Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет74/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   96
Байланысты:
Пайғамбарлар тарихы (Қалмақан Сейтұлы)

Хауарилар
Бір деректе хазірет Исаға бар-жоғы он екі адам ғана ергені айтылады. Құран осы кісілерді
«Хауари» деп атайды
[362]
. Хауари сөзі «ақ», «ізгі» жəне «дос» деген мағынаға саяды.
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
хазірет Зүбəйір ибн Əууам туралы: «Əр пайғамбардың
хауариы болады. Менің хауариым – Зүбəйір», – дейді
[363]
.
Иса пайғамбардың хауарилары өзіне аса сенімді һəм берік жандар еді. Хақ пайғамбар
оларды жан-жаққа жіберу арқылы халықты дінге шақырып отырған.
Бірде хауарилар хазірет Исадан: «Уа, Мəриямұлы Иса! Раббың бізге көктен бір дастарқан
түсіре ала ма?» – деп сұрайды. Бұл, əлбеттте, хауарилардың жаңадан иман келтірген кездері
болатын. Əр мұғжиза олар үшін өте қызық еді. Хақ пайғамбар оларға: «Егер шынайы мұсылман
болсаңдар, Аллаһтан қорқыңдар. Мұндай нəрсені əсте талап етуші болмаңдар. Өйткені мұндай
талаптар Хақ тағаланың құдіретіне жəне менің пайғамбарлығыма күмəн келтіру болып
есептеледі», – дейді. Сонда хауарилар: «Жо-жоқ, біз де əсте ондай ниет те, ой да жоқ. Біз бар
болғаны сол дастарқаннан дəм татқымыз келді. Сонда жүрегіміздегі иман берік болып, сенің
айтқандарыңа терең сенеміз», – деп жауап береді. Хақ пайғамбар олардың шынайы ниеттерін


аңғарып қатты қуанып, Хақ тағаладан осыны тілеуге шешім қабылдады.
Ол қолын жайып: 
«Я, Раббымыз! Бізге аспаннан дастарқан түсір! Бұрынғы, соңғымызға
мереке əрі Сенен бір белгі болсын. Бізді ризықтандыр! Сен ризықтандырушылардың ең
жақсысысың»
[364]
, – деп дұға етеді. Хақ тағала: 
«Күдіксіз, Мен сол дастарқанды əлбетте
түсіремін. Егер осыдан кейін сендерден кім қарсы келсе, шынайы түрде Мен оны дүниеде
ешкімді азаптамаған азаппен азаптаймын»
[365]
, – дейді.
Бір деректе дастарқанның түскен күні жексенбі күні еді дейді. Дастарқан түрлі нығметтерге
толы болды. Хауарилар осы нығметті тойғанша жеп, шүкіршілік білдірді. Кейіннен осы күнді
хауарилар мереке күні етіп жариялайды
[366]
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет