Абдуллаһ, Ибраһим; қыздары: Зейнеп, Руқаия, Үммі гүлсім жəне Фатима
[374]
.
Хадиша анамызбен тату-тəтті өмір сүрген Пайғамбарымыз (с.а.с.) ол бақилық болғаннан
кейін де өле-өлгенше оның Ислам дініне жасаған қолдауын, басқа да жақсылықтарын
ұмытпаған.
Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) жастайынан ел ішінде көркем қасиеттерімен танылған еді. Халық
оның шыншылдығы мен сенімділігін ескеріп, «əл-Əмин» (сенімді) деп құрметтейтін.
Оны мыны бір оқиғадан байқауға болады. Меккедегі қасиетті Қағбаның қабырғалары ұзақ
уақыт күтім көрмей, жауын-шашын, жел құздан жер болып мүжіліп біткен-ді.
Осыған байланысты Қағбаны жөндеу жұмыстары қолға алынған болатын. Əр рудың
адамдары бұл іске білек сыбана кіріседі. Алайда қасиетті қара тасты (Хажарул-əсуəд) тұғырына
қондыруға келгенде, рулар арасында талас туды. Əр ру оны өз қолымен қойғысы келді. Бұның
соңы қақтығысқа, жаға жыртысар жанжалға ұласу қаупі туындағандықтан, тығырықтан шығар
жолды Құрайыштың ең жасы үлкен қариясы Əбу Үмəйя ибн Мұғира көрсетеді:
– Қаласаңыздар, бұның төрелігін ертең Сафа қақпасынан бірінші болып аттаған кісіге
қалдырайық.
Бəрі осыны құп көрді.
Ертесі күні Аллаһтың қалауымен қақпадан алғаш болып хазірет Мұхаммед (с.а.с.) кірді.
Халық басқаның емес өздері «əл-Əмин» деп атаған шыншылдығымен аты шыққан кісінің
келгеніне айрықша қуанып, оның төрелігіне жүгінеді
[375]
.
Талас-тартыстың неден туындағанын түсіндіргенде, хазірет Мұхаммед (с.а.с.) көп ойланып
жатпастан мата сұратты. Қара тасты соның үстіне қойдырып, əрбір рудан бір кісі ортаға
шығарып, матаның пұшпағынан ұстатып, тиісті жерге жеткізгеннен кейін, қара тасты Аллаһ
елшісі (с.а.с.) өз қолымен орнына қойды. Оның бұл тапқырлығына бəрі тəнті болды. Осылайша
талас-тартысқа соңғы нүкте қойылды
[376]
. Бұл кезде хазірет Мұхаммедтің (с.а.с.) жасы отыз
бесте болатын.
Достарыңызбен бөлісу: