Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет19/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   96
«Ол сендерге аспаннан
мол жауын жібереді. Əрі сендерге несібе ретінде бала-шаға мен мал-жан бітіреді. Мұнымен
ғана шектелмей, сендер үшін бау-бақшалар жасап, өзендер ағызады»
?">[98]
?">.
Халықтың қарсы шыққандығына қарамастан, Хақ тағала əлі де оларға нығметтерін үйіп-
төгіп беруін тоқтатқан жоқ. «Мүлк» сүресінде де Аллаһ тағала: 
«Көрдіңдер ме? Егер суларың
құрып кетсе, сендерге аққан суды кім əкеледі» де?">»
?">[99]
, – дейді.
Су – Ұлы Жаратушының жер бетіндегі рақымдылығының бір белгісі. Тіршілік тікелей осы
суға қатысты. Су жоқ жерде тіршілік те болмайды. Міне, Хақ тағала бір пендені жоқтан


жаратып, саналы адам етеді. Оны жер бетінде Өзінің қонағы етіп, алдына жерді дастарқан етіп
жайып, дүние-мүлік, бала-шаға сыйлайды. Бау-бақшалар арқылы түрлі жемістерді аузына тосып,
тұнық өзен, көлдерді де нəсіп етеді. Алайда пенденің осының бəрін көре тұра, Хақ тағаланы
мойындамауы нағыз санасыздық емес пе? Сансыз нығмет берген Жаратушыға шүкіршілік ету
адам баласының борышы емес пе? Бір адамды біреу өлімнен яки ауыр азаптан құтқарып қалса,
əлгі адам сол кісіге өмір-бақи борыштар болып өтпек. Алайда пендені жоқтан бар етіп, сансыз
нығмет беріп, ұзақ ғұмыр сыйлаған Ұлы Жаратушы мадаққа бəрінен де лайық емес пе?
Иə, хамд, мадақ жəне шүкіршілік-бəрі Жаратушыға ғана лайық. Күллі дүние-мүліктің иесі
Сол ғана. Өйткені Ол – əлемдердің Раббысы Хақ тағала. Бізді жаратқан – Сол. Һəм қазір де
барлық іс-қимылымызды, ғұмырымызды, заманды əр сəт сайын жаратып жатқан да Сол. Ендеше
адам баласы Хақ тағалаға ғана жалбарынып, Содан ғана тілек тілеуі қажет.
«Аллаһ тағаланың ұлылығын ойламайтындай сендерге не болды? Расында, Ол сендерді
кезең-кезеңмен жаратты»
?">[100]
?">.
Яғни сендер өз жаратылыстарыңа бір сəт болсын көз салып көрмейсіңдер ме? Хақ тағала
мүлде жоқ кездеріңде сендерді топырақтан, бір тамшы судан, ұйыған қаннан, одан кейін бір
тістем еттен, одан əрі етке аралас сүйектерден, сосын ең көркем бейнедегі адам етіп жаратты.
Һəм бойларыңа сан түрлі сезім-қабілет берді. Осындай ғажайып құбылыс Ұлы Жаратушының
айқын дəлелі емес пе? Ал сендер кейде аруақтарға, кейде мүсіндерге табынасыңдар. Мұндай
жансыз пұттар қалай бəрін жаратуға құдіретті? Тіпті өздері жаратылған емес пе? Керек десең,
сол пұттарды қолдан жасаған да өздерің. Күні кеше ғана өздеріңдей күйкі тірлік кешіп, ақыры
ажал құшқан дəрменсіз «əулиелердің» аруақтары өлген соң қалай сендердің жебеушілерің мен
қорғаушыларыңа айналады? Олар тілектеріңді қалай қабыл етпек? Өзі жаратылған құл қалай
жаратушы болмақ? Кейде сендер сылтау айтып: «Сол əулиелердің аруақтары Құдай тағалаға
біздің тілектерімізді жеткізеді», – дейсіңдер. Сендердің дауыстарыңды, сөздеріңді жаратып
жатқан Хақ тағала тілектеріңді ести алмағаны ма? Аллаһ тағаланың бəрін естуші əрі көруші
екенін жақсы білесіңдер ғой. Ендеше, неге Соған бет бұрып, тəубаға келмейсіңдер?
«Аллаһ тағаланың қабат-қабат қылып жеті қат көкті жаратқанын көрмейсіңдер ме?
Олардың ішінде айды нұр қылып, күнді шырақ етті»
?">[101]
?">.
Нұх пайғамбар уахи арқылы еліне көктің жеті қабаттан тұратындығын білдірді. Ол
адамдарға алдымен өз жаратылыстары хақында əңгімелеп, Жаратушының құдіретін ұқтырды.
Келесі кезекте көктерге назар аудартып, осынау аспанның ғажайып жаратылысын тілге тиек
етіп, тағы да Хақтың бар екендігі мен бірлігін дəлелдеуге тырысты. Оның ұлылығын паш етті.
Осы арқылы олардың табынған пұттарының түкке тұрғысыздығына көңіл тоқтатқызып, пұтқа
табынудың санасыздық екенін аңғартпақ болды. Бұның артынша айды нұр, күнді шырақ етіп
жер бетіндегі адамзаттың игілігіне бергендігін айтып, тағы да Хақ тағалаға шүкіршілік қылуға
шақырды.
«Аллаһ тағала сендерді жерден өсіп-өндірді. Сосын сендерді сол жерге қайтарады да
кейіннен қайта шығарады». Хазірет Нұх осы сөздері арқылы адам баласының топырақтан
өсімдік тəрізді өсіп-өнгеніне назар аудартып, ақыреттің болатындығын дəлелдейді. Яғни Хақ
тағала жылда көктемде жер бетін қайта жаңғыртып, топырақтан сан мыңдаған өсімдік түрін
жаратуда. Күзде қайта топыраққа айналып, келесі көктемде қайтадан жаралуда.
«Рұм» сүресінде: 
«Аллаһ тағаланың рақымдылығының белгілеріне қара. Жер жүзі өлгеннен
кейін, оны қалай жандандырып, тірілтті?! Дəл осылайша сөзсіз өлілерді тірілтеді»
?">[102]
?">, –
делінген.
Иə, адам баласы бұл дүниеге жай өмір сүріп, бала-шағасын өсіріп, санасыз күй кешіп, одан


кейін мүлдем шіріп жоқ болу үшін келген жоқ. Хақ тағала осынау жеті қат көкті тірексіз
жаратып, ай мен күнді адамның игілігіне бергендігіне қарағанда, əлбетте, адамның зор бір
міндеті бар деген сөз. Халық «Судың да сұрауы бар» деген. Пенде еріккендіктен өмір сүріп, жер
бетінің дархан дастарқанынан қалағанынша ішіп-жеп, шашып-төгіп одан кейін сұраусыз кете
бермек пе?
Хақ тағала Құранда: «Шынында, Біз сендерді босқа жаратып, Бізге қайтып оралмаймыз деп
ойласыңдар ма?»
?">[103]
?"> – дейді. Əсте олай емес. Жасыл желектерді мың өлтіріп, мың тірілткен
Аллаһ тағала адам баласын да ажал жетіп өлген соң ұлы мақшарда қайта тірілтіп есепке
тартады.
«Аллаһ сендерге емін-еркін, шат-шадыман өмір сүру үшін жерді төсеніш етті?">»
?">[104]
?">. Нұх
пайғамбар сөзін аяқтарда, Аллаһ тағаланың оларға жер бетіндегі берген нығметтеріне назар
аудартады. Бұл пұтқа табынушылар үшін ұғынуға тиіс ақиқаттар еді. Ақиқаттан аттап кете
алмайсың. Өйткені жер беті оларға төселген төсеніш секілді. Тіпті тау-таста да адамдардың
жүруіне қолайлы соқпақтар бар. Осы жолдар арқылы олар төрткүл дүниені шарлай алады. Сол
жолдар арқылы Хақ тағаланың басқа да нығметтерін іздеп таба алады
?">[105]
?">. Осының бəрі
олардың көз алдындағы көріністер болғандықтан, айтылған жайтты ұғу санаға аса қиындық
тудырмауы керек еді.
Өзін мəдинетті елміз, өркениетті қоғамбыз деп санаған кез келген халық аталмыш ақиқаттар
айтылғанда, оның астарына ой жіберуі тиіс. Алайда Нұхтың (а.с.) қауымы осының бəрін біле
тұра, қасақана қасарысып, құлақтарын бітеп, пайғамбардан бойларын алып қашты.
Бір күн қатты ашынған қауым: 
«Ей, Нұх! Сен бізді иман келтіруге шақырып, басымызға
ақырзаман орнатып, ауыр азап төнеді деп қашанға дейін қорқыта бересің? Жетер енді. Сен
осылай өмір бойы бізге дініңді насихаттап жүре бермексің бе? Сен бізді қандай азаппен
қорқытпақсың? Егер айтып жүрген азабың рас болса, көзімізге көрсет! Сөзіңнің рас екенін
дəлелде!»
?">[106]
– деп, халқы жан-жақтан тақымның астына алды.
Халқының мына айтқан сөздерін естігенде, Нұх (а.с.) олардың Хақ тағалаға сенбеумен қатар,
илаһи азаптан да ықпайтындықтарына көз жеткізді. Өйткені олар Нұх пайғамбардың
айтқандарын бос сандырақ, ертегі деп білетін. Сондықтан «ауыр азап» дегенді құлаққа ілмеді.
Ендеше, оның қорқытуы жай сөз ғана. Нұх пайғамбар олардың осы түсініктерін аңғарған кезде,
оларға: «Ей, халқым! Сендердің бастарыңа ауыр азап жаудыратын мен емеспін. Менің оған
шамам жетпейтіні белгілі емес пе? Егер қаласа, Өзіне қарсы шыққан елді жермен-жексен етуге
Раббымның құдіреті толық жетеді. Ал иман келтірудің орнына Оған қарсы шығатын болсаңдар,
жер бетінен мүлде жойылып кетулерің мүмкін. Егер ескерткен азабым келе қалса, қай жаққа
қашып құтыла аласыңдар? Жер мен көктердің Раббысынан қашып қайда барасыңдар? Өрмелеп
тауға шықсаңдар да, құс болып көкке ұшсаңдар да, бəрібір құтылмайсыңдар. Егер осыншалық
қатігездіктерің үшін Аллаһ тағала сендерді жазаламақ болса, мен сендерге жақсылық ойласам
да пайда бермейді, жер мен көкте оған еш нəрсе тосқауыл бола алмайды»
?">[107]
?">, – дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет