Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі



бет2/9
Дата28.11.2022
өлшемі98,24 Kb.
#53131
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
дене шын жана

Семестр бойынша сағаттарды бөлу

Пән/модульдің коды және атауы

Пәндегі/модульд-егі барлық сағат саны

Соның ішінде

1 курс

2курс

3 курс

1
семестр

2 семестр

3
семестр

4 семестр

5 семестр

6 семестр

Дене тәрбиесі

144

72

72






































ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА


«Дене тәрбиесі» пәнінен оқу жұмыс бағдарламасы 0103000Дене тәрбиесі және спортмамандықтары бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік білім беру стандартына сай әзірленген.
Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің барлық мамандықтарына арналған дене тәрбиесі пәні бойынша оқу жұмыс бағдарламасы мемлекеттік стандартына сәйкес және алдына қойған міндеттерін ескере отырып құрастырылған.
Дене тәрбиесі пән ретінде дене дайындығын қамтамасыз етіп, кәсіптік дайындық процесінде студенттердің дене және психологиялық жағдайларын, тұлғаның жан – жақты дамуын қалыптастыратын құрал, денсаулықты нығайту факторы болып есептелінеді. Студенттердің денесінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұра алатының білдіреді. Жақсы денсаулық адамның еңбекте және қоғамның іс-әрекетіне белсенді қатысуына жәрдемдеседі. Жас адамының денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілеттерін дамыту студенттердің қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді .
Дене тәрбиесінің мақсаты:
Адамның жан-жақты даму сапасын дағдыландыру, еңбекте және қоғамның іс-әрекетіне белсенді қатысуына белсенділігін арттыру.
Дене тәрбиесінің міндеттері:
- Адамға қажетті дене сапасын дамыту.
- Денсаулықты нығайту және сақтау, ағзаны шынықтыру.
- Дене бітімін жетілдіру және физиологиялық функциясының гармональды дамыту.
- Өмірге қажетті әр түрлі қозғалыс қабілеттер мен дағдыны үйлестіру.
- Спорттық қозғалыс қабілеттер мен дағдыны үйлестіру.
- Ғылыми –практикалық мінездемесі ретінде базалық білім беру.
Теориялық бөлім арқылы дене шынықтырудың маңызы, жеке тұлғаға және қоғамға деген көз қарастарын қалыптастыру; дене шынықтыру – гигиеналық мінездемесін білу жөнінде оқушылар нақты білім алуы тиіс.т.б.
Оқу процесі кезіндегі дене шынықтыру жаттығулары арқылы еңбек сүйгіш, батылдық және басқа сапаларын өмірге, өндіріске, әскер және тұрғылықты жағдайларға қалыптастыру, эстетикалық сапаларын үйлестіру міндеттері шешіледі.
Дене тәрбиесі процесінде әдістерді және ұйымдастыру формаларын колдану барысында , студенттердің жас ерекшелігіне, дене дайындықтарына көңіл бөлінеді.
Дене шынықтыру нормативтерін тапсыру оқу жылының басында, әр тақырып аяқталған соң және оқу жылының аяқталу барысында қабылданады. Президенттік сынақты тапсыру белгіленіп, бекітілген графигі бойынша іске асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет