Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі «Болашақ» академиясы


ЖАҺАНДЫҚ ДАҒДАРЫС КЕЗІНДЕГІ ЕЛІМІЗДІҢ НЕСИЕ



Pdf көрінісі
бет45/68
Дата06.03.2017
өлшемі5,4 Mb.
#7947
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   68

ЖАҺАНДЫҚ ДАҒДАРЫС КЕЗІНДЕГІ ЕЛІМІЗДІҢ НЕСИЕ  

НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ АХУАЛЫ  

 

Бузаубаева П.Н. 



«Болашақ» академиясы» ЖММ, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы 

 

2015 жылғы 3-тоқсанда  алдыңғы  кезеңмен салыстырғанда  сұраныс  пен ұсыныстың  өсу 



үрдісінің  баяулауы  байқалды.  Корпоративтік сектор үшін кредиттердің  қолжетімділігі  басым 

түрде  ірі  бизнесте  төмендеуін  жалғастырды  жəне  сақталып  отырған  экономикалық  айқын 

еместік  кредиттер ұсынуды жəне олардың қарыз алушылар үшін қолжетімділігін шектейді.   

Тұтынушылық  кредиттеудің  банктер  үшін  кредиттеудің  басым  түрі  болып  

отырғандығына  қарамастан,  кредиттеу  талаптарын, оның ішінде  кепілсіз, сол сияқты  кепіл  

қарыздары    бойынша  пайыздық    мөлшерлемелерді  арттыру  жолымен  елеулі    қатаңдату 

байқалып  отыр, ал   ипотекалық  кредиттер  бойынша пайыздық   мөлшерлемелердің   төмендеуі  

байқалды. Жылдың  соңына  дейін бөлшек  сегментте кейбір ірі жəне  орта  банктер  барлық  

кредиттік  өнімдер  бойынша  пайыздық  мөлшерлемелерді  өсіруге  ниет  білдіріп    отырғандығын  

атап  өткен жөн.   

 

Банктердің    бағалауы    бойынша,  сыртқы    жəне    ішкі    нарықтардағы  жоғары    шиеленіс 



жағдайында  жекелеген    қарыз    алушылардың    қаржылық    жай-күйінің  нашарлауы,  сондай-ақ 

мерзімін  кейінге  қалдырудың  өсуі  күтіліп  отыр,  бұл  банктердің  несие    портфелінің    сапасына  

қысым  көрсетеді.  Оған  қоса,  банктер  несие    портфелі  сапасының    жақсаруын    проблемалық  

кредиттерді  баланстан  тыс  есепке  шығару  процесінің  жылдамдатылуымен    байланыстырып  



282 

 

қоймай,  сондай-ақ  кредиттеуді  ынталандыруға  бағытталған  мемлекеттік  бағдарламалар  



жұмысының кеңеюімен де  байланыстырады. 

 

Банктердің  бағалауы    бойынша,  теңге  өтімділігінің  жетіспеуімен  байланысты    сақталып  



отырған    ахуал,  банктер  талаптарын  қатаңдатты.  Жылдың  соңына  дейін  банктердің  кредит 

саясатының  жұмсаруы  күтіліп  отырған  жоқ,  кредиттік  ресурстарға  сұраныстың  төмен  деңгейі 

сақталады (1-диаграмма). 

 

 



Сурет 1. Кредиттеу субъектілері бойынша кредит саясатының өзгеруі 

 

2015  жылғы 3-тоқсанда,  көптеген  банктердің  кредит  саясатының  айтарлықтай  



өзгермеуіне  қарамастан,  жекелеген    банктер    бизнеске  қатысты    оны    қатаңдатуды  

жалғастырды (1-диаграмма). Банктердің  бағалауы  бойынша, респонденттердің  75%-ы кредит 

саясатын бұрынғы қатаң режимде сақтады, ал банктердің 25%-ы саясатты  қатаңдатуды қалады.  

 

 



 

Сурет 2. Кредиттік ресурстарға сұраныс пен ұсыныстың өзгеруі,  

респонденттердің %-ы (корпоративтік сектор) 

 

Тұтастай алғанда консервативтік кредит саясаты жəне банктер тарапынан ұсыныстардың 



өсуінің  баяулауы,  банктердің  пікірінше,  қорландырудың  шектеулі  болуымен  жəне  құнының 

жоғары  болуымен,  сондай-ақ  кейбір  қарыз  алушылардың 2015 жылдың  соңында  ақы  төлеу 

мерзімін  өткізуінің  өсу  болжамымен  байланысты  болды. 2015 жылғы 4-тоқсанда  бизнес 

субъектілеріне  қатысты  кредит  саясаты 3-тоқсанмен  салыстырғанда  азырақ  қатаңдайды  деп 

күтіледі:  банктердің 84%-ы  оны  өзгертпей  сақтауды  жоспарлайды,  респонденттердің 13%-ы  

қатаңдатуды  жəне  банктердің  бар  болғаны 3%-ы  көбіне  ірі  бизнеске  қатысты  жұмсартуды 

жоспарлайды (1-диаграмма). 

Банктердің  бағалауынша,  теңгенің 2015 жылғы  тамыздағы  валюталық  бағамының 

түзетілуіне, сондай-ақ банк секторындағы өтімділік тəуекелінің өсуіне байланысты 2015 жылғы 


283 

 

2-тоқсандағы зерттеу барысында атап өтілген қаржылық емес ұйымдар тарапынан сұраныстың 



өсу болжамы 3-тоқсанда орындалмады 

(2-диаграмма). 

 

 

 



 

Сурет 3. Кредиттеу мақсаттары бойынша қаржыландырудың өзгеруі

 

 

Бұл  ретте,  бұрынғысынша,  сауда  жəне  көрсетілетін  қызметтер  секторындағы 



кəсіпорындар тарапынан айналым қаражатына деген сұраныс сақталды, бұл ретте компаниялар 

тарапынан  негізгі  құрал-жабдықтарды  қаржыландыру  үшін,  сондай-ақ  мерзімінің  ұзақ  жəне 

құнының  жоғары  болуына  байланысты  коммерциялық  жылжымайтын  мүлікті  сатып  алуға 

арналған кредиттерге деген сұраныс айтарлықтай төмендеді 

(3-диаграмма). 

2015  жылдың 3-тоқсанымен  салыстырғанда 4-тоқсанда  банктердің  аз  бөлігі  кредиттерге 

деген  сұраныстың  өсуін  болжайды:  респонденттердің  шамамен 72%-ы  сұраныс  бұрынғы 

деңгейде қалады деп болжайды, банктердің 19%-ы  аздап өсуін күтеді  жəне банктердің 9%-ы 

сұраныстың төмендеуін болжайды. 

Банктердің пікірінше, орта жəне ұзақ мерзімді қорландыру көздерінің тапшы болуы жəне 

экономиканың  дамуындағы  белгісіздік  жылдың  соңына  дейін  қаржылық  емес  ұйымдарды 

кредиттеуге  əсер  ететін  негізгі  факторлар  болып  қалуда.  Бұл  кредиттер  бойынша  пайыздық 

мөлшерлемелердің  өсуі  жолымен  кредиттеудің  шектелуіне  əкеп  соғады,  бұл  корпоративтік 

сектор  тарапынан  кредиттік  ресурстарға  деген  қазіргі  сұранысты  толық  көлемде 

қанағаттандыруға мүмкіндік бермейді.  

2015  жылғы 3-тоқсанның  қорытындысы  бойынша  банк  секторындағы  ұлғайған 

тəуекелдер  банктердің  бөлшек  секторды  кредиттеуге  деген  ниетінің  күрт  төмендеуіне  əкеп 

соқты. Нəтижесінде жекелеген банктер кредит саясатын қатаңдатты, ал банктердің негізгі бөлігі 

кредит  саясатының  қолданыстағы  қатаң  өлшемдерін  сақтап  қалды.  Кредит  саясатын 

қатаңдатудың 3-тоқсанның  соңында  болғанын  ескерсек,  қарыз  алушылар  тарапынан 

кредиттерге  деген  сұраныстың  баяулауын  банктер 2015 жылғы 4-тоқсаннның  ортасында  ғана 

күтіп отыр. 

Тұтастай  алғанда  бөлшек  кредиттеуге  қатысты  кредит  саясаты 2015 жылғы 3-тоқсанда 

көптеген  банктерде (70%-дан  астам)  бұрынғы  қатаң  деңгейде  қалды,  бұл  ретте,  кейбір 

банктердің бағалауынша, кредит саясатын қатаңдату көбіне тұтынушылық кредиттеуге əсер етті 

(4-диаграмма).  



284 

 

 



 

Сурет 4. Банктердің кредит саясатының өзгеруі 

 

Кредит  бойынша  төлемдердің  ай  сайынғы  кіріске  ара  қатынасы,  кепілмен  қамтамасыз 



етілген  кредиттерді  өтеу  сияқты  өлшемдерді  қосымша  қатаңдатылды.  Бұл  факторлар 

кредиттерге  қол  жетімділікті  төмендетуге  жəне  банктердің 2015 жылғы 4-тоқсанда  сұраныс 

деңгейінің төмендеуі бойынша банктердің теріс болжамдарына əсер етті (5-диаграмма).  

 

 



 

Сурет 5.  Кредиттерге сұраныс пен ұсыныстың өзгеруі 

 

Банктердің  бағасы  бойынша,  қарыз  алушылардың  төлемге  қабілеттілігінің  нашарлауы, 



ақша  нарығындағы  өтімділіктің  өте  тапшы  болуы,  экономикалық  ахуалдың  белгісіздігі 

банктердің  бөлшек  кредиттеу  бойынша  кредиттік  саясатын  қатаңдатуға  əсер  еткен  негізгі 

факторлар болып табылады. 

Банктердің  бағасы  бойынша,  сыртқы  жəне  ішкі  нарықтардағы  жоғары  шиеленісу 

талаптарында бұрыннан бар қарыз алушылардың қаржылық жағдайының нашарлауы күтілуде, 

тиісінше банктердің жауаптары мынадай түрде бөлінді: 

- респонденттердің 48%-ы қарыз алушылар қаржылық жағдайдың аз ғана нашарлағанын 

байқайды деп есептеуге бейім (22% - алдыңғы тоқсанда); 

- респонденттердің 52%-ы төлемдер бойынша мерзімінің өтуінің ұлғаюын күтеді (32% - 

алдыңғы тоқсанда); 

- респонденттердің 29%-ы қамтамасыз ету сапасының бұдан əрі нашарлауын күтеді (14% 

- алдыңғы тоқсанда); 

- респонденттердің 48%-ы қарыздардың мерзімін ұзартудың өсуін күтеді   (26% - алдыңғы 

тоқсанда); 

-  респонденттердің 39%-ы  дефолт (Default Ratio) коэффициентінің  өсуін  күтеді (22% - 

алдыңғы тоқсанда). 



285 

 

Нашарлауды  күту  көбінесе  мыналарға  байланысты:  а)  қарыз  алушылардың  кірістері 



төмендеуде;  б)  жаңа  қарыздар  беру  қажетті  деңгейде  қарқынды  емес.  Осылайша 4-тоқсанда 

бөлшек сектор бойынша кредиттік портфель сапасының төмендеуі болжануда. 

2015 жылғы 3-тоқсанда тəуекелдердің өсуі байқалды. Теңгемен өтімділіктің тапшылығы 

жəне  несие  портфелінің  сапасы  да  банк  секторы  үшін  өзекті  проблема  болып  қалуда.  Несие 

портфелі сапасының нашарлауы негізінен жеке тұлғалардың портфелі бойынша күтіледі. 

 

 



 

Сурет 6.  Банктердің несие портфелі сапасының өзгеруін күту 

 

Мəселен, 2015 жылғы 4-тоқсанда банктердің 44%-ы несие портфелінің сапасы өзгеріссіз 



қалады, банктердің  38%-ы нашарлауды күтеді деп болжайды, бұл ретте банктердің небəрі 18%-

ы портфель сапасының жақсаруын жоспарлайды (6-диаграмма). 

2015  жылдың  басынан  бастап  банктер  өздерінің  несие  портфельдеріндегі  жұмыс 

істемейтін  қарыздардың  деңгейін  төмендету  бойынша  жұмысты  белсенді  түрде  жүргізді. 

Банктер  ұсынған  ақпаратқа  сəйкес,  проблемалық  берешекті  төмендетудің  барынша  жиі 

қолданылатын құралдары бұдан əрі шағым-талап жұмысын жүргізу мақсатында оны баланстан 

тыс шоттарға есептен шығару рəсімдері, қарыздарды қайта құрылымдауды жүзеге асыру (оның 

ішінде  қарыздар  бойынша  мерзімінің  өтуін  болдыраму  мақсатында  алдын  ала  құрылымдау 

өткізу),  реттеуші  ұсынған  салық  жеңілдіктерінің  шеңберінде  кешіру  рəсімдері  болды.  Бұдан 

басқа,  банктер  проблемалық  берешекті  коллекторлық  агенттіктерге  жəне  проблемалық 

активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдарға (САБҰ) беруге жүгінді. 

 

Əдебиеттер тізімі: 

1Көшенова Б. Ақша, несие, банктер: Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2000. - 153-157 б. 

2.  Сейтқасымов  Г.С.  Ақаша,  несие,  банктер:  Оқу  құралы.  Алматы:  Экономика, 2004. - 

121-124 б. 

3. 


Қазақстан Ұлттық банкінің статитикалық бюллеттень. - 2014. - № 11. 

4.  Қазақстан  Республикасының 

Қаржы  нарығын  жəне  қаржы  ұйымдарын  реттеу  мен 

қадағалау  агенттігінің  ақпараттық  сайты. www.afn.kz., 2015 жылдың 1 желтоқсандағы  банк 

секторының ағымдағы жағдайы. 

5.

 Қазақстан Ұлттық банкінің статитикалық бюллеттень. - 2015. - № 11.



 

 

 



ƏОК   330.47 (338.24) (65.012.4) 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ  



КƏСІПКЕРЛІКТІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ 

 

Бузаубаева П.Н., Толеубаева Р. 



«Болашақ» академиясы» ЖММ, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы 

 

Инновациялық кəсіпкерліктің басты қызметтерінің бірі болып ғылыми-техникалық  жəне 



өндірістік  сфералардың арасын байланыстырушы яғни,  делдалдық қызметті атқаруда. Жалпы 

инновациялық кəсіпорындардың қызметі ол инновациялық өнім жасаумен айналысады немесе 



286 

 

жаңа ғылыми-техникалық шешімдерді коммерциялық қолдануға дейін жеткізуімен байланысты 



ғылыми-техникалық  ұйымдар  жəне  шаруашылық  субъектілерімен  жасалған  шығындардың 

қысқартуына жағдай жасайды [1]. 

Жалпы  экономикасы  дамыған  елдердің  тəжірибесі  бойынша,  өндірістегі  өсудің  80-100 

пайызы  инновацияларды  қолданудың  негізінде  болады.  Сол  үшін  де  қазіргі  таңда 

инновациялық  кəсіпкерлікті  зерттеп,  оның  даму  стратегияларын  жасау  арқылы  еліміздің 

экономикасын тұрақты түрде дамытуға болады.  

Еліміздегі  инновациялық  кəспкерлікт  дамытуға  Президенттің  бес  институционалды 

реформасын  жүзеге  асыру  бойынша 100 нақты  қадам – ұлт  жоспарын  атап  өтуге  болады. 

Аталмыш  қадамның 63 жəне 64 –ші  қадамдарында  инновациялық  жаңашылдықтар 

қарастырылған.  

Жүз нақты қадамның 63-қадамында ғылымды  қажет ететін экономиканың негізі ретінде 

екі  инновациялық  кластерді  дамыту  қарастырылды.  Назарбаев  университетте  «Астана  бизнес 

кампуста»  ғылыми  орталықтары  мен  зертханалар  орналастырылады.  Олар  бірлескен  ғылыми-

зерттеу  жобаларын  жəне  тəжірибелік-конструкторлық  жұмыстарды  жүргізуге,  сондай-ақ, 

оларды  коммерцияландыруға  қызмет  етеді.  Нақты  өндірістік  жобаларды  жүзеге  асыру  үшін 

инновациялық  технологиялар  паркі  жергілікті  жəне  шетелдік  жоғары  технологиялы 

компанияларды  тартатын  болады [2]. Сондай  –ақ, 64-қадамда    өндіріске  инновациялар  енгізу 

жөніндегі  жұмыстарды  қаржыландыру  тетіктері  бар  «Ғылыми  жəне  (немесе)  ғылыми 

техникалық қызмет нəтижелерін коммерцияландыру туралы» Заң əзірленеді. Ғылыми гранттар 

мен 


бағдарламалар 

құрылымдары 

индустриялық-инновациялық 

даму 


мемлекеттік 

бағдарламасының қажеттілігіне орай қайта бағытталады. 

Инновациялық  қызметтің  дамуы  ең  алдымен,  ғылыми – техникалық  ақпараттанумен 

өзара  байланысты,  сондықтан  кез – келген  мекемеде,  оқу  орындарында  ақпараттық – 

технологиялық  орталықтар  жұмыс  істеуі  керек.  Инновациялық  қызмет  негізінде  ғылыми – 

техникалық  прогресс  жатыр.  Ғылым  мен  техника  адам  өмірінің  дамуымен  қатар  жүреді. 

Елімізде осы мəселені өркендету мен дамыту барысында көптеген заңдық–құқықтық актілерге 

қол қойылды, алайда бұл қабылданған құжаттар оны жүзеге асыру жəне орындау талаптарымен 

үндеспей  жатыр,  осы  олқылықтың  орнын  толтыру  шарт.  Ол  үшін  жаңа  кредиттік  технология 

осы саясатты əрі қарай дамыту мақсатында жүзеге асырылуы тиіс. 

Қазіргі  таңда  кез-келген  бір  кəсіпорынның  немесе  фирманың  инновацияға  деген 

көзқарасы  өте  маңызды  болып  табылады.  Сондықтан  да  нарықтық  экономика  жағдайындағы 

бəсекелестік көптеген жағдайда инновациялық қызметтерді талап етеді [3]. 

Ұйымның инновациялық қызмет тиімділігін, рөлін талдауды келесі принциптерді сақтай 

отырып іс-жүзіне асыру керек: 

-  диалектика  (жүйелікпен  келу,  динамикалықпен  келу).  Қажеттілік  жəне  кездейсоқтық 

ашу  принципі,  бірлік  жəне  қарама-қарсылықты  күрес  принципі,  өту  принципі,  жоқты  жоққа 

шығару принципі; 

-  талдау мен жинақтау бірлігі; 

-  ранжирлеу; 

-  баламалы нұсқаулардың сəйкестігін қамтамасыз ету; 

-  оперативтілік; 

-  сандық анықтамалылығы жəне т. б. 

Келесі  кезекте  еліміздегі  инновациялық  жобалар  арқылы  іске  асырылып  жатқан 

жобаларға  талдау  жасауға  болады.  Жалпы 2013 жылғы  көрсеткіштер  бойынша  салыстырып 

қарастыратын  болсақ,  инновациялық  өнімдердің  көлемі 7 есе  өсіп, 599 млрд.теңгені  құрады. 

Сондай –ақ, осы жылы республикалық бюджеттен инновациялық гранттарды қаржыландыруға 

1,3 млрд.теңге бөлінген болатын.  

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-на инноваторлардың тарапынан 186 

өтініштер қабылданып, оның 44 822,8 млн.теңге сомасын құрайтын инновациялық  гранттарды 

иеленді. 

 

 



 

 

 



 

287 

 

 



«Жалпы,  индустрияландыру    арқасында    еліміздің    экономикасын    технологиялық  

жаңғыртуының  жақсы  басталуына  мүмкіндік  берді.  Егер  жалпы қорытындылайтын болсақ, 

алты жылдың ішінде 890 жаңа өндірістік  кəсіпорын  іске  қосылды,  тұрақты  85  мың жұмыс  

орны құрылды. Сонымен,  осы  890  кəсіпорынның  құрылысына  3,8  трлн.теңге  салынды, ал 

олар 5,4 трлн теңгеге өнім берді.  «Салыстырыңдар:  3,8  трлн.теңге  құрылысқа  кетті,  ал  олар  

5,4  трлн  теңгеге өнім берді, мемлекетке 3 трлн. теңгедей салық төледі [4].  

Қазақстан  Республикасы  жəне  Халықаралық  қайта  құру  жəне  даму  банкі    арасында  

«Қарыз  беру  бойынша  Келісімдер  туралы»  (Өнімді  инновацияларды ынталандыру жобасы) 

2015  жылғы 9 маусымда    Астанада    аяқталды.  Келісімге    сəйкес    Халықаралық    қайта    құру  

жəне  даму  банкі  Қазақстан  Республикасына  өнімді  инновацияларды  ынталандыру  жобасын  

қаржыландыруға  88  млн.  доллар    бөлетіндігін», - депутаттарға    ҚР    Ғылым    жəне  білім 

министрі Сəрінжіпов Аслан хабарлады.   Министрдің  сөзі  бойынша,  жобаның  мақсаты  еліміз  

үшін    маңызды,  жоғары    сапалы    зерттемелерді    жəне    технологияларды    коммерциялауды  

ынталандыру    болып    табылады.  Жоба    инновация    үшін    білім    негізін    дамытудан, 

инновациялық бірлестіктен, технологияны коммерциялау циклін  нығайту,  жобаларды  жүзеге  

асыруды  қолдау,  қолданыстағы  институциональдық  құрылымдардың  əлеуетін  ұлғайту  жəне  

ұлттық  инновациялық жүйелерді үйлестіруді күшейтуден тұрады.  «Қарызды өтеу мерзімі – 15 

жыл, 5 жылдық жеңілдік кезеңін қосқанда.  Пайыздық  мөлшерлемедегі  əр  кезеңге  пайыздық  

төлемдері  LIBOR+айнымалы  спредке  тең.Төлемге  жататын  бір  жолғы  комиссия,  қарыз  

сомасының  0,25%  құрайды.  Төлемге  жататын  міндеттеме  комиссиясы,  шешілмеген  қарыз  

қалдығының  0,25%  құрайды» - деп  министр  сөзін  аяқтады [5]. 

Қазіргі  уақытта  Қазақстандық  инновациялық  жүйе  жетілдіріліп,  индустриялық-

инновациялық  қолдаудың  жаңа  құралдарымен  толықтырылуда.  Мысалы, 2012 жылы 

«Индустриялық-инновациялық 

қызметті 

мемлекеттік 

қолдау 

туралы» 


Қазақстан 

Республикасының Заңы қабылданды, онда инновациялық гранттардың 5 жаңа түрін қамтитын 

индустриялық-инновациялық  дамуды  қолдаудың 14 құралы  көзделген.  Сондай-ақ  елді 

технологиялық жоспарлау жүйесінің негізі қаланды, индустриялық-инновациялық саясатты іске 

асырудың тиімділігін талдау тетіктері ұсынылды, инновацияларды қолдау мен ынталандырудың 

жаңа тетіктері көзделді жəне инновацияларды қолдаудың қолданыстағы тетіктері жетілдірілді. 

Венчурлік  қорлар,  салалық  конструкторлық  бюролар  құру  жөніндегі  жұмыс  жалғасуда, 

коммерцияландыру  кеңселері  ашылуда,  өңірлік  технопарктерде  бизнес-инкубациялау 

бағдарламасы жұмыс істейді [6]. 

Сонымен  қатар,  Дүниежүзілік  Банк  рейтингісіне  сəйкес  инновациялылық  көрсеткіші 

бойынша  Қазақстан  қазіргі  уақытта  Марокко (91), Филиппины (90), Кения (89), Мавритания 

Гранттардың атауы  

Өтініштер  

Қолдаулар   Сомасы 

млн.тг. 

Технологияларды коммерцализациялау 104 

19 

171,1 


Жоғары технологиялық өнімдерді 

өндіретін қызметтерге қолдау 

21 4 187,3 

Консалтингтік, жобалау, инжинирингтік 

ұйымдарды тарту  

19 8 37,7 

Басқарушылық жəне өндірушілік 

технологияларды еңгізу  

14 6 47,3 

Технологияларды алу 14 

375,4 


Өндірістік зерттеулер жүргізу  



Шет мемлекеттерде жəне аудандық 

ұйымдардағы паттенттеулер  

5 - 


Инженерлі-техникалық персоналды  шет 

мемлекеттерде біліктіліктерін 

жоғарылату 

2 2 

0,625 


Шет мемлекеттің біліктілігі жоғары 

мамандарын тарту  

2 1 

3,4 


 

Барлығы  

186 

44 


822,8 

288 

 

(95) жəне Ангола (96) сияқты елдермен қатар 92 орында. 



 

Дүниежүзілік  экономикалық  форумның  Бəсекеге  қабілеттілік  туралы 2011 – 2012 

жылдарға  арналған  жаһандық  есебіне  сəйкес  инновациялылықтың  жəне  инновацияларды 

бизнесте пайдаланудың біріктірілген факторы бойынша Қазақстан Бангладеш (113), Монғолия 

(112), Мали (116) сияқты елдердің арасында 114 орынды иеленген.  

 

Əдебиеттер тізімі:  

1. «Қазақстан  жолы – 2050: Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  атты  Қазақстан 

Республикасының  Президенті  Н.Ə.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауы. - 2014 жылғы, 

17 қаңтар. 

2.  Хойч  А.,  Сагидоллаева  С.Е.  Шағын  жəне  орта  кəсіпкерлік  аясында  инновациялық 

қызметті жетілдіру жолдары http://group-global.org. 

3.  Инновациялық кəсіпкерліктің негіздері.  http://bigox.kz. 

4. 2014 жылдың  қаңтар  айындағы  Қазақстан  Республикасындағы  шағын  жəне  орта 

кəсіпкерліктің мониторингі //ҚР-ның Статистика агенттігі сайты www.stat.gov.kz. 

5. «Қазақстан 

Республикасының 2020 жылға 

дейінгі 

инновациялық 

даму 

тұжырымдамасын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Жарлығының 



жобасы туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 шілдедегі № 990 Қаулысы. 

6.  Айтөреева  Ə.  Қазақстандағы  инновациялық  кəсіпкерлікті  қолдау //«Сейфуллин 

оқулары – 9: жоғарғы  білім  жəне  ғылым  дамуындағы  жаңа  бағыт»  атты  Республикалық 

ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2013. – Т.ІІ, - ч.2. – Б.184-185. 

 

 

УДК 334.72 



 

ПРОБЛЕМЫ И ПЕРСПЕКТИВЫ РАЗВИТИЯ СИСТЕМЫ  

КОРПОРАТИВНОГО УПРАВЛЕНИЯ В УКРАИНЕ  

 

Голомб В.В. 

Классический приватный университет, г. Запорожье, Украина 

 

Сегодня  в  Украине  происходит  переосмысление  вопросов,  которые  касаются 

корпоративного  управления  и  формируются  контуры  его  новой  системы,  соответствующие 

современным  реалиям.  Национальный  бизнес  пришел  к  пониманию,  что  система 

корпоративного  управления  является  эффективным  инструментом  его  защиты  и  развития. 

Активация механизмов эффективного корпоративного управления рассматривается как одна из 

основных  задач  экономической  политики  в  системе  стратегических  направлений  социально-

экономического развития Украины [0]. 

Сегодня  корпоративное  управление  преобразовалось  в  стратегическое  управление 

компанией  как  открытой  системой.  Корпоративное  управление,  главным  образом  влияет  на 

инвестиционные процессы и возможность взаимодействия с мировым финансовым рынком, что 

непосредственно  связано  с  экономическим  ростом.  В  то  же  время  практика  корпоративного 

управления  прямо  влияет  на  поток  иностранных  инвестиций  в  экономику.  Поэтому  без 

формирования механизма прогрессивного корпоративного управления, невозможно обеспечить 

эффективные  капиталовложения.  То  есть,  необходимо  отметить  важность  эффективности 

системы корпоративного управления, поскольку она выходит за пределы компании. 

Эффективность  системы  корпоративного  управления – это  интегральный  показатель, 

состоящий  из  взаимодополняющих  критериев,  характеризующих  оптимальность  модели 

корпоративного  управления,  результативность  работы  совета  директоров,  степень 

сформированности корпоративной культуры и уровень инвестиционной привлекательности [0]. 

Эффективность  корпоративного  управления – фактор  важнее,  чем  показатели  текущей 

деятельности  отдельных  компаний,  состояние  внешнеторгового  баланса  государства  или  даже 

наличие диспропорций в его экономике. По данным фирмы McKinsey, при оценке компаний в 

странах  с  переходной  экономикой,  крупные  инвесторы,  как  правило,  отдают  предпочтение 

эффективности  корпоративного  управления  перед  финансово-экономическими  показателями. 


289 

 

Диспропорции  можно  устранить,  если  экономика  привлекательна  для  инвесторов  и  компании 



имеют  средства  для  развития.  При  низком  качестве  корпоративного  управления  инвестиции 

невелики или отсутствуют вовсе, и даже богатые природные ресурсы не способны радикально 

улучшить  ситуацию.  Как  показывает  мировая  практика,  причины  процветания  или  упадка 

кроются в состоянии условий бизнес среды, а не в природных условиях или в технологиях. 

Кроме того, эффективность корпоративного управления зависит от множества факторов, в 

частности, от соблюдения стандартов корпоративного управления. Эффективное корпоративное 

управление является сигналом для инвесторов к покупке акций, осуществления долгосрочных 

инвестиций.  Это  связано  с  тем,  что  корпоративное  управление  снижает  риски  возникновения 

кризисных  ситуаций,  или,  по  крайней  мере,  увеличивает  вероятность  их  успешного  решения, 

обеспечивает «прозрачность» отношений с акционерами и инвесторами. 

Характерными  чертами  эффективной  системы  корпоративного  управления  по 

определению Всемирного банка являются: 

–  прозрачность,  что  включает  раскрытие  финансовой  и  другой  информации  о 

деятельности  компании,  а  также  внутренние  процессы  контроля  и  надзора  за  деятельностью 

менеджмента; 

– защита и обеспечение прав и интересов всех акционеров; 

–  независимость  директоров  в  решении  таких  ключевых  вопросов,  как  определение 

стратегии  компании,  утверждение  бизнес-планов,  назначение  менеджеров,  контроль  над  их 

деятельностью, а также снятия их с должности в случае необходимости. 

Организация  экономического  сотрудничества  и  развития  выделяет  такие  черты 

эффективной  системы  корпоративного  управления,  как  честность – уверенность  инвесторов  в 

защите  своих  средств;  прозрачность – своевременное  раскрытие  компанией  достоверной  и 

полной информации о своем финансовом положении; подотчетность – менеджеры подотчетны 

владельцам компании; ответственность – соблюдение компанией законов и этических норм. 

Поскольку  категории  «честность», «добросовестность», «ответственность»,  будучи 

ключевыми,  не  поддаются  количественному  анализу,  дать  внешнюю  оценку  качества 

корпоративного управления можно по косвенным признакам: наличию кодекса корпоративного 

поведения;  преобладанию  независимых  директоров;  высокой  доле  прибыли,  направляемой  на 

выплату дивидендов; прозрачности информации о деятельности компании [0]. 

Особенностью украинского корпоративного управления является наличие неформальных 

институтов,  которые  действуют  во  внеправовом  поле  и  характеризуются  отторжением  норм 

предпринимательской культуры развитых стран. Недостаточность развития институциональных 

норм  корпоративного  управления  «компенсируется»  механизмами  неформального  влияния. 

Обязательно  необходимо  учитывать,  что  формальные  нормы  устанавливают  структуру  «де-

юре», которая в значительной степени корректируется ситуацией «де-факто». 

Мировой 


экономический 

форум 


рассчитывает 

Глобальный 

индекс 

конкурентоспособности (Global Competitiveness Index), составной  частью  которого  является 



индикаторы корпоративного управления. По уровню развития институтов Украина находится на 

130 месте среди 140 стран, которые исследовались (табл.) [0]. 



Таблица 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет