Байланысты: Пайғамбарлар тарихы (Қалмақан Сейтұлы)
Хазірет Исаның ақырғы пайғамбар туралы хабар беруі Фарақлит Иоанн Інжіліндегі бір аятта:
«Мəсих: (Иса) «Мен – менмін. Мен сендерге Тəуилді əкелетін Фарақлитті жіберу үшін сендердің Рабтарыңа кетемін», – деп баяндалған.
Фарақлит – хақтың рухы, оның мағынасы ақиқат пен жалғанды бір-бірінен толық
ажыратушы дегенге келеді. Аллаһ елшісі – ақиқаттың рухы. Өйткені өлі жүректер Оның əкелген
шындық шырынымен ғана тіріліп, бүршік жарды. Ол адамдардың тура жолға түсуі үшін аянбай
күресті. Хақ пен жалған ұғымдары бір-бірінен тек осындай бір күрес пен күш-жігердің
арқасында ажыратылады. Хазірет Мəсих хабар берген Фарақлит келіп жетті. Ол – Аллаһтың
ақырғы елшісі, екі əлем Сардары хазірет Мұхаммед
(саллаллаһу алəйһи уəсəллəм)
.
Иоанн Інжілінде:
«Егер мені жақсы көрсеңдер, əмірлеріме бас иіңдер! Мен Раббыма жалбарынамын. Ол сендерге үнемі өздеріңмен бірге болу үшін менен басқа бір жұбатушы, ақиқат рухын (Фарақлитті) береді», – делінеді (Иоанн, 14-бап, 15-16 аят).
Енді кезекпен төмендегі аяттарға назар аударайық:
«Фарақлиттің Рухул-Қудус болғанының ерекшелігі сонда – Рабб Оны менің атыммен (яғни, пайғамбар етіп) жібереді. Ол сендерге барлық нəрсені үйретеді. Əрі менің сендерге үйреткендерімді де қайта еске салады» (Иоанн, 14-бап, 26-аят).
«Фарақлит келген кезде, мен үшін куəгер болады. Сендер де маған куəлік етіңдер» (Иоанн,
14-бап, 26-аят).
«Мен сендерге хақты айтамын. Менің кетуім сендер үшін жақсы. Өйткені мен кетпесем, Фарақлит сендерге келмейді. Бірақ мен кетсем, оны жіберемін» (Иоанн, 16-бап,7-аят).
«Фарақлит келген кезде, барлық əлемді жасаған қателіктері үшін кінəлап, оларды тəрбие етеді» (Иоанн, 16-бап, 8-аят).
Інжілдің негізгі түпнұсқасы көне еврей тілінде, кейін грек тіліне аударылды. Біздің қазіргі
қолымыздағы арабша аудармалар грек тілінен тəржімаланған. «Фарақлит» – грек тіліндегі
«ақиқатты айқындаушы» сөзінің арабша баламасы, яғни араб тіліне аударылып, осы тілге енген
сөз
[368]
.
Иоанн Інжілінде:
«Мəсих (Иса) былай деді: Мен енді сендермен сөйлеспеймін. Өйткені бұл əлемнің басшысы келе жатыр. Онда бар нəрсе менде жоқ» – делінген (14/30).
Ендеше бұл жердегі айтып отырған «Фарақлит» ақырғы пайғамбар – хазірет Мұхаммед
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
еді.
Хазірет Исаның пайғамбар болып келуінің бір сыры – адамзатқа жіберілген ақырғы
пайғамбарды сүйіншілеу болатын. «Саф» сүресіндегі мына аят та осыны қуаттайды.
«Сол уақытта Мəриямұлы Иса: «Уа, Исрайыл ұрпақтары! Шын мəнінде, мен Аллаһтың елшісімін, алдымдағы Тəуратты растаушы жəне менен кейін келетін «Ахмəд» атты пайғамбарды айтып сүйіншілеймін», – деген еді» [369] .