Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі дәрістік кешен әлеуметтік педагогика



бет18/39
Дата14.10.2023
өлшемі239,7 Kb.
#115097
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39
Байланысты:
Курс лекций по дисциплине Социальная педагогика

Әдістемелік нұсқау: Берілген тапсырмаларды орындау үшін дәріс материалын және төменде көрсетілген әдебиеттерді пайдаланып дайындалыңыз. «Отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін арттыру жолдары» тақырыбында мәнжазба дайындаңыздар.


2.5 Тақырыбы: Тұлға әлеуметтендірілуіндегі мектептің ролі
Жоспар:
1.Тұлғаны әлеуметтендіру процесіндегі мектептің ролі.
2.Мектептің түрлі типтері, мектептен тыс тәрбие мекемелері.
3.Қазіргі жағдайдағы оқу-тәрбие мекемелерінің әлеуметтік функцияларын белсендіру проблемалары.
4.Мектептің тәрбие жүйелері: тәжірибе, дәстүрлер, жаңашылдық, тиімділік критерийлері
Әдістемелік нұсқау: Берілген тапсырмаларды орындау үшін дәріс материалын және төменде көрсетілген әдебиеттерді пайдаланып дайындалыңыз. Тұлға әлеуметтендірілуіндегі мектептің ролі туралы нақты деректерге сүйеніп, өз пікіріңізді білдіріңіз.


3- МОДУЛЬ БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК АУЫТҚУЛАР


1.1 Дәріс
Тақырыбы: Баланың және жас өспірімнің балалық кіші мәдениеті. Балалық субмәдениет
Мәдениет ( латынның «Cultura» - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) –
1) белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығы;
2) адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, т.б.);
3) адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті, т.б.). Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді.
Мәдениет ұғымына ғылыми тұрғыда нақты түсінікті Ю.Л.Ожегов берген. Ол «мәдениет–әлеуметтік құндылықтарды игеру мен дамытудағы адамдардың шығармашылық қызметінің тәсілі мен нәтижесі, ол арқылы қоғам мен жеке адамның біркелкі дамуы қамтамасыз етіледі» дейді. Бұл жағдайда мәдениет өндірістік, саяси және т.б. қызметтің ерекше түрі ретінде қарастырылмайды, олардың кез-келгенінің сапалық көрінісі ретінде қарастырылады. А.К.Уледов өзінің ғылыми еңбектерінде – «Мәдениет қоғамдық өмірдің, адамдардың өмірінің жеке шеңберінің бөлігі ретінде болмайды. Ол қоғамдық өмірдің барлық сферасына оның сапалық сипатына тән» деп жазады.
Мәдениет - халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығы, онда қауым мен жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандары жинақталады. Адамзаттың рухы мен кебеті, оның ерік-бостандығы мен тарихи зейін-есі, философиялық жүйелері мен рәмізтаңбалық өсиеттері, орны толмайтын шығындары мен өмірлік сабақтары, діні мен тілі, діл мен мұраты – осының бәрі мәдениетпен біте қайнасқан.
Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат». Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс. Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, таптардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтік құрылымдардың, жеке адамның тілегіне, талабына сәкес қалыптасты. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды.
Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты. Өміршең мәдениет қоғамдық адамнан ажыратылмайды, адам – мәдениет субъектісі. Оның адамдық сапасы тілді игерудің нәтижесі, қоғамдық өмір сүретін құндылықтарға, әдет-ғұрыпқа ену, осы мәдениетке тән іс-әрекеттің дағдысын бойына сіңіруі.
Мәдениет – адамдықтың өлшемі, ол адамның қоғамдық мән есебінде дамуын сипаттайды. Сондықтан мәдениет адаммен тікелей қатынаста өмір сүреді. Ол қатынастың мәні мынада, адам бұрыннан жасалып келген мәдениетті бойына сіңіреді, қабылдайды, өзінің болашақ қызметінің алғышартына айналдырады. Сөйтіп өз білімін, икемін, қабілетін дамыта отырып, өзінің мәдениетті, адамдық мәнін жасайды.
Мәдениет – қоғамның материалдық және рухани байлығының жиынтығы. Қоғамның материалдық дәрежесі жоғары болған сайын рухани өмір де жоғары болмақ.
Мәдениет – кеңінен қолданылып, күнделікті тұрмыста жиі айтылып жүрген сөз. Адамзаттың ертеден өмір сүріп келе жатқанындай мәдениет те ертеден келеді. Мәдениет – деген сөз өзінің толық мағынасында адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.
Мәдениет дегеніміз – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.
Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар мен ұжымдар. Бүлардың арасында ең түбегейлісі — мәдени әрекет. Әрекеттену — жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді.
Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде ғылым адамның талап-мұқтаждарын, мәдени қажеттіліктерді бөліп қарастырады. Осылардың қатарына біз мынандай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гумандылық және тағы басқалары.
Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйінді ой айтуға болады: мәдениет — адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, оқыл-ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Әл-Фараби айтқандай, адам — «хайуани мадани», яғни, Мәдениетті жан. Адам — табиғат туьндысы және ол үшін табиғи орта мәңгілік қажеттілік болып қалады. Мәдениет адамнан табиғатты бөліп алады деген пікір қанша рет айтылса да, адамның табиғи шығармашылықтың ең жоғары үлгісі екендігіне күмән жоқ. И.Гердердің тілімен айтқанда, адам — табиғаттың бірінші азаттық алған пендесі.
Мәдениеттің қоғамдағы бұл қызмет міндетінің сан алуан қыры бар. Бірден біздің назарымызды өзіне аударатын нәрсе — мәдениет пен білімнің ара қатынасы. «Табиғаттан қулығын асырып жіберуге» (Гегель) бағытталған адамдардың білімі, әрине мәдениеттің негізгі құрамдас бөлігіне жатады. Ертедегі гректің «пайдейя», ислам Өркендеуіндегі «маариф», қазіргі өркениеттегі «интеллигенттілік» ұғымдары мәдениет пен білімділіктің іштей туыстығын, үндестігін білдіреді. Осы сипатта, әсіресе зиялылар (интеллигенция) мәдениетті сақтау және дамыту ісінде үлкен қызмет атқарады. «Бүгінгі күнге лайық адамдық қарым-қатынас орнату — интеллигенцияның басты міндеті... Ал біздің өркениеттілігіміз жаппай компьютерге көшумен сипатталмауы керек, мәдени диалогтың түрін жасап, оны сақтай білу қабілетімізбен көрінуі керек». Яғни білімділік мәдениеттіліктің маңызды алғышарты болғанымен, бұл екі ұғымның арасында елеулі айырмашылық, белгілі алшақтық, кейде тіпті қайшылық бар. Ғылымның бет алды дамуы, шектелмеген техникалық әрекет мәдениетке үлкен нұқсан келтіруі мүмкін. Тек жоғары деңгейде мәдениеті бар өркениет ғылым мен техниканың дамуындағы теріс салдарларды бейтараптандыра алады. Егер біз ғылым арқылы шындықты ашсақ, өнер арқылы әсемдікке ұмтыламыз, ал моральдық таным арқылы-жақсылық пен жамандықты айырамыз.
Адам тұлғасының мәдениеті – бұл оның маңызды, материалдық және рухани құндылықтарды құру мен тұтынудағы шығармашылық қызметінде қолданатын әдісінің жоғарғы даму деңгейі. Адамның негізгі күш-қуаты тек оның қызметінде, ең алдымен еңбек нәтижесінде көрінеді. Тек қана, еңбек іс-әрекеті арқылы адам қоғамға өзгеріс енгізе алады және өзінің күші мен қабілетін іс жүзінде көрсете біледі.
Расында да, тұлғаны қолдан ешкім жасай алмайды, бірақ оған дұрыс бағыт беру, даму, қалыптастыру аймағына енгізу, өз белсенділіктерін туғызу, өзін-өзі тану, өзін-өзі тәрбиелеу іс-әрекеттеріне ықпал ету – ұстаздар алдындағы да, тәрбие жетекшісі алдындағы да жауапты міндет-міндеттер ауқымды, мақсаттар айқын, бірақ он жүзеге асырудың тиімді жолдары қандай деген проблемалы сұрақтар бәрінен де күрделі, бәрінен де ауыр әрі маңызды.
Субмәдениет – (латын сөзі, - мәдениеттің ерекше құрамдас бөлігі) арнайы әлеуметтік-психологиялық белгілерді қамтитын ерекшелік. Ол автономды болып, белгілі бір территорияны мекендеген халықтың өмір салтын, жүріс-тұрыс нормаларын, ақыл-ой ерекшеліктерін, көркем табиғатын, бос уақытын өткізу тәсілдерін, сөйлеу мәнерін, тіл ерекшелігін, диалект, жаргон, т.б. қамтиды.
Субмәдениет иесі ең ірі топтардан, мысалы, жастар тобы, діни секталар, қарттар, кәсібіне қарай ұйымдасып, топтасқан – мұғалімдер, мергендер, балықшы, т.б. болып табылады. Субмәдениетке, сонымен қатар, әлеуметтік хал-жағдайы, экономикалық қамсыздануы, көзқарастары мен ой-пікірлері жақын не ұқсас адамдар бірігіп, топтасады. Кейбір ұйымдардың, не топтардың субмәдениеті жалпы қоғамдағы мәдениеттен алыс емес, айырмашылығы болса да олар бірін-бірі толықтырып, қоғамдық ой-сананы, түсініктерді байытып, тура шешімдер қабылдауға, өмірде тура жол табуына көмектеседі.
Жастар арасындағы субмәдениет көбінесе модаға еліктеуден, мысалы, киім-кешек, сыртқы сипаты мен көрінісі, тыңдайтын музыкасы, билеу мәнері мен сөйлеу мәнері, т.б. көркемдік талғамынан, эстетикалық қызығушылығынан басталады.
Жастардың қызығуы, қажеттіліктері, ұмтылысы, мұраты сан түрлі. Оларды қанағаттандыру үшін субмәдениеттің жақсы және жаман жақтарын зерттеп, біліп, түсініп, көмектесу үшін әлеуметтік педагогтар мен қызметкерлер, педагогтар, тәлімгерлер мен тәрбиешілер, әлеуметтік психологтар бірлесе отырып, жан-жақты, ұтымды жолдарын қарастыру керек. Осындай топтар мен ұйымдардың мүшелерімен не ұжымымен сөйлесу, әңгімелесу, оң жолға салу, тіл табысып жұмыс жүргізу аса маңызды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет