Қазақ тілінің шығу тарихы туралы түркі тілдері тіл туыстығына



бет25/80
Дата27.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#128961
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   80
бірігуі және кірігуі арқылы:


қосарлану мен қайталануы арқылы:


тіркесуі арқылы:

Жаздыгүні, (жаздың + күні), таңертең (таң+ертең),


Жоғары-төмен, әрең-әрең, бет-бетімен, қолды-қолына.


Күні бүгін, ала жаздай, таң сәріде, кешке дейін,




Үстеудің сөйлемдегі қызметі




Ереже


Мысалдар


Баста-уыш

Үстеу атау септігінде тұрып бастауыш болады.


Еріншектің ертеңі бітпес. Бүгін-Ұлыстың ұлы күні.




Баян-дауыш

Үстеу жіктеліп келіп немесе заттанып, баяндауыш болады.


Мен сенімен біргемін.


Талапты бала -талпынған құстай.


Толық-тауыш

Кейде үстеу заттанып келіп, толықтауыш болады.


Естілер ертеңгіні ескере, көре сөйлейді.


Бүгінгісін ғана қамдан-ған алысқа бармайды.


Пысық-тауыш

Үстеу қимылдың әр түрлі белгісін білдіріп, пысықтауыш болады.




Кеше қар жауды.
Ол лезде келді.
Мен амалсыздан үйге кеттім.


Анық-тауыш

Мөлшер үстеу зат есіммен, күшейткіш үстеу сын есіммен тіркесіп келіп, күрделі анықтауыш болады.




Ең берекелі, ең парасатты тәжірибе-халық түйген тұжы-рымдар.Сонша алтынды қайдан алады?


Үстеудің емлесі
  • Негізгі және туынды үстеулер көбінесе айтылуынша жазылады және кейбір туынды үстеулер морфологиялық принцип бойынша жазылады. (ертең, төмен, лажсыздан т.б.)


  • Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған күрделі үстеулердің әрбір сыңары бөлек жазылады. (құр әншейін, ала жаздай, күн ұзаққа, күн ілгері т.б.)


  • Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған күрделі үстеулер сызықша арқылы жазылады. (көзбе-көз, олай-бұлай, тұс-тұстан)


  • Сөздердің кірігуі арқылы жасалған күрделі үстеулердің көпшілігі сыңарларының дыбысталуынша, өзгеріске түскен күйінде жазылады. (бүгін (бұл+күн), биыл (бұл+жыл), қыстыгүні (қысты ң+күні) т.б.)




ЕЛІКТЕУ СӨЗ
Еліктеу сөз – әр түрлі дыбысқа, құбылысқа еліктеуден және олардың бейнесін елестетуден туындаған сөз.
  • Құрамына және тұлғасына қарай мынадай түрлері бар:


    Құрамына қарай :


    Тұлғасына қарай:


    Дара е.с.


    Күрделі е.с.


    Негізгі е.с.


    Туынды е.с.


    Бір ғана түбірден


    (негізгі /
    туынды
    ) тұратын төл еліктеу сөз.

    Екі сөздің қосарлануы-нан жасалған еліктеу сөз.


    Бөлшектеуге келмейтін


    түбір еліктеу сөз.

    Жұрнақ
    жалғануы арқылы


    жасалған. Жұрнағы:
    -аң, -ең, ың, -ің, -ң

    тарс, күмп, жымың т.б.


    тарс-тұрс, қисаң-қисаң т.б.


    морт, күрс,


    селк т.б.

    қиса-ң, елп-ең, ырж-ың-ырж-ың т.б.


  • Еліктеу сөздің мағынасына қарай 2 түрі бар:




    1. Еліктеуіш


    2. Бейнелеуіш

    Түрлі дыбыстарға еліктеуден


    туындаған еліктеу сөздер.

    Көру арқылы сипаттайтын


    еліктеу сөздер.

    дыбысқа негізделеді


    көрініске негізделеді


    тарс, сарт-сұрт, тасыр-тұсыр, салдыр-гүлдір т.б.


    маң-маң, сылқ, жалт, күрт, морт, қисаң-қисаң т.б.




Еліктеу сөздің сөйлемдегі қызметі




Ереже


Мысалдар


Бастауыш

Көмекші етістікпен


тіркесіп келген еліктеу сөз заттанып, бастауыш болады.


Тарс-тұрс еткендер жақындаған-дай болды.
Жарқ-жұрқ еткен су екен.


Баян-дауыш

Еліктеу сөз көмекші


етістікпен тіркесіп келіп көбіне күрделі баяндауыш құрамында жұмсалады.

Торғайдың үні шыр-шыр етеді. Сұр жылан тілін сумаңдатып, ыс-ыс етеді.




Толық-тауыш

Еліктеу сөз көмекші


етістікпен тіркесіп келіп, сондай-ақ заттанып, толықтауыш болады

Ол тасыр-тұсырды


алыстан естіді. Қорс-қорс еткеніңді тый.


Пысық-тауыш

Еліктеу сөз


етістікпен тіркесіп, пысықтауыш болады.

Ала мысық әрі-бері


зу-зу етіп өте шығады. Ол қираң етіп қайта құлады.


Анық-тауыш

Еліктеу сөз көмекші


етістікпен тіркесіп, зат есім алдында тұрып оны анықтайды.

Сол кезде тура


алдынан бұрқ еткен шаң шықты. Мылтық атылғандай шаңқ еткен оқыс үн қатты. естілді.



ШЫЛАУ
Шылау - сөз және сөйлемді байланыстырады және сөзге қосымша мағына береді.
Оның 3 түрі бар: септеулік шылау, жалғаулық шылау, демеулік шылау
1. Септеулік шылау : атау, барыс, шығыс және көмектес септіктерінде тұрған сөзбен тіркесіп қолданылады. Сөздің септігіне қарай оның 4 түрі бар:


септік


Шылау


мысал


Атау септігіне қатысты


туралы, жайында, сияқты, тәрізді, секілді, үшін, сайын т.б.


Отан үшін отқа түс – күймейсің.




Барыс септігіне қатысты


дейін, қарай, тарта, таман, жуық т.б.


Түске дейін жүзге жуық хат жібердік.


Шығыс септігіне қатысты


кейін, соң, әрі, гөрі, бері


Бұдан әрі оның сөзін ести алмадым.


Көмектес септігіне қатысты


бірге, қабат, қатар


Мен әкеммен бірге жұмыс істедім.


1. Жалғаулық шылау
Жалғаулық шылау сөздер мен сөйлемдерді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады. Оның 6 түрі бар:


түрі


Шылауы


мысал


Ыңғайластық жалғаулық


мен, бен, пен, және, әрі, да, де, та, те


Қыста және көктемде күн суық болады.


Қарсылықты жалғаулық


бірақ, дегенмен,
алайда, сонда да, сөйтсе де, сөйткенмен
т.б.



Оның ойлағаны болды, бірақ мәселенің басы шешіле қоймады.


Себеп-салдар жалғаулық


өйткені, себебі,
сондықтан, сол үшін, неге десеңіз т.б.



Біз ауылға бара алмаймыз, өйткені демалыс бітіп қалды.


Талғаулықты жалғаулық


не, немесе, я, я (не) болмаса,
яки, әлде т.б.



Бұл істі я мен бітіремін, я сен бітіресің.


Кезектес жалғаулық


кейде, бірде, біресе.


Көктемде біресе жаңбыр жауады, біресе күн ысып кетеді.


Шартты жалғаулық


егер, егер, де.


Егер ол келмесе, жоспар өзгереді.



3. Демеулік шылау
Демеулік шылау тіркескен сөзге қосымша мағына береді. Мысалы, ма, ме демеулігі өзі тіркескен сөзге сұраулық мағына береді (Бұл кітап па?). Оның 6 түрі бар:


түрі


шылауы


мысал


Сұраулық мағына беретін демеулік


ма, ме,ба, бе,па, пе, ше


Қазір жаңбыр жауып кетсе ше? Есенсің бе?


Күшейткіш мағына беретін демеулік


-ақ, -ау, -ай, да, де, та, те


Осы сен-ақ бізді шаршатып бітірдің.


Белгісіздік мағына беретін демеулік


-ау, -мыс, -міс, кейде


Ертеректе бір әулие кісі болыпты-мыс.


Болымсыз-дық мағына беретін демеулік


түгіл, тұрсын, тұрмақ


Сен түгіл мен де бес алған емеспін.


Шектік мағына беретін демеулік


ғана, тек, -ақ


Ол кеше ғана келді.


Нақтылау мағына беретін демеулік


ғой, қой
-ды, -ді, -ты, -ті


Бұл оқиға бұрын болған-ды. Бұл менің ағам ғой.


ОДАҒАЙ
Одағай – дербес мағынасы жоқ, адамның көңіл-күйін білдіретін немесе жануарларға қаратылып айтылатын сөз.
  • Одағайдың ерекшеліктері:


  • Одағайда дербес лексикалық мағына болмайды. (пәлі, әттең, ойпырмай т.б.)


  • Одағай сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді. (Қап, соны күшік кезінде атып тастау керек еді.)


  • Одағай сөйлем мүшесі бола алмайды, яғни сөйлем мүшесіне талданбайды. (Әттең, қазір жанымда әкем болғанда ғой.)


  • Одағай мағынасына қарай 3-ке бөлінеді:


    1. Көңіл-күй одағайы


    2. Жекіру, бұйыру


    одағайы

    3. Шақыру одағайы


    Адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін сөз


    Жекіру, тыйым салу мәнін білдіретін сөз


    Мал, ит-құсты шақыру не қууға байланысты айтылатын сөз


    алақай (қуану),


    әттең (өкіну), шіркін (таңдану) т.б.

    тәйт, жә, тек т.б.


    шөре-шөре,


    құрау-құрау,
    моһ-моһ т.б.



СИНТАКСИС
Синтаксис (грек. "құрау, біріктіру, рет") – сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысын қарастыратын грамматиканың бір саласы. Оны төмендегі кестеден көруге болады:

СӨЗДЕРДІҢ БАЙЛАНЫСУ ТӘСІЛДЕРІ
4 түрлі тәсілмен байланысады:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет