Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған


Кит жұтып қойған Жүніс пайғамбар (а.с.)



Pdf көрінісі
бет71/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   96
Байланысты:
Пайғамбарлар тарихы (Қалмақан Сейтұлы)

Кит жұтып қойған Жүніс пайғамбар (а.с.)
Жүністің (а.с.) мінген кемесі жаймен жылжып жағадан ұзай берді. Бірталай уақыт жүріп,
күн батып, қас қарайған шақта дауыл тұрып, кеме шайқала бастады. Бір кезде кеме батуға
айналады. Бір қызығы мұндай кезеңде, дəл кемені батыратындай дауыл тұрмау керек еді.


Ақырында кемедегілер бір-біріне: «Шамасы кемеде қожайынынан қашқан бір құл бар. Қанеки
жеребе тастайық», – деді. Олар жеребе тастаған кезде, жеребе хазірет Жүніске шықты. Хақ
пайғамбар сол кезде ғана өзінің ағаттық жасап, елден Хақ тағаладан рұқсатсыз кеткенін түсіне
қойды. Бірақ кемедегілер оның жүзінен салиқалы кісі екенін байқап, кінəлі кісі ол емес деп
ұққан еді. Əйтсе де хазірет Жүніс оларға өзін кемеден теңізге тастауларына ишарат етті. Олар
оны жал-жал толқындардың арасына тастап жіберген кезде, бір үлкен кит келіп оны аузын ашып
жұтты да суға сүңгіп кетті.
Ол балықтың ішіне жұтылған кезде, айналаны бұрынғыдан да қою қараңғылық басты. Онсыз
да теңіздің асты-үсті түгел қап-қараңғы еді. Оның бұдан кейін құтылып жағаға жетуіне ешбір
мүмкіндік жоқ еді. Өйткені балықтан құтылған күннің өзінде теңіз бар. Теңіздің беті де қап-
қараңғы еді. Хазірет Жүніс өз қателігін мойындап, Аллаһ тағалаға жалбарынып: 
«Сенен өзге
ешбір құдай жоқ. Сені пəктеймін. Мен өзіне қастық жасаушылардың бірі болдым»
[346]
, – деп
зікір ете бастады.
Хақ пайғамбар өмір-бақи Хақ тағаланы зікір етіп келген болатын. Ол осы алып балықтың
қарнына түскен кезде де, дəл солай зікір ете бастады. Оның осы хал-ахуалы құтылуына арқау
болды. Құранда Аллаһ: 
«Егер көп тəсбих, зікір етушілердің бірі болмағанда, шамасы
адамдардың қайта тірілетін күнге дейін оның қарнында қалар еді»
[347]
, – дейді.
Хақ тағала оның осы дұғасын қабыл етіп, аман-сау жағалауға шығарды. Алып балық
жағалауға келіп аузын арандай ашқанда, ішінен хазірет Жүніс шығып, жағалауға сұлай кетті.
Əбден шаршаған, оның үстіне науқастанған еді. Өйткені ол алып балықтың ішінде үш күн, үш
түн жатқан болатын. Құранда: 
«Сонда оны қырға шығарып тастадық. Ол науқас еді. Көлеңке
түсірсін деп сол жерге жапырақты бір ағаш өсірдік»
[348]
, – делінген. Кейбір деректерде осы
ағаштың қабақ ағашы екені айтылады. Ағаш көлеңкелері оның үстін жауып шыбын-шіркейден,
шыжғырған күннен қорғады.
Осы жерде біршама уақыт жатқан соң, ол есін жиып, науқасынан айығып, еліне қайтты.
Тəубаға келген елі мұны əлі іздеп жүрген болатын. Ол халқымен кездескенде, əр екі жақ,та
қатты қуанып, Хақ тағалаға бар пейілмен шүкіршілік етті. Халқы пайғамбарын көріп қуанса,
Пайғамбарлары олардың тəуба етіп, иманға келіп, мұсылмандық жолға түскендерін көріп
қуанған еді. Олар пəлекет шақыратын ел емес, берекет шақыратын ел болып өмір сүріп жатқан
болатын. Бұл бейне өзі тастап кеткен ел емес, басқа бір ел секілді болып көрінді. Үш тəуліктің
ішінде бір қаланың бүкіл халқы қатты өзгерген еді. Өзіне халықты айдап салған қаланың билері
мен байлары да мұны көре сала құрақ ұшып, бір-бірлерінен сүйінші сұрап жатты. Қаланың кіре
берісіндегі пұттар да қаланың ішіндегі алып пұттар да түгелдей қиратылып, орны тегістеліп
тасталыпты. Кеше ғана титтей бір нəрсе бола қалса, пұттарының атын айтып шулайтын ел бүгін
пайғамбарларын көріп, Хақ тағаланың атын ұлықтап жатты. Қала халқы құлшылық уақытында
барлығы бірдей пайғамбарларымен бірге сəждеге жығылды. Осылайша қарғысқа ұшыраған ел
аяқ астынан бақытқа кенелді. Хазірет Жүністің «ижтиһадтағы» мүлт кеткендігі жүз мың
халықтың иманға келуіне себеп болды. Иə, барлық пайғамбарлардың мүлт кетулері үлкен
қателік болғанмен, өзінің үмбеті жəне қияметке дейінгі мұсылмандар үшін бақытқа, табысқа
жетудің белгілері еді. Хазірет Жүністің киттің қарнында отырып айтқан зікірін əлі күнге барша
мұсылмандардың тілден тастамай келе жатқанының бір себебі де осында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет