А. С. Үсенбаева
Астана қ.
АБАЙДЫҢ «ОНЕГИН ОБРАЗЫ» ТУРАЛЫ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Абайдың эпистолярлық роман сюжет ағысы характердегі зор әлеуметтік-қоғамдық
сипатты мазмұнға, ондағы автор ойына қарай бет бұрған. Адам мен адам қатынасы, яғни
сюжет, Пушкин өзінің романында Онегинді тірі қалдырса, Абай романында трагедиямен
аяқталады. Бұл ретте Абай қазақ жігіттерінің намысын биік қойғандығын көрсетеді.
Себебі, ер жігіттің табиғаты «морт» сынғыш келеді. Ал әйелдің соқпа дерттен сына
қоймайтыны табиғатынан белгілі. Уақыт теперішінен жапа шеккен кейіпкердің сюжеттік
жолы тартысқа толы. Сюжет кейіпкерді жегідей жейтін философиясынан трагедиялық
тығырыққа тіреледі:
Абай: Ішім өлген, құр денем сау,
Босқа үрейім жүр менің.
Жарамайды бекер алдау,
Теңің емес мен сенің.
Пушкин: Но я не создан для блаженства;
Ему чужда душа моя;
Напрасны ваши совершенства:
Их вовсе недостоин я.
Онегин – өз ғашығынан бас тартады? Не үшін мен сенің теңің емеспін дейді? Ішім
өлген, құр денем сау деген сөздерді қалай түсінеміз? Ол үшін дат философы Серен
Кьеркегорға жүгінсек: "Культнаслаждения ведет человека к разочарованию,
нравственному переутомлению и отчаянию; спасти от всего этого может только выбор
противоположного серьезного и строгого отношения к жизни, благодаря которому она
и получает высший смысл, не только не лишающий ее красоты, но, наоборот,
придающий ей действитеьную внутреннюю красоту". Ия, шырылдауық шегіртке секілді
ала жаздай ән сап, би билеп жастық жалынның соңында кеткен Онегин өзінің қателігін
ішкі дүниесі өлгенше түсінбей жүре бергені несі? Келесі жолдарға назар аударсақ:
Пенде көрген бар қызықтың,
Бәрін ішкен сұм жүрек.
Айныған соң, сен жолықтың,
Айтып-айтпай не керек?!
Ойлап қарасам, Абай мен Онегин малдың, әйелдің, мансаптың, баланың да, биліктің,
байлықтың да т. б. дүниедегі түрлі қызықтардың бәрін ішкен Абай мен Онегиннің жүрегі
неліктен сұм? Екеуі де пенде көрген, қарапайым адамдар ұмтылатын мақсаттар оларға
мақсат болмаған. Көп адам қазір бай болсам, үйім болса, қызмет істесем, әйелім болса
деген секілді пенделік қызықтарға жету үшін көп еңбек сіңіреді. Ал Абайда жастайынан
бәрі болған, жалпы Онегинде де. Сондықтан Абай шығармашылыққа ерте келген деп
ойлаймын. Қарапайым кедей отбасында туылса, Абай да мүмкін бірнеше жылын пенде
көрер қызыққа арнауы мүмкін бе еді... кім білсін?
Бала сүйер жар сүйерден,
Түк неме жоқ, тұр денем.
Сен – тоты құс бақта жүрген,
Қай жерімнен пар келем.
Пушкиннің Онегині қанша көз-жасыңды көрсетсең де, «жүрегім селк етпейді! Өзіңе
лайықсыз күйеу неге керек? Ертең шығарын шығып алып, өкініп отырғаныңды
қаламаймын. Көңіліңді алдырамын, мен сондай адаммын дейді. Бірақ, осы орайда Серен
Кьеркегорға қайта оралсақ: «Егер менде сенім болса мен ешқашан Регина Ольсенді тастап
кетпес едім» деген екен. Осы жерде «сенім» деген ұғымға тоқталайықшы.
Басы қатты, сұм жұрегін
Тоқтата алмай кетті де.
Сорға біткен көкірегін
Сендіре алмай өтті де.
322
Онегин – өзінің жаман адам екеніне нық сенімді. Ал кімде-кім бір нәрсеге нық
сенімді болған жағдайда, ол адамның іс-әрекеттерінен сол сенімнің нәтижесі көрініп
тұрмай ма? Шәкәрім атамыздың «Тәңірін іздеп бір мың құл» деген өлеңі бар. Соны оқи
отырып мен мынандай қорытындыға келдім: Бір мың құлдың ешқашан күмән
келтірмейтін, айнымайтын, СЕНІМІН іздеп сергелдеңге түсіп, сол сенімді табу
жолындағы қиындығы
туралы ой қозғалады.
Бүгін шын бар, ертең шын
Керегі жоқ бұлардың,
Айнымайтын шын керек,-
деп Шәкәрім атамыздың шырылдап шындық іздеуі айнымайтын сенім іздеуі ғой...
Ерге барған ер танымай,
Ер қызығын кім көрер.
Шығарына жол таба алмай,
Қайғыменен босқа өлер.
Бұл жолдардың мәнін алай түсінеміз? Лермонтов
өлеңдерінде «теплая вера», яғни жылы сенім деген
ұғым бар. Еріңді толық танымай, біліп алмай
«жақсы жігіт шығар деген үміттемін» деп бас жоқ
көз жоқ ерге баруың, сол «жылы сенімің». Ондай
болған жағыдайда, ерің көңіліңнен шықпаса,
еріңнің қызығын қайдан көресің? Абайдың айтпағы
да осы ғой деп ойлаймын.
Абай:
Айнығыш ер тартса салқын,
Бал сұрасаң, береді у.
Қазымырлап сөздің артын...
Қасиеттен бетті жу.
Бүгін сүйсем, сені алсам – ертең
шалқып,
Суып қайтар көңілім желше
шалқып.
Қуартып, қайғыменен
суалтамын,
Біреудің қызыл гүлін тұрған
балқып.
Дүниенің бар қызығының бәрін ішкен Онегин ең
соңында тұрлаусыз адамға айналады. Бәрінен
айниды. Өз өмірінде нәпсінің шексіз салтанат
құруына жол берген Онегин, енді жерімегенде,
өмірден, қатын-қалаштан, байлық пен мансаптан,
айнымағанда енді басқа амалы бар ма? Дүниедегі
ең қасиетті зат «адамның көңілін» қалай болса
солай қалдырып, қайғымен суалтып, қуартып
жүрген адам әрине бал сұрасаң, орнына у береді.
Мен – сынық жан, жамағанмен
Түзеле алман, түрленіп.
Теңің емес, біл, саған мен,
Не қыласың кірленіп?!
«Ер адамның табиғаты – морт : сынбасын, сынса
оңалуы қиын деген астарды оқимыз Абай өлеңінен.
Тек ар мен ұят сынбасын, қалған қылық іс-
әрекеттердің бәрі орынды, бәрі сыйымды дейді
хакім» [31, 28] . Орыстарда «Береги честь с молоду»
деген өте жақсы сөз бар. Жастайынан ес білгелі
адам өз ар-ұятын қорғау керек.
323
Әйел өлмес соқпа дерттен,
Сауыға алмас сынған ер.
Мен – көмірмін қалған өрттен,
Енді рұқсат бізге бер.
Әйелдің қырық жаны бар.
Қатын қалса бай табар.
Бала қалса мал табар.
Шыбындаған шыбын жан
Қайда барып жай табар?! – деген өлең жолдар әйел
қандай қиындық болса да шыдамды, төзімді келетін
табиғатымен ер адамнан ерекше. Соқпа дерттен
әйелдің өлмейтіні осыдан. Ішкі рухани дүниесі
сынып кеткен ер адамның оңалуы қиын іс. Сауыға
алмайтыны да сондықтан.
Бар денемнің бәрі – бір мұз,
Қайрылуға жарамас.
Мына дәулет, мына асыл қыз,
Болды маған арам ас.
«Без голода и без холода нет прогрессий» деген
орыстың сөзі бар. Адам қиыншылықтарды көру
керек. Қуанышпен қатар қайғы-қасіретті де, көз
жасты да көру керек. Және жеңе білу керек.
Бақшада қаптаған арам шөп секілді емес, адамдарға
пайдалы тауар болу керек. Қазіргі заманда әке-
шешесінің үлде мен бүлдеге қапталған жастары өте
көп.Олар ештеңеге тырыспайды. Мақсат жоқ.Ақша
бар.Дүниедегі бар қызықтың бәрін көріп жалғанды
жалпағынан басып жүр.
ІШКІ ҚЫЗЫҚ СЫРТҚЫ ҚЫЗЫҚ
болып бөлінеді. Адамдардың көбісі сыртқы қызықты көріп алып, жалпы өмір қызығын
көріп біттім деп ойлайды. Сыртқы қызықты қуып кетсең, сыртқы қызық арам ас болады
соңында. Онегинге – дәулет пен асыл қыз арам ас болды.
Болса да сән-салтанат, қызық, әсем,
Тез жалығып айнимын, тұрлауым кем.
Сақтасар, ардақтасар кісі болсам,
Жалғанда сенен басқа жанды алмас ем.
«Онегин сөзі» өлеңінен үзінді.Онегин
неліктен тұрлаусыз жанға айналды? Қарап
отырсақ, Абайда да сән-салтанат, қызық,
әсем көп болды. Онегинде де. Бірақ, Онегин
нәпсісін тыя алмады. Бас көзімен, көңіл
көзімен ештеңені ойлай алмады дер кезінде.
Мәшһүр- Жүсіптің «Нәпсі де рухсыз
жандарды» деген өлең жолдары бар. Ер
адам дегеніміз – рух. Рух – ешқашан
айнымайды. Ал рухынан айрылған жан,
ЖАН емес ол – ТӘН. НӘПСІ. Халықта «ол
өте жақсы жан еді» деп айтып жатады.
Сонда айтып жатқаны адамның жаны ғой.
Тәнін айтып тұрған жоқ қой. Міне, жанды
таза ұстаудың маңызы осында. Ал жанды
таза ұстау үшін ең алдымен тәнді таза ұстау
керек. Хайуани жаныңды жеңе білген жөн.
Абайдың Татьянасы:
Ақылы бар, ықтиярлы,
Пенде теппес өз жарын.
Онегинге Татьяна осылай тіл қатады.
Онегин суық ақылмен ойлап тұр. Ақылын
ҚЫЗЫҚ
324
Ерік иеде, пенде зарлы,
Не білер не боларын?
жүрегімен байланыстыра алмады. Қыз
көңілін ұсынып тұрса, ақыл айтқаны несі?!
Абайдың
Онегинді
сомдаудағы
ашылмай
қалған
қырларын
ашуға
тырыстық.Абайдың пікірінше, адамзат керуені даму бағытын дұрыс ұстанбай отыр.
Қарын қамына беріліп, рухани жұтаңдыққа ұшырауда. Бүкіл дүние қауіпті дағдарыста.
Қай тарапқа қаңғырарын білмейтін Онегин бейнесінің астарында, міне, осы әлемдік бәлелі
құбылыс жатыр. Романның эпосқа тән кең құлаштылығы, нақтылы өмірмен байланысы
осындай болғанда, жеке адам характерін жасау жағынан қалай көрінеді? Міне, бұл рөлді
адамның ішкі жан дүниесінің шетсіз-шексіз құбылыстарына тіл бітірген Абайдың
«Евгений Онегин» романы Пушкин романынан артық болмаса кем емес.
Әдебиеттер
1. Абай журналы, Абай даналығы. Дәуір баспасы, 4/2006.
2.Абай тілі сөздігі. − Алматы: Жазушы, 1988.
3. Нұрқатов А. Абайдың ақындық дәстүрі. Алматы: Искандер,2010.
4.Эткинд Е. Поэзия и перевод. − Москва: Издательство, 1953.
Л. Н. Дәуренбекова
Астана қ.
ӘДЕБИ АУДАРМАНЫҢ ТҮПНҰСҚА МӘТІНІНЕ
СӘЙКЕСТІГІН АНЫҚТАУ ЖОЛДАРЫ
Соңғы жылдары еліміздегі аударманы оқыту теориясы тәжірибеге байланысты жан-
жақты даму үстінде. Аудармашыларды оқыту әдістемесінің де әдеби бағыты кең құлаш
жайып келеді. Аударма тек тілдік тұрғыдан ғана емес, әдеби тұрғыдан да сарапталынып,
түрлі деңгейлер әдісі кешенді түрде қолданылуда. Әдеби аудармаларды талдау, бағалау
жұмысына сәйкестіктің де теориясын кеңінен қолданғанымыз дұрыс.
Көркем аудармадағы коммуникативтік мақсат – ол автор концепті. Аударманы
бағалау кезінде де біз осы мақсаттың қай дәрежеде орындалғанын сипаттауымыз қажет.
Сондықтан да мәтіндегі автор концептін ерекше айқындайтын негізгі бөлшектерін атасақ,
оларды салыстыру жұмысы арқылы сәйкестіктің қандай деңгейде жасалғанын айта
аламыз. Қос мәтіннің өзара сәйкестігі әр түрлі деңгейде болуы мүмкін. Салыстыру
салғастыру жұмысының нәтижесінде студенттер алдымен аудармадағы заңды сәйкестік
теориясы бойынша сегменттердегі мақсат, эмотивтік функция, ситуация, ситуацияны
бейнелеу тәсілі, синтаксистік құрылым, семалық ұғымдар, образдар т.б. түпнұсқадағы
негізгі белгілердің аудармада сақталуына талдау жүргізу арқылы аудармада қолданылған
тәсілдерді айқындап, аударманың мағыналық және коммуникативтік жақтарын,
аударманың коммуникативтік моделінің концептуалдық және терминологиялық аппараты,
аударма ісі тактикасы мен стратегиясының негіздерін анықтайды.
Көркем аударманың негізгі мақсаты – мәтіндегі ақпаратты образды түрде көркем
жеткізу. Аударманың түпнұсқамен тепе-тең дәрежеде сәйкестікке жетпеуі, көркемдік
дәрежесінің төмендігі, ең алдымен тұпнұсқа тілін, сөз мағынасын түсінбеуден туады.
Сондай-ақ, тәжірибелі және мәтінді терең түсінген аудармашының өзі авторды қабылдай
алмай қиналуы мүмкін. Сондай кезде қаншалықты тырысқанымен аудармашы автор
стилінің терең иірімдерін таба алмай, түпнұсқаға сай үйлесімділік тудыра алмайды.
Оқырман үшін аударма түпнұсқаның жазылған кезеңінен хабар беріп отыруы керек.
Себебі, көркем аудармадағы ақпараттарды қабылдау арқылы мәтінмен жеке байланысқа
325
түседі. Яғни, қабылданған мәлімет рецепторға терең ықпал етеді. Оқырман мен мәтін
арасында коммуникативті әсер пайда болып, прагматикалық байланыс орнату үшін,
аудармашы алдымен өзіне фондық ақпаратты қалыптастыру керек. Академик В.С.
Виноградов: «фондық ақпаратты қалыптастыру дегеніміз – қажетті жағдайда белгілі бір
ұлтты, мемлекетті жан-жақты танып білу» [1, 25 - б.], – деген анықтама береді. Яғни
ақпараттық фон – белгілі бір ұлтқа ғана тән ерекшеліктерді қамтиды. Аудармашы
аударатын тілінің ұлттық дәстүрін, мәдениетін, тұрмыс-салтын, рухани құндылықтарынан
жан-жақты мағлұмат ала отырып, сол ұлт жөнінде өзіне жеткілікті ақпарат жинауы тиіс.
Аудармашының аударатын мәтін жөнінде фондық ақпараты мол болса, аударатын мәтінін
де терең түсініп, түпнұсқаға сәйкес аударма жасай алады.
Аудармашы түпнұсқа мазмұнын түсінумен қатар, ондағы лингвистикалық және
ситуативті мәтіннің мазмұнын түсініп, нақты тұжырым жасауы керек. Жалпы, түсіну
ұғымы көркем шығарманың композициялық құрылымымен толық танысуды мақсат етеді.
Түпнұсқатілі мен аударма тілінің семантикалық құрылымының көркемдік,
мағыналық, эстетикалық сипаттарын дәл сәйкестіру сөз, буын, сөйлем құрудан басталады.
Кейбір сөздерді аудару кезінде аудармашы түпнұсқадағы тілдік бірліктерге қайта-қайта
орала отырып, сөздіктегі сөздің түпнұсқада берілген сөздің мағынасын аша ала ма, жоқ па,
соны анықтайды. Аудармада орнын таппай, олақ қолданылған сөзкөркемдік, танымдық,
тағылымдық, эстетикалық әсері мен эмоциялық реңкінен айырылады. Яғни, түпнұсқадағы
белгілі бір сөзді тәржімалағанда оны мен ұғымдас, мәндес келетін бар сөздерді саралап,
көркемдік логикаға сүйене отырып, солардың ішінен нақ сол қалыпқа, көрініске
жазушының бейнелеп отырған өмір көрінісін дәл беру үшін аудармашы: күрделі балама,
жәйбалама, макробалама, гипербала маларды дәлтауып, сөйлем құрылысына қарай
сәйкескестендіру керек.
Аударылған көркем шығармаларды талдау барысында, аудармашылардың аударып
отырған мәтінін оқырманның қабылдау, түсіну ерекшеліктеріне сәйкестендіру үшін,
аударма теориясындағы түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Атап айтқанда, лексикалық-
семантикалық трансформациялар:
- жіктеу (дифференциация) – бір сөзді бірнеше сөз арқылы көпқырлылығын көрсету.
- Нақтылау (конкретизация) – аудару барысында сөздің толық және тура мағынасын
беретін сөзді табу (анықтау).
- Ұлғайту (генерализация) – қысқамағыналысөздердіңмағынасын (жалпылау)
ұлғайтыпкөрсету.
- Мағыналық даму (смысловое развитие) – түпнұсқадағы немесе аударма тіліндегі
сөзді немесе сөз тіркесін аударғанда бірліктерге айналдыру. т.б.
Жалпы, түпнұсқа мен аударма мәтін арасындағы сәйкестік түрлерін жинақтап
көрсетсек:
–аударма мәтін мағыналық-құрылымдық жағынан түпнұсқаға сәйкес болуы;
– түпнұсқадағы мағынаны дәл беру үшін, әрбір сөздің, сөз тіркесінің аналогтарын
дұрыс тауып, бірі-бірімен сәйкес қиыстыру керек;
– аударма мәтінде түпнұсқа тіліне сай бейнелеу тәсілдерін қолдану.
– диалогтарды аударудағы сәйкестікке назар аудару қажет.
– аударма барысында түпнұсқа тіліне тән ұлттық ерекшеліктерді білдіретін реалий
сөздерге түсініктеме беріп отыру.
– тек бір мағынасы бар сөздерді, сөз тіркестерін аударғанда лексикалық сәйкестіктер
орнайды. Оған: терминдер, атауыш сөздер, географиялық атаулар т.б. ұйымдардың
атаулары жатады. Оларды түпнұсқаға сәйкес беру үшін, транскрипция (сөздердің
дыбысталуын), транслитерация (графикалық формасын), калькалау әдістері
пайдаланылады.
–
түпнұсқадағы мақал-мәтел, фразеологизмдердің аударылатын тілден
семантикалық сәйкестіктерін табу.
326
– түпнұсқада қайталанып берілетін кейбір ой қайталаулар аударма барысында
қысқартылғанымен мағыналық сәйкестік сақталыну керек.
–
аудармашы аударма барысында шығармашылық еркіндікті қолданғанымен, негізгі
ойдың желісінен ауытқып кетпеуі керек.
Көркем туындыны аударған кезде күрделі сұрақтар туындайды, олардың тамырына
үңіліп, түпнұсқаның рухын сезіне отырып, өз көңілін қалағандай аударған дұрыс.
Аудармада шығармашылық еркіндіктің түпнұсқаның шеңберінен шықпай, автордың бар
стилін сақтай отырып, аударманы оқуға жеңіл және тартымды етіп шығаруды, сондай-ақ,
түпнұсқаның ықпалына түсіп кетпей, оның барлық бояуын, ырғағын, ой астарын ана
тілінің заңды жүйесінде жеткізе білу керек
Мәтіндерді талдаудың әдеби стилистикалық әдіс-амалдары, түпнұсқа мен аударма
мәтін арасындағы коммуникативтік, функционалдық қарым-қатынастарын айқындау,
сәйкестік мәселелерін саралайды.
Орыс аударматануындағы қалыптасқан эквивалент деңгейлері арқылы да,
аударманың түпнұсқаға қаншалықты сәйкес аударылғандығын анықтап беруге мүмкіндік
туғызады. Негізінен олар, түпнұсқадағы мазмұнның, семантикалық-стилистикалық,
функционалдық ақпараттың дәл, сәйкес берілуін эквиваленттік деп атаған. Мәселен, В.
Комиссаров эквиваленттіліктің бес типін анықтайды:
1) Коммуникация мақсаты;
2) Жағдайды бейнелеу дәрежесі;
3) Жағдайды бейнелеу тәсілі;
4)Мәтіннің баяндау құрылымы;
5)Лексикалық-семантикалық бөлшектерінің түпнұсқамен бірдейлік дәрежесі.
Құрылымдық деңгейлік зерттеу әдісін де В. Комиссаров аудармалар арасындағы
сәйкестік қатынастарын айқындауға қолданады. Аударма мәтін мағыналық-құрылымдық
жағынан түпнұсқаға сәйкес болуы;
Бір-бірімен байланысқан осы белгілер арқылы аударма мәтінге баға беруге болады.
Ең бастысы мәтінді талдау үшін түпнұсқаның коммуникативті функционалды белгілері
назарда болады. Түпнұсқаның функционалдық белгілеріне: мәтіннің жанрлық, стильдік
ерекшеліктері, идеясы, мазмұны, тарихи дамудың қай кезеңде жазылғандығы, автордың
стильдік
даралығы
және
түпнұсқаның
лексикалық-грамматикалық
құрылымы
қарастырылуы тиіс.
В. Швейцер ұсынған эквиваленттіліктің деңгейіне назар аударайық:
1)прагматикалық деңгей;
2)семантикалық деңгей;
3)синтаксистік деңгей;
4)құрылымдық деңгей.
Аударма теоретигі В. ГарбовскийШвейцердің ұсынған эквиваленттіктің типтерін [2,
42-б.], В. Комиссаровтың ұсынған бес түрлі деңгейлерімен [3, 65-б.], салыстыра
отырып, коммуникация мақсатының деңгейі прагматикалыққа (мәтінді қалай жеткізу
керек), жағдайды сипаттау деңгейі – семантикалыққа (не туралы айту керек), мәтіннің
құрылымдық деңгейі – синтаксистік деңгейге (сөйлемдердің элементтерін қалай
орналастыру керек) сәйкес келетіндігіне назар аудартады.
Аудармашы қызметінің құрылымынан аудармашының қай деңгейде нақты шешім
қабылдайтыны анық көрсетілген. Айта кететін жайт, аудармашының осы деңгейлердің қай
қайсысында болсын қабылдаған шешімі келесі деңгейлердегі шешім қабылдауларға да
(тілдік тұрғыдан, стильдік тұрғыдан және т.б.) түрткі немесе негіз болатынын көруге
болады. Бұдан аталған құрылымның деңгейлерінің өзара тығыз байланыста екеніне көз
жеткізуге болады.
Түпнұсқа мәтініндегі әрбір сөздің функционалдық, коммуникативтік, мазмұндық
жағынан баламалары табылып, бір-біріне сәйкес қиыстырылған аударма, бара-бар
аударма дәрежесіне жетеді. Демек, адекватты аударма аударылып отырған тілдің
327
мазмұнымен қатар, құрылымдық, стильдік, лексикалық және грамматикалық
ерекшеліктеріне сәйкес неғұрлым дәл, эстетикалық және функционалдық жағынан
түпнұсқаға тепе-тең саналатын поэтикалық мәтін.
Сонымен, аудармашы міндеті аудару барысында түпнұсқаның жазылған кезеңін,
қабылдаушы оқырман деңгейін, екі елдің тілдік психологиялық, категорияларын ескере
отырып, ең бастысы мағыналары бір-бірімен сәйкес келетін туынды жасау.
Техника, құжат, заң, экономикалық т.б. мәтіндерді аударуда арнайы тілдік
заңдылықтар сәйкестіктері талап етілсе, көркем аударма мәтіні мұндай заңдылықтарға
бағына бермейді. Филологияда түпнұсқа мен аударма мәтінді салыстыра қарастыру
барысында олардың арасындағы сәйкестік деңгейлерін дәйекті бағалау үшін лингвистика
мен әдебиеттанудың көмегіне сүйену зерттеудің сапасын арттыра түсетінін естен
шығармау керек.
Лингвистика сөйлемдегі интонациялық бағыттардың сәйкестігіне мән берсе, әдеби
шығарма аудармасы ой интонациясының дұрыс берілуіне көп көңіл бөледі. Аударма мәтін
мен түпнұсқа мәтіннің коммуникациялық мақсатын салыстыра отырып, тәржіма сапасын
айқындауға болады.
Нақтырақ айтқанда, көркем аудармадағы сәйкестік – түпнұсқа мен аударма мәтін
араларындағы тепе-теңдік мәселелерін қарастырады.
Әдебиеттер
1. Виноградов В.В. О теории художественной речи. – М.: 1971. - 231 с.
2. Комиссаров В. Теория перевода. – Москва: Высшая школа, 1990. -250 с.
3. Швейцер А.Д. Теория перевода. Статус проблемы, аспекты. –Москва, 1998. – 118 с.
4. Гарбовский Н.К. Теория перевода. – Москва: МГУ, 2004. – 543 с.
Достарыңызбен бөлісу: |