Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет17/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   96
НҰХ ПАЙҒАМБАР (А.С.)
Куфа аймағында ақиқаттан адасып, күнəға белшесінен батқан қауымның арасында ізгі
ниетті санаулы-ақ шаңырақ бар еді. Бұлар ешқашан өз дінінен айнымай, Хақ тағалаға ғана
құлшылық қылатын. Нұх та сол санаулы отбасының бірінде дүниеге келді. Биязы мінезді Нұх
өзге балалардан ерекше, ойға жақын болып өсті. Бір жағы Ыдырыс пайғамбардың ұрпағынан
тараған еді. Ата-бабаларының бəрі де тəухидшіл, иманшыл жандар болатын. Барлығы да Ыдырыс
пайғамбардың шариғаты бойынша амал етіп келген.
Нұх (а.с.) салиқалы да салмақты жан болды. Аллаһ тағаланың шексіз нығметін еске алып,
қадірін бағамдап, үнемі іштей шүкірлік ететін. Бұл ерекше қасиеті Құран кəрімде: 
«Ол
дамылсыз Аллаһ тағалаға шүкірлік еткен құл»
?">[86]
?">, – деп білдірілген.
Нұх (а.с.) қырық жасқа толғанда, оған пайғамбарлық берілді. Құранда: 
«Əлбетте, Біз
Нұхты еліне жібердік: «Мен сендерге ап-айқын бір ескертушімін?">»
?">[87]
деген аятта осы
пайғамбарлықтың берілгендігі айтылған.
Нұх (а.с.) ең алғашқы шариғатпен келген расул-елші болды. Ол елінің оңайлықпен ізінен
ермейтіндігін, түрлі қарсылықтар болатындығын, небір бейнет шегетінін білсе де, зор
тəуекелмен өзіне берілген міндетті бастап та кетті.
Елімен күресі
Пайғамбарлық – ауыр жүк. Оны халыққа жеткізудің салмағы да жеңіл емес. Біреуге ойда-
жоқта бір ауыр міндет берілсе, көп уақыт əбігерленер еді. Соны орындау мақсатында қателіктер
де жіберуі кəдік. Алайда пайғамбарлар мұндай қылықтардан аулақ. Асқар таудың өзі көтеріп
тұруға қауқары жетпей үгілетін ғаламат жүкті пайғамбарлар «фəтанат» (пайғамбарларға ғана
тəн үстем ақыл, жоғары қисын) қасиетімен еңсере білген.
Нұх (а.с.) та өзіне уахи келгеннен бастап пайғамбарлық міндетін атқаруға кірісті. Бірақ ол ел
алдына шығып, дереу жар салған жоқ. Алдымен жасырын түрде əр адамға жеке-жеке дінді
түсіндіре бастад?">ы
?">[88]
. Өз ісін күн-түн демей осы бағытпен жалғастыра берді. Негізі, жақтастары
əлі аз, күш-қуаты төмен адамға бұдан басқа жол да жоқ-тұғын. Кейін барып шалғайдағы елдерге
де дін таратуға тырысты. Оларды шүкіршілік етуге, құлшылық жасауға, пұттарға сиынбай,
тəубəға келуге шақырды. Өкініштісі, Нұхтың сөзіне құлақ асқан жан болмады. Дінді уағыздап
жатқанын көрсе болды, құлақтарын басып өте шықты. Тіпті оны көргенде, киімдерімен беттерін
бүркемелегендер де кездесті
?">[89]
?">. Мұндағы мақсат – оны келеке-мазаққа айналдыру, көңілін
қалдыру еді. Бұнымен шектелмей ел көзінше масқаралап, ауыз бармайтын сөздер де


айтатын
?">[90]
?">. Бірақ Нұх (а.с.) осының бəріне шыдамдылық танытты.
Ендігі жерде Нұх (а.с.) халық алдына шығып, дінді ашық жар салуға көшті. Елге Аллаһ
тағаланың жалғыз екендігін түсіндірді. Ата-бабаларының Адам ата заманынан бері бір ғана
Жаратушыға құлшылық қылып келгендігін, алайда бертін келе шайтанның арбауымен кейбір
əулие адамдарды пұтқа айналдырып, адасқандықтарын дəлелдеді. Хақ тағаланың берген
игіліктері жайлы əңгімеледі. Адамды жоқтан бар етіп, оған шексіз нығмет бергендігін
түсіндірді. Сау ақылға салып ойлану қажеттігін айтты. «Қолдан жасалған нəрселерге табыну сау
ақылды тұншықтыру емес пе?» – деп саналарына сəуле тастады. Бірақ қараңғы ел Нұхтың (а.с.)
сөздеріне құлақ асқысы келмеді. Қайта қасарысып, табынған пұттарынан əсте бас тартпауға
бекінді. Ел үстінен күн көрген залым билеушілер, əлбетте, халықтың иман келтіруін қаламады.
Олар халықты Нұхтың (а.с.) сөзін тыңдамауға үндеді. Өйткені кері жағдайда бұл билеушілердің
мүддесі мен саясатына қайшы келмек еді. Сондықтан да Пайғамбарға жақ аштырмай, жолын
кес-кестеп бақты. Елді де қарсы айдап салды. Олар Нұхқа: «Сен өзіңді пайғамбармын дейсің.
Бірақ бізден не айырмашылығың бар? Сен де біз тəрізді адамсың ғой», – деп даурықты. Иə, сырт
қарағанда пайғамбар да адам еді. Бұны өзі де айтатын. Илаһи заңдылық сол, Хақ тағала
елшілерін адамдардың өз арасынан таңдайды. Өйткені жер бетінде ғұмыр кешіп жатқандар
періште емес жұмыр басты адамдар болатын. Егер олар періште болғанда, онда жер бетіне
періште-пайғамбар жіберілер еді.
Пайғамбарлар адамзатқа үлгі көрсету үшін жіберіледі. Бақытты өмір сүрудің негізі қайда
жатыр, адами мəселелерді қалай шешкен жөн, отбасымен, жарымен, қоғаммен қандай қарым-
қатынас жасау қажет т.с.с. мəселелердің бəрі де пайғамбар өнегесіне кіретін. Егер пайғамбар
періште болып келгенде, ол адамдарға қайтіп қана өнеге көрсетпек? Өйткені олар
тамақтанбайды, үйленбейді. Періштелерде пендешілік қасиеттер жоқ қой? Егер адамдарға
періштелер пайғамбар болып келгенде, көкірегі соқырлар: «Біз қалай періштенің айтқанын
істейміз? Періште мен адам тең емес қой. Дəл періштедей құлшылық жасауға біздің қауқарымыз
жетпейді», – деп тағы да қарсы дау айтқан болар еді. Иə, жарықтан қашқан жарқанат сияқты
иманнан қашқақтағандардың сылтауы таусылған ба?! Əйтсе де Нұх (а.с.) алған бетінен қайтпай,
өзіне аманатталған дінді уағыздауды жалғастыра берді. Кейде халық алдына шығып ашық айтса,
кей жағдайда ел арасында құпия үгіт жүргізді
?">[91]
?">.
Нұхқа (а.с.) қарсы шығушылар көбіне əл-ауқаты жоғары яки билік басындағы адамдар еді.
Сондықтан олар пайғамбардың сөздерін түрлі жорамалдарға салып, астарынан шикілік іздеді.
«Билікті көксеп жүр», «Байлық көздеуде» дегендей сөз жүгіртті. Бұл жайлы Нұх (а.с.) өз сөзінде:
«Сендер мен туралы қате пікірдесіңдер. Мақсатым – Хақ тағаланың айтқан жарлықтарын
сендерге жеткізу. Халықты екі дүниеде бақытқа бастау. Бұл үшін ешкімнен ақы тілемеймін.
Билік те, дүние де маған қажет емес. Өйткені пайғамбарлардың ешбірі жалған дүниеге
қызыққан емес. Тіпті иманға келулерің үшін мен өз малымды да, барымды да, сондай-ақ күллі
ғұмырымды да сарп етіп келемін. Менің ақымды сендер емес, Хақ тағала береді. Иə, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет