Байланысты: аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады
Өзін-өзі басқару ұйымы мүшелерінің жоғары
шығармашылық мүмкіндігі және т.б.
Әміршілдік, артық қамқорлық,
сенімсіздік
Өзін-өзі басқарудың мүмкіндіктері
мен күшіне сенімсіздік
Артқа тартушылық, жұмысты
атқарушыларға қарсылық
Топтық қызметке қысым
Өз бетінше талдау мен әрекет етуге
жағдайдың болмауы
Бірдей талаптың болмауы
Жұмыстағы жүйесіздік
Басшылықсыз, жоспарсыз жұмыс
және т.б.
Ұжымдағы өзін-өзі басқаруды дамыту үлгісін шартты түрде төмендегідей көрсетуге болады: -
Әрекеттің мақсатын анықтау.
-
Ұжым болып мақсатты белгілеу.
-
Басқару мәселесін қою.
-
Шешімді ұжым болып талқылау.
-
Шешімді қабылдау.
-
Шешімді жүзеге асыру.
-
Ұжым болып нәтижесін қорытындылау.
Өзін-өзі басқарудың күнделікті әрекеті ұжым жұмысын жоспарлау,
ұйымдастыру, өз жұмысын талдау, шешімдер қабылдау мен жасалатын істердің
қорытындысын шығаруда байқалады.
Оқушылардың өзін-өзі басқаруын құру әдістемесі Өзін-өзі басқару – өз ісінің мақсатын өзі белгілеу, өзі жоспарлау, өзі
ұйымдастыру, өзін-өзі тексеру, түзету, өз жұмысын өзі талдау. Мұндағы негізгі
қағида:
«Өмір маған не береді емес, өмірге мен не беремін, қандай үлес қосамын» деп, өз-өзін мектеп жасынан бастап дайындау. Ұжымдағы өзін-өзі
басқару жұмыстарының мектеп жасынан бастап, қол жеткен табыстары: қоғам
алдындағы жауапкершілік пен парызды, достық пен жолдастықты,
мейірбандылық пен қайырымдылықты, қарапайымдылық пен сыпайылықты,
өзінің орнын білуі, өзін-өзі қадірлеуі, өзіне талап қоя білуі, алдына қойған
мақсатқа жетуі үшін еңбекқор бола алатындай жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Сыныптағы өзін-өзі басқару жүйесі 51-суретте ашылды.