Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет11/49
Дата16.02.2017
өлшемі2,81 Mb.
#4223
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   49

                                                      және этномәдени негіздер
ғасырдың бірінші ширегінің өзінде жыл сайын «Халуатқа» қысқы күн мен 
түн теңелер мезгілде жиналып зікір салатындардың саны жиырма мыңға 
жетіп  отырған.  Ясауийа  мәдениетінің  зерттеушісі  өзбекстандық  ғалым 
М.Хашимов Ясауидің «жерасты қылует мешіті» дәстүрге айналып, кейінгі 
шәкірттерінің  көбі  жер  асты  мешітін  салдырғандығын;  мұндай  түсініктің 
сопы-дегдарлардың бұл дүниенің баянсыз тіршілігінен безіп, оңаша Алла-
мен үндесуді қалауынан туғандығын айтады [13, 7 б.]. 
Хз. Аббастың баласынан («Әзһар ал-хаққ» кітабының 31-бетінен алын-
ған) рауаят болған тағы бір хадисінде Хазіреті Пайғамбар: «Бір адам Ұлық 
Аллаға  шын  ықылас  қылып,  қырық  күн  ғибадат  қылса  жүрегінің  көзі 
ашылып, даналық жүрегінен тіліне бұлақша ағады» дейді. Бұл Пайғамбар 
(с.ғ.с.) хадисі Мұса Кәлимоллаға қатысты Құран Кәрімнің аятына негізделе 
тұрып,  тақуалықтың  маңызы  мен  мәнін  ашады.  Халқымыздың  қырық 
санының  мезгілдік,  мекендік,  сандық,  қасиет-киесіне  ден  қоюының  өзі 
Құран аңыздарындағы ақиқатқа негізделгенін көреміз. 
Ахмет Ясауидің хикметтерінде 63 жасында жерастына Қылуетке түсіп, 
тағы да сонша өмірін бұл дүниенің ләззәттарынан бас тартып, нәпсімен то-
лассыз күрес жүргізе отырып, Қылуетте өткізумен байланысты Қылует тағы 
бір жаңа мән-мағынаға ие болады. «Өлмес бұрын жан бермектің дертін тарт-
тым»  деген  Ғұламаның  “Өлім  алдындағы  өлуі”,  яки  өлімді,  нәпсі-һәуаны 
жеңуі жайлы хикметтерінде Пайғамбар (с.ғ.с.) хадистерінің мән-мағынасын 
81-хикметте былайша ашып баяндайды: «Муту қабла ан тамута» аяты бар. 
Ғашық  жандар  өлмес  бұрын  өлер-дүр.  Махаббаттан  хабар  білген  ғашық 
жандар  Алла  десе  тоғыз  аспан  күйер-дүр.  Көк  үйінде  күркіресе  шындық 
үні.  Періштелер  әзіз  жаннан  түңілер-дүр».  «Жер  астына  Мұстафаға  аза 
тұтып кірген» Әулиелердің Сұлтаны Пайғамбарға (с.ғ.с.) құрмет пен Оның 
сүннетіне  адалдықтың  үлгісін  көрсетеді.  «Алпыс  үште  нида  (хабар)  келді 
«Құлым, жерге кір, – деген, – Жаныңменен жананыңмен шыбын жанды бер, 
– деген. «Һу» (зікірін) семсерін қолға алып нәпсіні қыр, – деген. Бір және Ба-
рым дидарыңды көрермін бе?!» дейтін хикмет жолдары Хақ дидарына ғашық 
болған сопының бұл әрекетке ерекше хабар ілһам алған себепті барғанын 
ескертеді. Ол түп мақсаты дидар-талапқа осылай жеттім дейді. «Алпыс екі 
жаста мені Алла жерге тартты, Бастан-аяқ надандықтан азат етті» [3, 208 б.] 
деуі  арқылы  Қылуетке  хақиқат  ілімді  иеленген,  рухани-интеллектуалдық 
кемелдікке жеткен, жоғары рухани  мақамға ие болған шағында барғанын 
мәлімдейді. 
«Мират  ул-қулб»  кітабында  «Муту  қабла  ан  тамута»  жайлы  хадис-
ке  –  «физикалық  өлімнен  бұрын  нәпсіні  арылту,  жеңу  деген  мағынаны 
береді. Көңілде, Алладан басқа барлық қалау талаптарды жою, өлтіру де-
ген  сөз.  Осылайша  өз  еркімен  бойындағы  құмарлықты  өлтіргендер  руха-
ният әлемінде жаңа бір өмірге қадам басады» [10, 120 б.] деп түсінік береді. 
Жалпы  өлім  тақырыбының  Әзірет  Сұлтан  хикметтерінде  жырлануы  мен 
оның Қылуетке түсуі жайлы толғаныстарының өзара ортақ және жеке сөз 
қыларлық тұстары бар. «Диуани Хикметте» «Алпыс үште жер астына кірдім 

                   1. Қазақтың мәдени-философиялық ойы тарихындағы                      77
руханият құбылысының қайнар көздері                                   
мен», «Естіп оқып жер астына кірдім мен» деген қайталанып, әр шумақтың 
соңында келіп отыратын жолдармен түйінделген хикметтерде жер астына 
кіру мақсатын, себебін, халін, күйін, алған тәлім ғибратын баяндайды. Алпыс 
үш жастың рәміздік мағынасы да үлкен. Пайғамбардың бұл дүниеден бақиға 
өткен жасын нақты нысан қылып белгілеген Әзірет Сұлтан «Сүндеттерін бе-
кем ұстап, үмбет болдым, Жер астына жалғыз кіріп, нұрға толдым» дейді. 
«Өлімді  өліммен  жеңуімен»  байланысты  пайғамбар  ұлағатын  дәл  осы 
63  жасында  рухани  деңгейде  жүзеге  асыру  арқылы  Пайғамбар  өсиетіне 
адалдығын дәләлдейді. Демек, Қожа Ахмет Ясауидің 63 жасында Қылуетке 
түсуі  «Өлім  алдындағы  өлу»  деп  аталғанымен  астарлы  рәміздік  мағынасы 
нәпсіні  жүгендеп,  рухани  жеңіске,  мәңгі  тірілікке  жетуге  меңзейді.  «Ма-
хаббат  арқылы  «өлмес  бұрын  өлу»  адамды  жоғары  парасаттылық  пен 
кемелдікке  жетелейтін  сопылық  дүиетанымдық  шама.  Осы  ерікті  өлім 
арқылы адам бұл дүниеде, тірі кезінде-ақ тәңірге қауышып, өз ақиқатының 
сырына, шынайы кісілігіне жетіп отыр. Яғни, ерікті өлім адамның шынайы 
кісілігін қалыптастыратын сезім әрі құбылыс ретінде бұл дүние мен ақырет 
арасындағы  айырмашылықты  жояды.  Қарапайым  адамдардың  ақыреттен 
күткен үміті кемел адамдар үшін бұл дүниеде жүзеге асады. Шындығында, 
ерікті өлім арқылы бұл дүние мәнді мағыналы құндылыққа айналып, ақы-
реттен де қымбатты, сырлы күйге енеді. Өйткені, ақырет ақиқатының пердесі 
осы дүниеде ашылып, адам өлмей тұрып-ақ өлімнен кейінгі әлемді тани ала-
ды» [14, 217 б.]. Осы жер астында өмір сүрген уақытында Алла Тағаланың 
шексіз  Рахым-шапағатын  және  Құдайдың  сүйген  құлдарына  қайғы-мұң 
жоқ  екендігін  дәлелдейтін  көптеген  кереметтер  көрсетеді.  «Диуани  Хик-
мет» сияқты даналық дастанын болашақ ұрпаққа мұралап, хикмет дәстүрін 
қалыптастырады.  «Ақылға  ерсең  көрстаннан  хабар  алғыл  «Мен  де  сондай 
болармын» деп ғибрат алғыл», «Муту қабла ан тамутаға» ғамал қылғыл» [3, 
251 б.], «Ей мұсылман бұл дүниенің баяны жоқ, Шын білерсің әркез бұның 
жалғаны жоқ. Кім білмесе бір Алланы иманы жоқ, Естіп оқып жерге кірді 
Құл Қожа Ахмет» [3, 263 б.] деген хикметтерде «Өлім» – бұл дүниенің өткінші 
жалғандығын, баянсыздығын анықтайтын шындық ретінде көрсетіледі. 
«Адамның бұл дүниеге келгендегі мақсаты не? Бұл дүние жалған бол-
ғанда, ақиқат дүние қайсы? Ажалдың жалған дүние мен ақиқат дүниенің 
шекарасы ретіндегі мәні қандай? Бұл дүниеге еріксіз келіп еріксіз кететін 
адамның баянды бақытқа яғни, екі дүние бақытына жетуі үшін не істегені 
жөн?» деген сұрақтар адамзаттың ежелден жауап іздеген сауалдары. «Адам 
бұл дүниеге қонақ» деп білген халқымыздың даналығы Рухани Ұстаздардың 
тағылым-ғибраты  мен  өнегесін  терең  түсінгендігінің  белгісі.  Қожа  Ахмет 
Ясауи бабамыздан бері үзілмей келе жатқан сырлы сабақтастықты Шәкәрім 
Құдайбердіұлының өзіне «Мұтылған» деп ат қойып, жасы ұлғайған шағын-
да  жұрттан  оңаша  кетіп,  Шыңғыстаудағы  Саятқораны  жападан-жалғыз 
паналап,  рухани  мұраларын  болашақ  ұрпаққа  жазып  қалдырғанынан 
аңғарамыз. Әулиенің жүрек түкпірінен шыққан жан сырына жүгінсек, Ол 
«Қырық жасынан кейін Хақиқаттың нұрына қол жеткізіп», өмірдің мәнін 

78                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
ұққансын, Ақиқаттың атар таңында Хақтықтың жолын қалаған жастардың 
дүниеге келеріне, асыл мұрасының оларға жететіне кәміл сенген. 
Жиһангер қолбасшы Әмір Темір өзінің рухани ұстазына зор құрметінің 
белгісі ретінде салғызған сәулет өнерінің ғажайып туындысы – Қожа Ахмет 
Ясауи кесенесі Жамағатхана, Қабірхана, Мешіт, Кітапхана, Үлкен ақсарай, 
Кіші  ақсарай,  Асхана,  Құдықхана  және  бірнеше  құжыра  бөлмелерден 
тұратын, діни-ғұрыптық, діни-ағартушылық, тұрмыс-салттық қызмет түр-
лерін атқаруға арналған аса күрделі, аса зор кешенді құрылыс болуымен 
ерекшеленеді.  Сәулет  ғимараты  сан-салалы  қызмет  атқаруымен  қатар, 
қоғамның  да  саналуан  деңгейіндегі  мүшелерінің  басын  бір  жерге  қосып, 
қоғамдағы  келісім  мен  тұрақтылықты,  ынтымақ  пен  өзара  қамқорлықты 
қамтамасыз  еткен  орталық  болған.  Әмір  Темір  Ясауи  кесенесі  халыққа 
толыққанды  қызмет  жасаудағы  қажеттілігі  үшін,  қамқорлық  ретінде  ар-
найы Уакфтық қор жайлы қолхат та қалдырған. Ал, бүгінде мұражайдағы 
құнды жәдігерлер – Тайқазан, Лауха, Шырағдандар, қақпа есіктер және тағы 
басқалардың Әзірет Сұлтан кесенесіне арнайы жасалып, Әмір Темір тара-
пынан сыйға тартылуы оның Ясауи іліміне деген зор құрметінің айғағы.
Бұл  жәдігерлердің  терең  символдық  мәні,  ғибраттық  тағлымдық 
мағынасы Әмір Темір Көрегеннің де осы ілімді терең меңгергендігін біл-
діреді.  Оның  тек  жиһангер  қолбасшы  ғана  емес,  адамгершіліктің  туын 
жоғары ұстаған кемел тұлға екендігін көрсетеді.
Бүкіл құрылыстың мағыналық кіндігі – Жамағатхананың төрінде ор-
наласқан  әулиелердің  Сұлтанының  асыл  сүйегін  арулап  қойған  Қабір-
хана  бөлмесі  болып  табылады.  Қабірхананың  дәл  ортасында  құлпытас 
орнатылған.  Әулие  қабірханасының  маңыздылығы  ғимараттың  төріне 
орналасқандығынан ғана емес, күмбездің өзіне жалғасып жатқан солтүстік 
порталдың таңғажайып әшекейінен де аңғарылады. Кіре беріс – портал, 
ортадағы негізгі бөлме – Жамағатхана, төрдегі – Қабірхана жалпы кешеннің 
мәні  мен  мазмұнын  анықтайтын  негізгі  мағыналық  өзегін  құрап,  бір-
біріне жалғасып ортасында тұр, басқа бөлмелер осыларға жалғастырыла 
салынған.  Демек,  Әулиелердің  Сұлтанына,  Машаихтардың  ұлығына  де-
ген  сый-құрмет,  ықлас-пейіл,  сүйіспеншілік,  оның  шарапатынан  үміт 
ету, оның қабірінің басында Құдайдың назары, періштелердің шапағаты 
болғандықтан  тілек-дұғалардың  қабыл  болуына  деген  сенім  халық  сана-
сында берік орын алған. Осыған сай негізгі атқарылар ғибадаттар зиярат 
пен зікір болғандықтан ғимараттың басты бөлмелері осыған лайықталған. 
Ғимарат кесене аталғанымен, ол қоғамның діни рухани-ағартушылық 
сұраныстарын жан-жақты қамтуға арналған кешенді құрылыс – Тәккиенің 
қызметін  атқарған.  Жамағатхананың  оң  жағында  мешіт  бөлмесі  мен 
кітапхана  орналасқан.  Зиярат  етіп  келген  халықтың  құлшылық,  ғибада-
тын  атқаруға  арналған  –  Мешіт  ерекше  нақышпен  көркемделген,  тама-
ша  сәулет  құрылысы.  Үлкен  ақсарай  бөлмесі  ХV  ғасырдың  аяғынан  ХІХ 
ғасырдың  бірінші  ширегіне  дейін  Түркістанда  қазақ  хандарының  орда-
сы орналасқан кезде хан сарайы (ордасы) ретінде қолданылып, мұнда ел 

                   1. Қазақтың мәдени-философиялық ойы тарихындағы                      79
руханият құбылысының қайнар көздері                                   
басқару және мәмлігерлік істер, әскери келіссөздер өткізіліп отырған. Әу-
лие мазарының жанында келелі мәселелер, маңызды мемлекеттік істерді 
шешетін орынның сайлануының өзінен ата-бабаларымыздың әрбір ісінде 
Құдайдың қолдауынан, әулиенің шарапатынан үміт еткені көрінеді. Кіші 
Ақсарай бөлмесіне 1999 жылдың маусым айының 3 жұлдызында кесенеге 
алты  жыл  жүргізілген  жаңғырту  жұмыстары  кезінде  табылған  мәйіттер 
қайта жерленген. Қолда бар мәліметтер бойынша Әулие қабірінің жаны-
на  қазақ  халқының  21  хан-сұлтаны,  көптеген  батырлары  мен  билері  игі 
жақсылары  жерленген.  Олардың  қияметте  тиер  Шейх  ул  машайықтың 
шарапатынан үміті болуымен қатар, өздерінің ата жолына адалдықтарын, 
Рухани Ұстазына құрметін айғақтап, елді тұтастыққа үндеу үшін қазақтың 
ұланғайыр  даласының  қандай  қиырынан  болсын  өз  сүйектерін  әкеліп, 
Әзіреті Сұлтанның босағасына қоюларын өсиет етіп қалдырған. 
Ясауи тұлғасы, соңында қалдырған бүкіл рухани мұрасы ерді адам-
гершілік  кемелдікке  жеткізуімен  қатар,  елді  тұтастыққа,  бірлікке,  мем-
лекетшілдікке  үндейтін  маңызды  орталық  болды.  Бұл  жердің  қазақ 
халқының  рухани  тұлғаларының  ұлттық  пантеонына  айналуының  өзі 
Түркістанның  қасиет-киесін,  елдің  рухани  астаны  деп  танылған  рәміздік 
мазмұнын білдіреді. Осынау зор діни-ғұрыптық, рухани-ағартушылық ке-
шен  бүкіл  құрылымдық  бірегейлігімен  қатар,  аса  көркем  безендірілген. 
Ондағы  ою-өрнектерде  таңбаланған  терең  мағыналы  Құран  аяттары, 
Пайғамбар  хадистері  және  халық  даналықтарынан  дәстүрлі  Исламдағы 
басты  қағида,  негізгі  ұстанымды  көреміз.  Кесененің  сыртында  оңтүстік-
батыс мұнарасынан бастап үш жағын толығымен қамтып, солтүстік-шығыс 
мұнараға тіреліп аяқталатын жоғарғы фризде (басқұрда) Құран-Кәрімнің 
Әнғам сүресінің 59-63 аяттары сулс жазу үлгісімен таңбаланған. Бұл аят-
тарда шексіз Құдірет пен Ғылым иесі Алла Тағаланың назарынан қараңғы 
мен көместің, түпсіз тереңнің де ешқандай сыры тыс қалмайтындығы ай-
тылады.  Сондай-ақ,  Оның  құзырындағы  адам  баласының  жаратылысы 
мен тіршілігі, ұйықтауы мен оянуы, тірілігі мен жан тапсыруы, есеп беруі, 
Түп  иесіне  қайта  оралуы,  медет  тілеуі  сияқты  жағдайларының  барлығы 
тек Алланың қалауымен жүзеге асатыны айтылады [4, 54 б.]. 
Батыс қабырғаның фризден төменгі негізгі бөлігінде «куфи бинаи ма-
кили» жазу үлгісімен; бояулы қаптама кірпіштерді пайдаланып, шартарап-
ты ишаралайтын шармықтың ішіне үздіксіз айналым белгісіне ұқсас өзара 
ұласып жатқан «Алла Раббым және Мұхаммед пайғамбарым» [4, 59 б.] сөздері 
жазылған.  Бұл  жазулардың  сәнді  көркем  өрнектерінің  өзі  өзара  ұштаса 
ұласып,  шексіз,  үздіксіз  қозғалысты  ишаралауы  арқылы  Алла  есімі  мен 
оның пайғамбарын үнемі естен шығармай жад етуге шақырады. Кесененің 
солтүстік фасадының негізгі бөлігінде «Пенде жоспарлайды – Алланың қалауы 
болады»  деген  жазу  таңбаланған.  Бұл  жазудың  мағынасы  халқымыздың 
тұрмыс-салтынан терең орын алған, әрбір істі бастағанда берекетін Құдай-
дан тілеп, ақсақалдың, халықтың батасын алып кірісуі және нәтижесін Ал-
ладан  күтуіне  саяды.  Яғни,  адамның  ниет  қылған  ісінің  оның  екі  дүниесі 

80                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
үшін  де  игілікті  нәтижеде  аяқталуы  үшін  Құдайдан  сұрап,  ниет-тілеуді 
түзетіп  алып  бастауға  шақырады  [4,  67  б.].  Гүлдестелерде,  қабырғаның  әр 
тұсында, әралуан өрнектермен Алланың көркем есімдері, пайғамбар (с.ғ.с.) 
аты таң-баланған. «Бүкіл жаратылыстың иесі Алла», «Бағыт көрсету Аллаға 
тән», «Күш-құдірет Алланікі», «Мәңгі-бақилық сипат Аллаға тән», «Ұлылыққа 
жету Алламен болады» [4, 99 б.] деген Алла Тағаланың ұлық сипаттарын әс-
петтеп, мадақтайтын, пенденің әлсіздігін әйгілейтін сөздер жазылған. Алла 
Тағаланың Ұлықтығын айтумен бірген Ясауидің хәл іліміндегі Алланың Ра-
хымынан үміттену, Қаһарынан қорқудан тұратын Құдайға деген махаббат-
тың көрінісін кесенедегі жазулардан да анық аңғарамыз. Солтүстік портал-
дың ішкі жақтауындағы «Кім өзін өзі таныса, сол – Раббысын да таниды» деген 
Пайғамбар (с.ғ.с.) [4, 77 б.] хадисі Қожа Ахмет Ясауидің хәл ілімінің негізгі 
мәні болып табылады. Ал кесененің шығыс қабырғасында Алланы пәктей-
тін  –  «Сұбһан-Алла»,  мақтайтын  –  «Алһамду-лилла»,  ұлықтайтын  –  «Аллаһу 
Акбар» тәспихтары өзара ұштаса ұласып жатқан геометриялық өрнектерде 
таңбаланған.  Бұл  сөздер  де  Алланы  үздіксіз  еске  алып,  зікір  етудің  негізгі 
үлгілері ретінде көрсетілген. Осы шығыс қабырға фризінің соңында кесене-
ні  өрнектеген  шебердің  есімі  Құл  қажы  Хасан  Күрди  Ширазидің  есімі, 
жұмыстың аяқталған жылы (х.809/м.1406-07) жазылған [4, 53 б.].
Әзіреті Сұлтан кесенесі Ясауи ілімінің өміршеңдігінің үлгісі, халық-
тың рухани, діни, қоғамдық, әлеуметтік қажеттіліктеріне сай жан-жақты 
қызмет атқарып келген, елдіктің және мемлекетшілдіктің ордасы болған 
ғимарат. Бүгінгі еліміздің тәуелсіз даму жолына түсіп, халқымыздың ру-
хани мұраларын зерттеудің өзектілігі артқан тұста оның – Ясауи ілімінің 
ашық кітабы ретіндегі танымдық-ғибраттық мәні арта түсуде. 
Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі Көреген Әмір Темір 
заманынан қалған құнды жәдігерлердің тағы бірі және бірегейі қазандық 
бөлмесінде тұрған қасиетті Тайқазан. Бұл қазан 1399 жылы 25 маусымда 
(хижра 801 жыл, 20-шаууал), Түркістан қаласының батысында, 27 шақырым 
жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде, сирек кездесетін жеті түрлі асыл 
металдың (мыс, мырыш, алтын, күміс, қола, қорғасын, темір) қоспасынан 
құйылған. Қазанның салмағы 2 тонна, сыйымдылығы 3 мың литр, биіктігі 
– 1,60 м, диаметрі – 2,42 м. Тұғырының биіктігі – 0,54 м, диаметрі – 0,607 м. 
Тайқазанның  сыртқы бөлігінің өрнектелуі бес бөліктен тұрады. 
Бірінші жоғарғы бөлігінде қазанды айнала сулус қолтаңбасымен Құран 
Кәрім аятынан үзінді жазылып, ол пайғамбар хадисімен жалғасады, одан 
соң қазанның кімге арнап жасалғаны, аяқталған жылы берілген. Екінші қа-
тар ірі он кубба және он өрнекті тұтқа арқылы жиырма картушқа бөлінген. 
Оның қатар орналасқан екі бөлігіне сулус қолтаңбасымен шебердің өз аты-
жөні жазылған болса, қалған он сегіз бөлігінде куфи жазу үлгісімен парсы 
тілінде  берекет  тілеу  сөзі  берілген.  Үшінші  қатарда  Құдайдың  Құдыреті 
жайлы ескерту куфи жазу үлгісімен 22 рет қайталанып жазылған. Төртінші 
қатардағы қазанның бүйір бөлігінде тұтқа өрнектеріне ұқсас үлкен жапырақ 
түріндегі он ою бедерленіп, жиырма кіші кубба орналасқан. Аяқ тұғырымен 

                   1. Қазақтың мәдени-философиялық ойы тарихындағы                      81
руханият құбылысының қайнар көздері                                   
шектесетін бесінші бөлігінде қиылысқан доға сипатындағы өрнектер бедер-
ленген  (4,  126  б.).  Жалпы  формасы  жүрек  пішініне  ұқсас  және  қазақтың 
дәстүрлі қошқар мүйіз оюларының нәзік үйлесімді иірімдерінен тұратын 
қазандағы өрнектер Ахмет Ясауидің хәл, яғни жүрек ілімінің мағынасына 
меңзейтіндей. Осы жүрек пішіні мен қошқар мүйіз оюларының саналуан 
композициясын  кесенедегі  лауха,  қазанның  тұтқасы,  шырағдандар,  есік 
алқасы, т. б. көптеген заттардан көріп, оларға тән ортақ ұлттық нақыштағы 
біртұтас  идеялық  бірлікті  аңғарамыз.  Жүректің  рәміздік  мән-мағынасын 
ашу, Ясауи ілімінің, жалпы сопылық ілімнің, исламның рухани мазмұны-
ның кілтін табу екенін осыдан көреміз. 
Аталмыш  қазан  кесененің  сәулеттік  сипатымен  және  қабірханадағы 
қабіртастың өлшемдерімен өзара үйлесімде ортақ геометриялық шешімге 
сай жасалған. Ақжан Машанның тұжырымынша Қожа Ахмет Ясауи кесенесі 
жеті қат көкті, 12 мүшел мен жыл есебін бейнелейтін космос моделі сын-
ды құрылыс. Ал, оның шағын үлгісі іспеттес Тайқазан астрономиялық мәні 
бар қызмет атқарған. Зерттеушілер арасында Тайқазан атауындағы «Тай» 
сөзінің шығу төркіні түркі, монғол халықтарында жылқы малының киелі 
саналып, құрбандық шалу рәсімінде пайдалануына байланысты туындаған 
деген пікір бар [15, 114-115 б.]. Алып қазан құю ісі арнайы жобасы жасалып 
жүзеге асырылған. Қазанды дайындауда сол заманға тән өзіндік ерекшелігі 
бар озық технологиялар қолданылғаны сөзсіз. Қазанның бөліктері қалып-
тарда  жеке-жеке  құйылып,  соңынан  құрастырылған.  Сондай-ақ  ол 
ұсталардың зор шеберлігі мен үлкен қажыр-қайратын, көп жұмыс күшін 
және  олардың  бір  мақсатқа  жұмылған  рухани  тұтастығын  қажет  қылған 
жұмыс. Тайқазанның бүкіл құрылымы, формасы, нақышты өрнектелуі, эпи-
графикалық жазулармен жабдықталуы аса шеберлікті қажет етеді. Соны-
мен қатар, осыншалықты терең мән-мазмұнның туындыда композициялық 
үйлесім, көркемдік шешім табуы – шебердің сопылықтың рухани ілімін ие-
ленген кемел тұлға болғандығынан хабар береді. Оны жасау шеберлердің 
рухани  ұстаз  –  пірдің  жетекшілігімен  ортақ  мақсатта  топтасып,  рухани 
бауырластықтың ішкі тәртібіне қалтқысыз бағынуы нәтижесінде іске асуы 
мүмкін. Кәсіптік негіздегі тариқат бірлестігінің мүшелері өзінің  кәсібін, мә-
селен ұсталықты пір-ұстаздың жетекшілігімен шебер меңгерген [16, 70 б]. 
Ал, олардың ұстаздары осы аймақта рухани ықпалы зор Ясауи тариқатының 
шейхтары болған. Ұста Әбділ Әзиздің өзі де Ясауидің хәл ілімінен нәр алып, 
жергілікті  мұсылмандық  дәстүр  аясында  ұсталық  құрғанын  Тайқазанның 
рәміздік мәнінен, көркемдік ерекшеліктерінен, құрылымынан аңғаруға бо-
лады. Кәсіптік негізде топтасқан тариқат мүшелерінің әртүрлі  шеберхана-
лар айналасында топтасқаны, осы тариқат мүшелерінің кәсіби білімі мен 
біліктілігін рухани тәрбиемен ұштастыра қабылдайтын дәстүрі белгілі. Ор-
тағасырлық  шеберханалардың  рисала  жарғыларында  ұста  мен  шәкірттің 
орны,  олардың  өзара  және  қоғаммен,  тұтынушымен  қарым-қатынасы 
жан-жақты  сипатталған.  Ұста  шәкіртін  шеберлікке  баулумен  қатар,  діни 
білім  беріп,  кәсіпті  киелі  деп  танытып,  адалдыққа,  қайырымдылыққа, 

82                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
адамгершілікке  тәрбиелеген.  Шеберханалардың  ережелерінде  рухани 
ілімнің негізі ретінде ислам шариғаты, тариқат қағидалары, діни сопылық 
тәжірибені үйреніп, орындау бекітілген [17, 223-224 б.]. Кәсіби шеберлік пен 
рухани  практиканың  ұштасуы  адамның  жан-жақты  дамуына  игі  ықпалы 
тиген. 
Сонымен  қатар,  рухани  кемелдену  мен  шеберліктің  шыңына  жету 
жолындағы  ізденістердің  бір-біріне  өзара  ұқсастығы  рәміздік  тұрғыда 
оларды  өзара  астастыра  түсінуге  негіз  болады.  Рухани  дәрежеге  жету 
жолындағы әдіс-тәсілдерді қолданғанда да, талапкердің хәлін, мақамдарын 
түсіндіруде  де  руханилықта  айтып  жеткізілуі  қиын  нәрселерді  кәсіби 
атаулар  арқылы  бейнелеумен  ұғындыруға  болған.  Рәміздің  осы  жерде 
де маңызды орны көрінеді. Мәселен, әрбір шеберхананың өзіндік кәсіби 
құпиялары болған. Себебі шеберліктің құпиясын кездойсоқ білген, бірақ 
ол  шеберхананың  рухани  тәрбиесін  қабылдамаған,  рухани  жетілмеген 
адам, білімін теріс ниетпен, зиянды іске пайдалануы мүмкін. Сол кәсіби 
ілім  сияқты  таза  руханияттың  да  ашылған  сырларын  иеленген  ілім  иесі 
оны паш ете беруден сақтанған. Әрбір ілімнің жауапкершілігін, салмағын, 
рухани  жағдайы  лайық  емес  адамға  ауырлығын  түсінген.  Қ.А.  Ясауи 
бабамыздың «әр сыр көрдім перделеп, бүркеп жаптым» деуінің бір мәнісі 
осында. Ал осы сырды бүркейтін перде қызметін, символдық тіл атқарған. 
Рухани хәлді түсіндірудің қиындығын символдық тіл арқылы шешкен, со-
нымен қатар, сырлы ілімді бүркемелеп тек лайықты адам қолы жететін 
қымбат қазынаға айналдыру қызметін де рәміздер атқарған. Ол перденің 
де қат-қабат дәрежелері бар. Рәміздің сырына бойлаудың да мағыналық, 
мәндік, т.б деңгейлері бар. Бір ауыз рәміздік сөзден сопының рухани хәл-
жағдайын  жай  ұғымдық  деңгейде  түсіну  бар.  Бұл  рәміздің  мағынасын 
түсіну дәрежесі. Одан да жоғары дәрежеге тек сол хал-жағдайға сол бір 
ауыз  сөздің  әсерімен  ене  алатын,  мәніне  бойлайтын,  соған  сай  рухани 
тазалық  деңгейі  бар  сопылық  жолды  қалаған  жолаушы  ғана  лайықты. 
Бұл рәміздің мәніне жету. Сондықтан рәміздің мағынасын түсіндік дегені-
мізбен, әрқашан мәнінен тыс қалатынымыз хақ.
М.Е. Массонның зерттеуінше қазанның төңірегінде жылқы құйрығы 
тағылған он ту тұрғаны белгілі. Олардың кейбірінің жарты ай бейнесі мен 
жазулары бар ұштары да болған [18,15 б.]. Қазақстан мен Қырғызстанның 
аумағында  жүргізілген  археологиялық  қазба  жұмыстары  барысында 
табылған  қазандарды  ғалымдар  екі  түрге  бөледі.  Біріншісі  –  «сақтық» 
немесе  конусты  тұғыры  бар  қазандар,  екіншісі  –  тұғырсыз  қазандар. 
Кесенедегі Тайқазан «сақтық» типтегі қазанға жатады. Алып қазан жасау 
көне сақ, ғұн, үйсін дәуірлерінен жалғасып келген дәстүр екенін деректер 
мен айғақтар растайды. Елдік санасы биік, отбасылық құндылықтарды жо-
ғары ұстанған осынау социумдар үшін қазан – мемлекетшілдіктің, береке 
мен бірліктің, молшылықтың, елдіктің нышаны болған [19, 208 б.]. Мұндай 
алып қазандар, заманында билеушілердің, лауазымды әскер басылардың 
қабіріне  қойылған.  Қазан  қою  дәстүрінің  ХІІ-ХІІІ  ғасырларда  көшпенді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет