1. Қазақтың мәдени-философиялық ойы тарихындағы 69
руханият құбылысының қайнар көздері
Алла түсінігі жүрек танымына нұсқайды. Сопылардың адам мен Алла
арасындағы байланыс орнату, махаббатты арттыру арқылы дидар талапқа
жету, жүректі тазалап тазалық құралына айналдыру, нәпсіні жүгендеп
рухты өсіру, ұстаз бен шәкірт арасындағы байланысын, адам мен әлем үй-
лесімін негіздеу, білген іліміңе лайықты болу жайлы толғаныстары мәңгі
өлмес құндылықтар. Сопы ғұламаларының сөз бен істің арасындағы, қал
мен хәлдің арасындағы үйлесімге жету үшін жасаған теориялық ілімдері
мен практикалық психотехникалық әдістері кейінгі ислам ойшылдары
мен философтарына терең ықпал етті. Сондай-ақ өзара сұхбат, пікірталас,
ықпалдастықта дамыған үш саланың да негізгі өлшемі құдайлық аян бо-
луы олардың біріктіруші, ымыраластырушы фактор еді.
Сопылықта толық адам, яғни, пайғамбар үлгісіне сай болу рухани
дамудың қағидасы болғандықтан, осы үлгіге жақындаудың негізгі жолын
пайғамбар өсиет қылған дегдарлық этикаға негіздеген, сондай-ақ осы
этикалық тәлімді әртүрлі рухани және психотехникалық тәжірибелер
арқылы сіңірудің жолын қалыптастырған. Осы рухани тәжірибелердің
кеңістігінде тәффәкурмен, ой-пікірге берілу, еске алу (зікір) сияқты интел-
лектуалдық тәжірибелер арқылы Аллаға оралу, құдайлық махаббат
арқылы «дидар-талапқа» жету идеялары туындаған. Бұл рухани кемелде-
нудің негізгі мақсаты сүйіктімен қауышу (уислат) болса, бұл қауышудың
өзі адамның ұлы болмыспен қосылуы, фана (жоқ болу) тәжірибесі ретінде
көрсетілген.
Сопылықта хәлдер мен мақамдар деп аталатын рухани тәжірибе про-
цестердің барлығы біртұтас интеллектуалдық арнаға бағытталғандығын
көруге болады. Сопылықтағы рухани жолаушылықтың алғышарты шари-
ғат сатысы баршаға ортақ және баршаға ашық «кең жол», ілім жүйесі.
Ал, тариқат жолға түскен жолаушының, «дидар-талап» еткендердің және
оларға бағыт беретін жол көрсетуші пірдің бақылауы арқылы кемелдікке
жетуге болатын ерекше жол. Ақиқат – түпмақсат болғандықтан сопының
ар-ождан тазалығымен, рухани-интелектуалдық кемелденуімен Ақиқатқа
ұласып, осы хәлге сәйкес өмір сүруге ұмтылады. Мағрифат, яғни, құдайлық
таным сопылық философияда арылу, жолға шығу, жақындау, кемелдену
және Хаққа қауышу сияқты рухани тәжірибелері арқылы берілген транс-
цендентальды, Жоғарыдан (көктен) рухқа енген сәуле-нұр, сый ретінде
берілген ілкі ілім ретінде түсіндіріледі. Сол себепті сопылық әдебиетте,
мәдени мұраларда рухани нұрлану, нұрлы ақыл, ладуни ілімді рухани
сый ретінде иелену идеясы негізгі тақырып. Сопылықтағы құндылықтар
жүйесі нұрлы ақылды иеленген толық, әмбебап адам (инсан) идеялына
құрылатындықтан, сол ілімге жетудегі таным органы, сол ілімге лайықты
мекен болатын жүректің тазалығын басты орынға қояды. Сананы жалаң
діни догмалар шырмауында, қасаң қағидалар құрсауында қалдырмау
үшін жүрек танымын, жүрек таразысын іске қосуды, ол үшін сол жүректі
оятып, тірілтіп, тазартып, о бастағы хақиқи тағайындылығы мен қызметін
қалпына келтіруге шақырады.
70 Қазақ руханияты: тарихи-философиялық
және этномәдени негіздер
Рәміздік тұрғыда жүректі – ар-ожданға баласақ, осы жүрек – демек,
ар-ождан басты моральдық құндылық ретінде сопылықтағы негізгі та-
қырып болып табылады. Осы жүрек және жүректе сақталатын құнды-
лықтар нышанын белгілейтін рәміздер, құндылықтарға мекен болуы
үшін, таным құралы қызметін атқаруы үшін қажетті шарт – жүректің
тазалығын қамтамасыз ету, таза және тірі жүректі нұрландыратын
өлшеусіз сый – нұрлы ілім жайлы айшықты баяндайтын рәміздік тіл
бар. Қазақ топырағындағы сопылық дәстүрдің осы рәміздік тілінің әдеби
және мәдени мұралардағы айқын айшықтарын көріп, оның астарына
үңіліп, өзіндік ерекшеліктері мен мән-мазмұнын танып, ғибратына на-
зар саламыз.
Сопылық ілімнің ежелгі түркілік дәстүрден тіптен одан арғы сақ ғұн
дәуірінен бастау алып, этносанада жаңғырып отырған халықтың рухани
жадындағы архетиптерді қалыптастырып, оларды исламдық мазмұнмен
байыта түсуінің мысалын Ясауи мәдениетіне байланысты жәдігерлерден
анық көреміз. Рухани тәжірибелер үрдісінде өмір сүру үшін этностар
дүниетанымдық принциптерін мәдени архетиптік, рәміздік формада
құрады. Олардың рухани жадысы табиғат, кеңістік пен уақыт, моральдық
адамгершілік құндылықтар, ел мен жер, намыс пен ар-ождан, тілі мен дін,
қасиет-кие сияқты ұғымдарды айқара қамтитын рәміздік құбылыстармен
айшықталады. Рәміз халықтардың рухани және материалдық мәдениеті-
нің ақиқат болмысын айқындайды. Рәміз бен семиотикалық таңбалар
арқылы адам кез келген құбылысты қабылдап, оған баға беріп, өз көзқара-
сы мен ойын білдіре алады.
Символ – рәміз (symbolon) ұғымы алғаш ежелгі грек тілінде пайда
болып, одан латын тіліне еніп, ХVІ ғасырдың басында неміс тілінің сөздік
қорында қолданылды. Гректің «symballein» сөзі қазақша қосылу, бірігу,
жинақтау мағынасын береді. Ал, символ терминінің қазақша балама-
сы «рәміз» ұғымы бүгінде «танымдық белгі, таңба, аллегория» сияқты
түрлі мағыналарды қамти тұра, олардан мәнісінің ауқымды болуымен
ерекшеленеді. Бұл ұғым – мағыналық образды, түйсіктік танымды білді-
руге қолданылатын терең мазмұндық сипатқа ие маңызды термин. Рәміз
адам санасының даму тарихында қалыптасқан көне категорияның бірі.
Символданған бейне, көбінесе нақты мағынадан ажырап, орнына астарлы,
айшықты, бейнелі, меңзеулік мәнді иеленеді.
Немістің көрнекті философы К. Ясперс өзінің рәміздің маңыздылығы
туралы ойын былай айтады: «Адамзаттың ықылым заманнан бері рәміз-
дер әлемінде өмір сүретінін түсінеміз. Осы рәміздер оның өмірінің
мәнін анықтайтын шындыққа айналады. Осы рәміздердегі өмір адамның
негіздемелік өмірмәндік құрылымына жататынын түсінеміз. Сондықтан
да бұл рәміздердің ерекшеліктерін түсінгіміз келеді, олардың осынау
саналуандығын жинақтап, шолып, жүйелегіміз келеді. Рәміздердің маз-
мұнын ашу адамның өзімен-өзі, өз мәнділігімен, өз субстанциясымен
бола алатын кеңістігін ашу деген сөз. Рәміздерсіз ол тұлдырсыз қалғандай
1. Қазақтың мәдени-философиялық ойы тарихындағы 71
руханият құбылысының қайнар көздері
жалаңаш, күйкі жанға айналады, бос қалған дүниеде жалаң ақыл-ойымен
шарасыздықтың күйін кешеді» [6, 270 б.].
Рәміздер адамзаттың рухани жасампаздығы мен шығармашылығының
барлық сатысын қамтиды. Рәміздің көмегімен адамдар арасындағы ақпарат-
тық қарым-қатынас алмасу жүзеге асады. Рәміздер адамзаттың сан ғасырлық
мәдени-тарихи мұраларын және рухани құндылықтарын бейнелеп, дәстүр
сабақтастығын сақтайды. Ол рухани құндылықтар мен мәдени жәдігерлердің
терең сырлы мән-мағыналарын шоғырландырып, маңыздылығын жой-
мастан бейнелі көрінісінің формасы ретінде рухани мүмкіндіктерін жаң-
ғыртып, үнемі жүзеге асырады. Рәміз мәдениеттегі таңбалық көрініс ретін-
де анықтауыш сипатын иеленіп, барлық мәдени құбылыстар мен туынды-
ларды бернелейді. Фәнилік арқылы бақилықты, шектеулі арқылы шексізді,
нақтылық арқылы абстрактілікті, материалдықпен идеалдықты бернелеп
ұсыну нәтижесінде көзбен көріп қолмен ұстамайтын әлемді санада бей-
нелеп, осы аралықтарға көпір болып, адам болмысының микрокосмдық
әмбебаптық қалпын, танымдық мүмкіндігін анықтайды.
Рәмізді мәдениеттің семиотикасы тұрғысында сараптаған Ю.М. Лот-
ман: «Мәдениет тарихының барлық материалдары әлеуметтік кодтар
жүйесі мен ауқымды ақпараттар тұрғысынан талдануы мүмкін, яғни бұл
рәміз ақпараттарды белгілерде бейнелеп, ұжымға жеткізуге мүмкіндік
береді» дейді [7, 31 б.]. Олай болса, Ю.М. Лотманның пікірінше «рәміз
әлеуметтік кодтың маңызды факторы», «рәміз мәдениеттің жадысы» бола
отырып, әлеуметтік-мәдени мұраларды жинақтаушы, сақтаушы және
жеткізуші болып табылады.
Этномәдени ақпаратты берудің құралы ретінде сөз өнері, музыка, бей-
нелеу өнерінің туындылары қолданылып, олардың әрқайсына тән өзіндік
көркемдік әдіс тәсілдері пайдаланылады. Осы көркемдік әдістердің ішін-
де терең сыр-сипатқа ие рәміздік ұғымдар да бар. Күнделікті тұрмыста
қолданылатын бұйымдардың өзі қолданыстағы мағынасы рухани астар-
лы мәнмен байытылуы арқылы рәміздік мазмұн иеленді. Олар діни-
ғұрыптық, салт-жоралғылық мақсатта пайдаланылу арқылы тұрмыстық
қолданыстағы мағынасы рухани және ритуалдық мәнмен толыға түсті,
осылайша этнографиялық бұйымдар айырықша символикалық айшықты
таным жүйесін туғызды. Сопылықтағы руханилықтың қазақ топырағында
дәстүр сабақтастығын үзбестен яғни, өркендегенін өткен күнді өз заманын,
болашақты сан ғасырлық жалғастықпен ұштастырып, қоғамның рухани,
әдеби, мәдени бүкіл өмірін толықтай қамтығанын Қожа Ахмет Ясауи
мәдени мұрасынан айқын көреміз.
Қожа Ахмет Ясауи — жалпы түркілік мәдени және дүниетанымдық
кеңістіктегі ішкі тұтастықты қалыптап, исламдық құндылықтарға негіз-
делген философиялық-этикалық ар-ождан ілімін жүйелеген рухани тұлға.
Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі адамзат қолы-
нан шыққан бірегей жәдігерлердің санатына жатады. Бұл ортағасырлық
сәулет өнерінің ғажайып туындысы өз бойына ертеден келе жатқан жергі-
72 Қазақ руханияты: тарихи-философиялық
және этномәдени негіздер
лікті құрылыс дәстүрі мен сол заманның ең озық әдістерін ұштастыра
жинақтауымен қатар, мәңгілік рухани құндылықтар мен мән-мазмұнды
паш етіп тұрған нысан.
Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы, оның ілімінің мәні мен маңызы
«Диуани хикмет», «Мират-ул Қулуб», «Пақырнама» сияқты бізге жеткен
мұраларынан көрінеді. Ясауи қалыптастырған хикмет дәстүрінің Ислам
ақиқатын халықтың жүрегіне жол тауып сіңірудегі маңызы зор болды.
Оның хикметтерін жатқа айтып, осы рухани дәстүрде хәл ілімін хикмет
жолдарында айшықтаған шәкірттері де көп болған. Қожа Ахмет Ясауи Ис-
лам сопылығының ажырамас бөлігі болып табылатын, түркі сопылығына
негізделген тариқат жолын қалыптастырды. Бұл жолдың негізгі әдептері:
шәкірттің ұстазға құрметі, адалдығы мен мойынсұнуы, Алланы тануға,
жомарттыққа, тәуекелге, тафаккурға ұмтылу. Шәкірттердің негізгі міндет-
тері: кемелдікке жетуге, хаққа жақындауға тырысу, қауіп пен үміт хәлінде
болу, үнемі Алланы еске алып, зікір ету, Ақиқат жайлы сөйлеу. Суннаға
негізделген дәстүрлі жолы: көппен бірге намаз оқу, таң сәріде ояу болу,
дәретпен таза жүру, өзін үнемі Алланың құзырында сезіну. Тариқаттың
ерекше қасиеттері: қонақжайлылық, Ясауиге, әулиелерге, ұстаздарға дұға
жасау. Кемелдікке жетудің төрт шарты: макан (кеңістік, атамекен, отан),
заман (уақыт, дәуір), ихуан (бауырластық), рабт-и сұлтан (мемлекет бас-
шысына риясыз берілгендік). Жария зікір салу осы тариқаттың негізгі
шарты. Жария зікірдің – «алқа зікірі» және «арра зікірі» формалары бар.
Сондай-ақ ұстаздың тапсырмасымен арнайы құпия зікірлер орындау,
қылуетке түсу де ясауия тарихатының әдебінде бар.
Қожа Ахмет Ясауидің тариқат силсаласында: Суфи Мұхаммед, Хакім
Ата, Зеңгі Баба, Садр Ата сияқты әулие ұстаздардың болуымен қатар,
түркі дүниесіндегі ғұламалардың барлығы өзін Ясауи силсаласынанмын
деп санағаны белгілі. Мәселен, Ислам ғұламаларының сан ғасырлар бойы
үзілмей жалғастық тапқан осы рухани сабақтастығын қазақ даласындағы
бүкіл ғұлама хаким, әулиелердің рухани мұрасынан көреміз. Кеңестік
дәуірде өмір сүрген, Ясауидің хәл ілімі, хикмет дәстүрін жалғастырушы,
дәстүрлі Ислам ғұламаларының бірі – Балмағамбет Балқыбайұлы (1891
– 1967) «Қожа Ахмет Ясауи, силсаласы силсалам, Атын білген бар ғалам.
Хылафлық қылып ол затқа, Сөз айтпайды бір кәләм» деп өзінің тари-
қаттағы пірі туралы анық айтады. Және «Он екі жыл розатқа имамдық
еткен піріміз», «Әй, достарым келіңдер, Жиылып зікір салайық. Куә бо-
лар Маһшарда, Тыңдап тұрған халайық. ...Үмметтікке мұнан соң, Өзімізді
санайық. Зікірші Хақтың досы деп, Айтқанына нанайық. Хақ жолына
ғашық боп, Тірідей күйіп жанайық» [8, 99 б.] деп осы тариқаттың әдебіне
сай дін ұстануды өмірлік қағида деп біледі.
Хикметтерде адам жаратылысы – Жаратушы Иенің шексіз ілімінің,
Оның Ұлықтығы мен Рахым шапағатының көрінісі, сондай-ақ адамның
табиғаты – Құранда айтылғандай су мен топырақ делінеді. «Асылың білсең
су уа кил (топырақ) және килга кетер йа» дейді ол. Сопылық мағынада
1. Қазақтың мәдени-философиялық ойы тарихындағы 73
руханият құбылысының қайнар көздері
топырақ – адамның жаратылыс табиғаты болуымен қатар, парасаттылық
пен қарапайымдылықтың нышаны. Ал, нәпсіқұмарлық, менмендік, өркөкі-
ректік – адамды аздыратын рухани дерттер. Нәпсіден арылып, топырақ си-
пат болу – адамгершіліктің, кішіпейілділіктің белгісі болуымен қатар, Хаққа
жетудің де басты шарты. Хаққа жетудің өзі халыққа, қоғамға риясыз, шын
ықыласпен қызмет жасаудан басталады. Хикметтердегі рәміздік тіл, мета-
форалық мәтін, аллегориялық шендестірулердің сан қатпарлы мазмұны
космологиялық ұғымдарды да, рухани танымды да өзара ұштастыра сан
алуан бояуымен, терең мағынасымен, ғажайып сырлылығын айшықтай жет-
кізеді. «Ақиқатты метафоралық түйсіну адам үшін таным үдерісінің қағи-
датты түрде таусылмас шексіздігіне нұсқайды. Абсолюттік ақиқат бара-
барлық түрде адам тілінде жеткізіле алмайды, сондықтан ол бернеленген,
метафоралық қалыпты иеленеді» [9, 94]. Ахмет Ясауидің дүниетанымында
Құдайдың достығына, Хақтыққа жеткен Әулие адам – даңғыл жол, өйткені
ол халқына жаман мен жақсының, ақиқат пен жалғанның арасын айыруға
жөн сілтейтін, адамгершілік үлгісін көрсететін, ізгілікке бастайтын тұлға.
Ғұламаның бүкіл хикметтерін Аллаға махаббаттың жыры десек
қателеспейміз. Себебі, «Диуани хикметте» арифтердің Сұлтаны бастан-
аяқ өзінің ғашықтық күйін, ғаріптік хәлін жырлайды. Бірде ғашық дертін
тілесе, бірде, ғашық отына күйіп жанады, бірде ғашық шарабына мастан-
са, бірде Машұғының жамалын, Хақ дидарын көріп шаттанады. «Ариф
ғашық тариқаттың дүр данасы» деген Құл Қожа Ахмет Ақиқатқа ішкі
тәжірибе, өзін-өзі тану, діл тереңіне үңілу арқылы жетуге үндейді.
Ол адамдарды имандылыққа шақырса, Құдайға құл болудың мәнісін
барынша терең түйсініп, іс жүзінде бүкіл ғибадат амалдарды ықлас, их-
санмен, ыждаһатпен атқарудың үлгі-өнегесін көрсетіп, осы ізгілікке өзгені
шақырады. Өзгеден күтер ізгілікті бірінші өз бойыңнан табу, өзіңе қаламаған
жамандыққа өзгені душар етпеу деген адамгершілік әділеттілік қағидасы
оның басты ұстанымы. Оның Пайғамбар үмбетіне, адамзатқа деген махаб-
батында үлгі тұтар тұлғасы – Мұхаммед (с.ғ.с.). Хикметтерде Пайғамбардың
үмбеттерін сүюі мен ғаріп, жетімдерге мейірімін, олар үшін қиындық
тартуын жүйелі жырлайды. Хаққа махаббат – қозғалыс бастауы, хауф пен
рижаның қайнары. Хауф – Құдайдан Оның Әділіне лайық емеспін деген
қорқу қаупінен, рижа – Оның Рахымына сай фазылынан үміттену хәлінен
тұрады. Сопы ақылағының (моралінің) негізгі талабы адамның сыртқы және
ішкі тазалығы. Ішкі тазалық – жүректі тазарту сол арқылы ақиқат білімнің
көзін ашу, рухты өсіру, оның мекенін кеңейту, жүректегі жалған талаптарды
жуып-шайып тазалап, таухид талапты орнықтыру, түп мақсат – дидар та-
лапқа жетуді көксеу. Сыртқы тазалық – көркем мінез-құлық қалыптастыру,
адамзатты сүю, ұстазға табиғ болу, яғни құрметтеу, ғаріп міскінге қамқор
болу, адал еңбек ету, жомарт болу, т. б. Ғұлама ілімінде рух – жақсылықтың,
нәпсі – жамандықтың қайнар көзі. Рухты тәрбиелеп өсіруде нәпсіні жеңу
үшін олардың әрқайсысының қалауын ажыратып, білудің маңызы зор.
Сондықтан рух тазалығына ұмтылу, Хақ дидарын талап ету – басты мақсат.
74 Қазақ руханияты: тарихи-философиялық
және этномәдени негіздер
«Өлмес бұрын өлу» жайлы Пайғамбардың (с.ғ.с.) өсиетін орындауға амал-
әрекет қылған ғұлама, осы хадистің танымдық мәнін ашып қана қоймай, іс
жүзіне асырады. Демек, жүректі тазалап, нәпсіні жеңіп, көңілдегі Алладан
басқа қалау, тілектердің бәрін жоюдың үлгісін көрсетіп, дүниеден өтпей
тұрып өлімді жеңеді, осылайша мәңгі тірілікке қол жеткізеді.
«Алпыс үште сүндет болды жерге кірмек,
Расул үшін екі ғалам жарық бермек,
Ғашық жанның сүннеті дүр тірі өлмек,
Естіп оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет» [3, 265 б.]
деп алпыс үш жасында жер астына кірген ғұлама бүкіл ғұмырын нәпсі-
мен күресіп, рухани кемелдікке жетудің ғибратты үлгісін көрсетуге арна-
ғанын көреміз. Оның шешуші қадамы «қылуетке» – жер астына түсуін Пай-
ғамбардың (с.ғ.с.) жасымен үйлестіруінің өзінен-ақ – о бастан Мұхаммед
Расулдың (с.ғ.с.) аманатын иеленген Әзірет Сұлтанның Алла елшісінің
рухани кәмелеттікке жету жолын жалғастырушы екендігі белгілі болады.
Ол қылуетке түсуінің мәнісін – «Нида (Құдайдың әмірі) келді құлым жер-
ге кір деген», «Мұстапаға аза тұтып кірдім мен» деген хикмет жолдарында
айқындай түседі. Әйтседе, әулиелердің осы әрекетін халқымыз – Пайғамбар-
ға (с.ғ.с.) деген махаббат пен құрметтің және сүннетке адалдықтың үлгісі
ретінде аңызға қосқанына жүгініп, қылуетті – Құдай мен сүйген құлының
арасындағы тылсым мәнді айырықша сыр деп білген жөн. Адамның рухани-
интелектуалдық, діни-тақуалық тәрбиені қабылдауының рухани практи-
касы ретінде қылует дәстүрінің кеңінен таралып жалғастық тапқанының
дәлелі ретінде Түркістандағы Қылует жерасты мешітін, Батыстағы Бекет
ата, Шопан ата, т. б. мешіттерді атауға болады. Ясауи дәстүріндегі әдеби
мұрамен қатар, мәдени нысандардың да сопылықтағы рухани-рәміздік мән-
мазмұнмен толығып, құнды мәдени жәдігерлерге айналғанын көреміз.
Түркістан қаласындағы «Қылует» жерасты мешіті ерекше рухани тәр-
биелік мәнге ие, терең тарихы бар ортағасырлық сәулет ескерткіштерінің
бірі. Кезінде он сегіз бөлмеден тұрған бұл жартылай жерасты құрылысы
жан-жақты діни, рухани, мәдени қызмет атқарған кешен болуымен назар
аудартады. Құрылыста адам өмір сүруіне, құлшылық-ғибадатын атқаруға
қолайлы жағдай жан-жақты қарастырылған. Мұнда жер астындағы Қожа
Ахмет Ясауи салдырған бір адамдық «Ғар» бөлмесіне қоса «Мешіт» бөлме-
сі, «Жамағатхана» залы, шәкірттерге арналған «Құжыра» бөлмелері,
ыстық су дайындайтын, жуынатын, дәрет алатын бөлмелер де ескерілген.
«Қылует» сөзі арабша «Халуәтун» – жалғыз, оңашаланып өмір сүруге
ұмтылу деген мағына береді. «Қалыпты (жүректі) бұрыс, сенімдерден,
жаман әдеттерден арылтуды, құтқаруды – «Қылует» дейді. Атақты суфи
Қушайри муридтің бүкіл болмысын Аллаға арнап, Алладан басқа барлық
нәрседен қол үзуін яғни, рухани жалғыздықты, қоғамнан жырақ жеке
дара өмір сүру, тәнімен «халық арасында, рухымен хақпен бірге болуды
1. Қазақтың мәдени-философиялық ойы тарихындағы 75
руханият құбылысының қайнар көздері
да Қылует дейді» [10, 59 б.] деп түсінік береді зерттеуші Досай Кенжетай.
Қылуеттің рухани кемелдену жолы ретінде тариқат әдебінде маңызды
орын алғанын баяндай келіп: «Ясауи тариқатында (жолында) «Қылуеттің»
өзіндік маңызы мен өзіне тән әдебі (қағида ережелері) бар. Қылует кезінде
нәпсіге, шайтанға тиесілі ләззаттар, қалаулар, ниеттер жанып жоқ болады.
Адамзатқа тән қараңғылық және басқа да қайғы-мұң жойылады, ішкі ру-
хани дүниесі нұрланып тазарады, және тағы да осы сияқты көп нәрселерге
қол жеткізеді» [11, 144 б.] дейді түрік зерттеушісі М.Ф. Көпрүлү. Ясауи
тариқатындағы Қылует рәсімі жайлы «Жауахайрул әбрәр» атты дерек
көзіне сүйене отырып, былай жазады: «Қылуетті қалаған адам халықтың
аманшылығынан қорғану үшін емес, өз жаманшылығынан қорғану үшін
бұл әрекетті таңдап алдым деп ойлауы керек. Өйткені керісінше болған
жағдайда өркөкіректік пен тәкәппарлыққа жол береді» [11, 146 б.].
Қылуеттің ұстаздың ұйғарымымен және оның бақылауында өтетін Ясауи
тариқатының әдебіндегі ерекше әдістердің бірі екенін баяндалады. Қылует
қырық күнге созылатын, күні-түні ұйқы мен тамақтан шектеліп, тәкбір,
алқа зікір, «истифғар» (кешірім дұғасы) оқылып, Құдайға құлшылықпен
өтетін ғибадат мерзімі ретінде сипатталады.
«Әзірет Сұлтан қабіріне үнемі зиярат етсе де, жылда бір рет зұлхиджа
айының алдында үлкен рәсімді түрде сопылар қылуетханаға кіреді. Соңғы
жылдарға дейін бес-алты мың адам тек қана осы мақсатпен жиналатын» деп
жазылған 1914 жылғы «Шура меджмуасындағы» мақалада. Ахмет Ясауидің
жақын туысы Мәулана Сайфуддин Орын Қойлақы қолынан туған «Насаб-
нама» шежіресінде Ахметтің әкесі Ибраһим шайықтың отызға жуық «Қы-
лует» мешіттеріне билік жүргізгені айтылады. Ясауидің ата-бабаларының
ең сенімді шежіресі саналатын бұл еңбекте Ахметтің өзіне де елуден аса
«Қылуеттің» бағынышты болғандығын, олардың жұмысына басшылық
жасауға Ясауи өз мүридтерін жіберіп отырғандығын келтірген. Қылует ме-
шітінің негізгі құрылымы жер астындағы «Ғар» және оның үстіне салынған
«Мешіт» немесе «Шілдехана» бөлмелерінен тұратындығын, «Шілдеханасы»
жартылай жер астына орналасатындығын «Әулие Құмшық Ата», «Кіші
Қылует» мешіттерінің құрылысынан да байқаймыз. Шілдеханалар» мен
мешіттер салуда «қасиетті» саналатын жерлер таңдап алынған.
Археологиялық қазба негізінде «Ғар» бөлмесінің Ахмет Ясауи өмір
сүрген ХІІ ғасырда салынғандығы анықталып, қазба материалдарымен
дәлелденді. Жер бетінен 4 – 4,5 метр тереңдіктегі қабірді еске түсіретін, тар,
сыз бөлмеде өмір сүрген Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың «Алланы зікір
еткен кезде тізелері кеудесіне үйкеле-үйкеле киімі тесіліп қалған екен алай-
да, жәй көзге сондай тар болып көрінгенімен, рухани көзбен қараса Құдай-
дың Рахым шапағатының көрінісі ретінде қылуеттің шексіз кең екендігі» [12,
52 б.] жайлы және басқа да әулиенің кереметтері туралы аңыздар бар. 1929
жылы ғалым В.А. Гордлевскийдің жариялаған дерегіне сүйенсек, Ахмет
Ясауи пайғамбар жасына жеткен соң «жер бетінде қанша өмір сүрсем, жер
астында да сонша жасаймын» деп «Ғарға» түскен. Ғалымның жазуынша ХХ
76 Қазақ руханияты: тарихи-философиялық
Достарыңызбен бөлісу: |