Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған


Пайғамбарымыздың Мəдинаға хижрат етуі



Pdf көрінісі
бет83/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   96
Пайғамбарымыздың Мəдинаға хижрат етуі
Аллаһ елшісі мен хазірет Əбу Бəкір (р.а.) Меккеде қалған Əлимен (р.а.) Құба ауылында
кездеседі. Олар Құбада екі апта болып, жұма күні жолға шығады. Рануна алаңқайына келіп,
алғашқы жұма намазы мен алғашқы хұтбаны оқиды. Құба ауылында Гүлсім ибн Хидм деген
құрметті ақсақалдың үйінде қонақ болады.
Алғашқы мешітті де осы Гүлсімнің құрма кептіретін алқабында тұрғызады. Бұл туралы
Құранда мынандай аят кездеседі:
اﻟْ
ﻤُ
ﻄﱠ
ﻬﱢ
ﺮِ

ﻦَ
ﯾُ
ﺤِ
ﺐﱡ وَ
ا
ﷲﱡ
ﯾَ
ﺘَ
ﻄَ
ﻬﱠ
ﺮُ
و
ا
أَ
ن
ﯾُ
ﺤِ
ﺒﱡ

نَ
رِ
ﺟَ

لٌ
ﻓِ
ﯿ
ﻪِ ﻓِ
ﯿ
ﻪِ
ﺗَ
ﻘُ

مَ أَ
ن
أَ
ﺣَ
ﻖﱡ ﯾَ
ﻮْ
مٍ أَ
وﱠ
لِ ﻣِ
ﻦْ
اﻟ
ﺘﱠ
ﻘْ
ﻮَ
ى
ﻋَ
ﻠَ

أُ
ﺳﱢ

َ
ﻟﱠ
ﻤَ
ﺴْ
ﺠِ
ﺪٌ
أَﺑَ

اً ﻓِ
ﯿ
ﻪِ ﺗَ
ﻘُ
ﻢْ ﻻَ
«Алғашқы күннен тақуалық негізде салынған бұл мешітте намаз оқу əлдеқайда артық. Ол
жерде тазалықты жақсы көретін адамдар бар. Аллаһ та тазаланғандарды жақсы
көреді»
[404]
.
Қазіргі таңда ол жерде зəулім мешіт бой көтерген (Құба мешіті).
Мəдина тұрғындары Пайғамбарымыздың Меккеден қай күні шыққанын білгендіктен, келеді-
ау деген уақытта тайлы-таяғына дейін көшеге шығып жолаушылардың жолын тосады. Мəдина
халқы қадірлі жолаушыларды ұзақ күтіп қалады. Төртінші күні күн төбеге таяғанда, шатыр
төбесіне шыққан əлдебір еврей, «күткен адамдарың келе жатыр» деп Мəдиналықтардан сүйінші
сұрайды. Қуаныштары қойнына сыймаған Мəдиналықтар думандатып көптен күткен қадірлі
қонақтардың алдынан шығады.
Мəдиналықтар хазірет Мұхаммедке (с.а.с.) сəлем беріп, нұрлы жүзіне тамсана қарап, айран
асыр қуанышқа кенеледі. Əркім Пайғамбарымызды өз үйінде қонақ еткісі келеді. Алайда
Пайғамбарымыз (с.а.с.) ешкімнің көңілін қалдырғысы келмей, түйенің шылбырын бос жібереді


де: «Тиіспеңдер, ол Аллаһтың қалаған жеріне өзі тоқтайды» дейді. Түйе қазіргі
Пайғамбарымыздың мазарының орнына барып шөгеді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) түйе шөккен жерге ең таяу Халид ибн Зəйд Əбу Əюб əл-Əнсаридің
үйіне түседі (Халид – Əюб Сұлтан деген атпен танымал, қазіргі таңда оның мазары Стамбулда).
Пайғамбарымыздың Мəдинадағы алғашқы қолға алған жұмысы мешіт тұрғызу болатын.
Қазіргі уақытта Мəсжидун-Нəбауи тұрған жерді Пайғамбарымыз (с.а.с.) өз қаражатына сатып
алады. Мешіт іргетасын өзі қалайды. Мешіттің құбыласы алғашқыда Йерусалим жаққа
(Мəсжидул-Ақсаға) қарап тұрған еді. Кейіннен
اﻟْ
ﺤَ
ﺮَ
ا
مِ
اﻟْ
ﻤَ
ﺴْ
ﺠِ
ﺪِ
ﺷَ
ﻄْ
ﺮَ
وَ
ﺟْ
ﻬَ
ﻚَ
ﻓَ
ﻮَ
لﱢ
«Жүзіңді ал-Харам мешітіне қарай бұр»
[405]
деген уахи келген сəттен бастап құбыла
Қағбаға қарай өзгертілді.
Мешіттің сол жақ қапталына Пайғамбарымыздың құрметті жұбайлары мен балаларына
арнап бірнеше бөлме қосылған еді. Мешіттің құрылысы аяқталған соң Пайғамбарымыз (с.а.с.)
Меккеде қалған зайыбы Сəуданы, қыздары Үммү Гүлсім мен Фатиманы Мəдинаға алдырады.
Бұл істі Зəйд ибн Хариса мен Əбу Рафиге тапсырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет