Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы



Pdf көрінісі
бет5/20
Дата22.01.2017
өлшемі10,09 Mb.
#2475
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Арал өңірі климаты
Аралөңіріменоныңжағалауыныңклиматыеуразиялыққоңыржайбелдіктіңқұрлықішіндегішөлдаладаатмосфералықауаныңж
ылжуерекшеліктерініңықпалыменқалыптасады.   Қысықысқа,   бірақсуық.   Қаңтарайындаорататемператураныңмәні   -14ºС
болса, жазыыстық, құрғақ, әріұзақ. Жаздашілдеайыныңортатемпературасы +26,3ºС, жауыназ, оныңжылдықорташамөлшері
95 мм. Жазайларындааспанәрдайымашық, бұлтсызжәнетұманболмайды. Сол себепті теңіз бетінен судың булануы өте күшті
жүреді. Жыл бойы ашық теңіз бетінен буланатын судың мөлшері 9,9 сантиметрге жетеді.
Кей жылдары солтүстік Аралға солтүстіктегі Кар теңізінен жылжитын арктикалық суық   ауа да жетеді. Ондай кезде өте
қатты аяз болып, ауаның темперетурасы -30º С-қа, кейде тіпті -42º С-қа дейін төмендейді. Жаз айларында Аралда оқта-текте
Солтүстік Үндістан аймағынан төмен қысымды континенттік тропикалық ауа келеді. Бұл жағдайда ауаның температурасы
+35-40º  С-қа  дейін  көтеріледі.  Арал  теңізінің  жағалауындағы  климат  жағдайы  теңіздің  ықпалымен  қалыптасады.  Қыс
айларында  жағалаудың  орта  темперетурасы  сәл  көтеріледі,  ал  жазда  аздап  төмендейді.  Орташа  көрсеткіш  ±2ºС.  Демек
теңіздің  солтүстік  және  оңтүстік  бөліктерінің  арасында  температураның  айырмашылығы  едәір  екені  байқалады,  яғни,
Солтүстік Аралда орта температура +7ºС, ал оңтүстңк бөлігінде +10ºС
Балық өндірісі
Арал  өңіріндегі  көл  жүйелері  қалпына  келген  жағдайда  көптеген  проблемаларды  шешуге  мүмкіндік  туады.  Елді
мекендерді,  егіндік,  шабындық  және  мал  жайылымдық  жерлерді  су  басу  қаупі  сейіледі.   Көл  жүйелерін  қалпына  келтіру
21

жобасын  жүзеге  асырудың  бастамасы  ретінде  Қараөзекте  су  реттегіш  құрылыс  салуды  айтуға  болады.   2005  жылға
құрылыстың  бірінші  кезеңін  аяқтау  үшін     500,0  млн  теңге  қаржы  бөлініп  отыр.  Құрылыс  біткен  соң  Қараөзектің  арнасы
секундына  350,0  м³  су  өткізе  алатын  болады,  яғни  бұрынғыдан  6  есе  көп.  Бұл  Арал  өңірін  суландыруды  көздейтін  үлкен
бағдарламаның  аясында  орындалатын  маңызды  шаралардың  бастамасы  болып  табылады.  Көл  жүйелері  қалпына  келген
жағдайда онан күтілетін экологиялық, әлеуметтік және экономикалық нәтижелер баршылық. Солардың бірі балық өндірісін
жанадандыру, оны экономиканың тиімді саласына айналдыру болмақ. Арал бассейнінің Қазақстандық бөлігінде ауланатын
балықтың 20 пайызы болып еді. Көлдерді балық өндірісіне пайдаланудың жергілікті жерде жинақталған тәжірибесіне орай,
олардың аймақтық және гидрографиялық белгілеріне қарай ірі-ірі көл жүйелеріне топтайды.
Сырдың атыраулық аймағындағы ірі көл жүйелері (1996 ж.)
Көл жйесінің аты
Жүйені құрайтын көлдердің аты
1.Қамыстыбас
Қамыстыбас, Лайкөл, Қаязды, Жалаңаш, Райым
2. Ақшатау
Ақшатау, Сорғақ, Қаракөл, Шөмішкөл, Қотанкөл
3. Ақсай-Қуаңдария
Жуансадырбай, Лақалы, Ханой, Қаратерең, Тасырық, Қаукей
4. Ақпай-Ақирек
Мақпал, Жакөл, Қаркөз
5. Қараөзек
Қараарын, Малтай, Бескеспе, Майкөл
6. Теңіз жағасы
Тұщы, Қарашалаң, Қаратерең, Ақбілек, Ақбасты, Жыланды,  Баян, Жыңғылышкөл
Сырдария өзеніне тежеу салынып, ағыс азайған соң көлдер жеткілікті  су ала алмай, сонан олардың шаруашылық маңызы
жоғала бастады. 70-шы жылдардың ортасында суармалы егістің көлемі ұлғаюына байланысты өзен бассейнінде басталған
қуаңшылық  көлдердің  қалыпты  режимін  бұзып  жіберді.  Суы  қайтқан  көлдерден  ауланған  балық  мардымы  болмады.
Бассейнде гидроглогиялық режимінің өзгеруіне орай көлдердегі балықтың жалпы саны азаюымен бірге тұраралық саны да
үлкен  өзгеріске  ұшырады.  Сазан  мен  тыран  секілді  құнды  балықтардың  саны  азайып,  оның  есесіне  тісті,  жыланбас  және
басқа онша құнды емес жыртқыш балықтардың үлес саны артты. Арал теңізінің деңгейі төмендеп, онда уылдырық  шашуға,
өсіп-өнуге  жағдай  қолайсыз  болуы  себепті  теңіз  балықтары,  мысалы,  тісті  мен  торта,  көлге  жиналып  уылдырық  шашуға
бейімделді.  Балық  шаруашылығы  өзіне  тән  ерекшелігі  мен  қиындығы  бар  сала  болғандықтан  оны  жүргізетін  білікті
мамандар даярлау маңызыды мәселелердің бірі болады. Бұл өндірістің басты ерекшелігі сол, оның беретін өнімі, яғни балық
көзге  көрінбей  тіршілік  ететін  болғандықтан  өнімді  дәл  межелеу  едәір  қиындық  туғызады.  Қазіргі  таңда  жалпы
бағдарламаның  аясында  кадрлар  дайындауда  Арал  қаласындағы  №   16  кәсіптік  мектеп  пен  Қорқыты  Ата  атындағы
Қызылорда мемлекеттік университеті орындайды деген сенім бар.   
Мұнай өндіру
Жер қойнауынан өндірілетін шикізаттардың түрі көп.Әйтсе де солардың ішінде энергияның көзі болғандықтан,мұнай газ
шикізаттары  ерекше  сұранысқа  ие  екні  дәлелдеуді  қажет  етпиді.Жер  қойнауынан  алынатын  алуан  түрлі  кендерді,яғни
шикізаттарды  өңдеп,немесе  сол  табиғи  күйінде  пайдаланады.,мысалы  көмірді.Ал,мұнай  темір  т,б  қазба  байлықтар  тек
өңдегенннен кейін ғана кәдеге асатыны белгілі.Мұның қай-қайсысы болсада экономиканың қан-тамыры іспеттес. 
Көп мәліметтерге жүгінсек,бүкіл әлемде адамның   мақсаты үшін атом күші мен энергияның 1 пайызын ғана ағаш пени
шымтезектен 1 пайыздан сәл астамыни су ресустарынан,-2 пайызын ,газдан, -18 көмірден , -30мұнайдан 48пайызын алып
отыр.  Бірақ  сол  шикізаттарды  жер  қойнауынан  алу  технологиясы  ең  озық  деген  елдің  өзінде  жетілмеген.Өйткені  шикізат
өндіру кезінде,толық алынбай едәуір бөлігі жер астында қалып қойып,ысырап болады.Қазіргі кезде мұнайдың 53-70 пайызы
табиғи  газдың,15-40  паайызы  жер  қойнауында  қалып  қояды  екен.Кен  байлығын  өндіру  барысында  пайдасыз  шығын,жер
астында қалып қоятын бөлігімен ғана шектелмейді.әсіресе мұнайды-газды конденсантты жерден көтергеннен кейін,төгіліп
шашылуы  аз  болмайды.Олардың  белгілі  1  бөлігі   кәсіпшіліктің  ішінде  және  сыртта  тасығанда  пайдалануға  және  өңдеуге
дайындағанда жоғалады.Бірақ Қазақстанның мұнай-газ өндіретін және өңдейтін салаларында   жұмыстың барлық кезеңінде
көмірсутек қорының оның бастапқы өндірілген болады шикізат мөлшеріне шыққанда көрсеткіш 6-8 пайыз болады.
Қорытынды
Қоршаған  ортабір-бірімен  араласып  жатқан  әр-түрлі  компоненттерден  тұрады.Олардың  ара-қатынасы  өте  күрделі  өзара
байланыстары тығыз,әр-қаәсысының тек өзіне тән ерекшелігі бар.Сол байланысты жеке буындардан құралған шынжырмен
теңеуге  болар  еді.Егер  шынжырдың  бір  буыны  түсіп  қалса,ол  үзіледі  кәдеге  аспайды.Айталық  біреу  түрлі-себептермен
көбінесе антропгендік әсерден азып-тозып немесе құрып кетсе,онда біртұтас ағза іспеттес өмір сүріп тұрған жүйе арқауы
кеткен  тоұыма  бұйыдай  тоз-тоз  болып  жөніне  кетеді.Аталмыш  компоненттер  қалыпты  режимде  жұмыс  істеп  тұрғанда
қоршаған  орта  үшін  олардың  маңызы  бірдей  демек,олар  өзара  тепе-теңдікте  сол  себепті,бірінің  жоғын  оның  атқаратын
функциясының өзгелерінің артық мөлшермен толықтыруға болмайды.
Ағашы мен бұтасы,көпжылдық пен біржылдық саңырауқұлағы меен балдырлары,микроағзалары тағысын-тағылары бар
өте күрделі қауымдастық құрайтын ол кез-келген аймаөта қоршаған ортаның жай-күйі қандай дәрежеде екенін көрсететін
қлшем құрал іспеттес.
Алайда  өлкенің  жаппай  қуаңдануына  байланысты  етек  алып  бар  жатқан  экологиялық  жайсыз  құбылыс  жерді
аздырып,топырақтың  құнарын  кемітті,жайқалып  өскен  көгалды  қуратты  әрине  орман-тоғай  аласаттан  қағажу  қалған
жоқ.Экологиялық  ауыр  дағдарыстың  нәтижесінде  қурағаннан  қалған  орман-тоғай  бақылау  мен  қамқорлық  аздығынан
қорлық көріп келшегі күңгірт болып тұрғанын жасыруға болмас.Орман-тоғай  бұрында жиі шалдығып тұратын,ал қазір тіпті
қозып кеткен оның қас жауы өрт   қоюшылар. Өртпе күресу керек екенін әркім біледі,бірақ оған әзір тиым салуға болмайды-
ау деген күдікте жоқ емес.
Қазақстан  Экология  министрі  дайындаған  іс-шаралар  1994-2010  жылдарда  Арал  өңірінде  экология  жағдайын
тұрақтандыру,тұзды-шаңның  желмен  көтеріліуін  тоқтату   және  Сырдарияның  атыраулық  аймағын  шөлге  айналып  кетпес
үшін  алдына  алу  мақсатында  бірқатар  күрделі  жұмыстарды  орындауды  межелеп  отырғаны  үлкен  үміт  күттіреді.Атап
айтқанда
        -Аралдың кепкен ұлтанында 347,5мың гектар тәжірбие -өндірістік орман алқабын жасау.
22

               -Арал  өңірінде  мемлекеттік  орман  қорына  қарайтын  313,2мың  гектар  жерге  ағаштардың  тұқымын  себу  мен
көшеттерді отырғызу арқылы орманды қалпына келтіру;
          -Арал өңірінде ауыл шаруашылығында пайдаланылатын 43,4мың гектар жерде эрозияға қарсы,мал жайылымдарын
және егістік жерді қорғайтын орман алқаптарын жасау;
         -Арал өңірінде елді-мекендердің төңірегінде 9,0мың гектар жерге ағаш отырғызу;
         -Көлік жолдары мен су жүретін жармаларды жағалай 2,2 мың гектар орман алқаптарын жасау және 0,42 мың гектар
құнары кетіп бұзылған жерді ағаш егу мен шөп себу арқылы қалпына келтіру.
   Пайданылған әдебиеттер:
А.Нұрғызарынов. Қ.Шапшанов
«Арал өңіріндегі өндірісті экологияландыру. 2001 жыл.
2.А.Нұрғызарынов
Қ.Шапшанов.
«Арал өңірінің экологиясы. Қызылорда 1996 жыл.
3.Қызылода облысытық экология және биоқорлар басқармасының экологиялық баяндамасы. 1997 жыл.
Дежкин В.В
Экология жайлы сұхбат.Алматы,Қайнар 1981жыл.
* * * * *
ТАЗА БОЛСА ТАБИҒАТ,АМАН БОЛАР АДАМЗАТ
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Аудандық оқушылар үйі
Орындаған:Сүлеева Аружан Талғатқызы №26 мектептің 3сынып оқушысы,
 «Жас эколог» үйірмесінің мүшесі.
Жетекшісі: Өткелбаева Айгүл  Ордабекқызы,  «Жас эколог» үйірмесінің жетекшісі,
 биология, қосымша химия пәнінің мұғалімі.
Тақырыбы:Таза болса табиғат,аман болар адамзат
Ғылыми жетекшісі:Айжігіт Нұрғызарынов -Қызылорда Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің аға 
оқытушысы,ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы,профессор.
Таза болса табиғат, аман болар адамзат
       Табиғат айналамызды қоршап тұрған ізгілікті әлем.
       Табиғат адамзатқа қажеті бар байлықтың қайнар көзі.
       Табиғат-өмірімізге қажетті рухани байлық.
      Табиғат тау мен дала өзендері мен теңіздер көлдер мен ормандар мен бау-бақша тағы басқамен шектесіп жатады. Жер
бетіндегі өсімдіктер мен жануарлар да табиғаттың бір бөлігі. Адам-табиғаттың саналы перзенті.Табиғат барлық тіршілік
әлемінің   сансыз   көп   үйлесімдігімен   ерекшеленетін   жаратылыс   дүниесі.Адамның   өмірлік   және   танымдық-эстетикалық
ғибраттану ортасы.Табиғатпен мәндес жаратылыстың  белсенді мүшесі. Табиғатқа: су, ауа, топырақ  жатады.  Табиғат су
қорларына: жер беті сулары, мұхит-теңіз, өзен, көл-бөген, жерасты сулары,мұздықтар,батпақтар, су булары жатады.
           Табиғат-бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы,және аялы бесігі,қуатты қонысы,өсіп-өнер мекені.Ол жалпы адам
баласының ортақ қазынасы. Жануарлар, өсімдіктер таңғажайып құбылыстар. Көркем көріністер. Бәрі-бәрі табиғаттың бір
бөлігі.Әр адамның шыр етіп дүниеге келгені,«ана»деген сөзді алғаш айтқаны, тәй-тәй басып, оқу-білімге жол ашқаны-
табиғаттың
 
кеңпейілі,мейірімі
  емес  
пе?  
Сендерде
  қоршаған
  ортаның
  табиғатын,ғажайып
құбылыстарын,өсімдіктерімен,жанураларын біліп,көріп өсіп келе жатқан ұрпақсыңдар.Табиғатты аялап,керегін жаратып,
күнін көріп,мейірлене қараған еңбекшілерге риза болып,рахмет айтамын.Кейбір балалар  табиғат-тіршілік көзі екенін біле
бермейді. Мұндай балалардың өмірге,табиғатқа деген көзқарасы олқы болып келеді. Табиғаттың бізге берер көмегі мол.
Ал,біз оны тиімді пайдаланып, көптеген жетістіктерге жетіп жатырмыз. Табиғатқа жыр арнаған ақындарымыз қаншама!
Осындай өлең жолдары менің жүрегімде де табиғаттың ең бір көркем мезгілі көктемде жыр болып туды.
           Көктем келді ауылға, 
          Шелектеп құйды жауында.
          Бұзауы қалып,сиырлар
         Қосылды барып табынға.
        Күлімдеп күнде аспанда,
        Мейірім нұрын шашқанда.
        Бүр жарып мынау талдар-ақ,
        Бусанды жібіп тастар да.
       Жылғалар салды бір әнді,
       Көбелек билеп бұралды.
      Балауса сұлу қыз-көктем,
      Мезгіл-ау жұртқа ұнамды.      
      
Кең   даланы   күн   щуағына   малындырған   көктемде   сайраған   құстар,жасыл   шөп,түрлі-түсті
сарғалдақ,қызғалдақ,бәйшешек,жауқазын сияқты гүлдер көктем келбетін одан әрі әрлей түседі.Біздің ауылдың көктемі де
керемет.  Жеміс ағаштары бүршік атып,жапырақ жайып,гүл ашып,адамдар ауласын тазалап,кең дала көз жауын алатындай
болып құлпырады.Бозторғай,қарлығаш,шымшық,сары шымшықтар сол сияқты су құстары:қасқалдақ,тырна,қызғыш,шағала
тағы   басқалар-дариянің   көркін   кіргізетін   құстар.Бірінен   соң   бірі   келе   бастайды.Қыстап   қалған   қарға,сауысқан,қара
торғайлар мен ала қарғалар өздерінше ән салып,ұшып келген құстармен етене араласып кетті.Көктемде ұшып келген құстар
Сырдың ғажайып көркіне әнмен өз үлестерін қосады.
23

Көктемде біздің ауылдың көркіне көрік қосатын,ғажаптығын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес бір жер бар.Ол ауыл
сыртындағы-қырат   үсті.Балалар   сонда   барып,қызғылдап   жинап,мәз   боп   қайтады.Жинаған   гүлдерін   ата-аналарына,
әжелеріне, құрбы-құрдастарына сыйлап, мәз-мейрам болып жатады. Біздің ауылдың көктемі дәл осындай.
  Ел аузында: «Көктемнің бір күні жылға азық»деген қағида бар.Яғни,көктемде төккен терінің өтеуі бар деген сөз.Бұл
мезгілді сенің де текке өткізбегенің жөн!Себебі,жер әлемді бусандырып,жанды-жансыз тіршілік иелерін қысқы ұйқыларын
оятып,қысқа күнді ұзартатын есік қаққан көгілдір көктем,жай қағып қана қойған жоқ, өзімен бірге бір күнін текке жіберуге
болмайтын тынымсыз тірлігін ала келді.
 Айналаңа зар салып қарашы?! Ауланың іші,көше бойы қыстағы күл-қоқысқа толып қалған. Бір-екі күннен соң бүошік
жарғалы тұрған тал-теректер мен жеміс ағаштары да тәртіпке келтірілмеген. «Қурап қалды»деп қыста кесіп тастаған әне екі-
ұш   теректің   де   орны   бос   тұр.   Міне,балалар   мұның   бәрі   сендердің   де   қолдарыңнан   келетін   іс.Жұмысты   ең   бірінші
тазалықтан баста. Үлкендермен кеңесіп,тал-теректердің артық бұтақтарын қырқып,тәртіпке келтір. «Бір тал ексең,он тал
ек»деген   ата-баба   өсиетін   есіңе   алып,кесілген   ағаштардың   орнына   жас   көшеттер   отырғыз.   Өз   аулаңды   реттеп   болған
соң,көшеңде,мектебіңде   осындай   істердің   істелуіне   ұйытқы   бол.Соны   ұйымдастыр.Сондай-ақ,бақша   егіп,егін   салатын
үлкендерге қолқабыс тигізуді ұмытпа! Солардың қасиетті іс саналатынын диқаншылықты үйрен.Қысқасы,үйренгенің өзіңе
жақсы.Істегенің ата-анаңа үлкен медет.
      Міне, балалар, көктемде біз атқарар бұдан басқа да істер көп.
      Біз табиғатты аялап, қорғауға міндеттіміз. Әрқашан оны қорғап, ластануына жол бермегеніміз жөн.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Балалар энциклопедиясы.М.Әкімжанов 2012жыл
2.Қызықты биология .Р.Сәттімбеков,Р.Әлімқұлова
3.Сыр өңірінде өндірісті экологияландыру.А.Нұрғызарынов 2000жыл
4.Конференция материалдар жинағы. Ә.А.Нұрманов 2014жыл
* * * * *
ДОМБЫРА ТИЕГІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Қарағанды облысы  «Осакаровка кенті №1орта мектебі»КММ
Орындаған: 4 «б» сынып оқушысы  Қысатай Әділ
                                                    Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Ашимова Нұргүл Төлегеновна
Тақырыбы: Домбыра тиегінің маңыздылығы
І. Кіріспе
                                                                                    Қос ішектің бірін қатты,
                                                                                    Бірін сәл-пәл кем бұра.
                                                                                     Нағыз қазақ –қазақ емес,
                                                                                     Нағыз қазақ – Домбыра!
                                                                                        Қадыр Мырза Әлі
Домбыра аспабымен ата-бабаларымыз ән шырқап, күй орындаған, оны өзінің өмірлік серігі еткен. Халықтың бірде-бір 
мейрамы домбырасыз өтпеген. 
Табиғат, адамзат үнемі қозғалыста болады, сондықтан дыбыс та қимыл-әрекет арқылы пайда болады. Ал музыкалық 
дыбысты жеткізу үшін адамдар  музыкалық аспаптарды ойлап тапқан. Сондай аспаптардың бірі – домбыра. Музыка 
мектебінде қосымша білім алатындықтан домбыраның құрылысы мені қызықтырды. Енді домбыраның құрылысын, соның 
ішінде тиегін зерттеуді қолға алдым. 
Зерттеудің мақсаты:
Қазақтың қасиетті қара домбырасының шығу тарихымен танысу және домбыраның тиегінің қаншалықты маңызды 
екендігін анықтау. 
Зерттеудің міндеттері:
Домбыраның құрылысы, шығу тарихы жөнінде әдебиетпен танысу;
Тиектің маңыздылығын анықтау.
Тақырыптың өзектілігі: қазақты әлемге танытып отырған музыкалық аспап – домбыраның қоңыр үні оның тиегі мен 
ішегіне байланысты екенін дәлелдеу.
Гипотеза: тиектің домбыраға қаншалықты қажет екендігін, тиексіз домбыра дыбысының шықпайтындығы анықталады. 
Тиектің түрлеріне байланысты оның үнінің өзгеретіндігін дәлелдейді.
ІІ.Негізгі бөлім                                                                                       
2.1. Домбыраның шығу тарихы
“Қазақ” дегенде әлемнің барлық халқының көз алдына домбыра келеді. Домбыра – қазақ, қазақ – Домбыра! Бұл біздің 
халқымыздың бренді.
Домбыра – қазақ халқының ең сүйікті аспабы. Домбыра музыкасы тарихы халықтың тарихымен тығыз байланыста 
дамыды. Олар табиғат, адам туралы өмірлік тәжірибені жеткізе отырып, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жеткізіп отырды. 
Домбыра деген құдіретті аспапты қазақ қай дәуірден бастап қолданды? Жауап жоқ. Әйтеуір білетініміз ХV-ХVІ 
ғасырлардан деген ғана жорамал. Өйткені осы дәуірде шығарылған күйлер бар. Ал сол ХV ғасырдан жеткен домбыра 
қолымызда,  мұражайларда сақталды ма? Жоқ. Ендеше тыңдаңыз. 
V-VІ ғасырларында жасалған ағаш домбыра табылды. Қазақ деген ұлы халықтың құдіретті аспабы, бабаларымыздың 
мыңдаған жылдар бойы мұңын, сырын шертіп, жан жүрегін езілткен қасиетті қара домбырасы жер кіндігі – алып Алтайдан 
табылды. 
2.2. Домбыраның құрылысы
Құлақ - ішекті бұрау арқылы тартып, босату және аспапты күйге келтіру қызметін атқарады. Қатты ағаштан кейде 
пластмассадан, темірден жасалады.
24

Мойын қақпақ – перне тағып, солардағы дыбыстарды ән немесе күй мелодиясын ойнауға арналған негізгі бөлшектің бірі. 
Иілмейтін қатты ағаштардан жонылады. 
Мойын - бас пен шанақ, қақпақ желімделіп, бекітілген және мойынбет жапсырылатын бөлшек. Мойынның сырты 
жылмағайланып, қылшық-бүршіктерден әбден тазартылады. Қатты тартылған ішектің қысымына төтеп беретін ең жауапты 
бөлшек болғандықтан бұл да қатты ағаштардан жасалады.
Шанақ - ішектен шыққан дыбысты қайта жаңғырту қызметін атқарады. Шанақ тұтас ағаштан шауып та жасалады. Ал 
фабрика шеберханаларында бірнеше шанақшадан құрастырылады.
Шанақша - мұның бір ұшы тұйметұғырға, ал екінші ұшы мойынтұғырға желімделеді. Шанақшалар арнайы қалыптың 
көмегімен құрастырылады. Бұған дейін олар ыстық пештің немесе электр плитканың табына қыздыру арқылы иіледі. 
Қажетті пішінге келтіріле иілген шанақшалар алма-кезек жапсырылады. Шанақшалардың бәрі дерлік бір текті қатты 
ағаштан жасалады.
Мойынтұғыр – шанақшалардың бір ұшын ұстап тұру қызметін атқарады. Мойынның жуан басы шанақшалар мен 
қақпақтың бір жағына нық орнығатындай етіп ертіледі. Мұны мойынтұғыр деп атайды.
Тұйметұғыр – шанақшалар мен қақпақтың төменгі ұшын және 
түймені ұстап тұру қызметін орындайды.
Қақпақ – ішектің тербелісін тиек арқылы қабылдап, бірақ жиіліктегі дыбысты күшейту және оған белгілі бір бояу (тембр) 
беру қызметін 
орындайды. Қақпақ бір текті құрғақ қарағайдан тілінеді, қалыңдығы 2-2,5мм қақпақшалардан құрастырылады. Шанақтың 
көлеміне қарай қақпашалар саны да өзгеріп отырады 
2.3.Тиектің түрлері және тиектің маңызы
                                                               Айтқан жақсы өлеңді домбыра алып, 
                                                              Бір шеберге тиегін жондыралық.
Домбыра туралы аңыз. Жаумен күрестен,  ұзақ жолдан шаршап келе жатқан батыр жолда кездескен ауылға тоқтап, 
демалмақшы болады. Жар жағасындағы көлеңкеге отырған батыр ағаштың бөлігін кесіп алып, оған аттың қылын тартып, өзі
жасаған аспаптан дыбыс шығармақшы болады. Бірақ аспап дыбыс бермейді. Оны батыр қасына қояды да, ұйықтап қалады. 
Бір кезде оянса, аспаптан өздігінен дыбыс шығып жатыр екен дейді. Аспапты қолына алып қараса, домбыраның басына, 
шектің астына салынған ағаш кертпені көреді де, мұны шайтанның ісі деп шешеді. Сонан бері, халық арасында бұл “шайтан
тиек” деп аталып келеді. Ат қылынан тартылған шекті, тиексіз аспаптар ерте кезде қолданылған.
Тиек – кейбір ішекті музыка аспабының ішегін көтеріп тұратын кішкентай кепіл ағаш. 
Тиектің атқаратын міндеті:
Домбыраның жоғарғы тиегінің атқаратын міндеті – ішекті шерткенде шығатын үннің тазалығын, дыбыстың 
айқындылығын қамтамасыз ету. Әдеттегі, домбыралардың басы екі құлақ орнататындай етіп, екі немесе 3-4 тесікті етіп 
жонылады. Алсым ішек тағылатын домбыралардың басы бұрандалы, темір құлақтар орнатылатындай етіп әр түрлі үлгіде 
арнаулы цехтар мен шеберханаларда жасалады.
Тиек – ішектерді ұстап тұру және дыбыс тербелісін қақпаққа беру қызметін атқарады. Ол ішектен шығатын барлық 
дыбысты жеткізеді. Қандай да бір музыка аспабына тағылған ішектің дәл өлшемдегі орны бойынша жоғары және томенгі 
кетікке кертіп отырғызылады. Кертік кең 
болса, ішек шерткенде ызындап қосымша үн шығаруы мүмкін. 
Бұл музыкалық таза дыбысқа зиян келтіреді. Тиекті кез келген ағаштан жасай салуға болмайды. Міндетті түрде әбден 
кепкен қатты ағаш бөлшегінен жону керек. Өйткені, дымқыл, шірік ағаш дыбысты қайта жаңғыртудың біршама бөлігінің өз 
бойына сіңіріп алады. Осыдан келіп домбыра үні бәсең шығады немесе бұзылады.
Тиектің түрлері:
 1. Жоғарғы тиек  («шайтан тиек») –  бас пен мойынбетке желімделеді. Ішектерді мойынан белгілі бір қашықтықта 
көтеріп тұру және бір – бірінен алшақ аралықта ұстап тұру қызметін атқарады. Үстіңгі қырының ішектер келетін тұсы 
кертіледі. Бук, үйеңкі, қайың сияқты кепкен қатты ағаштардан дайындалады.
2. Ортан тиек – домбыраның басты функционалдық элементі. Ішектің 
тербелісін қақпаққа беріп, ішектен шанаққа дейінгі тербеліс таралу жолында бірінші резонанстық контурды құрады. 
Ортан тиек домбыраның дыбыс шығаруының нақты кілті болып табылады. Оның сапасы, пішіні, салмағы және қалып 
күйінің келтірілуі аспаптың тембрі мен біркелкілігіне әсер етеді. Әдетте, ортан тиек тікқабатты үйеңкіден жасалады, 
толқынды және итальяндық үйеңкі бай әрі тереңдеу тембр береді. Домбырадағы ортан тиектің жылжымалығы – оның 
сипаттық ерекшелігі, яғни, ортан тиек қақпаққа бекітілмеген. Домбырашы ішектің жұмыс бөлігінің ұзындығын өзгерте 
отырып, ішектің тербеліс резонансына жету үшін негізгі тонды жоғарылата немесе төмендете отырып, ортан тиекті қозғалта
алады.
   «Қазақтар ертеде д
омбыраның 
омбыраның  тиегінің орнына асықты салып ойнаған» - деп естігенім бар. Соны білгім келіп, тәжірибе
жасап көрейін дедім. Тәжірибе жасап болғаннан кейін мынадай байламға келдім:
Бұрынғы кезде адамдар тиектің орнына асықты салып ойнаған екен. Бұны білу үшін өз домбырама асықты салып, ойнап 
көрдім. Домбыраның дыбысы шығады. Бірақ дыбыс домбыраның тиегі салынғандағыдай емес,                                                   
кішкене бұлыңғырлап шығады. Бұл сөзімді дәлелдеу үшін домбыраға асық тағып бір шағын күй орындайын.
      Асықты бүк жатқызып салып ойнасақ, дыбыс қоңыр үнді болып шығады. Осылай тек 1 сағат ойнауға болады. Егер де 
асықты тесіп, ішекті өткізіп салсақ, онда дыбыс онша шықпайды. Дыбыс бұлыңғырланып шығады. Алшы (қабырғасы 
астына қарайды) дыбысы ойдағыдай шығады Бірақ ойнағанда саусақтар ауырады. Сондықтан көп ойнай алмайсың. 
   Қорытынды
Саусақ тиісімен сыңғырлап, наз дауысымен көпті баурайтын нағыз қазынамыз – домбыра. Қазақты әлемге танытып 
отырған музыкалық аспап – домбыраның қоңыр үні оның тиегі мен ішегіне байланысты екеніне көз жеткіздім. Сондай – ақ 
тиектің домбыраға қаншалықты қажет екендігін, тиексіз домбыра дыбысының шықпайтындығын және тиек жасау үшін 
мықты ағаштардың таңдалатынын түсіндім. Домбыраға қой асығын салып ойнауда дыбыстың шығуы асықтың салынуына 
байланысты домбыра  үнін өзгеретіндігі таңғалдырды. 
Домбыра – тәрбие көзі.  Домбыра аспабы тарих тереңінен сыр тартады. Алдағы уақытта домбыра туралы және оларды 
жасаушы шеберлер туралы кеңірек білгім келеді. Болашақта домбыра мектебінен жақсы білім алып, күй өнерін жетік 
25

меңгергім келеді.  Домбыра – ұлтымыздың иесі, көненің көзі, тегіміздің тамыры, қазақтың жаны. Домбыраның майда қоңыр
үні, тылсым сырлы күйі, қазақ болмысының, қазақ рухының ұлттық тілі деп тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет