Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет75/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   96
Байланысты:
Пайғамбарлар тарихы (Қалмақан Сейтұлы)

Иса пайғамбардың көкке көтерілуі
Иса (а.с.) Исрайыл халқын үш жыл бойы ақиқатқа шақырғанда, бар болғаны ат төбеліндей
ғана адам иман келтірді. Ал қалған қара ниеттілер, əсіресе, көсемдер мен байлар, дін өкілдері
бəрі ауызжаласып, ақылдасып, оны өлтірудің жолын қарастыра бастады. Осы мақсатта яһудилер
Исаны (а.с.) тұс-тұстан іздестіре бастағанда, оларға хабар айтып, өзінің екіжүзділігін
əшкерелеген адам он екі хауаридың бірі болды. Ол «Тауып бергеніме пəлен ақша бересіңдер»
деп ақшасын алған соң, оларды пайғамбар отырған үйге бастап келді. Есікті ашып «іздеген
Исаларың осында» деп табалдырықтан аттап, бірінші болып ішке енеді. Бұл кезде Иса (а.с.)
олардың келетінін алдын-ала білген еді. Сол себепті дұға оқыды. Аллаһ тағала оның бұл соңғы
дұғасын қабыл етіп: «Ей, Иса! Сені Өз тарапыма көтеріп алмақпын. Қарсыластарыңнан
құтқарам. Саған ілескендердің мерейін қияметке дейін олардан үстем қыламын. Соңында
қайтар жерлерің Мен жақ! Сонда таласқан нəрселеріңе үкім беремін!» – дейді.
Əлгі мұнафық ішке кірген кезде, Жəбірейіл періште пайғамбарды өзімен бірге көкке көтеріп
алып кетеді де, Аллаһ тағаланың құдіретімен əлгі мұнафықтың бейнесі Исаныкінен (а.с.) аумай
қалған болатын. Еріп келгендер мұнафықтың даусы шыққан бөлмеге кіргенде, «Иса міне отыр,
міне отыр» деп тұрған Иса пайғамбар бейнесіндегі біреуді көреді. Олар оны бірден тарпа бас
салады. «Өзіңді-өзің басқа жақтан іздеп, бізді тағы ақымақ қылғың келген екен!» – деп кіжінеді.
Оның жан даусы шыға «Мен сіздерді бастап келген адаммын ғой!» – дегеніне қарамайды. Кейбір
деректерде бұл мұнафықтың аты Тайтанос болғандығы айталады. Олар Тайтаносты айқыш
ағашқа керіп байлап өлтіргелі жатқанда, ол соңғы сөзін айтып: «Маған сенбесеңдер, қалтамды
қараңдар. Берген ақшаларыңды көресіңдер», – деп жалынады. Қандары қарайған топ оның сөзін
елемейді де. Алайда əбден қинап өлтіргеннен кейін, қалтасын қарағанда, расында да, өздерінің
ұстатқан ақшаларын көріп қатты таңғалады. Сол кезде ғана істің мəн-жайы басқаша болғанын
аңғарады. Дереу Тайтаносты іздей бастайды. «Ең алдымен үйге сол бастап кірді. Біз үйді тінтіп
шыққанда, Исадан өзге ешкімді көрмедік. Егер ол анық Иса болғанда, бізге оны ұстап берген
Тайтанос қайда кетті? Ал бұл Тайтанос болса, онда Иса қайда кетті? Ақша дар ағашына шегелеп
өлтірген адамның қалтасынан шыққанына қарағанда ол Иса болмағаны ма? Сонда ол көкке
ұшып кетті ме?» – деп бастары қатады.
Құранда ол туралы: 
«Тағы да «Аллаһтың елшісі Мəриямұлы Иса Мəсихты өлтірдік!»
дегендіктері... Негізінде, олар оны өлтірген де, асқан да жоқ. Бірақ көздеріне ұқсасы
көрсетілді. Расында, оның пайғамбарлығы туралы сөз таластырғандар өлтіру туралы да сөз
таластыруда. Бірақ олар күмəннің ғана жетегінде. Олар оны анық өлтірмеді. Аллаһ оны өз
тарапына көтерді. Аллаһ өте үстем, хикмет иесі»
деп, хазірет Исаның өлтірілмей көкке
көтерілгендігі жайлы ақиқат баяндалған
[367]
.
Иса пайғамбардың дүниеге əкесіз келуі қандай таңғаларлық мұғжиза болса, оның көкке


тірідей көтеріліп кетуі де дəл сондай мұғжиза. Көкке көтерілген пайғамбар күндердің күнінде
жер бетіне «Дəжжал» (Тажал) келіп, адамзатқа бұрын-соңды болмаған зұлымдық жасаған шақта
Хақ тағаланың əмірімен жерге түсіп, сол Тажалмен соғысып жеңеді. Бұған қоса бұзылған
христиандарды да түзейді. Шоқынған крестерін сындырып, доңыз етін жеуге тыйым салып,
оларды иманға келтіреді. Бұл туралы елуден астам сахих хадис бар. Əйтсе де хазірет Исаның жер
бетіне қашан жəне қалай түсетіні туралы нақты деректер жоқ. Анық ақиқаты Жаратушыға ғана
аян.
Иса пайғамбар (а.с.) отыз жасында пайғамбар болып, отыз үш жасында көкке көтерілді. Осы
үш жыл ішінде ол өз міндетін кемшіліксіз атқарып кетті. Өзінен кейін соңғы пайғамбар –
хазірет Мұхаммедтің 
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
келетінін де зор қуанышпен сүйіншіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет