Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет20/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   96
Нұхтың (а.с.) дұғасы
Əр пайғамбар Хақ тағаладан жарлық шығып, өз міндеті аяқталғанға дейін міндетін толық
атқаруы тиіс болатын. Сол уақыт аралығында ел ішінде сабыр сақтап, халқының барлық
ауыртпалықтары мен қиындықтарына төзуі тиіс-ті. Нұх пайғамбар да қанша ғасыр қорлық
көргеніне қарамастан, ісін қалтқысыз атқарып келді. Қауымының күллі қиянаттарына төзіп
бақты. Кейде соққыға жығылып, өлімші сабалса да, қыңқ етпей, ертесі күн қайтадан ықыласпен
халқын дінге шақырды. Қабыл етпеген жағдайда, ауыр азапқа душар болатындығын ескертті.


Қарапайым пенде қанша жерден данышпан, елі үшін еңіреген ер болса да, ұзақ жылдар бойы
халықтың бақыты үшін солардың жан төзгісіз ауыр қиыншылықтарына төзе алар ма? Ал ол
ғасырларға ұласса ше? Əрине, бұл мүмкін емес. Тек пайғамбарлар ғана ғасырлар өтсе де, елінің
екі дүниедегі бақыты үшін төзімділік таныта алады. Егер «қияметке дейін ісіңді жалғастыр» деп
жарлық келіп, ұзақ ғұмыр берілсе, Нұх (а.с.) лəм-мим деместен тəблиғын жалғастыра берер еді.
Мұндай ерекше төзімділік қасиет пайғамбарларда ғана кездеседі. Бірақ бұл елдің ешқашан иман
келтірмейтіндіктері белгілі болғандықтан, ол Аллаһ тағалаға дұға етіп, жалбарынды. Һəм
мұндай кəпір ел иман келтірген аз ғана үмбетінің ұрпағына да зияны тигізуі күмəнсіз еді. Ақыр
соңында алапат азаптың келуіне сол елдің өзі себепкер болды. Өйткені Нұхқа (а.с.): «Егер
пайғамбар екенің рас болса, Аллаһ тағала шексіз құдіретті десең, қане, дəлелдеші!» деп
қырсыққан-ды. Ел тура жолға келуді емес, алапат азапты тезірек көруге құмартты. Халықтың
осы іс-əрекеттері мен жаман пейілдері азап шақырған тілекке айналды. Өйткені Нұх
пайғамбардың елі барша адами қасиеттерді аяққа таптап, күллі жамандықты жасап үлгерген-ді.
Олар өз араларынан шыққан пайғамбарға қарсылық көрсетіп, азап шақырып құтыра берді.
Нұх (а.с.) оларға тоғыз жүз елу жыл бойы қажымай-талмай ақиқатты насихаттады. Бұл –
шамамен мың жыл деген сөз. Осыншама ғасыр ішінде сол елдің күпірліктері одан сайын
артпаса, еш бəсеңдемеді. Нұх (а.с.) ақырында олардан біржола күдер үзген шақта былай деп дұға
жасады:
«Я, Раббым! Расында, мен елімді күндіз-түні дінге шақырудан бір тынбадым. Бірақ олар
иманға келудің орнына діннен бойын алып қашты. Мен: «Хақ тағала рақымшыл, тəубе етсеңдер
кешіреді», – деген сайын, тік шапшып тіпті естімеу үшін құлақтарын бітеді. Қасарысқан үстіне
қасарысып, тəкаппарланған үстіне тəкаппарланды. Мен қатты да айтып, тəтті де айтып көрдім.
Болмаған соң ашық жар салып айттым. Тіпті кейде жанына жақын барып екеуара оңашада да
айттым. Бірақ олар бəрібір міз бақпады.
Ей, Раббым! Мен мына қиянатшыл елден жеңілдім. Енді уəде еткен көмегіңді көрсет
?">[108]
.
Бұлар маған ашықтан-ашық қарсы шықт?">ы
?">[109]
?">. Саған құлшылық жасамауы аз болғандай
өздерінің қолдан жасаған пұттарына табынып əуре.
Я, Раббым! Сен де (осыншама жасаған істеріне жаза ретінде) бұл залымдардың адасуларын
ғана арттыр
?">[110]
. Жер бетінде бірде-бір кəпірді тірі қалдырма. Егер оларды тірі қалдыратын
болсаң, сол бір залымдар өзі адасқанымен қоймай, Саған құлшылық қылған құлдарыңды да
адастырып, ел ішінде бүлік шығарып, тексіз ұрпақ өсіреді
?">[111]
?">.
Я, Раббым! Елім маған жалған айтасың деп қарсы шығуда. Жүректері қарайып, ар-
ождандарын қап-қара ыс басып, əбден азғындады. Олардың бұдан кейін иманға келуі əсте
мүмкін емес. Аллаһым, жарлығыңды шығарып, мені жəне үмбетімді мынадай «жүректеріне мөр
басылған» залым елден құтқар!
«Я, Раббым! Мені, əке-шешемді, иман келтіріп шаңырағыма кірген кісілерді жəне мұсылман
ерлер мен мұсылман əйелдерді жарылқап кешірім ет! Залымдарды тұтастай жермен-жексен
қыл!?">»
?">[112]
Сол кезде Нұхқа: 
«Ей, Нұх! Бұдан былай еліңнен иман келтіргендерден өзге ешкім иманға
келмейді. Сен олардың жамандықтарына бола кеюші болма!»
?">[113]
?"> деген уахи жетті. Нұх та
(а.с.): 
«Раббым! Рас, мені елім өтірікке шығарды. Енді олармен менің арамдағы қарым-
қатынасқа қатысты нақты үкіміңді бер! Мені де, менімен бірге мүміндерді де құтқар!?">»
?">[114]

деп дұға етеді. Нұх пайғамбардың бұл дұғасы қабыл болады. Одан кейін Аллаһ тағала оған: 
«Көз
алдымызда жарлығымыз бойынша кеме жаса! Сосын жер мен көктің астаң-кестеңі
шыққанда, залымдарға аяушылық жасап, Маған жалбарынушы болма! Өйткені барлығы түгел


жермен-жексен болып құрдымға кетеді»
?">[115]
дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет