Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы



Pdf көрінісі
бет17/24
Дата21.02.2017
өлшемі9,29 Mb.
#4602
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24

ІV.Қорытынды.
Сәйкестендіру тесті
1+7-------2        8–7 ----10           3+7-----10
 7+2 ------8        7+3----- 9           10-7 ----8
 9– 7 ----- 9       2+7 ------1          7+1 ----3
Сұрақ-жауап жұмысы.
Тест
1.2+4 өрнегінің мәні.
а)5              ә)4                б)6
2.Дұрыс белгіні көрсет 8см  9см
a)=              ә)<               б)>
3.9 санының құрамын көрсет.
а)4+3          ә)5+3           б)6+3
4.Белгісіз қосылғышты тап.
?+6=9
а)4              ә)3                б)2
5.Ойнағаны – 7 бала.
Тағы қосылғаны – 2 бала.
Барлығы неше бала болды?
а)5              ә)8                б)9
-Қандай санның қосу және азайту кестесімен таныстық?
-Қандай сандарға 7 санын қосуға болады?
-Қандай сандардан 7 санын азайтуға болады?
Үй тапсырмасы:№4132-бет
-Сабақ аяқталды
V.Мадақтау.
* * * * * * * * *
 Батыс Қазақстан облысы  Казталов ауданы
 Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясы
 Ахметкалиева Лаура Шакировна
Әдебиеттік оқу 2 сынып
Сабақтың тақырыбы:Қарлығаштың қасиеті.
Сабақтың мақсаты:а)Мәтінді мәнерлеп дұрыс түсініп оқи отырып, мазмұнын  меңгеріп,негізгі ойды ашуға көмектесу;
 ә)Бағыт-бағдар бере отырып,өздіктерінен жұмыс істеп,ой- өрістерін дамыту.Қорытынды жасай білуге үйрету;
 б)Белсенділігін арттыра отырып,ұйымш болуға,табиғатты қорғауға,құстарға қамқор болуға баулу;
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,топтау
Пәнаралық байланыс:қазақ тілі,дүниетану,бейнелеу өнері.
Күтілетін нәтиже:1.Болжау,жорамалдау арқылы мәтінді оқып,талдайды,салыстырады.2.Бірлесе жұмыс жасай  отырып өз 
пікірін білдіруге,өз ойын дәлелдеуге үйренеді;
 Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлім
Психологиялық дайындық
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш,нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз,жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
1.Табиғатты бүлдірмейік.Мәнерлеп оқу.
2.Бекіту сұрақтары.
-Көктем мезгілінің басқа мезгілдерге қарағанда қандай ерекшеліктері бар?
-Неге жапырақтар жасыл болады?Олай болса,тақтадағы жасыл жапырақтардың астындағы сұрақтарға жауап берейік.
-Саф сөзінің мағынасы?  -Таза ауа.
-Азон ненің қабаты? -Ауа қабаты.
-Ғаріп  -Ауру,мүгедек жан.
112

-Табиғатты қорғау дегенді қалай түсінесің?
ІІІ.Жаңа сабақ
А)Жұмбақтар шешу
1.Қос қанаты иіп ап,жарға келіп қонады.
Қара киім киіп ап,Балшықтан үй салады. (қарлығаш)
2.Болмайды бізді,ешқашан ату   Түсім аппақ, атым-аққу
3.Зытады менен арқар да үркіп,
Жез тұяқ өрен,қыранмын (бүркіт)
-Осы құстардың ішіндегі адамға жақын қай құс? (Қарлығаш)
ә)Топтастыру  қасиетті
 Қарлығаш қамқоршы
Ақылды мейірімді
Айыр құйрықты адамның досы
Б)Қарлығаш. Қарлығаш-жыл құсы.Мекендеген ортасына қарай далалық,ауылдық деп аталады.Елімізде кент,сұр,құз,жар 
және қос рең қарлығаштары кең тараған.Қарлығаштар өте ұшқыр.Сұр қарлығаш сағатына 170км жылдамдықта ұшады 
екен.Сондай-ақ,жемін де ұшып жүріп аулап, суыды да ұшып келіп қалқып іше алады. Олар насекомдармен қоректеніп,әр 
қайсысы күніне мыңнан аса маса жеп зор пайда келтіреді.Ұясы-балапандарын қолайсыз жағдайдан және жауынан 
қорғайтын шебер жасалған баспана.Олар жұптарын өмір бойы сақтап,балапандарына екеуі де қамқорлық 
жасайды.Халқымыз қарлығашты киелі санайды.Құйрығының айыр болуына байланысты ел арасында аңыз әңгімелер бар.
В)Мәтінді оқу
Г)Обал-сауап ойыны
1.Қарлығаштың ұясын бұзса не болады?
2.Қарлығашқа қамқорлық көрсету.
3.Торға түскен балапанын босату.
Ғ)Дәптермен жұмыс
Қарлығаштың өзің мақтан тұтатын қасиеттерін жаз.
Д)Сергіту сәті
Қарлығаш боп ұшайық,
Қолды көкке созайық,
Қарлығаштай қамқор боп,
Достықты біз қолдайық.
Ж)Бес жолды өлең
З)Сөйлемді жалғастыр
Қарлығаш қандай құс?
Ұясын неден жасайды?
Қарлығаштың қандай қасиеттері бар?
Адамдар оны не үшін қорғайды?
ІҮ.Бекіту    Тест
1.Жыл құстарын тап.
А)Қарға ә)Торғай б)Қарлығаш
2.Қарлығаш ұясын неден салады?
3.Сұр қарлығаш сағатына қанша км жылдамдықта ұшады?
Ү.Үйге тапсырма
ҮІ.Бағалау
* * * * * * * * *
БҚО Казталов ауданы Әбіш ауылы Әбіш негізгі жалпы білім беретін 
мектебінің  технология пәнінің мұғалімі  Улмесекова Қарлығаш Амангелдіқызы
Тақырыбы: Домбыра жасау технологиясы
Мақсаты: а) қазақтың ұлттық аспабы домбыраның шығу тарихымен таныстыру, домбыра жасаудың технологиясын 
түсіндіру:
  ә) оқушылардың сабаққа белсенділігін,қызығушылығын арттыру,ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту;
  б) ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікке,өз ұлтының өнеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу;
Типі: жаңа сабақты меңгерту 
Түрі: аралас
Әдісі: баяндау, сұрақ – жауап,сто элеметтері,семантикалық карта
Көрнекілігі: домбыра суреттері,нақыл сөздер,кестелер.,слайд,оқулық
Пәнаралық байланыс:бейнелеу өнері, тарих, әдебиет, сызу,музыка, математика.
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
-Оқушылармен амандасу
-Оқушыларды түгендеу
-Сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Мұғалім: Өздеріңіз білесіздер өткен сабақта «Музыкалық аспаптардың жасалу ерекшеліктері» туралы өткен 
болатынбыз.
1.Қазақ халқының қандай музыкалық аспаптары бар?Топтастыру кестесін  ры дар.
құ ң
113

2.Аспаптар орындалуы жағынан нешеге бөлінеді?Семантикалы  картаны толтыру.
қ
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру (үнтаспадан домбыра туралы ән тыңдау)
-Бұл әнді тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар? Көз алдарыңы не елестете алдыңдар?
-Әнді не үшін тыңдағанымызды білесіңдер ме?
-Иә, дұрыс айтасыңдар.Бүгінгі сабағымыз домбыра жайында болмақ.Олай болса бүгінгі күннің жады мен жаңа тақырыпты 
жазамыз.
 «Домбыра жасау технологиясы»
-Қазақтың ұлттық аспаптарының ішінде ең көп тарағандарының бірі- домбыра. Домбыраның қазақ музыка өнерінде алатын 
орны ерекше. Ол ішекті аспапқа жататын қазақ халқының аспабы.Домбыра аспабын ерте заманнан халық арасынан шыққан 
шеберлер жасап,бізге мұра етіп қалдырды.Домбыраның жалпы ұзындығы -640 мм, оның шанақ бөлігінің ұзындығы- 260 мм, 
ал мойнының ұзындығы- 320 мм. Ол пернелерінің атауларымен қоса алғанда 35 бөліктен тұрады. Домбыраның көптеген 
түрлері бар. Олар екі ішекті, үш ішекті, терең шанақты, кең шанақты, екі жақты, қоңырау үнді (кестеден к рсету).
ө
 
-Балалар , барлығымыз домбыра, оның құрылысы туралы кішкене слайд көрейік. (слайд көрсету).Енді балалар оқулықтағы 
домбыра жасаудың технологиялық картасымен танысайық.
IV.Шығармашылық тапсырма
-сіздерге а  беттер таратамын ,со ан  здері із дайындайтын домбыраны  сызбасын т сірі іздер.
қ
ғ ө
ң
ң
ү
ң
V. Сабақты бекіту 
1. Домбыра құрылысы қандай?
2. Домбыра түрлерін атаңдар.
3. Домбыраның жалпы ұзындығы қандай болады?
-Ендеше, балалар алдарыңыздағы кестені толтырыңыздар.
Бүгін мен не үйрендім?
Маған не ұнады?
Жаңа сабақ бойынша пікіріңіз, 
сұрағыңыз
Балаларға домбыраның пайда болуы туралы аңыз-әңгіме айтылады.
VI. Қорытынды.
 Балалар, сонымен біздің ата – бабаларымыздың мұраға қалдырып ұрпақтан-ұрпаққа таралып келе жатқан қасиетті 
домбырамыз туралы мәлімет алдық.Ұлттық өнеріміз бен мәдениетімізді үшін домбыраның қоңыр үнін сақтау- біздің 
болашақ ұрпақтың парызы деп білеміз.Сондықтан да бүгінгі сабағымызды мынадый мақалмен аяқтағым келеді.
 « Нағыз қазақ – қазақ емес,
 Нағыз қазақ – домбыра »
VII. Оқушыларды бағалау.
VIII. Үйге тапсырма: жаңағы өздеріңіз дайындағын сызбаны нұсқауға алып, сыйлыққа кішкене домбыра жасап келесіздер.
* * * * * * * * *
БҚО Казталов ауданы Қошанкөл ауылы Ғ.Бегалиев атындағы 
ОЖББМ-нің информатика пәнінің мұғалімі Сармалаева Әдемі Қобыланқызы
Сабақтың тақырыбы: Электрондық кестелер. Кестелік процессордың терезе интерфейсі. Электрондық кестенің негізгі 
ұғымдары.
Сабақ түрі: Практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілікті
Сабақ әдістері: дамыта оқыта отырып, түсіндіру.
Сабақ мақсаты мен міндеттері: Электрондық кесте EXCEL, оның негізгі түсініктері, мүмкіндіктерімен таныстыру, 
мәліметтер енгізу және оларды өңдеу, кестені файл ретінде сақтау және жүктеу әрекеттерін орындауды үйрену.
Пән аралық байланыс: математика, қазақ тілі, орыс тілі
Қолданылатын көрнекілік, құрал-жабдықтар: Компьютер, EXCEL программасы, слайд,электрондық оқулық, интерактивті 
тақта
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. « Кім жылдам» (Үй тапсырмасын тексеру)
ІІІ. Кіріспе әңгіме. «Ой тастау»
І Ү.Жаңа материалды түсіндіру.
Ү.Ойланып көрші (машық жұмысы)
ҮІ. Ой жинақтау (сұрақ-жауап)
ҮІІ. Тест жұмысы 
ҮІІІ. Үйге тапсырма. 
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу.  Түгелдеу. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
ІІ. Кім жылдам 
1.Модель дегеніміз не?  2.Модельдеу дегенді қалай түсінеміз?  
3.Модельдің негізгі қасиеттерін айтыңдар    4.Молеьдің түрлерін атаңдар?
ІІІ. Кіріспе әңгіме. Ой тастау
Microsoft Office пакетіне кіретін программаларды туралы әңгіме өткізу. 
Microsoft
 
    Excel
 
  – кестелік процессоры туралы не білеміз? 
ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру.  Microsoft
 
    Excel
 
  - кесте ішінде есеп жұмыстарын атқара отырып, оларды көрнекі түрде 
бейнелейтін диаграммаларды тұрғызу, мәліметтер базасын құру, сан түріндегі берілген мәліметтер арқылы эксперименттер 
жүргізуде т.б мүмкіндіктер беретін, Windows ортасында жұмыс істеуге арналған арнайы программалық кесте. 
114

 “Электрондық кесте” термині мәтін түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеуге арналған программаларды белгілеу 
үшін пайдаланады. 
Кестелерді өңдеуге жататын іс-әрекеттер:
1. Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып, әр түрлі есептеулер жүргізу.
2. Түрлі-түрлі факторлардың құжаттарға тигізетін әсерін зерттеу.
3. Тиімді ету мәселелерін шешу.
4. Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын таңдап алу.
5. Графиктер мен диаграммалар тұрғызу.
6. Мәліметтерді статистикалық талдау.
Электрондық   кестелердің   құндылығы   олардағы   мәліметтерді   өңдеу   тәсілдерін   пайдаланудың   қарапайымдылығы   болып 
табылады. Microsoft фирмасының Excel программасы - кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын 
ең кең тараған программалық кестелердің бірі. Бірақ Microsoft Excel жай программа ғана емес, оны көптеген математикалық 
амалдарды, күрделі есептеулерді 
жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде, түрлі-түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер  
базасын   дайындап,   олармен   жұмыс   істеуді,   сандық   эксперимент   жүргізуді   т.б   қамтамасыз   ете   алады.  Microsoft  Excel 
мүмкіндіктерінің көпжақтылы оны тек экономика саласында ғана емес, сондай-ақ, оқып үйренуде, ғылыми зерттеу істерінде  
әкімшілік және жай шаруашылық жұмыстарында да кеңінен пайдалануға мұрсат береді. 
Microsoft Excel программасын іске қосу: Пуск –Программы- Microsoft Excel. 
Microsoft Excel программасын іске қосу үшін осы программамен байланысқан шартбелгіні тауып, оны тышқанмен екі рет 
шерту керек. Ол Microsoft Excel программасын іске қосқаннан кейін компьютер экранында терезе шығады. 
 Бірінші жол- 0, 2, r басқару батырмалары бар терезе тақырыбы қатары.
Екінші жол- Microsoft Excel менюі қатары.
Үшінші   жол-  стандартты   қатар.  Бұл   тақтада   орналасқан   батырмалар   жиі   орындалатын   командалардың   әрекеттерін 
қайталайды.   Олар   файлды   сақтау,   оқу,   қағазға   басу,   көшіру,   енгізу,   сандар   қосындысын   табу,   мәліметтерді   реттеу   т.б.  
әрекеттерді жылдаморындау мүмкіндігін береді.
Төртінші  жол- форматтау қатары.  Бұл саймандар тақтасындағы батырмалар қаріп (шрифт) форматын таңдау мүмкіндігін 
береді: мәтінді жартылай қарайтылған, курсивті, асты сызылған етіп жазу, мәтінді туралау, сандарды форматтау, жақтау мен  
түстерді қолдана отырып, кестені безендіру әрекеттерін жылдам орындау істерін атқарады.
Бесінші жол – атау өрісі (белсенді ұяшық адресі немесе блок адресі көрсетіледі) және формула қатары немесе енгізу-түзету 
қатары. Мұнда ұяшықтың мазмұнын көріп, формулаларды өңдеуге болады. Егер мұндай қатар болмаса Вид – Строка формул 
командасы арқылы қосуға болады. 
Бесінші   және   соңғы   жолдың   арасында   электрондық   кестенің   жұмыс   парағы   орналасқан.  Электрондық   кестенің   жұмыс 
аймағы жол, баған, ұяшық, диапазон, парақтан тұрады. Жұмыс парағындағы жолдар мен бағаналар белгілі бір тәртіппен 
белгіленеді.
Терезенің   ең   төменгі   жолы-   қалып   күй   жолы.   Төменгі   жолдың   сол   жақ   шетінде  Microsoft  Excel  жұмыс   режимдерінің 
индикаторы   орналасқан.   Мысалы,  Microsoft  Excel  мәлімет   енгізуді   күтпеген  сәтте,   ол   дайын   режимінде   болып,   режим 
индикаторы “дайын” деген сөзді көрсетеді. 
Excel электрондық кестесі іске қосылғаннан кейін автоматты түрде 1 – кітап (Книга 1) деген ат пен жаңа құжат ашылады.  
Бұл кітаптың атын файлды сақтау кезінде өзгертуге болады. Б±дан басқа жаңа кітап жасау үшін Құру (Создать) батырмасын 
шертеміз немесе [Ctrl + N] қоспернесін басамыз. Жаңадан құрылған кітаптың аты 2 – кітап, 3 – кітап (Книга 2, Книга 3) т.с.с. 
болады.
Microsoft
 
    Excel
 
    менюімен жұмыс атқару.  
 
 Пернелер тақтасының көмегімен меню қатарына шығу үшін Alt немесе F10 
пернесін басу қажет. Бұл пернелер басылғаннан кейін меню командаларының бірі басқа түспен ерекшеленеді. Курсорды 
басқару пернелерінің (← →) көмегімен қажетті меню командасының біріне жеткіземіз. Enter пернесін басқаннан кейін 
суырылып ішкі меню ашылады. Ішкі меню командасын ↑немесе ↓ пернелерінің бірі арқылы таңдауға болады. Команданы 
орындау үшін Enter пернесін басамыз. Меню қатарынан жұмыс алабына Esc пернесіе басу арқылы оралуға болады. Excel 
кестенің меню командаларын тышқанмен орындаған өте жеңіл, әрі қолайлы. Қажетті меню командасына тышқан курсорын 
орналастырамыз да, төменгі сатылы меню командаларында тышқанды жылжыта отырып, тиісті команда да тышқанның сол 
жақ батырмасын шертеміз. Тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы қанат белгілерді көрсету немесе алып тастау 
сұхбат терезелерін және ішкі беттерді ашу әрекеттері орындалады. Егер тышқанды меню сыртында шертсек, меню 
қатарынан шығып, ішкі меню жабылады. Егер осы қатарлардың қанат белгілері көрінбей тұрса, олалдың әрқайсысында 
тышқанның сол жақ батырмасын шертіңіз. 
Электрондық кестенің негізгі түсініктері   Excel электрондық кестесі жазылған әрбір файл, бірнеше беттерден тұратын 
байланысқан кестелерді бір орынға сақтап қойып, қажетті ақпаратты жылдам іздеп табу мүмкіндігін беретін кітап болып 
саналады. Әдетте электрондық кесте іске қосылған мезетте 1- бет екпінді болады, келесі немесе басқа бетке өту қажет болса, 
сәйкес парақтың жарлығында тышқанды шертеміз. Ал қажетті беттің жарлығы экранда көрінбей тұрса, жарлықтың сол 
жағындағы бағыттауышта (◄►) тышқанды шерте отырып, жылжытамыз.
Негізгі ұғымдары:  
 
 Жол нөмірі
 
  - электрондық кестедегі жолды анықтайды. Ол көлденең орналасқан жұмыс аймағының сол 
жақ шекарасында нөмірмен белгіленеді. Қатарлар 1-65536-ға дейін сандармен нөмерленеді.
Бағана әрпі - электрондық кестенің бағаналарын анықтайды. әріптер жұмыс аймағының жоғарғы шекарасында орналасқан. 
Бағаналар А-Z, одан кейін реті бойынша АА-АZ, ВА-ВZ,..., IV латын әріптерімен белгіленеді. 
Ұяшық – электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі. Әрбір ұяшықтың бағана әрпімен қатар нөмерінің 
қиылысуына сәйкес адресі бар. Мысалы, В3 адресі В бағанасы мен нөмірі 3 жолдың қиылысындағы ұяшықты анықтайды. 
А1 бірінші ұяшықтың, ал IV65536 соңғы яшықтың адресі болады. Ұяшықтың адресін ұяшыққа сілтеме деп те айтуға 
болады.  Ағымдағы ұяшық – курсор орналасқан ұяшық. Барлық орындалған операция осы ұяшыққа байлнысты орындалады. 
Ұяшықтар блогы немесе аралығы
 
  – 
   тіркесе орналасқан ұяшықтардың тіктөртбұрышты аймағы. Бір мезгілде бір ұяшықпен 
немесе қатар орналасқан бірнеше ұяшықтар тізбегімен жұмыс жасауға болады. Белгіленген ұяшықтар тізбегін блок немесе 
115

торбар аралығы деп атауға болады. Мұндай блоктың адресі бірінші ұяшықпен соңғы ұяшықтың адресін қос нүктемен бөліп 
жазу арқылы көрсетіледі. Мысалы, D2-ден D8 аралығындағы блоктың адресі D2:D8 түрінде көрсетіледі. 
Жұмыс парағымен және кітаппен жұмыс істеу – Excel - де электрондық кесте 3 өлшемді құрылымнан тұрады. Ол кітап 
секілді 16 парақтан құралады. Экранда тек 1 парақ қана ашық көрініп тұрады. Парақтың төменгі бөлігінде қалған парақтар 
нөмірлері жарлық түрінде көрініп тұрады
Жа а пара   осу
ң
қ қ
 – Вставка – Лист немесе жанама менюден Добавить-Лист командаларын орындау қажет.
Бірнеше жа а пара   осу
ң
қ қ
 – [Ctrl] пернесін басып тұрып Вставка – Лист командасын орындау қажет.
Пара ты жою
қ
 – Правка – Удалить немесе жанама менюден Удалить командасын орындау керек.
Пара  атын  згерту
қ
ө
 - Формат – Лист – Преименовать немесе жанама менюден Переименовать командасын таңдау қажет.
Пара ты  басына бару  шін
қ
ң
ү
 - [Ctrl]+ Home комбинациясын басу жеткілікті.
Пара ты  со ына бару  шін
қ
ң ң
ү
 - [Ctrl]+ End немесе [Ctrl]+ ↓ комбинациясын басу жеткілікті.
Кестені
 
 ,   бағана
 
 ны
   , қатар
 
 ды
   , блоктар
 
 д  ы белгілеу
 
 
Тышқанның көмегімен кесте бөліктері былай белгіленеді:
· бағана – қажетті бағана тақырыбындағы таңбаланған әріпте (А,В,С...) тышқанды бір рет шерту;
·  қатар – қажетті бағанаға сәйкес келетін нөмірде (1, 2, 3...) тышқанды бір рет шерту (кестенің сол жағындағы ең шеткі  
бағанасы);
·  бірнеше бағаналар – бірінші бағана атындыа тышқанды шерткен соң, тышқанның батырмасын ұстаулы күйінде соңғы  
бағанаға жеткіземіз;
· бірнеше қатарлар – бірінші қатар атында тышқанды шерткен соң, тышқанның батырмасын ұстаулы күйінде соңғы қатарға  
жеткіземіз;
·  блокты   –  блоктың   бастапқы   ұяшығында   тышқанды   шертеміз   де,   тышқанның   батырмасын   босатпай,   курсорды   соңғы  
ұяшыққа жеткіземіз;
·  жұмыс   парағын   –  бағаналар  таңбаланған  әріптер  жолы  мен  қатар  нөмірінің   қиылысқан  жерінде   тышқанды  шертеміз  
(кестенің сол жақ жоғарғы шеті);
Пернелер көмегімен блокты ерекшелеу үшін [Shift] пернесін басулы күйінде ұстап отырып, бағыттаушы стрелкаларды 
(←,↑,→,↓) қолданады. 
Әр жерде орналасқан ұяшықтарды белгілеу үшін:
1) алғашқы ұяшықты немесе блокты белгілеу;
2) [Ctrl] пернесін басулы күйінде ұстап тұру;
3) келесі ұяшықты немесе блокты белгілеу;
4) [Ctrl] пернесін жіберу.
Ү. «Ойланып көрші» (Электрондық оқулықтағы тапсырмаларды орындату) машық жұмысы.
Тапсырма 1   1) Excel программасын іске қосу.
2) Меню қатарымен жұмыс жасаңыз. Правка менюінің ішкі командаларымен танысыңыз.
3) Стандартты және форматтау қатарларын зерттеңіз. Атқаратын жұмыстарын орындап қараңыз. 
4) Вид менюінің Панель инструментов командасының құрамымен танысыңыз. 
5) Электрондық кестені бірнеше жолмен жауып қараңыз.
Тапсырма 2    1) Excel программасын іске қосу.
2) 3 – парақты екпінді жасаңыз.
3) Қайтадан 1 – параққа көшіңіз.
4) [Ctrl]+→комбинациясын басып, соңғы бағана атауына назар аударыңыз.
5) [Ctrl]+ Home пернелерін басып А1 ұяшығына оралыңыз.
6) [Ctrl]+↓комбинациясын басып, соңғы ұяшық адресін анықтаңыз.
7) Кестелік курсорды Home пернесі арқылы А1 ұяшығына, одан соң Ғ9 ұяшығына орналастырыңыз.
8) Бағыттаушы стрелкалар арқылы қайтадан А1 ұяшығына әкеліңіз.
Тапсырма 3   1) А1:Ғ9 блогын белгілеңіз.
2) Қатар орналаспаған С7:D9, E5:F11, D13:E15 аралықтарын белгілеңіз.
3) 5-ші қатарды белгілеңіз.
4) Белгілеуді алып тастаңыз.
5) Ғ бағанасын белгілеңіз.
6) А2:Е17 блогын тышқанның көмегімен белгілеңіз.
7) А, В, С бағаналарын белгілеңіз.
8) С4:Ғ10 блогын пернелердің көмегімен белгілеңіз.
9) Жұмыс парағын белгілеңіз.
10) Әр жерде орналасқан бірнеше блоктарды бір мезгілде белгілеңіз.
ҮІ « Ой жинақтау». (Сұрақ-жауап)
1.Электрондық кесте не ұшін керек?
2. Excel программасын іске қосу қалай орындалады?
3.Терезе элементтерін атаңдар?
4.Құжатты қалай сақтау керек?
5. Ұяшық дегеніміз не?
6.Бағандар қалай белгіленеді?
7.Жолдар қалай аталады?
8.Неше баған, неше жолдан тұрады?
Тест жұмысы (электрондық оқулықтатан)
Үйге тапсырма тақырыпты оқу, реферат жазу
Бағалау
* * * * * * * * *
116

БҚО Казталов ауданы Қошанкөл ауылы Ғ.Бегалиев атындағы 
ОЖББМ-нің  бастауыш сынып мұғалімі  Хамитова Гүлстан 
  Сабақтың тақырыбы:  Әріпті өрнектер
 Сабақтың мақсаты: 
           а/ Оқушыларға  әріпті өрнектер туралы түсінік беру, әріпті өрнекті жазу, оқу, құрастырумен  таныстыру. 
           ә/Логикалық ойлау қабілетін, математикалық термин сөздерін айта білуін дамыту.
           б/Тиянақтылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Әдісі:  сұрақ-жауп, түсіндіру, өзіндік         Түрі:  жаңа сабақ
Көрнекілігі: дидактикалық материал, кеспе сандар, жеке суреттер, үлестірмелі топшамалар.
Сабақтың барысы:
 І.Ұйымдастыру бөлімі   
-  Амандасу, сыныпты түгендеу, оқушылардың   назарын сабаққа аудару. 
 Балалар , бір-біріне қандай жақсы тілектер айтар едіңдер?(балалар кезектесіп,жақсы тілектер айтады.)
-Мен саған ашық аспан тілеймін!
-Мықты денсаулық тілеймін!
-Мен бақыт тілеймін!
-Нұрлы күн тілеймін!т.б
       Нұрлы күн,сендер секілді әдепті,ұқыпты,тапқыр балаларға аямай нұрын төгіп тұр.(күннің суреті)
               Нұрлы күннің әкелген сандықшасы бар екен.Сандықшаны ашып,ішінде не бар екенін білу үшін мына жұмбақты 
шешейік.
                                      Айқасқан  екі таяқ,
                                      Тұрады жоқты сұрап.(Ж:х-икс)
          
II. Үй тапсырмасын тексеру
 1)   №3  (140-бет)
2) Тірек білімдерін жетілдіру. 
Сұрақтар: 
1.Бірінші  қосылғыш 7, екінші қосылғыш1, қосынды қанша?
2. 5 шығу үшін 1-ді қандай санға арттыру керек?
3. 4 шығу үшін қандай саннан 1-ді азайту керек?
4.7 шығу үшін 6-ға нешені қосу керек?
5. 6-ның 5-тен нешеуі артық?
6. 4 шығу үшін 4-ке нешені қосу керек?
7.8 саны шығу үшін 4-ке қандай сан қосамыз?
8.1 саны шығу үшін 6-дан қандай санды кеміттік?

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет