Отбасымен жүргізілетін жүмыс түрлері:
1) Баланың отбасына бару. Сынып жетекшісі отбасына бармас бұрын міндетті түрде мақсат қоюы керек, мысалы: отбасымен танысу.
2) Отбасындағы баланың қарым-қатынасын зерттеу. Отбасы мүшелерінің араларындағы қарым-қатынасты зерттеу, сынып жетекші үшін өте маңызды. Отбасына бармас бұрын бұл жөнінде ескерту керек.
3) Ата-ананы мектепте шақырту. Бұл тек бала тәртіп бұзғанда немесе нашар оқи бастағанда емес, ата-ананы мектепке шақыру бала тәрбиесі жөнінде пікір, тәжірибе алмасу мақсатында болуы қажет. Сондай-ақ ата-аналар түрлі шараларға, тәрбие сағаттарына қатысуы үшін де шақырылады. Мектепте ата-аналарға арнап «ашық» есік күндері өткізіледі.
4) Ата-аналар жиналсы. Ата-аналар жиналысында тәртіп пен үлгерім туралы айту жеткіліксіз. Ата-аналар жиналысы белгілі бір тақырыппен пікір алмасу, тәжірибе алмасу тұрғысында болуы керек.
5) Педагогикалык білімдер университеті – бұл ата-аналарға педагогикалык, психологиялык білім берудің формасы. Ол ата-аналардын педагогикалық мәдениет негіздерімен, жас ерекшеліктеріне байланысты тәрбие мәселелерімен танысуға, мектеп, қоғамдық орындармен байланыс орнатуға, тәрбие жұмысында бірлесе әрекет етуге үйретеді. Универсетет бағдарламасын педагог құрастырады. Университеттегі сабақты ұйымдастыру формасы әртүрлі, баяндама, әңгіме, конференция, т.б.
* Баяндама - тәрбиенің кейбір мәселелерінің негізін анықтауға арналған педагогикалық, технологиялық, білім беру формасы. Жақсы баяндамашы - ата-аналардың қызығушылықтарын, мәселелерін білетін мұғалім, тәрбиешінің өзі. Баяндамадағы басты нәрсе - тәрбие құбылыстарына, жағдаяттарға ғылыми талдау;
* Ашық сабақтар. Ата-аналарды пәннің жаңа бағдарламаларымен, мұғалім талабымен таныстыру үшін ұйымдастырылады. Ашық сабақтар көбіне бастауыш мектептерде өткізіледі. Ата-аналарға тоқсанына 1-2 рет ашық сабақтарға қатысуға мүмкіндік беру керек. Бұл қазіргі мектептердегі оқу іс-әрекетінің барлық ерекшелігі мен күрделілігін түсінуге мүмкіндік береді. Көптеген мектептерде ата-аналар сыныптан тыс жұмыстарға жиі қонақ болады. Бұл спорттық шаралар “Әкем, шешем және мен”, “8 наурыз -халықаралық әйелдер күніне арналған көгілдір от”, т.б. Мұндай шаралар ата-аналарға, өз балаларын жақынырақ білуге көмектеседі;
* Педагогикалық пікірталас. Педагогикалық мәдениетті көтерудің ең қызықты формасы. Пікірталастың маңызды ерекшелігі, қойылған мәселені талқылауға, барлығының қатысуына мүмкіндік береді. Пікірталастың табыстылығы оның әзірлік деңгейіне байланысты. Сондықтан тақырып, әдебиеттер бір ай бұрын берілуі керек. Пікірталастың маңызды бөлімі – талқы. Пікірталастың негізгі принципі, кез келген пікірталасқа қатысушының көзқарасын сыйлау. Пікірталас тақырыбы мектеп, отбасы тәрбиесіне байланысты болады. Мысалы: “Мамандық таңдауға кім жауапты?”, “Жеке мектеп болуы дұрыс па?”, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |