Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті м. О.ӘУезов атындағЫ Әдебиет жәНЕ



бет4/26
Дата18.11.2023
өлшемі1,65 Mb.
#124343
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
treatise175829

Бақсылар жын шақырар алып қобыз,
Болады айқайласа ұшан-теңіз.
Байлардың үйлерінде сырқат бағып,
Малдарын сойғызады еті семіз72, –

деген жолдардан, немесе Мағжанның «Қойлыбайдың қобызы» деген поэмасындағы:


Ертеде ел бар екен қалың Найман,


Қытайға қалың Найман қанат жайған.
Қалың Найман ішінде Бағаналы,
Қазақта бақсы асқан жоқ Қойлыбайдан.
Қойлыбай жын жүгендеп, пері мінген,
Алдында жорғалаған шашты шайтан.
Қойлыбай қобыз алса-ақ қалбалаңдап,
Қақаман жетіп келед әлдеқайдан.
Қақаман жалғыз көзді жынның ері,
Ерегіссе тау-тасқа салған ойран.
Дарқанның Нәдір пері – аға жыны,
Ардақтап оған Шолақ деп ат қойған.
Қойлекеңнің үшінші жан жолдасы –
Шайтанның шу асауы батыр Шайлан.
Қойлыбай бақсы болған қазақ асқан,
Жынменен жолдас болған бала жастан73, –

деген жыр тармақтарынан бақсылар әруаққа емес жындарға арқа сүйегенін анық көруге болады. Адамдар жын-перілерден «ұрып кетеді, соғып кетеді» деп қорыққан. Сол себептен де бақсылар өздеріне көмекке келер тылсым күшті исламға дейін де, кейін де әруақпен бүркемелеген. Олар бақсы ойынында қобызын сарнатып, даңғырасын ұрып, биін билеп, түрлі іс-әрекеттер жасаған. Жындарының атын атап, түсін түстеп, күш-қуатын асқақтатып, өлеңге ұйқастырып шақырған.


Жаңа келді Шарабас,


Алпыс қойдың терісі
Бөрік шықпаған Шарабас.
Жетпіс қойдың терісі
Жең шықпаған Шарабас.
Тоқсан қойдың терісі
Тон шықпаған Шарабас...
... Жаңа келді Қолаң шаш,
Екі иінімнен мықтап бас!
Жаңа келді Теңгетай,
Жаңа келді Жирентай.
Перілердің бәрі де
Үстіне бір мінген тай.
Осыншама шақыртып,
Келмеймін деп шаршатты-ай!74.

Ислам дінін таратушы қожа-молдалар ықпалынан (олар билеушілерге арқа сүйегені тарихи шындық) ыққан бақсылар ендігі кезекте мұсылмандардың әулие-әнбиесін қоса шақыратын болды. Мұхаммед, Сүлеймен пайғамбарлар, Ысқақ баб, Арыстан баб, Құл Қожа Ахмет, Баба Түкті шашты Әзиздер бақсылардың негізгі пірлеріне айналды. Сондықтан түпкі шығу тарихы мен сырын білмеген жанға бақсылық пен ислам тұтастай бір көрінуі хақ. Осыдан кейін «ислам әруаққа сыйынуға қарсы емес» деген теріс пікір туындайтыны да анық.


Түркі халықтарын дінінен шатастырып, христиандыққа тарту, сөйтіп көп күш жұмсамай-ақ басыбайлы құл ету идеясы ақ патша өкіметі тұсында айтарлықтай жемісін берді. Оқу іздеген түркі тектес жас жеткіншектерге шіркеу әндерін жаттатып, үштік ілімін санасына сіңірді. Оқу тәмамдаған соң туған елдеріне, түркі халықтарына патша өкіметінің саясатын насихаттауға, тыңшылыққа (статистикалық, биологиялық, географиялық, этнографиялық, тарихи, фольклорлық т.б. түрлі мәліметтерді жинау үшін) жіберілді. Олардың көбі өле-өлгенше патша өкіметіне адал қызмет етті, кейбірі қателіктерін мойындап тәубесіне келді.


Әбжет Бақыт
филология ғылымдарының
кандидаты, доцент




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет