Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғылым комитеті ш. Ш. УƏлиханов атындағы тарих жəне этнология институты



Pdf көрінісі
бет35/61
Дата03.03.2017
өлшемі4,5 Mb.
#5474
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   61

Əдебиеттер

1.Назарбаев Н. Тарих толқынында. - Алматы: Атамұра, 2003. - 288 б.

2. Алексеев В.П., Першиц А.И. История первобытного общества. - М.: Высш. Шк., 1990. - 351 с.

3.  Геродот. История в девяти книгах / Пер с греч. и комм. Г. А. Стратановского. Вступ. статья И.Е. Сурикова. 

- М.: ОЛМА-ПРЕСС Инвест, 2004. - 640 с.

4.  Сəдібеков З. Қазақ шежіресі. - Ташкент: Өзбекстан, 1994. - 144 б.

5. Бейсенбайұлы Ж. Қазақ шежіресі. - Алматы: Атамұра - Қазақстан, 1994. - 160 б.

6. Атшыбаев Ə. Кіші Жүз шежіресі. - Алматы: Өлке, 1996. - 142 б.

7. Жүгенбаева Г. Дəстүрлі ауызша тарих. А.: ҚазККА, 2009. - 285 б.

8. Алпысбес М.Қазақ шежірелері тарихи дерек ретінде. Тарих ғыл. Д-ры дисс... Авторефераты. –Алматы, 2007.-57 б.

9.  Салғараұлы Қ. Қазақтың қилы тарихы. - Алматы: Жалын, 1992. - 304 б.

10. Сейдімбек А. Қазақтың ауызша тарихы. Шежірелік деректерді пайымдау. – Астана: Фолиант, 2008. - 728 б. 

11.   Бейсенбайұлы Ж. Қазақ шежіресі. - Алматы: Атамұра - Қазақстан, 1994. - 160 б.

12.   Ғабжалилов Х., Омарбеков Т., Кəрібаев Б. Алаш. Қазақ ру-тайпаларының тарихы. Тама. - Алматы: Алаш, 

2005. - Т.1. - 364 б.

13  Рашид-ад-дин. Сборник летописей. В 3- х томах. Перевод с персидского Л.А. Хетагурова. Ред. и прим. 

А.А. Семенова. - М. - Л.: АНСССР. 1952. - Т.1. -315 с.

14. Дулати Мухаммед Хайдар. Тарих-и Рашиди (Рашидова история): Перевод с персидского языка, 2-е изд. 

дополненное. - Алматы: Санат, 1999. - 656 с.

15. Əбілғазы. Түрік шежіресі / Көне түрік тілінен аударған - Б. Əбілқасымов. - Алматы: Ана тілі, 1991. - 208 б.

16. Жалайыр Қ. Шежірелер жинағы. - Алматы: Қазақстан, 1997. - 128 б.

17.Утемиш-хаджи. Чингиз-наме /Факсимиле, перевод, транскрипция, текстологические примечания, исследо-

вание В.П. Юдина. Комментарии и указатели М.Х. Абусеитовой. - Алма-Ата: Гылым, 1992. - 296 с.

18. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). 5-томдық. - Алматы: Атамұра, 2010. - Т.3. - 544 с.

19. Сейдімбек А. Қазақ этносын қалыптастырушы алғышарттар // Алаш. - 2006. - №4. - 23-33 бб.

20. История Казахстана в русских источниках ХVІ - первой трети ХVІІІ в. о народах Казахстана. - Алматы: 

Дайк-Пресс, 2005. - 448 с.

21. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. - Алма-Ата: Главная редакция Казахской Советской 

Энциклопедии, 1985. - Т. 2. - 416 с.

22. Аристов Н.А. Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их численнос-

ти. Отдельный оттиск из “Живой старины”. - Вып. ІІІ и ІV, СПб.: Типография С.Н. Худеков, 1897. - 486 с.

23. Құдайбердіұлы Н. Түрік, қырғыз-қазақ Һəм хандар шежіресі. - Алматы: Қазақстан-Сана, 1991. - 80 б.

24. Тынышпаев М. Великие бедствия... (Актабан-Шубырынды). - Алма-Ата: Жалын, 1991. - 152 с.

25.Көпейұлы М. Қазақ шежіресі. - Алматы: Жалын, 1993. - 76 б.

26.  Данилевский  И.Н.,  Кабанов  В.В.,  Медушевская  О.М.,  Румянцева  М.Ф.  Источниковедение:  Теория. 

История. Метод. Источники российской истории. - М.: Российск. Гос. Гуманит. Ун-т, 1998. - 702 с.

27. Досмұхамедұлы Х. Аламан. - Алматы: Ана тілі, 1991. - 176 б.

28.Репина Л.П., Зверева В.В., Парамонова М.Ю. История исторического знания. М., 2004.

29. Тынышбаев М. Таңдамалы. - Алматы: Арыс, 2001. - 332 б.

30. Трепавлов В.В. История Ногайской Орды. - М.: Восточная литература РАН, 2002. - 752 с.

31. Жеті  ғасыр  жырлайды  ХІV  ғасырдан  ХХ  ғасырдың  бас  кезіне  дейінгі  қазақ  ақын-жырауларының 

шығармалары / Құраст.: Е. Дүйсенбайұлы. Екі томдық. - Алматы: Жазушы, 2004. - 400 б.



ТҰРСЫНХАН ЗƏКЕНҰЛЫ

т.ғ.д., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ

(Астана қ.)

КҮЛТЕГІН ЖƏНЕ ОНЫҢ ЗАМАНЫ: «МƏҢГІЛІК ЕЛ» МҰРАТЫ

Күлтегіннің  өмірге  келген  кезі  Түркі  қағанатының  бодандықтан  бостандыққа  жету  жолындағы 

алмағайып кезеңімен тұпа-тұс келеді. Ол Елтеріс Құтлық қаған шығыс түріктерді Таң бодандығынан 

құтқарып,  Түркі  қағанатын  қайта  құрған  cоң, 684 жылы  дүниеге  келді.  Ол  тарихта  Екінші  Түркі 

қағанаты деп аталатын осынау қағанаттың құрушысы Елтеріс Құтлық қағанның екінші ұлы. Елтеріс 

Құтлық қағанның кіндігінен екі ұл−Можилан (кейінгі Білге қаған) жəне Күлтегін туады. Ол Екінші 



237

Түркі  қағанатының  құрдасы.  Тəуелсіздік  таңымен  өмірге  келген  өрен.  Оның  балалық  шағы  əкесі 

Елтеріс Құтлық қаған мен кіші əкесі Бөгчор Қапаған қағанның Табғаш отаршылдығына қарсы ат үсті 

аламан жорықтарының кезінде өтті. Табғаш бодандығынан құтылып, өз тəуелсіздігін қолға алған жас 

мемлекеттің буынын бекітіп, айбынын арттыру жолындағы сан аламан шайқасты көзбен көріп ержеткен 

Күлтегін ерте есейді. Бірақ 691 жылы айбынды Елтеріс Құтлық қаған өмірден өткенде ол небары жеті 

жаста еді. Ағасы Можилан да тоғыз жасқа ілінбеген болатын. Екеуінің буыны қата қоймағандықтан, 

ағасының інісі, айға шапқан арыстандай Бөгчор (Қапаған қаған) таққа отырып, түркі халқының табғаш 

бодандығына  қарсы  күресін  одан  ары  жалғастырды.  Осы  кезде  табғаштар  түріктердің  тəуеліздігін 

амалсыз мойындады. 

Бұдан бұрын 552 жылы Түмен жəне Мұқан қағандар құрған айбатты Түркі қағанатының Шығыс 

бөлігі 630 жылы, Батыс қанаты 657 жылы Таң империясының отарына айналған болатын. Бірақ бұл 

отарлыққа  түркі  халқы  жəне  оның  қағандары  өз  еркімен  барған  жоқ.  Осы  жылдары  Шығыс  Түркі 

қағанатының  қағаны  Ел  (Ілік)  қаған  мен  Батыс  Түркі  қағаны  Ышбара  Қара  қаған  Таң  мемлекетінің 

түрлі  айла-амалының  алдында  ең  соңына  дейін  қарсыласып,  ақыры  қолға  түсті.  Одан  соң  Түркі 

халқының  бодандық  тарихы  басталған-ды.  Осы  туралы  Күлтегін  ескерткішінде  бүй  дейді:  Олар  о 

дүниеге аттанған соң ұлдары қаған болды. Бірақ олардың інісі ағасындай болмады. Ұлдары əкесіндей 

болмады. Бара бара біліксіз, əлсіз болды. Ендігі жерде бектері, халқы, адал болмағаны үшін, Табғаш 

халқының алдауына сенгендіктен, арбауына көнгендіктен, ағалы-інілінің кектескендігінен, бектер мен 

халықтың  ымырасыздығынан  Түрк  халқы  елдік  құрып  отырған  елінен  айырылды.  Қағандық  құрып 

отырған қағанын жойды [1,173].

Бұл жерде дүниені оңды-солды шайқап тұрып, байқаусызда бастарына түскен бодандық туралы ашы-

на жазған жəне ащы да болса соның себебін көрсеткен. Арттағыларға сабақ етіп тасқа басып қалдырған. 

Байқамаса  басқа  келген  бақыттан  оп-оңай  айырылып  қалу  мүмкін  екендігін  ескерткен.  Бектердің, 

қағандардың  ымырасыздығынан,  атаққұмарлығынан,  қызғаншақтығынан,  ұзақты,  жан-жақты  тегіс 

көре алмаушылығынан, мемлекетке, халыққа жаны ашымаушылығынан елдік құрып отырған елінен, 

қағандық құрып отырған қағанынан айырылғанын көрсеткен. Одан соң түркі халқының басқа түкен 

зарын айтады. Бодандықтың қандай екенін, халықтың көрген қорлығын жазады: Табғаш халқына бек 



ұлдары құл болды, сүліктей қыздары күң болды. Түркі бетері түрікше аттарын жойды. Табғашшыл 

болғандары табғаш атын тұтынды. Сөйтіп Табғаш қағанға бағынды. Елу жыл Табғаш қағанға ісін-

күшін берді. Табғаштар ілгері Күншығыста Бөклі қағанға дейін жаулады. Кері Темір-қапыққа дейін 

жаулады. Түріктер осылайша өздері табғаш қағанға елін, төрін жаулап алып берді [1,173] дейді.

Осында ілгері Бөклі Шөлі, кері Темір қапыққа дейін жаулады дегені Қытайдың Таң армиясының 

шығыста  Гоби  шөліне,  Құлынбер  даласына,  батыста  Тебризге  −  Парсы  шекарасына  дейін  жеткенін 

көрсетеді.  Бұл  тарихи  факті.  Оны  қытай  деректері  де  растайды.  Бір  кезде  қытайдың  Ли  əулетіне 

көмектесіп  түріктер  өздері  құрып  берген  Таң  патшалығының  екінші  əулет  патшасы  Тан  Тайцзун 

кезінде  бұл  мемлекет  түріктерге  бағыныштылықтан  құтылып,  олардың  өзін  жұтып  қойды.  Сөйтіп, 

VII ғасырдың ортасында қанатын кеңге жайған ірі империяға айналды. Түркі қағанатының «тардұш», 

«түліс» екі қанаты−бүгінгі Монғол үстірті мен Шығыс Түркістан, Орталық Азия бір мезгіл аталмыш 

империяның əкери-губернаторлық басқаруында болды. Бірақ бұл үстемдік ұдайы болған жоқ. Жергілікті 

халық  көтерілістерінің  толастамауы  себепті  жəне  бір  бүйірден  тибеттердің  араласуы  салдарынан 

Таң қосындары мұнда тұрақты тұра алған жоқ. VII ғасырдың соңғы ширегінде Шығыс түріктерінің 

Таңға қарсы көтерілістері жиледі. Мұны қытай деректерінің өзі де растайды. Түріктер тіптен жасы-

рын  ұйымдасып,  императорды  өлтірмек  те  болады [2, 603]. Осындай  бірнеше  реткі  көтеріліс  сəтсіз 

аяқтаған соң тарих сахнасына Күлтегіннің əкесі —сайыпқыран Елтеріс Құтлық қаған шықты. Құтлық 

қаған қайтыс болған соң Түркі қағанатын оның інісі Қапаған қаған биледі. Түркі қағанаты Қапағанның 

кезінде орнығып солтүстіктен Тан патшалығына қауіп төндіретін бірден бір күшке айналды. 716 жылы 

Қапаған қайтыс болып, Түркі қағанатын Білге қаған (Елтерістің үлкен ұлы), Күлтегін (Елтерістің екін-

ші ұлы) жəне дана Тоныкөк бірлікте басқарды. Қағандық билік Білге қағанның қолында болса, елдің 

бас  идеологы  Тоныкөк,  ал  əскердің  бас  қолбасшысы  Тоныкөк  болды.  Осы  үш  тарихи  тұлға  бірігіп 

қағанаттың үш үлкен тірегіне айналды. Ол үшеуі де өсиетін жазып артына мəңгітас қалдырды [3, 29]. 

Таң бодандығындағы түріктердің қалай ынтымақтасып, империямен қалай күрескені туралы Күлтегін 

ескерткішінде былай делінеді: Түркінің күллі қараша халқы күңіреніп бүй деді: «Елді халық едім, елім 



қайда?  Кімге  ел  жасап  беремін?  Қағанды  халық  едім,  қағаным  қайда?Қай  қағанға  күш-қуатымды 

беремін!»  Осылай  деп  Түркі  жұрты  есін  жиды.  Табғаш  қағанға  қарсы  көтерілді.  Көтеріліп  талай 

мəрте сəтсіздікке ұшырады. Бірақ оған жасып, жабырқамады. Түркі халқы қарап отырып жойылып 

бара жатқанын, ұрпақсызданып бара жатқанын ойланды. Расында жоқ бола бастаған еді. Сол кезде 

238

бізді жоғарыдан Түркі Тəңірісі, төменде Түркінің киелі Жері қолдады. Түркі халқы жойылмасын деп, 

ел болсын деп əкем Елтеріс қағанды, анам Ел-Білге қатунды Тəңірі төбесіне ұстап жоғары көтерген 

екен. Əкем қаған қансыраған елден он жеті ер жинапты. Олар сыртта жорықта жүр дегенді естіп, 

қаладағылар тауға кетті. Таудағылар олардың маңына жиналды. Он жетісі жетпіс болды. Жетпісі 

жеті жүз болды. Тəңірі күш-қуат бергені үшін əкем қағанның əскері бөрі іспетті болыпты. Жаулары 

бөріні  көріп  үріккен  қойдай  болыпты.  Жеті  жүз  ер  жиналып  елсіреген,  қағансыраған  халықты – 

күңденген, құлданған халықты, Түркі төрінен айырылған халықты ата-баба төріндей қайта құрып, 

қалпына келтірді [1, 173].

Ол заманда түркі жұртының географиялық аумағы өте кең болатын. Сырдəрия, Шу, Талас, Жетісу, 

Шығыс Түркістан Батыс түріктерге−Он оқтарға қараса, Монғол үстірті мен Ордосқа дейінгі жерлер 

шығыс түріктерге қарайтын. Тарихтан бері Жетісу, Сыр бойы секілді, Хуанхэнің оңтүстігіндегі Ордос 

үстірті, терістігіндегі Құлантау, Бөрілі тау, Барқынтау түгелдей түркінің өз жері еді. Олар оны ата-ба-

басынан жайлап-қыстап келген. Ордос үстірті оларды солтүстіктің қатал қысынан қорғайтын жайлы 

қыстаулықтары еді. Түріктер ең əуелі осы мекенде көтеріліс жасап, Хуанхэнің қырында тəуелсіздіктерін 

жариялады. Бірақ бұл жерлер Қытай қамалына тиіп тұрды. Сол ебепті, уақыт өте келе онда тұрудың 

түрлі қиындықтары болды. Ол туралы мəңгітаста былай делінеді: Шұғай жынысының оң жағы, сонау 

Төгүлден бері қарай жатқан жазықты дала Түркі халқы сенің үлесіңдегі жер еді. Оны жайлап-қыстап 

отырсаң кімнің қақы бар еді. Біреулер елді азғырып бүй деді: «Табғаш қағаннан жырақ кетсең жаман 

ақығын берер, жақын болсаң жақсы ақығын берер». Біліксіз кісілер сол сөзге сеніп, жақын барып көп 

қырылды. 

Бұл жерлердің табғашқа жақындығына, жайлылығына қызығып,жақын барып мұрнымыз тасқа көп 

тиді дейді. Осылай деу арқылы, Қытайдың Таң мемлекетімен жақын отырудың пайдасынан зияны мол 

болғанын байқаған. Жақын отырудың психологиялық зардабы да аз болмаса керек. Бұл зардап Қытайға 

құмартушылық, еліктеушілік еді. Оның кері əсері алдап-арбау, өзі еліктегіш халықты одан сайын елік-

тру, жақсылық жасағансып отырып, əукесінен сипап отырып құрту немесе құлдану еді. Ата-бабалары-

мыз империяның сол қулығын, залымдығын ерте білген.Қанша туып-өскен жер дегенмен, оның бетіне 

қарап  отырып,  күннен  күнге  өсіп,  теңіздей  шалқып,  лықсып  келе  жатқан  табғаштардың  толқынына 

шайылып кетпеуді ойлаған. Белгілі мағнадан ел үшін жерден баз кешкен.

Ол  жерге  барсаң  түркі  халқы  құрисың.  Мынау  Өтүкеннен  керуен  аттандарап  қойып  отырсаң, 

халқыңның қабағында мұң болмас. Отүкен жынысында отырсаң мəңгі ел тұтып отырасың сен! - 

дейді. Түркі мемлекетін, төрін қайта құра отырып оны мəңгі баянды етуді ойлайды. Сол үшін елдің 

мəңгілік орнығатын ұйық жұртын таңдады. Сол жерге жүздеген жылдарға, «мың көнелікке» жететін-

дей етіп, арттарына алаңдап, ұрпағының есінде жүрсін деп мəңгітастар орнатты. Яғни, сол көк сүіңгі 

мəңгітастарды мəңгілік ел үшін орнатты. 

Тəңір текті Тəңірден жаралған мен Түркі Білге қаған осындай заманда таққа отырдым. Сөзімді 

түгел тыңдаңдар! ... Ілгері – күншығыстағы, алдыңғы күн ортасыдағы артқы – күнбатысындағы, 

сыртқы  түн  ортасындағы  халықтың  бəрі  бағынып,  менің  қол  астыма  қарады.  Қарағанын  тарих-

тан  кім  сызып  тастай  алсын.  Есте  болатыны–  түркі  қағаны  Отүкен  жынысында  отырса  елде 

мұң жоқ. Өз кезінде шығыста Шандұн жазығына дейін жауладық. Теңізге сəл жетпедік. Түстікте 

– тоғыз Ерсенге дейін жауладық. Сонша жерді көргенде халқыма, өзіме, Отүкен жынсындай жайлы 

жер жоқ екен. Ел тұтатып, орда тігетін жер – осы Отүкен жынысы. Бұл жерде отырып, Табғаш 

халқымен  иық  тіресіп,  тең  түсуге  болады [1,178] - дейді.  Сөйтіп,  Түркі  қағанатын  Ұлы  Таң  импе-

риясымен иық тіресіп тұратындай дəрежеге жеткізуді ойлады. Екінші Түркі қағанаты заманында ел 

басқарған қағандардың осындай үлкен амбициясы болған. Білге қаған: «Шығай (кедей) халықты бай 

қылдым, аз халықты көп қылдым» - дейді. Демек хылықтың санын көбейтіп, əл-ауқатын арттыру оның 

да басты мақсаты болған. Бұл бүгінде күнтəртібінен түспей келе жатқан «жалпы ішкі өнімді арттыру», 

«халықтың  демографиялық  өсімін  қамтамасыз  ету»  міндеті.  Ата  заңымызда  жазылған  мемлекеттің 

басты байлығы оның халқы деп аталатын аталы сөздің мəңгітас бетіндегі алғашқы көрінісі. Сол кезде 

ұлан-ғайыр  мемлекет  үшін  халық  санын  арттыру  қаншалық  қажет  болса,  бүгінде  сол  уайымнан  əлі 

арылған жоқпыз. Мəңгілік проблема! Ілгері ― Қыдырхан жынысын асып, ол жаққа да ел қондырдық. 



Батыста  Кеңу-Тарманға  дейін  түркі  халқын  қоныстандардық.  Елдігі  болған  соң  құл  құлды  болды, 

күң  күңді  болды.  Інісінің  ағасына  ісі  түспеді.  Ұрпағы  əкесіз  болса  да  жетімдік  көрмеді.  Осылаша 

өз еліміз де, өз төрімізде салтанат құрдық Дүйім түркі, оғыз бектері тыңдаңдар! Қара жер айы-

рылып  кетпесе,  түркі  халқы  еліңді , Төріңді  кім  құртады?!  Енді  жұдырықтай  жұмыл!  Өткеніңе 

өкін!  Өйткені  бір  кезде  игі  елің,  білікті  қағандарың  болудай-ақ  болып  еді.  Сол  игі  еліңнің  алдында 

өзің қателесіп, жамандыққа баттың. Жарақты жауың жан-жағыңнан қаптап келіп сені жайрат-

239

ты. Сүңгілі саймандылар одан-бұдан келіп, сені сүре тұралатты. Үркінді болған елім қашып-пысып 

ілгері де, кейін де аяғы жеткен жерге дейін жетті. Бірақ еш жақсылық таппадық. Қанымыз судай 

ағып, сүйегіміз таудай болып үйіліп жатты. Ұлымыз құл, қызымыз күң болды. [1,174,175] –дейді. Бұл 

мəңгілік ел құрудың ең басты концепциясы. Егер Көк тəңірінің кереметімен басқаша табиғи апат бол-

маса, жер шары өз өсінен жаңылып, жер сілкініп, теңіз бен құрлық ауысып кетпесе Түркі халқы сенің 

еліңді кім жоймақ. Ешбір күш оны жоя алмайды. Басқа адам баласының алдында түркі халқы енді құл 

болмауы керек. Оған апарар жалғыз жол біздің жұдырықтай жұмылған бірлігіміз дейді. Қарапайым, 

бірақ мазмұны терең сөздер. Ол заманда бұдан артық қалай айту мүмкін еді. Демек, бұдан 1281 жыл, 

15372 ай, шамамен 461160 күн бұрын тарих қойнауынан айтылған сөз. Тəуелсіз, айбыны асқақ еліңді 

сақсыздықтан, бассыздықтан, тоқмейілсуден, астамсудан, жауды көзге ілмеушіліктен, көпірмешіліктен, 

дос  пен  қастың  аражігін  айырмаушылықтан,  елге  еліктеушіліктен,  өз  ақылыңмен  жүрмегендіктен 

құрттың дейді. Шексіз өкініп, енді сақ болыңдар деп мына сөздерін айтады: Абай болыңдар, алтын-



күміс, жібекті есепсіз жіберіп жатқан Табғаш халқының сөзі тəтті, ақығы асыл. Олар тəтті сөзі, 

асыл қазынасымен арбап, жырақтағы халықты өздеріне оп-оңай жақындатады. Біздер алғашында 

жақын  отырып,  олардың  шен-шекпендеріне  үйір  бола  бастадық.  Жақсы  білікті  кісі,  жақсы  алып 

адам  оған  көнбес  еді.  Бір  кісі  алданып  жаңылса,  иелігіндегі  халқына  бесігіне  дейін  кесірі  тиер  еді. 

Олардың сөзі мен асыл дүниесіне алданып түркі халқы өлдің [1,178].

Бұл Білге қағанның халқына айтқан ескертуі. Осынау азаматтық позициялары олардың өз халқының 

мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған нағыз перзенттері екенін айғақтайды. Ол кезде Тан империясының 

шен-шекпеніне сатылып, қытай ордасына күйеу бала болып, өмір бойы империя үшін қызмет етемін 

деп  ант-су  ішкен  түрік  төрелері  қаншама  еді.  Олар  өз  бастарының  амандығы  мен  рахаты,  Таң  ор-

дасынан  алатын  сый-сияпаты  үшін  кез-келген  уақытта  елін,  мемлекетін  сатуға  дайын  еді.  Мұндай 

жағдайда  бəріне  алданбай,  Түркі  елі,  жері  үшін  «қара  терін  ағызып,  қызыл  қанын  жүгірткен», «күн 

отырмаған,  түн  ұйықтамаған»  Күлтегін,  Білге  қаған  жəне  оларға  ақылшы  болған  Тоныкөктей  асыл 

ерлердің тарих сахнасына шығуы, мемлекет, ұлт мəселесі жөнінен осыншалық биік, өскелең санаға ие 

болуы адамды шынымен қайран қалдырады. Бұл біздің жерімізде, ұлттық, мемлекеттік сананың ерте-

ден қалыптасқандығын көрсетеді. Біз осында мемлекет құрған сол көк түріктердің тікелей ұрпағымыз. 

Үрпағы ғана емес, олар құрған мемлекеттің тікелей мұрагеріміз. Олар біздің жерімізде мемлекет құрып 

қана қалмай, мемлекетті сақтап қалудың жолын да көрсетіп кетті. Ендеше, бүгінгі Алтай, Тарбағатай, 

Жетісу, Шу мен Талас, тұтас Дешті-Қыпшақ олардың өз Отаны, бізге аманаттап кеткен ұйық жұрты 

екенін мəңгі естен шығармайық. 

Сол бір тарихи шарт-жағдайда олар үшін ең басты міндет «аталары, əкелері құрған мемлекетті» сақтап 

қалу болды. Тарихи деректерге негізделгенде Қапаған қаған Түркі ордасы Өтүкенге орныққаннан кейін, 

түріктерді отырықтандыру мақсатында Орхон бойында қытайлық үлгімен қамалы биік Қарабаласағұн 

қаласын салдырады, сондай-ақ кейбір будда бұдханалары мен даосизмдік ғибадатханаларды да сал-

дырады [4, 113]. Бірақ талай жылын Қытайда өткізіп, Қытай саясатының қыр-сырына төселген Аба 

тархан  Тоныкөк  оған:  Қала  салу  бізге  қол  емес.  Бұған  дейін  түріктердің  соғыста  жолы  болып  кел-

се, ол біздің аттың жалында, түйенің қомында жүргендігіміздің арқасы. Мұндай көшіп-қонып жүрген 

халықты жау алмайды жəне өздері де қарсы келген жауды оп-оңай жеңе алады. Тіпті жеңілген күнде 

де жаудың қоршауына түспейді. Ал қала салып отырықтансаң жауға өзіңді ұстап бересің. Оның үстіне 

ғиббадатхана салып, бұдда жолын ұстану адамды нəзіктікке тəрбиелейді. Ондайда адам тым ізгі, нəзік 

жандыға айналып, өр мінезінен айырылады. Ол да біз сияқты халыққа қол емес дейді.

Бұл жерде кемеңгер Тоныкөк мемлекет құрушы ұлттың өз мінезі, жауынгерлік рухы болуы кере-

ктігін алға тартады. Егер ұлтта мінез болмаса оны əркім басынады, онымен ешкім санаспайды, тіпті 

айналып келіп оның өзіне билік айтатын болады. Сондықтан шектен тыс ізгі, жарылқаушы һəм жа-

расымды болу біздің түбімізге жетеді, ендеше көшпелі салтымызды сақтап, ерлікті ту етіп, ата-баба 

жолымен жүрейік дейді. 

Түркі  қағанаты  өз  кезінде  тəуелсіз  мемлекет  ретінде  түстігінде  Қытаймен,  батыста  Парсымен 

жəне  Византиямен,  шығыста  Кореямен  түрлі  деңгейде  қарым-қатынас  орнатты.  Түркі  қағанатының 

Индиямен қатынасы туралы дерек жоқ. Бірақ ол елмен қатынас Тибет арқылы болғаны күдік тудыр-

майды. Өйткені Елтеріс, Қапаған жəне кейінгі Білге қағанның кезінде Тибет елшілері Түркі қағанатына 

ұдайы  келіп-кетіп  отырған.  Таң  империясы  ылғида  Түркі  қағанатының  батыста  Тибетпен,  шығыста 

Кореямен бірігіп өздеріне шабуыл жасауынан алаңдаулы еді. Сол себепті олардың сыртқа саясатының 

басым бағыты қалайда амалын тауып бұл үш елдің арасына ірткі салып отыру болды. 

Қорыта айтқанда, түрколог ғалым Алтай Аманжолов атап көрсеткендей, «көне түркі жазба ескерт-

кіштері қазақ халқының көне ата-бабаларының жазу мəдениеті мен мемлекеттілігінің жоғары деңгейін 



240

көрсететін құнды айғақ болып табылады» [5,74]. Жазу мəдениеті өз алдына, ал көне түркілердің мемле-

кеттілігі ауқымды һəм мазмұны терең тақырып. Біздің дəуіріміздің VI-IX ғасырлары аясында дүниені 

дүбірге бөлеген сол ұлы айбын мен елдік салтанат жəне мемлекеттік идея ту алыстан желі тартқан. Ол 

бастауын 2500 жылдың алдынан алатын қазақ мемлекеттілігінің ерте-ортағаcырлық кезеңі еді.

1 Сартқожа Қ. Орхон мұралары. Тарихнамалық, деректанулық талдау. І т., − Астана: Күлтегін. 2003. 

− 392 б.

2 新唐书. 215 卷(1), 传140(1), 突厥 (1) // 二十六史,− 北京:中华书局,1991。− 6049。

3 Ван Сяофу王小甫. Қытайдың ерте, ортағасырлардағы этникалық тоғысуы中国中古的民族群凝聚. − 

Пекин. Шан-у кітап баспасы. 2012. – 340 с.

4 Rene Grousset 勒内. 格鲁塞. The Impire of the Steppes a History of Central Asia草原帝国。− 北京:

国际文化出版社


. −2004.−363. 

5 Аманжолов А.С. Насущные вопросы изучения Орхоно-Енисейских надписей // Материалы меж-

дународной научно-теоретической конференция: «Древнетюркская цивилизация: памятники и пись-

менности», посвященной 10-летию независимости РК. − Алматы. 2001. − 582 с.



АЛПЫСБЕС М. А.

т.ғ.д., Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ



ШЕЖІРЕЛЕРДЕГІ ДІНИ САРЫН, МҰСЫЛМАНДЫҚ ДƏСТҮР

Шежіре жайлы ғылыми көзқарас, келелі пікір білдірген қазақтың ғалымдары көп. Барша қазаққа 

аса  қадірлі  Ш.  Уəлиханов (1835-1865) қазақ  халқының  шежірелік  мұрасын  тұтас  мəдениет  ретінде 

қабылдады, «бұл дастан шежірелердің барлығы, оның ішіндегі айтылып отырған оқиғалары, мақал-

мəтелдері, халық əдеті, қазақ халқының өткен та рихи жəне рухани өмірінің толық суреті бола тұра, 

қазақ тарихын жазу үшін де, оның шығу тегін анықтау үшін де таптырмайтын та рихи дерек бо лып 

табылады» - деп көрсетті [1]. 

Шежіре дегеніміз жадыда сақталған нəрсе. Əр адам өз ата-анасы мен туған туыстарын артық біледі, 

олардың өмір-баянына қатысты уақиғаларды ке рек қылып есте сақтайды. Міне, осы бірден-бірге əңгіме 

ретінде айтылып жадыға тоқылған сөзді “ескі сөз”, “шежіре” деп атайды. Шежірелік дəстүрді сақтаған 

тұлғалар  туралы  пікір  білдірген  М.-Ж.  Көпейұлы (1858-1931): «естігенін  ұмытпайтұғын  құлағының 

тесігі  бар,  кеудесінің  есігі  бар,  ұқпа  құлақ  жандар  болған» - деді [2]. Қазақта  қағида  сөздің  бəрі 

ұрпақтан-ұрпаққа  айты лып  келе  жатқан  сөз.  Бұрындары  дəйекті,  тиянақты  білім  ауызекі  дəстүрмен 

жалғасқан. Даналық мұрасы бай, өнерлі келген қазақ халқы «өнердің алды қызыл тіл» демеді ме?! Осы 

айтылған нақылға орай, қазақтың шежірелік та рихи білімі осы қария сөз үлгілерінде төлтума қалпында 

сақталған. Даналық қазақтың өзінде аз емес. «Қазақтың əулиелігі - тілінде» деп М.-Ж. Көпейұлы сөз 

қасиетін білу, сөзді қасиеттеу туралы айтылған бағамы.

Шежіре дегеніміз, нақпа-нақ айтқанда, генеалогиялық-тарихи жады, əрі əдеп. Кейде генеалогиялық 

жəдігер  дами  келе  тарихнамалық  туындыға  ай налатын  болған.  Шежіре  тарих  оқиғаларын  баяндау-

да  хронология  өлшемдеріне  емес,  генеалогия  өлшеміне  сүйнеді.  Тұлғаларды  дəуір,  заман  тұғырына 

айна лдырады.  Сондықтан  А.  Байтұрсын  «шежірелерде  өткен  уақиғалар  кісілердің  өзара  түс,  туысы 

тұрғысынан айтылатынын; айтушылар шежірелерді уақыт сарыны нан гөрі бір адам туралы есте қалған 

уақиға,  оның  туыстық  сарыны  жағынан  көбірек  айтады,  өткеннен  дерек  беретін  сөздің  бір  түрі» – 

деді [3]. 

Шежіре  жинау  мəселесін  сөз  еткенде,  М.-Ж.  Көпейұлы: «Қазақта  хатқа  жазылып,  нұсқа  болып 

қалған шежіре жок. Ауыз айтылып, біреуден біреу естумен, «естіген кұлақтың жазығы жок» деп, сөйлей 

берген сөз. Өзіміздің бала күнде оқыған ұстазымыз – Кіші жүз Бөкейлік Қамар хазірет те қазақтың 

қариясы, ескі сөзге жүйрік тілді кісі еді. Қаракесекте Бердалы кожа, Құрман қожа баласы Қасен ка-

жылар шежіре атанған кісілер еді. Онан сұрайтын Мұса мен Секербай да тілді кісілер еді. Қанжығалы 

Бөгенбай ұрпағы Саққұлақ та шежіре атанған кісілер еді», - дейді. Ескіден есте сақталған, қазақ орта-

сында айтылатын əңгімеде, ертегі, жыр, хикая, толғау, аталардың туыстығы, олардың үлкенді-кішілі 

реті, жолы, аңыз, афсаналар, діни рауаяттар, хикметтер, тəмсіл сөз, мақал, мəтел, үлгі, бата, шешендік 

сөздері өзара аралас ұйма-жұйма түрде болған. Профессор Х. Досмұхамедұлы (1883-1939) қазақ халық 

əдебиеті туралы жасаған баяндамасында: «рулар мен жеке тұлғалар туралы аңыздар халық əдебиетінің 

шежіре (родословная) аталатын үлкен бір бөліміне кіріспе қызметін атқара алады» деп көрсетті [4]. 


241

Ғалым  аға  Қаныш  Имантайұлы  Сəтбаев,  ел  аузындағы  ескі  сөздер  қағаз  бетіне  түсуі  қисаписыз 

қажет  деп  білген. «Ел  аузындағы  ескі  сөздер  ғылымға  үш  негізден  маңызды», - дейді  Қаныш  аға. 

«Біріншіден – олардың ішіндегі қазіргі буынға мүлде жат көрініп, ұмытылып бара жатқан қазақтың 

ескі сөздері көп кездесіп отырады – бұл “тіл сақтау”, “тіл байыту” жақтарынан үлкен бағалы нəрсе; 

екіншіден – ескі сөздердің ішінде келетін толғаулар көбінесе ше бер, кестелі түрмен жасалады – бей-

нешілдік, кеңдік, суретшілдік жақтарынан алғанда қазақ ескі толғауларының кейбіреулері əлі күнгеше 

жаңа  ақындардың  көбіне  үлгі  болуға  жарамды;  үшіншіден – ескі  сөздердің  ішінде  қазақ  жұртының 

өткен кездегі тұрмысы, салт-санасы, əдеттері көп суреттеліп оты рады» - деп айтты [5]. 

Шежірелерді құнттап жинаған, қарияның ескі сөзіне ден қойып тыңдаған, қолжазба мəтініне үңілген, 

тапқан  деректерді  ретке  келтірген,  сызба,  кестелерді  құрастырған,  баспадан  шежірелерді  көпшілік 

назарына  шағырған  авторлар,  ұлт  та рихы,  тіл,  əдебиеті  мен  өлкетану  ісіне  қызмет  ету  мақсатында 

еңбектенеді. Өз тарихын шежіре етіп сақтаған халық ұлт бола алады, ұлт болған халық елдігін сақтайды, 

еліне ие бола білген халық ертеңгі күнге сеніммен қарай алады.

Шежіре сақтаушылар ішінде озықтар қатарында алдымен қазақ қариялары тұр. Қариялар құлақпен 

қабылдаған ескі сөзді жадында сақтай білген. Қариялар ата тарихын ауызша əңгімелеп, ата ретін бұзбай 

сөйлеген.  Қария – ағып  жатқан  дария.  Үйде  отырған  қарияң, // Хатқа  жазған  кітаппен  тең  (Халық 

даналығы). М.-Ж. Көпейұлы сынды қариялар: «не нəрсенің болса, хақтығын Құдай біледі. Қазақтікі 

– ұзын құлақтан естілген сөз», немесе «Естіген құлақтың жазығы жоқ» деп ескертеді. Қазақ қариясы 

салиқалы əңгіме айтып, са бырлы, тілеуқор, мейірімді, жаңа буын ұрпақтардың дүниеге келуін тілеп, 

риза бо лып, олардың өткен бабалар мен өзара жалғастықта болуына қызмет еткен. 

Ескі  қоғамда  ақпарат  жиілігі,  алуандығы  қазіргідей  болған  емес.  Соның  өзінде  де,  шежіреші 

қариялар  белгілі  бір  қызмет  атқарып  отырғандықтан,  шежірелерді  реттеп  отырды,  шежіре  сөзіне 

идеялық мақсат, идеологиялық мағына беріп отырды. Шежіре – ұлттық тəрбие құралы ретінде елге 

қамқор дəулетті мырзаның, елін қорғаған қайсар батырдың, ел тізгінін қолда ұстаған əділ бидің, аузы 

дуалы абыз бабалардың, оқыған ғұламалардың өнегесін көрсетеді.

Бұрынғы  дəстүрдің  сақталуына,  ұлт  қайраткерлерінің  есімі  тарих тан  өшпеуіне  еңбектеніп, 

үлкендердей  дұрыс  сөз  сөйлейді.  Ескі  қазақ  дəстүріндегідей  əңгіме  айтатын  қариялар,  кəрі  құлақ 

ақсақалдың насихаты тартымды, терең мағыналы, тарихи дерегі мол, рухани тұрғыда құнды, астарлы 

тұсы көп. Қазақ халқы: Əңгіме білген бір адам, // Кəңгүр-күңгір елдей. Əңгіме білмеген жүз адам, // Ел 

қонбайтын шөлдей – дейді екен. Бір кездескеннің өзінде қариядан өткеннен тың мағлұмат, көп тəлім, 

əрі үлкеннің ба тасын алып қайтады.

«Шежіре» сөзі – көпмағыналы сөз: белгілі бір заманнан келесі бір заманға дейінгі болған оқиғалардың 

баяны; хронологиялық та рих; ата тек таралымы; өткен өмірден алынған əңгіме, аңыз – деген сияқты 

мəндерде  қолданылады.  Демек,  шежіренің  сүйенері  тарихи,  əдеби  негіздер  болса  керек.  Сондықтан 

шежірені тарихи-əдеби жанрға

1

 жатқызғанды жөн санаймын. Алайда, осы негіздердің ұстыны ата тек 



жүйесі болатынына дау жоқ» - дейді Ж. Алтай [6]. 

Ата-баба шежіресі – ұлттық қасиеттің қайрағы, ұлт сипатының байрағы. Шежірелер – халықтың 

ауызша  мəдени  мұрасының  бөлінбес  бір  бөлшегі.  Оны  əлеуметтік,  тарихи,  мəдени,  генеалогиялық 

талдауға алса, нақты ғылыми материалдармен салыстыра зерделесе, қазақ жерінде орын алған рухани 

негіз,  діни  дəстүр,  мəдени-əлеуметтік,  саяси-демографиялық  жəне  этногенездік  үрдістерді  түсінуде, 

оның  заңдылықтарын  танып  білу  үшін  өте  қажетті  дерек  көзі  болып  табылады.  Этноəлеуметтік 

кеңістіктегі ұлттың тарихи-географиялық да муын да осы шежірелерден байқауға болады. Шежіренің 

жанры  туралы  жазған  ғалым  М.  І.  Əбдуов, «эпикалық  шығармалардың  өзегін  оқиға  дейтін  болсақ, 

лирикалық шығармалардың өзегі – халықтың тұрмыс-тіршілігі, көңіл-күйі. Сон дай-ақ, шежіренің өзегі 

– ата-текті тарату жүйесі» - деді [7].

Сондықтан,  шежіре,  немесе  туыстық  ретін  түсіндіру,  ата-текті  тарату  əдеті,  тарих  танымы  мен 

ұлттық сана үшін ерекше қызмет атқаратын құбылыс. Шежіре – ата-баба тегін тану, ұраны ортақ Алаш 

ұрпағының атажұртта өсіп-өнуі, халық үшін атқарған кемел істің бел-белесін танудағы басты құрал, 

елдік қасиетті жетілдіретін маңызды тəсіл, жол, дəстүр. Бос жүрмей білген жақсы ата текті, // Дос көңіл 

нар  көтерер  артқан  жүкті.  Баяндап  бер  шыққан  жерін  əркімдердің, // Елінде  болса  қария  біліклікті 

(Нұржан Наушабай).

Тарихтың  есте  жоқ  ескі  заманалары нан  жалғасқан  бұл  дəстүр,  негізінен  ұрпақтар  тегі  туралы 

қысқаша мəліметтен, арғы дəуірде өткен ата туралы аңыздардан, сөз, өнер, білім қабілетімен, адами 

қасиеттерімен танылған қайраткер бабалардың істері туралы айтылатын генеалогиялық əңгіме дерек-

терінен құралады. Қазақ шежірелері негізгі екі дəуір туралы айтады: байырғы қазақтың аса ескі, ерте 

дəуірі мен қазақтың бергі уақыты. 

1 Жанр – тегі; көркем шығарманың тарихи қалыптасқан үлгісі, түрі.



242

Ескі дəуір сөзін сөйлетін қазақ шежірелері ата тек туралы айтпайды, бірақ қазақтың көне əңгімелерін, 

ертегі аңыздарын жырлайды, олар көбінесе ескі түркілік дəуір тудырған «Оғыз-наме» эпосының хи-

каялары мен дін ислам рауаяттары, расулааллаһ (разыаллаһу ғанһу), сахабалар жайындағы апсаналар. 

Бұлардың барлығы өзара араса лып, біте қайнасып кеткен. 

«Қапал имамы қарт молда Зəкір, молда Тайыб ұлы жазып жіберген нұсқасынан таңдап Орта жүз 

тарауын  Сартбай  молданың  шежіресінен  Исмаил  Шірікбай  ұлы  көшірген  екен:  Хазірет  Анастан 

Ақшолпан, Қорай екі ұл туып, Шолпаннан Қытай мен Қырғыз. Қорайдан Аламан

2

, онан Алаш. Алаштан 



– Сейілхан, Жайылхан. Сейілханнан Түрікмен, Жайылханнан Майқы би, Өзбек, Шайбан. Шайбаннан 

Қазақ пен Созақ, Созақтан Қарақалпақ. Қазақтан Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Бұл үшеуінен тараған 

ұлдардан үш жүздің елі қалыптасты. Жанарыстың Орта жүзге таралған жүз ұлының бірінен Қарақожа 

туған. Қарақожа, ұлы қара Көбен сопы, ұлы Мухсин сопы, ұлы Уқаша сопы, ұлы Арқұл қожа, ұлы 

Дайырқожа, ұлы Арғын - делінген» - деп жазады Құрбанғали Халид сынды муаррих.

Далада айтылатын дала тудырған туындылар Құран хикаялары мен ұштастырылуы жиі кездеседі. 

Шежірелік  ата  тек  таратуда  да  қазақтың  арғыдағы  түркі  бабабаларын  киелі  кітаптағы  кейіпкерлер-

мен туыс етіп көрсету үрдісі осы іспетті бір құбылыс. Мысалы бір шежіреде: «Азия халықтары мына 

аталған  аталардан  тараған  екен, - дей  келе,  Ғажамнан  Нəзір,  Нəзірден,  Мəлік,  одан  Əнес,  Əнестен 

Жəлел,  одан  Мағаз,  одан  Саһлы,  одан  Аққурай,  одан  Ақшолпан,  одан  Аламан,  онан  Алаш,  онан 

Сейілхан, Жайылхан, Айылхан» - деп шежірені бастайда да кетеді. «Он жетінші ата – Мағаз, он сегізін-

ші – Жабал, он тоғызыншы – Əнестің дəл өзі, ал жиырмасыншы – Мəлік» деп шежіре өрбіту сопылар 

силсиласының сабақтастығын көрсетеді. 

«Қазақ» газетінде басылған «Қазақтың та рихы» мақаласында Ə. Бөкейхан: шежіре біледі деп «жұрт 

Нұрфайыз  ишанды  көрсеткен.  Сонда  Нұрфайыз  хазіреттің  жазып  көрсеткен  шежіресі  мы нау:  Анас, 

оның баласы Мағаз, оның баласы, Сахил, оның екі баласы – Ақ Қорай һəм Ақ Шолпан, Ақ Қорайдан 

Аламан, онан Алаш, онан Жаил хан, онан Майқы би. Осы шежіренің ешбір жері тарихқа дұрыс келмей-

ді ... сол елдің осы күнгі балалары өздерін Анастың ба ласы санап, қазақты онан 500 жыл соң туғызып 

жүргені – ұят-ақ» - деп жазған. 

Шежірелік деректердің кейбір шындыққа сəйкеспейтін осындай керексіз мəліметтері де сондай ескі 

уақыт сипатын суреттеуге арналған орындарға қойылатын уақыты да келді. Кейбір шежірелер болған 

уақиға  жайынан  сөйлеп,  бірақ  оның  мəнісін  түсіндіріп  айтпайтынын,  кейде  шежірелерде  маңызды 

мəселе туралы айтылса, кейбір жерде сұйылатын ұсақ-түйекті сөз қылатынын А. Байтұрсынұлы ескер-

ткен. Бір жерінде шежірелерде рас болған уақиғаны суреттесе, екінші жерде тек жұрт аузындағы əуезе 

болған  өтірік-шынды  əңгімелерді  сөйлеп  кететін  кемшін  тұстары  да  болатынын  аңғарған.  Осындай 

мəселелер кез келген шежірелік материал дарды бір ретке келтірушінің алдынан шығатын іс. 

Қазақтан арғыда, ертедегі буын Əннас, Аламан, Алаш сияқты, тағы басқа ата-баба есімі, буындар 

аталады. Қария сөздердегі бұл генеалогиялық жүйе реті: «Атамыз Əннас. Əннастан – Мағаз. Мағаздан 

– Жабал. Жабалдан – Торай, Қорай. Торайдан – Естек, Ноғай. Қорайдан – Ақшолпан, Аламан. Кейбір 

шежіреде  Аламан  атасы – Айбура.  Аламаннан – Қырғыз.  Ақшолпаннан

3

 – Сейілхан,  Жайылхан. 



Сейілханнан – сегіз арыс Түркбен. Жайылханнан – Майқы. Майқыдан – Құмиян, Тұмын. Құмияннан 

– Өзбек – сарт еншілес болып шаруа қылған. Тұмын түйе бағып сахараға шыққан. Тұмыннан – Алаш, 

Наурыз. Наурыздан – Балашақ. Алаштан – Айырқалпақ. Айырқалпақтан – Қазақ, Созақ» - деп сөйленеді 

[8].Бұдан басқа Сапиян есімін атайтын шежірелер де бар. Енді бір шежіре: «Қазақ үш баладан: Ақарыс, 

Жанарыс, Бе карыстан өсіп-өнді» – дейді. Н. Наушабайұлы шежіресі де бұл турасында жырлайы. 

Қазақтың тегі осы шежіренің генеалогиялық аңыздарында «Мұхаммед пайғамбар сахабаларынан, 

яғни  жолдастарынан  өсіп-өнген  ұрпақ»  деген,  бұл  «дүниенің  көрінісі»  сипаты  турасында  жасалған 

концеп ция астарында исламдық діни ықпал жатқаны белгілі. 

Арғысы  Адам  атадан

4

,  бергісі  осы  арабтан  шыққан  қазақтың  «атасы»  Əннас  сахабадан  бастап 



қазақтың аты аңыз болған үш жүз бабалары Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс аралығындағы аталардың та-

ратылуы Н. Наушабайдың «Мəнзұмат-қазақия» еңбегінде мына өлең-шежіремен сипатта лады: «Əуелгі 

2 Аламан – мемлекеттің, патшаның билігіне бағына бермейтін, өз билігі өзінде, салт бас, сабау қамшы жауынгер, 

барымташы, жортуылшы. Қазақтағы кер езу деген ұғымға ұқсас. Түпкі мəні көшпеліліктің ерте сатыларына тəн 

қоғамдық қатынас пен құндылықтарды көрсетеді. Аламан – белгілі бір ата емес, көне дəуірге тəн өмір салты. 

Аламан ұғымы алашы, жан алғыш, мал алғыш Алаша мағынасына жақын. Сондай-ақ сақа адам, мықты, қазақ 

деген ұғымдарға мағынасы өте жақын; сондай-ақ, жорық, шабуыл, бəйгі.

3  Ақшолпан–  қарақалпақ  шежірелерінде  жиі  айтылатын  арғы  ана,  ана  тегі  іспетті  əйел  есімі,  сондай-ақ 

қарақалпақтың мүйтен руының ұраны. Қазақ шежірелерінде ер адамның аты сияқты айтылады.

Адам – əуелгі пайғамбар; қазақ шежірелерінде жаратылыс туралы түсінік. Адам ата топырақтан (жер-



тозаңнан) жаратылды, – деген ұғымға негізделген.

243

Адам сопы, Аллаһ, Нұх нəби, // Баяндап жатпайын білсе аны. Неше түрлі, қаншама халық болып, // Неше 

абзал мүрассиллер өтті бəрі... Хаққа құл, рəсүлге үммəт елден біз, // Біз абзал жаратылдық тозаңнан біз. 

Болмаса сахарада жүргеніміз, // Арғы зат нəсіліміз ғажамнан біз

5

. Анастан Жəбəл туды бин Мұғаз, // 



Маснаф болды халыққа айтып уағыз. Мұғаздан Сəһил–сəһил туды Ақшолпан, // Шежіре бірден–бірге 

қалған қағаз. Ал алтыншы атаң туды Аламан, // Мекенжай отан етті сахарадан. Мұнан Алаш, Алаштан 

екі ұл туып, // Сегіз арыс түрікпен болды осы арадан.

Қазақтың мұндай ата-тарату жүйелерінің авторлары қожа мен сейід ор тасынан шыққан ортағасырлық 

ойшылдардың əсерімен байланысты. Ниса сүресінің бірінші аятында: «Əй адам баласы! Сендерді бір 

кісіден (Адам ата дан) жаратқан жəне одан оның жұбайын (Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен көптеген 

ер,  əйелді  таратқан  Раббыларыңнан  қорқыңдар.  Сол  арқылы  өзара  сұрасқан  Аллаһ  (Т.)  дан  жəне 

туыстардан безуден сақтаныңдар. Шəксіз Аллаһ (Т.) сендерді бақылаушы» - делінген екен [9]. 

«Біздің  халқымыздың  ахуалын  жазуға  өзге  миллəт-ұлт  былай  тұрсын,  көп  елдерді  басып  алып, 

Шынға дейін жеткен арабтар, шығыс тайпаларының арасын айыра алмай арабтан өзге шығыс халқын 

«ажам» деп қоя салған, кейіннен түрік–хазар, қыпшақ деп біраз басқаларын да анықтап айта алмайды. 

Тіпті османдық тарихшылар қаны, тілі жақын тұрғанымен, көбінесе еуропалық тарихшыларды жақтап, 

Қырым, Қазан, Астрахан халықтарын татар деп жазған» - деп, кезінде Қ. Халид жазған еді.

Генеалогиялық  кестеде  аталардың  туыстық  ретіне  қатысты  жалған  династиялық  кесте  жасау  да 

орын  алады.  Мұндай  бұрмалаушылық  белгілі  мүдделерге  орай  іске  асырылады.  Төре  əулеттеріне 

қатысты шежірелереді бұл биліккке талас жасау мақсатында жасалатын болған. Қожалар шежірелерін-

де генеалогиялық жүйе құру, дін уағыздау ісі, діни-сопылық жүйеге салып мүрит қосу, діни мəндегі 

силсила жасауда белгілі қызмет атқарған. 

Осы  мəселе  турасында  қазақтың  əйгілі  шежірешісі  М.-Ж.Көпейұлының  еңбегінде  қазақтың  ата 

тегінің тарихы дəйекті талдауға түскен: «Ақкөсе мен Мəлік екеуі бір ағайынды, Нəзір деген əкелерінің 

аты  екен.  Мəліктен  Əннас  туады.  Əннастың  үрім-бұтағынан  Түрікпен,  Қарақалпақ,  Қазақ  тарайды. 

Ерте заманда бұрынғы ата-бабаларымыз «біз Ақкөсе сахабадан екенбіз» деп жүргені, пайғамбарымыз 

дүниеден  қайтқаннан  кейін  Мохтырас

6

  деген  кəпірмен  соғыс  ашамыз  деп,  қазіретіміздің  күнінде 



Ақкөсе,  Имамбайыр,  Құттықожа  сахабалар  Қаратауда  болып, «Ақкөсе  сахаба  бабамыздың»  моласы 

деп зиарат қылғандықтан, соның ұрпағымыз деп жүргені сол екен. 

Бұл күнде Қаратаудың күн батысында ол кісіні Домбы Ата десе жұрт біледі. Басқа жұрттан шығып 

тарих жазушылар мұнда қайдан шығып, қайда ба рып ұшырасқанын білмейді де. Əннас, Мəлік хазі-

реттер ғарабтың арабы. Қазақ өзін ғарабтан туғызып, пайғамбарға туысқан бауыр болғысы келеді ... 

Өзінен шығып жазбаған соң, қазақты кім болса сол ғарап деп айтады. Əбілғазы айтпай ма, арғы ата-

мыз Ер Түрік деп!? Дұрысы сол болады. Арабтан бұрын ғұндарды қайда, кімге қосасың?! Қазақ содан 

қалған. Оқымасаң, жазбасаң біреуге күніңді салсаң осылай қылады да» [10]. 

Бұл  дерек  М.-Ж.  Көпейұлының  тарихты  дəлелді  сөзге  сүйеніп  сипат тайты нын  көрсетеді. 

А. Құнанбайұлының қазақтың тегі турасындағы жазғаны М.-Ж. Көпейұлының тарихи көзқарастары-

мен ұштасады: «Біздің қазақтың ықыласы атасын ғарабтан шықты дегенді, яки бəни Исраилден

7

 шықты 



дегенді ұнатқандай, – деп жазды Абай, – онысы – əр не тауарихтан – хабар тисе, сол жақтан тиген-

діктен, ислам діні бұрынғы ата-бабаларды ұмыттырып, діндестерді жақын көрсеткендіктен һəм арғы 

жағы хабарсыз қараңғылықта қалғандықтан болған іс» [11]. 

А. Құнанбайұлы қазақтың арғы тегін семит халықтарының аталас қылу дəстүріне сын көзқараспен 

қарай отыра, қазақтың тегі түркі-моңғол жұртымен тарихи тығыз байланыстылығына дəлел іздейді: 

«Есте жоқ ескі мезгілде, маңғұлдан бір татар аталған халық бөлінген екен. Қытайлар «татар» деп жаз-

ды. Асыл түбі қазақтың – сол татар. Қазақта төре нəсілдері өзін өзі біз татармыз деп айтысады. Онысы 

біз келімсек емес, түпсіз емес, таза тұқымбыз деген орынға айтылады, татарды білгендігімен айтқаны 

емес» - деп жазады.

5 «Арғы зат нəсіліміз ғажамнан біз» деген ұғым қазақтың арғы заты парсы деген ойды білдіреді. «Ғажам» 

арабша «парсылар, немесе араб елдерінен шығысқа қарай орналасқан» мағынасын білдіреді. Қазақтың бабасы 

іспетті көрсетіп отырған «Əннас» есімді «баба» жалған, қиялдан, ойдан шығарылғаны «əннас» араб тлінде – «əл» 

(ар тикль) + «нас» (адамдар) = «əн–нас» (Адамзат) пайда болғаны дегені. «Əннастың ұрпағы» деген қазақ тілінде 

«адамзат баласымыз» болады – М.А.

6 Мық, тарса деген сөз. Мағынасы манихей, жəне (немесе) несториан дінін ұстағандар. Қазақтың мық деген 

ескі сөзі христиан мифологиясындағы гог-магог халықтары, ислам мифологиясындағы яджуж-маджуж, қазақ 

ортасында айтылатын мəжусилер деген ұғымымен байланысты. Магог –демек, тас пұттарға табынушы, будда 

дінін  ұстанушы  халықтар.  Мықтың  үйі  дегені – мажуси,  тас-пұттарға  табынушы  халықтар.  Мық  сөзінің  мəн-

мағынасы турасында əр-алуан пікір бар. – М.А.

7 Мұса пайғамбардың қауымы, соған ергендер демек.



244

Қазақтың тарихи шығу тегінен басқа Абайдың бұл еңбегінде қазақтың ескі түріктен қалған салт-

рəсімдері сөз етіледі. Абай бұл турасында: «Ол кезде шала-пұла хат таныған кісісі болса – оны «абыз» 

дейді екен. Ол «абыз» əуелде шаман дініндегілердің өз молдасына қоятын аты екен. Дүниеде не нəрсенің 

себебіне көзі жетпесе, сол нəрсені құдай қылып жүр деп, дін тұтынатұғын əдеттерінің сарқынын біз де 

кей жерде көргеніміз бар: келін түскенде үлкен үйдің отына май құйып, «От ана, май ана, жарылқа!» 

дегізіп, бас ұрғызған секілді, «өлген аруаққа арнадық» деп, шырақ жаққан секілді, жазғытұрым алғаш 

бұлт күркірегенде, катындар шөмішімен үйдің сыртынан ұрып, «Сүт көп, көмір аз» деген секілді. Бұған 

ұқсаған ырымдар көп еді» - деп жазған.

Ислам діні ықпалымен қалыптасқан қазақ шежіре сақтаушылары қазақтың ата-тегін, аттарын та-

ратып,  Арғын  руын  былайша  алып  келетін:  арабтың  Ғажам  руынан  шыққан  Əннастан,  Мұхаммед 

пайғамбардың  сахабасы  Жəббал,  одан  Мағаз,  одан  Саһил,  одан  Ақшолапан..  одан  Аққурай,  одан 

Ала ман,  одан  Алаш  туады.  Алаштан  Сейілхан,  Жайылхан,  одан  Майқы,  одан  Өзбек,  Сапияннан 

Айырқалпақ

8

, одан – Қазақ, Созақ. Созақтан – Қарақалпақ. Бəрі осылайша жазылған ескіше шежіре 



атаулыны өрбіту қазақ арасына ислам дінін та ратушылар дан, Мұхаммед пайғамбардың ұрпақтарынан 

басталады деді. Дегенмен, қазақтың шежірелік сөзінде түркі ұлыстарының бұрын болған өзара тари-

хи-мəдени байланыстары генеалогиялық ретпен суреттеу үлгісінде сөйленеді. Мысалы, «Сейілханнан 

Сегіз арыс түрікмен, Айылханнан қондыкер халқы. Ол ертеде аударыс-төңкеріс уақытында Османияға 

қарап кеткен бір мемлекет болыпты. Ақшолпаннан мына тұрған көрші халық қырғыз халқы тараған» 

- дейді. 

Сонымен,  шежіре  сөзінің  түп-төркіні  туралы  айтар  болсақ,  осы  уақытта  қалыптасып  қалған  əдет 

бойынша, шежіре сөзін араб тілінен келген шаджара, яки ағаш деген сөз деп айтылуы қате. Шежірелік 

дəстүр де, жазу-сызу өнері де тек қана арабта емес, түркінің өзінде ескі уақыттан келе жатқан өнер. 

Қазақта  жазу  болмады  деген  сөз  де  бекер.  Жазу  дəстүрі  қазақта  ерте  дəуірлерден-ақ  бірден-бірге 

сақталып келген өнер түрі. Қазақтың байтақ өлкесінде төрт түрлі жазу үлгісі сақталғанын өз кезінде 

«Таңбалы тас» жазуы атты еңбегінде академик Ə. Марғұлан дəлелді айтты. «Бұл тасқа, не мавзолейдің 

қабырғасына  жазып  қалдырған  тарихи  сөздер  қазақ  мəдениетінің  орта  ғасырдағы  бір  үлкен  белгісі, 

қазақта  жазу  болмаған,  шикі,  тағы  ел  деп  айтушылардың  сөзін  теріске  шығаратын  ашық  белгілер; 

осындай тасқа жазылған қазақ сөздерін біріктіріп, жеке бір кітап етіп шығарса, қазақты білмейтіндер 

өзінен өзі таң қалып жүрер еді» - деді Ə. Марғұлан. 

«Бетпақтың шөлінде Таңбалы Нұра деген жер бар, сонда тасқа басылған таңбалар бар. Үш жүздің 

баласы қазақтың таңбаларында талас болса сол тасқа барып қарасады. Алаша ханның тұсында басылған 

таңба дейді. Мұнан бұрын сағымнан пайда болған Шыңғыс хан да тоқсан екі баулы қыпшаққа таңба 

үлестіріп  берген  екен  дейді.  Алаша  ханның  тамы  Қаракеңгір  өзенінің  күнбатыс  жағында,  Ташкент, 

Түркістан  ұсталары  жасаған,  күйдірген  қыштан  салған.  Алаша  ханнан  қалған  тұқым  да,  нəсіл  жоқ. 

Жалғыз баласы Жошы бала күнінде аңға шығып мінген аты құланмен елігіп-желігіп, бала атына ие 

бола алмай, атының басын тоқтата алмай, бала жығылып, баланы ат сүйретіп өлтірген» - дейді Мəшһүр 

Жүсіп. 


«Қазақтың тарихы» атты еңбегінде, Ə. Бөкейхан: «тарих дейтін бұрынғы өткен заманның жайынан 

сөйлеп тұратұғын, бұрынғы өткен кісілердің ісінен хабар беретұғын бір ілім. Қазақтың көбі оны шежі-

ре деп айтады» деп жазды [12]. Расында да халық санасында тарих ұғымы шежіре ұғымымен үзеңгілес, 

кейде тіпті балама ұғым ретінде қабылданады. Қазақ ортасы тарихи əңгімелерге əуес адамдарға бай. 

Бұл өте жақсы нышан. Себебі, Ə. Бөкейханның сөзімен айтсақ «тарих – түзу жөнді үйретуші, ..тарих 

халықты түзу жөнге сілтеуші болса, оған дүние де түзушіліктің кітабы». 

Тарих деген ұғымның шығу төркіні арабтық. Араб тілінде тарих деген сөздің мəні мезгіл, уақыт, 

“дата” деген мағынада. Демек, араб халқының түсінігінде, өткен дəуірлер ең алдымен уақыт арқылы 

танылады. Сол сияқты тарихи білім ең алдымен «қай бір уақытта?» деген сауалға жауап береді. Ал 

жылқы шаруашылығы жайымен көшпелі тұрмыс кешкен түріктің, қалың қазақтың санасында тарихи 

білімнің мəні адамдар, тарихи тұлғалар, олардың іс əрекеттері. Осы тұрғыда шежіре мəні генеалогия 

ұғымына  сай  келеді.  Ұлттық  санада  тарихи  білім  жүйесі  уақыт  ретіне  (арабтарда,  еуропалықтарда) 

жəне генеалогия, əулет тарихы ретіне (қазақтарда, қытай, түрк, моңғолдарда) бағынады. 

Қазақтың көбі шежіреге құштар. Халықтың тарихи-генеалогиялық өткен-кеткенін білуге халықтың 

құштарлығын  сипаттай  отыра,  Ə.  Бөкейхан: «қазақтың  молласы  болсын,  қарасы  болсын – шежіре 

білуге,  бұрынғы  өткеннің  тарихын  естуге  əуес  халық ... манағы  “əуестік”  қоймайды:  қария  адамдар 

қазақтың əсілін білуге һəр кімнен сұрайды» – деп жазды [13].

8  Мұның  өзі  бас  киім  тігіп  кию  əдетіне  қарай  халыққа  ат  қою  дəстүрін  көрсетеді.  Көне  гректер  де  өз 

жазбаларында сақалардың бір жұртындағы халықты «тиграхауда» - «шошақбөріктілер» деп атайтынын көрсетті 

– М.А.



245

Шежіренің де қажет, қолданатын жері бар. Шежірелердің негізгі қажет жері – құдандасу, қыз алысу 

мəселесінде, қан, тек тазалығын сақтау ісінде. Қазақта тектіліктің, қан тазалығын сақтау амалы ретінде 

отбасын құруда экзогамиялық, яғни жеті ата ішінде өзара қыз алыспау дəстүрімен жүрген. Қазақтың 

басқа түркі халықтарынан өзара айырмашылығы дəл осы қағидаттан байқалады. Бұл дəстүрді жойған 

қазақ,  өз  кезінде  қазақылықтан  шығып  өзбек  болды.  Дəулетті,  төре,  іргелі  əулеттер  неке  құрғанда, 

құдандасқанда  келінді  алыстан  алып,  қызды  алысқа  берген.  Сондықтан  да  бұл  дəстүр  қазақта  “қыз 

ұзату” деп аталады. 

Бұдан  басқа,  ата-текті  тарату  дəстүрі  қазақта  діни  салт-санасымен,  аруақты  қадірлеу,  аруаққа 

құрмет көрсету əдетімен тығыз байланы сты. Қазақ адамы имани əдет бойынша бір Аллаға сиынып, 

ата-бабалардың аруағына тағзым етіп, құрмет көрсетіп өтеді. Аруақты қадірлеу дəстүрі – адами қасиет, 

əдеп, кісіліктің бір белгісі. Аруақ қадірлеу, ата-бабаларға Құран оқыту, ас беру сияқты қалыптасқан 

дəстүр қазақта бұрыннан болғаны белгілі. Осы мақсатта шежірелерді білу парыз болған. 

Халықтың  «Өлі  риза  болмай,  тірі  байымайды»  дейтіні  даналық,  таным. «Тəңірі  жарылқасын, 

аруақтар алқасын» - дейді халықтың енді бір ескі мақалы. 

Сонымен, осы екі жағдай қазақ халқының рухани негізін қамтыды – біріншіден, қыз ұзату арқылы 

қазақтың өзара алшақ жатқан ел-жұрттары бір-біріне жат болмай, қоғамдаса білді, үнемі үш жұрт бо-

лып, (өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты болып), жақындасып отырды; екіншіден, ата-баба есімін 

үнемі есте сақтау арқылы, олардың ел үшін игілікті істерін өскелең ұрпаққа үлгі етіп отырды – ерлікті, 

батырлықты дəріптеді, даналықты, шешендік өнерді өнеге етті, бұрын өткен ардақты аналарды да естен 

шығармады, кейде оларды тіпті рудың киесіне, ру ұранына айналдыратын болған. Сондықтан шежіре 

қазақ ортасында əрқашан қасиетті мəнге ие. «Дініміздің кемітіп қорламасын, // Көзімізді бақырайтып 

ұрламасын. Баламызды билетсін өзімізге, // Оқытсын деп орысша зорламасын» (Мəшһүр Жүсіп). 

Қазақтың «Əке көрген – оқ жонады, шеше көрген – тон пішеді» дегеніндей, əкенің де, шешенің де 

тəрбие ісінде өз орны бар. М.-Ж. Көпейұлы айтқан шежірелер – тұнып тұрған даналық, тəрбие сөз. М.-

Ж. Көпейұлы бала тəрбиесі жайында мынаны айтады: «адам əйел болсын, еркек болсын, сақи болса 

маңдайлы болады. Адам көре-көре көсем болады, сөйлей сөйлей шешен болады. Баулысаң – бала ба-

тыр болады. Ұл болсын, қыз болсын, балаларды кішкене уақытынан “береген” қылып, сыйлық қылуға 

баулып үйрету керек. Бергенді мақтап, бермегенді даттап, “берген биге барған, бермеген кімге барған” 

деп, бұрындары жасынан бергіш болып, сақи болып өскен, қолы ашықтық мінез алған баланы өскенде 

жұрт би қоятын болған. Сараңды кім би көтереді, ит құрлы қадірі жоқ, аяқ астында қалады» - дейді. 

М.-Ж.  Көпейұлы  бұл  сөзде  қазақ  билері  тəрбие  алып  шыққан  ортаны  айтып  отыр.  Жəне  қазақ 

өзгеге мырза, өзіне сараң болған емес. Өзіне сараң боп, өзгеге мырзасыған мінез даңғой дарақылық, 

ақылсыздықтан  шығады.  Адам  жақсылық  істесе  əуелі  ата-анасына,  туған  туысына,  ауыл-аймағына, 

міскін, жетім-жесір, мүсəпірге, бұдан кейін өз халқына, ұлт-ұлысына, мұсылман баласына болуы тиіс. 

Ісра сүресінің жиырма алтыншы аятында: «Туыс жақындарға, міскіндерге, жолда қалғандарға міндетті 

түрде қарайласыңдар» демей ме!? 

Өз  болашағын  қамданған  ұлт,  өзі-өзіне  ие  болады.  Өзін  ойламай,  жатқа  тізгін  ұстатқан  ұлт,  кім 

көрінгенге кіріптар болады. Тектілік, қан тазалығын сақтау əдеті қазақта шежірелік дəстүрмен жүрген. 

Кез келген ұлт нақты эндогамиялық үрдіс барысында құралады, жасалады жəне сақталады. Бұны эт-

нография ілімі ғылыми негізде сипаттап дəлелдеген. Нақты эндогамия дегеніміз – ұлттың некелесуде 

жəне отбасын құруда қан тазалығын сақтау, аралас некеге түспеу. 

Қазақ даналығы «жиен – ел де емес, жау да емес» дегенімен, жиеннің өзі қан жағынан таза жиен 

болғаны дұрыс, яғни басқа ұлтпен аралас некеден тумаған жиен болғаны абзал.

Шежіре дəстүрі бойынша қазақ халқы бір атадан туып, өсіп-өніп, өрбіген халық, ұлт деп түсіндіретін 

тұтас генеалогиялық жүйе қалыптасқан. Осыған орай «атам Қазақ», иə «Алаш баласы» деген ұғымдар 

мақал-мəтел, даналық қанатты сөздерде орын алатыны белгілі. Бұл генеалогиялық немесе ата тарату 

дəстүрі ерте дəуірлерден жалғасып келе жатқан құбылыс. Осыған орай Қазақ бабаның ұрпағы қазіргі 

қазақ халқы өсіп-өнді деген түсінік, ұлттың тарихи санасында нық орнаған. Абай: «Бұл қазақ Алатау 

бөктерінде  жүргенде  егін  салмақ  секілді,  сауда  қылмақ  секілді  шаруаларға  да  көршілерінен  көріп 

айналған екен. Өздерін өздері: “Қоңыр қазақ, қара қазақпыз” дейтұғыны, “Қазақ байдың баласымыз” 

дегені, сол уақыттағы ғана біраз момындықпен тұрған кезі болса керек» - деп жазған. 

Қазақ  рулары  əртүрлі  тарихи  жағдайларда  өз  ретімен  түзілсе  де,  шежірелерде  олардың  барлығы 

бір атаның баласы ретінде суреттеледі. Бірақ кейбір шежірелерде олардың бір жүз құрамынан басқа 

жүздің құрамына, тіпті алты алаш түріктен келіп қосылған тұстары туралы бейнелі дерек келтіріледі. 

Шежірелік дəстүрде Алаштың алты баласы деп – қазақ, қарақалпақ, башқұрт, ноғай, қырғыз, хақасты 

көрсетеді.


246

Шежіренің, тарихтың өзектілігін танытатын сөзді М.-Ж. Көпейұлы былай айтты: «еліне пайдасы 

тиген ерлерді айтпасаң ертең өсетін бозбала, бордай үгіліп, өз жерінде өгей бала болады». Көне дəуірге 

де көз жүгіртіп, жалпы тарих көрінісін елес ретіде болса да назарға алған жақсы. Бергіде қазақ, арғыда 

–  оғыз,  түрік,  қыпшақ  дəуірлерінің  тарихи  көрінісі,  негізінен  үлкенді-кішілі  ру-тайпалардың  үнемі 

өзара қозғалыс жағдайында болғанын байқатады. Үздіксіз сапырылыс, бітпейтін аралас. Оған түрткі 

болатын себептер де көп болған. Ғалым Құлмат Өмірəлиевтің «қай шежіре болмасын, барлық рулар өз 

тарихын өздерінің аталарының, əрі кетсе аталастарының тарихынан əрі асыра алған емес» дегені 

дұрыс. 


Бергі уақыттағы ата-тек реті əлдеқайда шынайы болып келгенімен, арғы дəуірлердегі генеалогиялық 

тектер  құрамалы,  жобалы  болып  келеді.  Бұл  заңдылық.  Сондықтан  жеті  ата  ретін  анық  білу  жет-

кілікті деуге болады. Шежіре дəстүрі атқаратын ең алғашқы міндет – тəрбие ісі, ұлттық бірегейлікке 

қызмет, дəстүршіл қоғам идеологиясы. Тарих тəлімі көрсетіп отырғандай, жер бетінде өзінің ұлттық 

дəстүрлеріне берік болған ұлттар ғана өзінің өмірін баянды ете алған. Ендеше қазақ ұлты өзінің түркі 

негізіне  берік  боламын  десе,  көне  дəстүрден  айырылмауы  тиіс.  Шежіре  де  сондай  маңызды  ұлттық 

дəстүр. Шежіре ұлтты ұйыстырады. Шежіре ұлттың жолын ашады. Көтеш ақын: «Ата тілін сыйлаған 

халал ұлды, // Хұтпа ұстаған молдадан кем демеңіз» деген.

Сонымен, бұрынғы даналар, қариялар шежірені тектілік пен қан тазалығын сақтау, елді бүтіндеу, 

туыстың өзара ынтымағын жара стыру мақсатында дəстүр етті. Біз де осы шежірені жинап жарыққа 

шығару ісінде, туыстықты, бауырластықты көрсету ниетінен туындаған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет