Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ахмет Байтұрсынов атындағы


АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ



Pdf көрінісі
бет209/243
Дата31.12.2022
өлшемі3,59 Mb.
#60255
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   243
Байланысты:
аза стан Республикасы Білім ж не ылым Министрлігі Ахмет Байт р (1)

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
171
б) тапсырмалар кез келген қызметтің 
бастауы, ол оқытушыға студенттердің зерттеу 
қызметін болжауға, яғни студенттердің ғылыми-
зерттеу мәлениетінің қалыптасу үрдісін басқа-
руға мүмкіндік береді. (З.М.Большакова, Н.Н.Ту-
лькибаева, П.И.Пидкасистый, Н.М. Яковлева 
және басқалар). 
Зерттеу 
тапсырмалары 
деп 
Н. 
М. 
Яковлева: 
«…оларды 
орындау 
барысында 
студенттер танымдық мәселелерді өздеріне 
таныс әдістермен шешеді және педагогикалық 
зерттеу туралы жаңа білімдер алып, жаңа 
әдістерді меңгереді. Нәтижесінде тәрбиелеу 
теориясы 
мен 
практикасы 
үшін 
маңызды 
студенттің жеке пікірі қалыптасады.»[14, с 26].Біз 
зерттеу 
тапсырмаларын 
қолдануды 
А. 
В. 
Усованың 
ұсынған 
шәкірттерді 
зерттеу 
тапсырмаларын шешуге үйретудің дидактикалық 
жүйесіне негіздейміз. [15]. 
Ол ғылыми түсініктер мақсатты түрде 
қалыптастырудың келесі кезеңдерін ұсынады: 
алғашқы таныстыру (ерекше белгілерін бөліп 
алу) белгілерін нақтылау (белгілі мен белгісіздің 
байланысын орнату) түсінікті нақтылау, басқа 
түсініктермен байланысын айқындау, түсініктер 
жүйесін қалыптастыру, әр түрлі шығармашылық 
тапсырмаларды орындауда қолдану. Мұндай ой 
еңбегімен 
айналысуда 
студенттердің 
жеке 
икемділіктерін, сонымен қатар қызығушылықтары 
мен әлеуметтік қажеттіліктерін ескеру керек. 
А. В. Усова шәкірттердің түсініктерін 
қалыптастыруда алатын орнына байланысты оқу 
тапсырмаларының классификациясын ұсынады: 
құбылысты түсіндіруге берілетін тапсырмалар
ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табуға 
берілген тапсырмалар, қандай салада қолдана-
тына қарай топттауға берілген тапсырмалар, 
әдістер мен тәсілдердің практикада қолдануын 
түсіндіруге 
берілген 
тапсырмалар. 
Тапсыр-
маларды топтаудың мақсаты табиғи құбылыстар-
дың әр түрлі жақтарын зерттеу, оның мәнін түсі-
ну, пайда болу себептері мен нәтижесін ашу. 
[16]. 
Осы классификацияға негіздей отырып, 
студенттердің ғылыми – зерттеу мәдениетін 
қалыптастыру үрдісінде қолдануға тиімді, біртін-
деп күрделенетін зерттеу тапсырмаларының 
классификациясын ұсынамыз: 
1) орындаушылық – зерттеушілік тапсыр-
малар (алгогритм бойынша) – білімдерді бекітуге 
бағытталған, мәселені шешуге қажетті ақпарат-
тарды өңдеу және салыстыру арқылы білік, дағ-
дыларын қалыптастыру. Практикалық маңыз-
дылығына материалды тану, ұғыну, есте сақтау 
жатады. 
2) зерттеушілік–логикалық – мұндай тап-
сырмаларды орындауда логикалық операциялар 
басым болады: талдау, салыстыру, жалпылау
т.б. 
3) зерттеушлік–эвристикалық тапсырмалар 
– мұнда эвристикалық операциялар басым: бол-
жам ұсыну, ұқсастықтар негізінде жаңаны ашу . 
Бірінші, екінші деңгейдегі тапсырмалар әр 
түрлі пәндерді оқыту барысында және диплом-
дық жұмыс жазу кезінде орындалады. 
Сонымен, студенттердің ғылыми−зерттеу 
мәдениетін қалыптастыруды жүзеге асыру атал-
ған педагогикалық шарттар толық орындалғанда 
ғана мүмкін болады деген қорытындыға келеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет