24.Бiркелкiлiк пен бiрiздiлiк - тəрбиедегi маңызды принциптер.
25.Балалардың ересектермен қатынасында теңдiк болмайды, бұлар арасындағы қатынас
тəуелдiлiк пен бағыныштылыққа негiзделген. Мұндай теңсiздiк арадағы көңiл жақындығы не
алшақтығымен өлшенедi. Балаларға қойылатын шектеулер осы қатынасқа тəуелдi. Бала-
ларыңызбен қатынастың қандай да қаншалықты болары - өз шешiмiңiзге орайлас.
26.Басқалар көзiнше берiлген ескертудi бала əрдайым жазғыру, кiнə қою ретiнде
қабылдайтыны белгiлi. Балалар-мен тiлдесудi мұны ешқандай ұмытуға болмайды.
27.Талаптар əрқашан əдiл де анық қойылып, нақты орындалуы тиiс. өз педагогикалық
талаптырыңызды орынсыз, қажетсiз түсiндiрме, құрғақ сөздi, екi ұшты насихаттармен
күрделендiрмеңiз.
28.Тiл алмайтын балаларды күтiлмеген, ''тосын жағдайға''салып тəрбиелеңiз.
29.Балаға болған қадағалау неғұрлым жақын болса, оның арқасында орындалатын
бағындыру қызметi тиiмiдiлеу келедi. өз қалауыңызға орайластыра қадағалау дəрежесiн белгiлеп
алыңыз.
30.Өзiңiз таңдаған тəрбие ықпалы нəтиже бермей жатса, əрекетiңiздiң бағдарын шұғыл өзгерткенiңiз жөн.
31.Балалар саналы парасаттылықтан гөрi тұрақтылықты сезiнгiш. өте дұрыс, бiрақ ''бiр мезеттiк'' ықпалға қарағанда, оншама ойланылмаған, бiрақ ұзаққа созылған əсер пайдалылау келедi.
32.Тар шеңбердегi адамдарменболған қатынас өзара, қызығушылықты кемiтедi. Егер мұндай байланысты кемiте алмайтыныңызға көзiңiз жетсе, ата-аналар назарын, мiндетiн өзiңiзге аударудың жолын қарастырыңыз. Сонда əке мен шеше мiндетi қандай да уақытқа ауысып -балалар сiзден тартынатын болады.
33.Əр адамның өз келеңсiз тəжiрибесiнiң күшi əсерлiлеу келедi, яғни ''балық басын
жарға ұрмай қайт-пайды''. Сөзбен қайталай үйрете бергенше, кейде балаға ыстық үтiкке қолын басып күйдiруге, мұрнын қанатуға, тiзесiн жарақаттап алуға ''рұқсат'' бергеннiң кемiстiгi болмайды. Айтылғандардың бəрi - отбасылық тəрбиеде қажет болар тəуелдiлiктердiң шет-шеңберi ғана. өз тəжiрибе, қорытуларыңызбен бұларды толықтырып бару ата-аналар мен педагогтар тəрбиесiнiң ықпалын көтерудiң мiндеттерi де қажеттi шарттары.
Баланың алғашқы тәрбие алатын орны - отбасы. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады. Тәрбие жұмысы нәтижелі болуы үшін сынып жетекшісі отбасымен, яғни ата-анамен бірлесе отырып жұмыс жүргізу қажет. Отбасымен жұмыс жүргізбес бұрын оның жалпы тәрбиелік деңгейін анықтап, отбасына педагогикалық -психологиялық зерттеу жүргізіп, мынандай 5 топқа бөлген жөн.
1) Отбасында адамгершілік қарым-қатынас деңгейі жоғары. Жағымды моральдық ахуал қалыптасқан, балаларға өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасалған.
2) Отбасында жағымды қарым-қатынас қалыптасқан, бірақ бала тәрбиесінде қателіктер жібереді, балаға шексіз қамқорлық нәтижесінде өзімшілдік қасиеттер қалыптасқан, олар мұғалімнің үнемі өзіне ғана зейін аударуын талап етеді.
3) Қарама-қайшылықты отбасылар. Мұндай жағдайда ата-аналар балаларымен ісі болмайды, себебі өздерінің бір-бірімен қарым-қатынасын шеше алмайды. Бұл жерде дұрыс тәрбие туралы сөз де болуы мүмкін емес. Отбасындағы жағдайды өзгерту үшін белсенді педагогикалық ықпал ету қажет.
4) «Сырттай дұрыс» отбасы, бірақ нағыз адамгершілік бағалықтар, үлкен-кіші арасында сыйластық сезімдері жоқ. Мұндай отбасымен жұмыс жүргізу өте қиын.
5) «Қиын» отбасылар, оларға дөрекілік, ұрыс-керіс тән. Балаларды қорғау үшін педагогтардың мұндай отбасыларына қоғам зейінін аударуына тура келеді.
Отбасын зерттеу бір жағынан дәстүрлі, бір жағынан өте күрделі, себебі құрамы әртүрлі. Отбасымен жұмыс жүргізуде бір әдісті қолдануға болмайды. Отбасы мүшелерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Тек ғана жасы емес, жеке психологиялық ерекшеліктері, білімі, т.б. Сынып жетекші отбасын зерттеу жұмысын педагогикалық бағытта жүргізе білмесе, бүкіл жұмысқа нұқсан келеді. Сынып жетекші ата-аналарды өзіне көмекші, кеңесшіге айналдыруы, яғни ынтымақтаса жұмыс жүргізуі қажет. Отбасының бала тәрбиесімен айналысу деңгейіне қарай оларды мынадай үш топқа да бөлуге болады.
1 топ – бала тәрбиесін білетін және онымен айналысатын ата-аналар. Сынып жетекшісі өз жұмысында бұл ата-аналарды өзіне сүйініш етуі керек.
2 топ – бала тәрбиесімен айналысқысы келетін, бірақ дұрыс тәрбие беруге педагогикалық білімі жетпейтін ата-аналар. Сынып жетекшісі оларға ақыл-кеңес беріп, педагогикалық насихат жүргізіп отыруы керек.
3 топ – бала тәрбиесімен мүлде айналыспайтын, айналысқысы да келмейтін ата-аналар. Бұлардың саны аз, олардың балалары мектептегі «қиын» балалардың санын құрайды.