 
қуанышты жағдайлар болған кезде үнемі сәттілік жолдас болды 
деп жатады. Егер бірнеше қуанышты жағдайлар бір күнде орын 
алса, біз ол күнді бақытты күн деп санаймыз. Ал осындай бақытты 
сәтті алдын ала болжауға бола ма? Әсіресе, қиын шаруаларды 
шешуге тура келгенде. Бұған нумерология ғылымы мен сандық 
астрология болады деп жауап береді. Мұндай күнді адамның туған 
күні мен айына, жылына, сондай-ақ аты-жөніне сәйкес есептейді. 
Көп нумерологтар әкесінің атын есепке алмайды. Сәттілік әкелетін 
күн адамның туған күнімен дәл келмеуі де мүмкін. Бірақ ол сан 
адамның туған күніне қалдықсыз бөлінетін еселік сан болуы керек. 
Мәселен, 14 пен 21 сандары 7 санына 2 және 3 болып қалдықсыз 
бөлінеді. Егер туған күні мен жылына байланысты қарастырар 
болсақ, 21 тамыз 1937 жыл деген дата 21+8+1937 болып 
шығатынын көреміз. Бірақ оны ары қарай жіктегенде 
2+1+8+1+9+3+7= 31=3+1=4. Сәттілік әкелетін күні әр айдың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет