Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


 Қазақтың мәдени-философиялық ойы тарихындағы



Pdf көрінісі
бет12/49
Дата16.02.2017
өлшемі2,81 Mb.
#4223
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49

                   1. Қазақтың мәдени-философиялық ойы тарихындағы                      83
руханият құбылысының қайнар көздері                                   
қыпшақ  тайпаларының  ру,  тайпа  басшыларының  жерлеу  орындарында 
ең қажетті белгілерінің бірі болғанын археологиялық зерттеулер дәлелдеп 
отыр [20, 192-201 б.]. Бұл қабір иесінің ауқатты, жоғарғы топтан болғанынан 
хабар береді дейді ғалымдар. 
Ал,  Геродоттан  жеткен  аңызда  «сақтардың  Ариант  есімді  патшасы 
жауынгерлерінің әрқайсына жебелерінің бір-бір ұшынан алып келулерін 
бұйырады.  Сосын  оларды  балқытып,  алып  қазан  құйдырады».  Мұны 
жасауға сансыз жауынгер ат салысып, алып келген жебесінің ұшы қазанның 
бөлінбес бөлшегіне айналғандай, өзі де тайпаның ажырамас мүшесіне ай-
налып, қауымының бірлігінің, беріктігінің кепілі болып отыр. А.К. Ақышев 
«әрбір  садақ  ұшынан  құрылған  қазанның  салмағын  халықтың  санының 
символына, ал формасы мен орналасқан жерін әлем орталығы символы-
на балайды» [21, 105 б]. Көшпенді жауынгерлерінің жорық кезінде алып 
жүретін үлкен қазандары болғаны белгілі. 
Бірақ, мына қазанның жасалуы да, қызметі де ерекше. Қазан сыртын-
дағы жазулардың бірінші қатарында жазылған Құранның Тәубе сүресінің 
он тоғызыншы аятының үзіндісінен және Пайғамбар (с.ғ.с) хадисінен оның 
суға  арналғандығын  аңғаруға  болады.  Аяттың  Қазақша  мағынасы:  Аса 
Мәртебелі, Құт-берекенің иесі Алла айтты: «Сендер хажыларға су беру, Месжід 
Харамды жөндеуді [Аллаға, ахирет күніне иман келтіріп, және Алла жолында 
күрескен кісі сияқты] көресіңдер ме?» аят. (9:19-аят.) – десе, хадисте былай де-
лінген: Пайғамбар, ол кісіге сәлем болсын, айтты: «Кімде-кім Алла Тағала үшін 
су құятын ыдыс жасаса, Алла Тағала жұмақта оған арнап хауыз дайындайды» [4, 
127 б.](Бұл жердегі әңгіменің астары халыққа, адамдарға қызмет қылуды, 
елдің әжетіне жарауды меңзеп, Құдайға құл болудың мәнісі – адамдардың 
бірін бірі алаламай, дініне, ұлтына қарамастан қайырымдылық, қамқор-
лық жасауында екендігін аңғартады. Мұнда сондай игі әрекеттер арқылы 
ғана адам балалары Жаратушының ризалығын тауып, мінсіз қоғам құра 
алады  деген  идея  жатыр.  Қазан  сыртындағы  араптың  гүл  өрнекті  сулс 
және  куфи  үлгілерімен  жазылған  үш  белдеудегі  жазудың  бірінші  қата-
рының соңында оның шайхылардың сұлтаны Ахмет Ясауи кесенесіне ар-
налып жасалғаны туралы айтылады: Аудармасы: Бұл су құятын ыдысты 
ислам Шайхысы, әлемдегі шайхтардың Сұлтаны, Шайх Ахмет Ясауидің (Алла 
ол кісінің әзіз рухын киелі  қылсын!) мазары үшін жасауға ұлық әмірші, көп 
елдің  тізгінін  қолына  ұстаған,  Рахымды  Патшаның  [Құдайдың]  айрықша 
қамқорлығын иеленуімен ерекшеленген Әмір Темір Көреген бұйрық берді. Алла 
Тағала оның билігін мәңгілік етсін! Жиырмасын шышау-уал, сегіз жүз бірінші 
жыл /25 маусым, 1399 жыл. Екінші қатар жиырма картушқа бөлініп, оның 
екеуінде  шебер:  «Құдайдың  қамқорлығына  үміт  артқан  Әбділ  Әзиз  Шара-
футдин Тебризи» деп өз есімін жазып  қалдырған. Қалған жерлерінде: «Му-
барак бад» – «Құтты болсын!» деген тілек сөз жазылған [4, 128 б.]. Мұның 
мағынасы құт, береке тілеу немесе береке дарыған орын. Қайнап тұрған 
қазан  сол  елдегі  тоқшылықтың  тыныштықтың  нышаны  деген  түсінік  ел 
арасында күні бүгінге дейін сақталған. 

84                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
Үшінші қатарда «куфи» жазу үлгісімен жиырма екі рет қайталанып: 
– «Байқаңдар, Бүкіл жаратылыстың иесі Алла!» деген сөз берілген [4, 129 
б.]. Мұны Абайдың тілімен айтар болсақ: «Адам ғапыл дүниені дер менікі. 
Менікі деп жүргеннің бәрі Оныкі! Тән қалып, мал да қалып, жан кеткен-
де, Сонда ойла, болады не сенікі?». Адамның иелігіндегі мал-мүліктің бәрі 
Құдайдікі екендігінің дәлелі – адамның дүниеге құр алақан келіп, дәл со-
лай қайтуы. Осыған орай Шәкәрім қажының: «Шаранамен туып едің, Бөз 
оранып өтесің. Бір сағымды қуып едің, Қай уақытта жетесің? Қанша дәулет 
жиып  едің,  Бәрі  қалды,  нетесің.  Мал  үшін  жан  қиып  едің,  Қайтіп  алып 
кетесің?» [22, 283 б.] – деген сырлы сөздері бар. Адам баласы тіршілігінде 
тұтынатын, қажетіне жарататын игіліктердің бәрі Жаратушының белгілі 
бір  уақыт  ішінде  пайдалануға  берген  аманаттары.  Демек,  денсаулық, 
мал-мүлік, отбасы, Отан, бақ-дәулет басқа да бүкіл игіліктерге жасалған 
қиянат Құдайдың аманаттарына қиянат болып табылады. Ғажабы, бір-ақ 
ауыз сөздің астарында адамның қоғаммен қатынасы қалай болу керектігі 
бекітілген. 
Қазақстан мен Орта Азиядай кең аумақта діннің сопылық дәстүр ар-
қылы таралып, жергілікті дәстүрлі исламның қалыптасқаны белгілі. Ата-
бабаларымыз  сан  ғасыр  бойы  тұтынып,  мақал-мәтел,  салт-дәстүр,  әдет-
ғұрып түрінде ұрпағының қанына, жанына сіңіріп кеткен сол ілім қазірдің 
өзінде  қазақты  төрткүл  дүниеге  қонақжай,  тыныштық  сүйгіш,  кеңпейіл 
халық  етіп  танытып  отыр.  Исламның  жергілікті  мәдениетпен  сіңісіп, 
олардың  салт-дәстүрлерін  рухани  мәнмен  байыта  түсуі  көшпенділердің 
әдет-ғұрыптарының  трансформациялануына  әкелді.  Бұл  ретте  қазақтар 
да  өзінің  сақ  дәуірінен  келе  жатқан  символикалық  мәнін  сақтай  оты-
рып, мұсылмандықпен астасқан діни ғұрыптық рәсімдерде, мемлекеттік, 
қоғамдық шараларда нақты мақсатқа пайдаланылатын болды. 
Атақты  шығыстанушы  М.  Массонның  еңбектерінде  жұма  күндері 
Түркістандағы Тайқазан суға толтырылып, жұма намазынан кейін адам-
дар кесенеде алқа құрып отырып «жария зікір», Закария пайғамбардан 
бастау  алып,  Ясауи  дәстүрінде  көп  айтылатын  «ара  зікірі»  ғибаттарын 
орындайтыны айтылады. Ғибадат біткен соң «нұрланған» қасиетті, шипа-
лы су адамдарға таратылатын болған [18, 19 б]. 
1935  жылы  Тайқазан  Санкт-Петербургтегі  Эрмитажға,  «Иран  өнері 
мен археологиясы бойынша III халықаралық конгресіне» алынады. Жарты 
ғасырдан астам уақыт сонда тұрып, 1989 жылы, қыркүйектің 18-де ғана та-
рихи отанына қайтарылады. 
Тарихи деректерде Әмір Темірдің шеберлерді жаулап алған жерлер-
ден алып келгені айтылады. Үлкен аумақтар мен көптеген елдер мен ұлттар-
дың Әмір Темір қоластында топтасып, еңбектенуі бірқатар мектептердің 
металл өңдеудегі шеберліктері мен тәжірибелерінің алмасуына ықпал ет-
кен [23, 525 б.]. Ең ғажабы шеберлердің ортақ іске жұмылуына Ясауидің 
сопылық ілімінің елеулі ықпалы айқын. Себебі, олардың жасаған туынды-
лары жергілікті құндылықтарға рәміздік белгілерге, архетиптерге негіздел-

                   1. Қазақтың мәдени-философиялық ойы тарихындағы                      85
руханият құбылысының қайнар көздері                                   
ген. Рухани ілімнің құдіреті сонда ол сан ғасырлық рухани құндылықтарды 
жаңғыртып мәнге толтырып, адамдарды да ортақ мақсатқа жұмылдырды. 
Әралуан мәдениеттің өкілдері бола тұра шеберлер өз кәсіби шеберлікте-
рін рухани іліммен байыта қолдану арқылы жалпыадамзатқа ортақ руха-
ни мәні бар туындылар жасай білуі руханияттың әмбебаптығының нақты 
мысалы. «Мәдениет – құндылықтар мен мән-мағыналар әлемі, себебі сим-
волизация үрдісі – адамзат мәдениетінің табиғи байланысы оның дамуы 
мен ұғымын ашатын көкжиегі» [24, 138 б.] деген А.Я.Гуревич «Мәдениеттің 
универсалды  категориялары  өзінің  туындауында  барлық  құбылысты 
қамтиды. Бұлар, сонымен қатар адам санасын анықтайтын категориялар. 
Кеңістік, уақыт, өзгеріс пен себептілік, тағдыр, сана сезімнің жоғары сезімге 
қатынасы, жеке мен жалпыға қатысы секілді шындықтың ұғымы мен фор-
масын қабылдауы туралы айтып отырмыз» – дейді [24, 15 б.]. Мұнда автор 
категорияларды мәдениеттің маңызды семантикалық «инвентарь» бөлігін 
құрушы деп біледі. 
Үрдістердің мәнін ашудың «кілті», заттың субстанциялық негізі бола-
тын  танымдық  категория.  Рәмізді  мәдениеттің  семиотикасы  тұрғысында 
сараптаған  Ю.М.  Лотман:  «Мәдениет  тарихының  барлық  материалдары 
әлеуметтік кодтар жүйесі мен ауқымды ақпараттар тұрғысынан талдануы 
мүмкін,  яғни  бұл  ақпараттарды  белгілерде  бейнелеп,  ұжымға  жеткізуге 
мүмкіндік береді» [25, 31 б.] – дейді. Олай болса, Ю.М. Лотманның пікірінше 
«рәміз  әлеуметтік  кодтың  маңызды  факторы»,  «рәміз  мәдениеттің  жады-
сы» бола отырып, әлеуметтік-мәдени мұраларды жинақтаушы, сақтаушы 
және  жеткізуші  болып  табылады.  Ясауи  кесенесіне  арнайы  жасалып,  сан 
ғасырлық рухани сабақтастықтың кепілі, құнды жәдігер Тайқазан – терең 
дәстүрден тамыр алып, исламдық мәнмен астасқан рухани төл мұрамыз. 
Бұл  күнде  Тайқазан  –  рухани  астана  –  киелі  Түркістан  қаласында,  әулие-
лердің Сұлтаны Құл Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі өзінің құтты орнын-
да, қазақ халқының, Қазақстан атты үлкен шаңырақтың, қала берді күллі 
түркі жұртының берекесінің, тыныштығы мен бірлігінің нышаны қызметін 
атқарып тұр. 
«Әзірет  Сұлтан»  Мемлекеттік  Әзірет  Сұлтан  мұражайы  қорындағы 
ортағасырлық  тарихи  құнды  мұрағаттың  бірі  Әмір  Темір  дәуірінен 
сақталған қола лаухалы ту. Тудың сабы ағаштан жасалынып, жасыл түсті 
бояумен  боялған,  оның  ұзындығы  8  метрге  жуық.  Лаухасы,  яғни  ұшы 
қоладан құйылған, биіктігі – 98 см, салмағы – 5 кг. [4, 35 б.] «Лауха» сөзі 
–  жазу  жазылған  тақташа  мағынасын  береді.  «Тарих  –  таным,  тағылым, 
тәрбие,  бабалар  тәжірибесі,  туған  топырағыңды  танудың  кілті,  Отаныңа 
деген сүйіспеншіліктің ақ бастауы Түркістан – төл тарихымыздың үлкен 
де күрделі арнасы. Түркістан төңірегінде ел аузында жүрген мәнді аңыз, 
әпсана мен әңгіме көп, көненің көзі, асылдың сынығы – құнды жәдігерліктер 
мол. Біз осының бәрін екшеп қажетімізге жаратуымыз керек, бабалар тә-
жірибесін игеруіміз керек» – деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі 
елдіктің, ерліктің, адамгершіліктің туын жықпаған халқымыздың рухани, 

86                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
мәдени мұраларындағы ғибратты өнегенің халық игілігіне жаратылуының 
маңызына нақты нұсқап тұр. «Адамгершіліктің туы» деген сөз тіркесінің 
халық санасында берік орын алуының өзі де Әзірет Сұлтан кесенесіндегі 
тудың мән-мағынасына тереңдей үңілуге жетелейді. «Хақ расулі Мұхамбет, 
Абзалы  артық  нұр  өткен.  Артынан  келіп  төрт  имам,  Шариғат  жолын 
күзеткен.  Сәруәр  пірдің  басшысы  –  Қожа  Ахмет  Ясауи,  Түркістанда  бұ  да 
өткен, Туына жұртын түнеткен. Зікірін айтып зарланып, Пікірін бізге мұра 
еткен» деген Сәттіғұл Жанғабылұлы өзінің жырларында «Туына жұртын 
түнетіп», яғни халқының рухани тыныштығын қамтамасыз еткен ерлердің 
есімдерін атап айтып, олардың сипаттары мен қызметін ашып көрсетеді. 
Лауханың құйылуы мен оюларынан, өрнектеліп жазылған араб, пар-
сы жазуларынан кесенедегі ортағасырлық қола бұйымдардың құйылу тех-
нологиясына тән ортақ тақырыптық, идеялық, біртұтастықты, ұқсастықты 
көреміз.  Мәселен,  лауханың  мойындығының  құрылымдық  пішінінде 
шырағдандармен  ұқсастық  айқын  көрінсе,  сүйірленген  жапыраққа  ұқ-
сас  негізгі  бөлігінің  пішіні  және  қошқармүйіз  оюлармен  аяқталуы  есік 
алқасы  мен  Тайқазанның  тұтқасына  ұқсайды.  Лауханың  өзі  екі  бөліктен 
– ортасында оюлы-өрнекті жазулары бар негізгі жапырақ формасындағы 
жалпақ бөлігінен және сығылған шарға ұқсас екі белдеуі бар конус тәріздес 
мойындығынан құралған. Негізгі бөлігінің жалпақ тұсының диаметрі – 37,5 
см, биіктігі – 59 см және мойындық табанының диаметрі – 14,5 см, биіктігі 
– 39 см. Шарларының айнала ауқымы біреуінікі – 40 см, екіншісі – 32 см. 
Лауханың үшкіл жапырақ тәрізді негізгі бөлігі мойындыққа қошқар мүйіз 
ою  түріндегі  қапсырмамен  біріктіріліп,  үш  түймешегемен  бекітілген. 
Лауханың негізгі бөлігінің ұшы қошқармүйіз оюлардың өзара симметрия-
лы,  екі  сатылы  біріккен  композициясынан  құралған.  Лауха  ұшындағы 
үлкен оюдың ұштасқан ұзын ұштарының ортасында екі жағынан бірдей 
оқылатындай етіп «Алла» сөзі ойылып жазылған. «Алла» сөзін жиектеген 
екі қошқар мүйіз оюдың ұзын ұштықтарының А бетіне Калима шәхадат 
(куәлік сөзі) жазылған: «Бір Алладан басқа Құдай жоқ екендігіне куәлік беремін 
және Мұхаммед Алланың құлы әрі елшісі екендігіне куәлік беремін! Йә, Алла!» 
Б бетінде оюдың ұзын ұштарының бірінде Аллаға мадақ, бірінде кәлима-и тау-
хид жазылған: «Бір Алладан басқа Құдай жоқ, Мұхаммед оның жіберген елшісі. 
Барлық хәлде Аллаға мадақ!» [4, 135 б.]
Лауханың  ұшындағы  қошқар  мүйіз  оюдың  екі  жаққа  шиырылған 
ұштарының  екі  бетінде  төрт  халифаның  аттары  жазылған.  А  бетінде: 
«Әбубәкір  Сыддық,  Омар  Фаруқ»,  Б  бетінде:  «Осман  Аффан,  Әли  әл-
Мұртаза»  Адамның  жүрегінен  орын  алуға  тиісті  Алла  есімін  қорғап-
қоршаған иман қауызы – кәлима шахадат ортаңғы бөлігінің А бетіне Алла 
есімін  жиектей  қаусыра  жазылған.  Осы  иманның  қауызы  –  жүрек  ділді 
тазартатын негізгі құралдың формасы – кәлима таиба және негізгі амал 
әрекет – қандай хәлде болсын Алланы мадақтау бұйрығы екінші жағынан 
да оқылатын ортаңғы бөліктегі «Алла» сөзін екі жағынан қаусыра Б бетінде 
жазылған.  Иманды  қорғап,  күзету  үшін  адамның  Алла  есімін  жад  етуі, 

                   1. Қазақтың мәдени-философиялық ойы тарихындағы                      87
руханият құбылысының қайнар көздері                                   
яғни кәлима таухидті үнемі зікір етіп, қандай хәлде болса да Аллаға мадақ 
айтудан танбауы керек деген қағида Ислам дініндегі басты ұстаным. Осы 
қағида  Ясауидің  хәл  іліміне  саятын  терең  мән-мағынамен  астарланып, 
лауханың Б бетіне сыйғызылған. Ислам дәстүріне сай адамның жүрегі жер 
көкке, ғаршы күрсіге сыймайтын, тек иманды құлының жүрегінен орын 
алатын Аллаға ғана мекен болуға лайықты. Демек, «Мені, жаратқан аспа-
ным да жерім де сыйғыза алмайды, тек момын пендемнің жүрегіне ғана 
сиямын» деген Алла Тағалаға сенім және сол орынды ластықтан тазарту 
әрекеті – Ясауидің хәл ілімінің, хикмет дәстүрінің негізгі әдісі. Хәл ілімімен 
тазарып, нұрланған жүректі ишаралайтындай ашық жерге, шапақты нұ-
рын  шашқан  бейнеде  «Алла»  сөзінің  жазылуы,  иман  қауызының  ішінде 
орын алуға тиісті негізгі мәнді көрсетеді. 
Қошқармүйіз оюдың өзі «адам» деген ұғымды ишаралайтынын ескер-
сек,  адам  табиғатының  нұрлы  рухани  жағымен  қатар,  көлеңкелі  тәндік 
қырының  бар  екендігіне  меңзейтіндей  оюлар  мен  оюлы  жазулар  бір-
біріне қарама-қарсы орналасқан. Демек, адамды кемелдікке жеткізетін ру-
хани дамудың өзі оның бойындағы осы рухтық және нәпсілік екі сипаттың 
күресінен туындай тұрып, екі дүниелік бақыттың кілтін иеленуді мақсат 
тұтып, адамгершілікті ту ететін толық адамның қалыптасуына бастайды. 
Лауханың симметриялы құрылымы, оның орталық бөлігі білік бойында ай-
налу мүмкіндігі – бүкіл дүниенің қозғалысы мен ғаршы-күрсінің үйлесімді 
айналымының  өзі  Құдайдың  құдіретімен,  Оның  сүйген  құлы,  халифасы 
– құтыбтың құрметіне жүзеге асып тұрғанына меңзейді. Мұның өзі халық 
даналығындағы «бүкіл дүние бір әулиенің дұғасымен аман тұр» деген на-
ныммен астасып жатыр. Және бұл тудың «Құтыб ул ақтаб» – құтыбтардың 
ұлығы, яғни әлемдердің темірқазығы – Әзірет Сұлтанның құрметіне, оның 
ханакасына сыйға тартылуының терең мәні бар. 
Имандылық ізгі мақсатқа жетуді көздеген адамның Исламды алғашқы 
болып қабылдап, ғибратты өмірімен кейінгіге үлгі болған төрт шариярдың 
өнегесін өзіне таяныш қылып, үлгі тұтуы дәстүрлі Исламдағы негізгі ұста-
ным.  Осының  мысалын  Ясауи  хикметтерінен  де  көреміз:  «Көрген  заман 
иланған – Әбубәкір Сыдық дүр, Ұстын болып тірелген – Әбубәкір Сыдық дүр. 
Мұңдасқанда жылаған, құлшылыққа бел байлаған, Іші-бауыры езілген – Әбубәкір 
Сыдық дүр... Екіншісі жар болған – әділетті Ғұмар дүр, Мұсылмандыққа жар 
болған  –  әділетті  Ғұмар  дүр.  Білалға  азан  айттырған,  шариғатты  білдірген, 
Діннің  сөзін  ұқтырған  –  әділетті  Ғұмар  дүр...  Үшіншісі  жар  болған  –  Оспан 
сыпайы дүр, Әркезде де жар болған – Оспан сыпайы дүр. Хақ Расулдың күйеуі, 
дініміздің тірегі,  Пенделердің азаты – Оспан сыпайы дүр... Төртіншісі жар болған 
Құдай шері Ғали дүр, Миғражда да жар болған Құдай шері Ғали дүр Айтқан сөзі 
рахманды, көрсең жүзі нұр еді, Кәпір құтын қашырған Құдай шері Ғали дүр...» 
[3, 363 б.] деген хикмет жолдарында Ұлық сахабалардың сипаттарын баян-
дайды. Исламның бастауында иман келтіріп, дінге қуат болған, діннің тара-
луына қажыр-қайратын аямаған сахабалардың есімі күш-қайратқа меңзей-
тіндей шиырылған оюда таңбалануының да өзіндік мағынасы бар. Халық 

88                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
арасындағы  Пайғамбардың  төрт  шариярына  деген  зор  құрмет  жыр-қисса-
ларда,  аңыз-әңгімелерде  олардың  ғибратты  өмірі  молынан  орын  алуынан 
көрінеді. 
Негізгі бөліктің ортасынан симметриялы түрде екіге бөліп, екі бетінен 
де  оқуға  болатындай  ойылып,  өсімдік  тектес  өрнекпен  әшекейленіп 
сулс  қолтаңбасымен  былай  деп  жазылған:  «Мұхаммед,  Әли  Алланың  бер-
ген  нығметі!».  Дүниеге  шапағатшы,  әрі  ілімнің  кені,  қаласы  болып  кел-
ген  Пайғамбар  мен  сол  ілімнің  қақпасы  –  Әзірет  Әліні  Құдайдың  берген 
нығметі деп түсіндіреді. Сонымен қатар бұл жазуды ілімнің өскелең рухын, 
шапағат етер нұрын паш етіп, екі дүниеде де бақытқа бастар қасиетіне иша-
ралайтындай өсімдік тектес өрнекпен айшықтап, екі жақтан оқылатындай 
ойып  жазылған  ашық  көрінісімен  айқындап,  симметриялық  үйлесімімен 
бейнелейді. Негізгі бөліктің ұштала біріккен жалпақ жиектерінің А бетінде:
«Йә,  Алла!  Мұхаммед  Мұстапаға,  Әли  әл-Мұртазаға,  және  Хасан  әл-
Мүжтабаға,  Кербалада  шейіт  болған  Хусайынға,  Әли  Зайн  ал-Абидинге, 
Мұхаммед  әл-Бақырға,  Жағыпар  әс-Садыққа,  Мұса  әл-Казымға,  Әли  әр-Ризаға, 
Мұхаммед әт-Тақиға, Әли ән-[Нақиға], әл-Жауад Хасан әл-Аскариге, Мұхаммед 
әл-Махдиге игілік бер! Және нәбилердің соңғысы, әрі пайғамбарлардың басшысы, 
барлық әлемді жаратқан Алланың елшісі, Мұхаммедке игілік болсын!» [4, 137 б.]. 
Пайғамбар әулеттерінің есімдері Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбар мен Әзірет 
Әлі  есімдері  айшықталған  негізгі  өрнекті  көмкере  жиектей  жазылған. 
Оларды құрметтеу, үлгі өнеге тұту, ғибратты өмірі мен істерін насихаттап 
жыр, хикметке қосып халыққа жеткізу, оларға салауат жолдап, дұға тілеу 
дәстүрімізде үзілмей жалғастық тапқан, бүгінге жеткен игілікті салтымыз. 
Осы дәстүрге сай Ислам жолында жақсылыққа жетіп, Алланың нұры жау-
ған, Пайғамбар әулеті еске алынып, оларға салауат айтылғанын байқаймыз. 
Дәстүрлі Ислам дініде – дүниеге Ислам ақиқатын паш ететін, Пайғамбар-
дың жолын жалғастырушы ұрпағы келетініне деген сенім бар. Осы сенімге 
сай қиямет күні  жақындағанда дүниеге келуі күтілетін, Пайғамбар әулеті 
– Мұхаммед әл-Махди есімі Лаухада аталып, оған игілік тіленеді. Лауханың 
негізгі  бөлігінің  Б  бетіндегі  оң  жақтағы  жазу  парсы  тілінде:  «Бұл  әлемдегі 
шайхтардың басшысы, Хазрат Хақтың [Алла Тағаланың] досы, Алауи [Әзірет 
Әліден тараған ұрпақ], Шайх Ахмет Ясауидің ханақасының туы!» Ту ұшының 
ағаш сапқа бекітілген мойындығында кесенедегі шырағдандардың  жазула-
рына ұқсас араб жазуы бар. Олар өсімдік тектес оюмен өрнектеліп, 18 см 
ұзындықта сулс қолтаңбасымен айналдыра бедерленген мәтіннің мағынасы: 
«Құрметті сұлтан, патша, ғалым, сөзіне ісі сай, әділетті Әмір Темір Көреген». 
«Жүсіптей асыл нұр өткен, Әзіреті Әлі - Шер өткен, Шыңғыстай асқар шың 
өткен,  Көреген  Темір  дүр  өткен.  Сан  пайғамбар,  сахаба,  Құдайдың  досы 
бұ да өткен. Аллалаған пір өткен, Туына жұртын түнеткен. Зікір, таспих, 
жария,  Мешіттің  ішін  гүл  еткен.  Хақ  Расулдың  сүннетін,  Қожа  Ахметтің 
міндетін, Өшіре көрме жүректен» деген Қашаған Күржұманұлының жыр 
шумағында  Ақиқат  жолындағы  қасиетті  күрестің  ғибратын,  сол  жолдағы 
ту  ұстаған  ерлердің  мұратын,  тудың  киелілік  мәнін  және  Құдайдың  на-

                   1. Қазақтың мәдени-философиялық ойы тарихындағы                      89
руханият құбылысының қайнар көздері                                   
зары түсетін нысан – адам жүрегінде орын алуға тиісті басты құндылық – 
Пайғамбар сүннеті мен Ясауи міндеті екенін көреміз. 
Ту  –  халыққа  ұйытқы  болар  пірдің  қолындағы  басты  рәміздік  белгі-
лердің бірі. Бұл жырда Ту ұстаған ел бастаушы кемел пірдің күрескерлік 
мақсаты – Пайғамбар сүннеті мен Қожа Ахметтің міндетін жүректе сақтау 
деп  анықтайды.  Демек,  осы  міндетке  адалдық  үшін  жүзеге  асатын  күрес, 
майданының  орны  да  жүрек  екені  белгілі  болады.  Күрестің  құралы  мен 
тәсілін де анық нұсқайды. Біз ту лаухасының пошымы мен ою өрнек жазу-
ларынан оның киелілік мәнін түйсінсек, ишаралық мазмұнынан ғибратты 
мағынасын  түсінеміз.  Демек,  Ясауи  кесенесіне  сыйға  тартылған  Ту  – 
Пайғамбар хадисіндегі үмметін Ұлы жихадқа, яғни нәпсімен күресіп, руха-
ни кемелдік үшін шайқасуға шақырған өсиетіне сай осы күрес майданына 
бел буған, Ақиқат жолды қалаған майдангерлердің туы ретінде есептеледі. 
Бірде Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) сахабаларымен бірге аса ауыр соғыс – «Та-
бук» жорығынан көптеген жауынгерлері шәиіт болып, қалжырап қайтып, 
Медине қаласына жеткенде: «Кіші соғыстан ұлы соғысқа қайтып келдік» де-
ген. Сахабалардың: «Кәпірлермен соғысудан да үлкен жихад барма екен?» 
деген сауалына Пайғамбар с.ғ.с: «Йә, ол – нәпсімен күресу» деп жауап бер-
ген. Нәпсімен күресіп, руханиятын өсірген адамның иеленетін ілімі – халық 
даналығында айтылғандай «Білекті – бірді жықса, білімді – мыңды жығатын» 
сан мыңдаған адамды дұрыс жолға салатын ілім. Лауханың негізгі бөлігінде-
гі оюлы жазу ладуни ілімге меңзеп, сол ілім иелерін атап, оларды «Алланың 
сыйы» деп біледі. Осы Алланың сыйы, шексіз қазынасы – ладуни ілімнің өзі 
адамның  жүрек  тереңінен  иман  нұрымен  табылатын  жауһар.  Ол  қазына 
Пайғамбарға махаббат, ұстазға құрметпен қолға түсіп, Алланың бірлігі мен 
барлығын негіздеуге бағытталады деген сенім сопылықтағы басты ұстаным. 
Осы таухид танымын жүрегіне орнықтырған адамның кемелдікке жететіні, 
қоғамға  да,  адамзаттың  рухани  қазынасына  да  мол  үлес  қосатыны  сөзсіз. 
Абай  атамыз  азамат  ердің  бойынан  табылуға  тиісті  асыл  қасиет  «Нұрлы 
ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат» деп білсе, лауханың рәміздік мән-мағы-
насы дәл осыған саятынын көреміз. Лауханың ұшындағы үшінші бөлігі жа-
ратылыс  дүниесін  ишаралайтындай  толықмәнді  аяқталған  қошқармүйіз 
оюдың  композициясымен  бейнеленген.  Осы  үшінші  бөлігі  –  кемел  адам-
ды бейнелеген лауханың орталығы бөлігінің алақанында тұрғандай болуы 
– рухани кемелденген адамның бүкіл жаратылыс сырын меңгеріп, ладуни 
ғылымды иеленетініне нұсқайды. «Ақыл құсы адаспай аспандаса, Әлемде 
нәрсе болмас оған таса. Жеті көк жерден оңай басқыш болып, Ғарышқа қол 
жетеді қармаласа. Жанның бәрі мендей жар табар еді, Терең ой, сау ақылмен 
шамаласа» деген Шәкәрім қажының сөзі осыны ишаралайды. 
Бұл туды ұстап, халықты осынау Ұлы майданға шақырып топтастыра 
алатын адамдардың өзі сол жолды қалаған, осы күресте нәтижеге жетіп, 
дәреже  иеленген  әулиелер.  Ұлы  жиһангер  Көреген  Әмір  Темір  рухани 
ұстазына  деген  зор  құрметпен,  Әзірет  Сұлтанның  ханакасына,  сол  жол-
ды жалғастырушы шәкірттерге сыйға бұл Туды арнайы жасатып, тартуы 

90                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет