Литература
1. Доклад Н.А. Назарбаева к 12-летию независимости РК. Годы выбора и созидания // Казахстанская правда.
– Астана, 2003. – 16 декабря. – С. 2.
2. Послание Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева «Стратегия «Казахстан - 2050». Новый поли-
тический курс состоявшегося государства» // Казахстанская правда. – Астана, 2012. – С. 2.
3.Володьков О.П. Проблемы торгового капитализма в работах М.Н. Покровского: диссертация ... канд. ист.
наук. – Омск, 2002. – 120 c.
298
4. Исторические предпосылки Великой Октябрьской социалистической революции / Материалы сессии
Научного Совета. – Л., 1954. – 219 с.
5. Бекмаханов Е. Б. Присоединение Казахстана к России. – М.: АН СССР, 1957. – 342 с.
6. Галузо П.Г. Очерк советской историографии аграрных отношений в Казахстане в период капитализма /
Материалы к научной сессии по проблеме «Развитие в России капитализма вширь». – Алма-Ата, 1971. – 113 с.
7. Бекмаханов Е.Б. Очерки истории Казахстана. XIX век. – Алма-Ата: Мектеп, 1966. – 191 с. с илл.
8. Очерки истории исторической науки в СССР. Под ред. М.В. Нечкиной – М., 1966. – Т. 4. – 853 с.
9. Сулейменов Б.С. Проблемы истории дореволюционного Казахстана в советской историографии // Вестник
АН КазССР. – Алма-Ата, 1968. - № 1. – С. 46 – 53.
10. Бекмаханова Н.Е. История дореволюционного Казахстана в новейшей советской литературе (1968 - 1971)
// Вопросы истории. – М., 1972. - № 10. – С. 127 – 134; Герасимова Э.И., Бекмаханова Н.Е. Проблемы политичес-
кой и социально-экономической истории Казахстана XVIII - XIX вв. (70-80-е гг.). / Вопросы историографии и
источниковедения Казахстана (дореволюционный период). – Алма-Ата, 1988. – 264 с. – С. 25 – 49.
11. Нусупбеков А.Н. Вопросы истории Казахстана: (Избранные труды) / Редколлегия: Т.Б.Балакаев (отв. ред.)
и др.– Алма-Ата: АН КазССР, 1989. – 343, / 1 / с.
12.Дулатова Д.И. Историография дореволюционного Казахстана (1861-1917). – Алма-Ата: Наука, 1984. – 272
с.; Дулатова Д.И., Абилев А.К. О некоторых вопросах советской историографии торгово-экономического разви-
тия Казахстана в пореформенный период / Социально-экономические предпосылки и прогрессивное значение
присоединение Казахстана к России. Межвузовский сборник. – Алма-Ата, 1981. – 122 с. – С. 15 – 28.
13.Абылхожин Ж.Б. Социально-экономическая структура казахского аула в переходный период (историог-
рафия проблемы) / Великий Октябрь и социально-экономический прогресс Казахстана: (Историография: опыт и
проблемы) / Под ред. М.К. Козыбаева. – Алма-Ата, 1987. – 336 с. – С. 134 – 136.
14.Козыбаев М.К. Актуальные проблемы изучения отечественной истории. / Уроки отечественной историии
возрождение казахстанского общества: Материалы Научной сессии / Ред.: Г.Е. Тайжанова, Р. Рахимбеков; Сост.:
К.С. Алдажуманов, К.Н. Балтабаева. – Алматы, 1999. - С. 34 - 48.
15. Назарбаева Г., Абжанов Х. Казахстан: история и судьба. Статьи. – Алматы, 2003. – 296 с.
16. Очерки историографии и методологии истории Казахстана: монография. – Алматы: КазАТиСО, 2007.
– 328 с.
17. Очерки по историографии и методология истории Казахстана / Абылхожин Ж.Б., Алимгазинов К.Ш.,
Ерофеева И.В., Жакишева С.А., Мажитов С.Ф., Сужиков Б.М. – Алматы, 2007. – 328 с.
18. Современное состояние и перспективы развития исторической науки Казахстана и России. Сборник мате-
риалов Международной научно-практической конференции (26.06.2008 г.). Под ред. С.Ф. Мажитова. - Алматы,
2008. – 332 с.
19. Мухатова О.Х. Қазақстандағы аграрлық өзгерістер тарихнамасы. - Алматы, 1999. – 355 б.
20. Төлебаев Т.Ə. XIX ғ. екінші жартысы мен XX ғ. басындағы Қазақстанға капитализмнің енуінің тарихнама-
сы. - Алматы: Айдана, 2002. – 276 б.
21. Масанов Н.Э., Абылхожин Ж.Б., Ерофеева И.В. Научное знание и мифотворчество в современной истори-
ографии Казахстана. – Алматы: Дайк-Пресс, 2007. – 296 с.
22. Несипбаева К.Р. Некоторые аспекты теоретико-методологических проблем историографии Казахстана /
Современное состояние и перспективы развития исторической науки Казахстана и России. Сборник материалов
Международной научно-практической конференции. – Алматы, 2008. – 424 с. – С. 158 – 173.
СУТЕЕВА Х. А.
т.ғ.д., проф., Абай ат. ҚазҰПУ
1917 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ РЕСЕЙ ƏСКЕРИ ТАРИХНАМАСЫНА ЖАҢАША КӨЗҚАРАС
Қазіргі күнде қоғамның өз тарихи өткеніне деген қызығушылығы артып отыр. Кеңестік дəуірдегі та-
рихты зерттеу саласындағы таптық көзқарастың басым болуы, объективті ғылыми ізденіс мүмкіндігінің
жоқтығы тарихи өткенді ұғыну мен оған баға беруде бұрмалауларға жол берді. Сондықтан қазіргі
заманғы егеменді Қазақстан Республикасының тарих ғылымында халықтың тарихи жүріп өткен жо-
лына, оның тарихын зерттеген ғалымдардың мұрасын қайта баға беру процесі жүріп жатыр. Бұл еге-
менді мемлекет қалыптасып жатқан күрделі кезеңде азаматтардың саяси мəдениетінің қалыптасуына
едəуір деңгейде мүмкіндік туғызады. Осыған байланысты ХІХ ғ. атақты неміс философы Ф. Ницшенің
сөзін келтірсек орынды болар еді: «Бірде-бір халық ақ пен қараны ажыратпаса сақталып қала алмайды;
сақталып қалу үшін олардың пікірлері көршілестерінен ерекшеленуі тиіс» [1,15 б.].
Қазақстан тарихнамасында зерттеуді жəне оны жаңаша бағалауды қажет ететін проблемалар аз
емес, олардың қатарына 1917 ж. дейінгі орыс əскери тарихнамасының Қазақстан тарихын зерттеу жəне
299
оны жаңаша бағалау проблемасы да жатады. Бұл мəселені зерттеудің үлкен ғылыми жəне танымдық
маңызы бар. Аталған проблема бойынша орыс əскери тарихи ойын талдау біздің отандық тарихнамада
бұл проблема бойынша осы уақытқа дейін қалыптасқан дəстүрлі көзқарасты қайта қарауға мүмкіндік
береді.
Қазақ жерінің ұзақ уақыт бойы отарлық жағдайда болуы жəне кеңестік дəуірдегі қасаң идеологиялық
ұстанымдар Қазақстан тарихын толық жəне шынайы жазуға мүмкіндік бермегені белгілі. Тарихшылар
тоталитарлық жүйенің жетекшісі болған КОКП басшыларының айтқандарын партиялық сьездер мен
конференциялар шешімдерін басшылыққа алуға, сол негізде тарихты жазуға мəжбүр болды. Мұның
барлығы 1917 ж. дейінгі орыс əскери тарихшыларымен Қазақстанның тарихын зерттеуін шынайы
жəне обьективтік бағаланбауына əкелді. Дəл сондықтан да бұл проблема бүгінгі таңдағы концептуал-
ды бағыт негізінде түбегейлі, əрі жан-жақты тарихнамалық ғылыми зерттеуді жəне дұрыс бағалауды
талап етеді.
XX ғ. соңында Кеңес Одағының күйреуі мен социалисттік жүйенің ыдырауы əлемнің саяси-
экономикалық бейнесіне орасан зор өзгерістер əкелді, кешегі Кеңес Одағы елдеріндегі өмірдің барлық
саласындағы шұғыл жəне түбегейлі модернизацияны бастап берді. Тəуелсіз Қазақстанның егемен-
ді өркениетті демократиялық мемлекет ретінде одан ары қарай даму бағытындағы маңызды міндеті
– отарлық психологиядан арылу. Сондықтан өткеніміз бен келешегімізге де тəуелсіз ой деңгейінде
қайта қарау – тарихшылардың өзекті міндеттерінің бірі. Ол маңызды міндетті шешу үшін де ең алды-
мен XVIII-ғ.-XX-ғ. басында Қазақстан тарихын зерттеген орыс əскери тарихшылырының еңбектеріне
тарихнамалық талдау жасап оларды дұрыс жаңа заман талабына сай бағалау қажет. Мұның өзі де біздің
бұл мақалада көтеріп отырған проблеманың құндылығын, уақыт талабына сай екенін дəлелдей түседі.
Казіргі кезде орыс əскери тарихи ойының Қазақстан халқы туралы ескерткіштерін талдау жəне
оларға ғылыми методология тұрғысынан баға беру қажеттілігі туды. Қазіргі қазақстантанушылардың
теориялық жəне нақты фактілік жетістіктері Ресей əскери ғылымының XVIII-ХIX ғасырларда қазақ
халқын зерттеудің тарихын, оны тарихи талдау əдістері мен жалпы жетістіктерін жəне кемшіліктерін
шынайы ғылыми түсінуге орнықты негіз болады.
Қазақстанның революцияға дейінгі тарихы бойынша бірде-бір жұмыс орыс əскери тарихнамасы
өкілдерінің еңбектерін деректанулық жəне тарихнамалық талдаусыз жазылған жоқ жəне жазылып
та жүрген жоқ. Алайда бірқатар факторлар Қазақстан аймағындағы орыс əскери тарихшыларының
қызметін жəне олардың жазба мұрасын жан-жақты жəне кешенді зерттеу жəне жаңаша бағалау
қажеттілігін тудырып отыр, себебі
революцияға дейінгі орыс əскери тарихнамасының қазақтардың тарихын зерттеу ісіне қосқан үлесі
немесе кері ықпалы лайықты бағасын алмай отыр, ол жалпылама жəне үзінді түрінде көрсетілген.
Бұл проблеманың қойылуы республиканың қоғамдық-саяси дамуының қажеттіліктері, объективті
түсіндіруді талап ететін жаңа тарихнамалық фактілермен түзетіліп отырған тарихнамалық теория мен
практиканың даму логикасы, жаңа таным ракурстарының пайда болуы сияқты бірқатар жағдайларға
байланысты.
XVIII-ғ.-XX-ғ. басындағы Ресей əскери ойындағы қазақ халқының тарихын қарастырған еңбектерді
терең зерттеудің Қазақстанның тарихнама ғылымын дамыту үшін ерекше маңызы бар. Қазіргі кез-
де тарих ғылымында жаңа теориялық-концептуалдық əдістердің қалыптасуы, оларды Қазақстанның
жаңа тарихына пайдалану орыс əскери тарихи ойының XVІІІ-ғ.-XX-ғ. басындағы Қазақстан тарихын
зерттеуінің маңызды мəселелерін көрсетіп, баяндаудың жаңа қырларын ашады. Зерттеушілердің аталған
проблема бойынша ғылыми теориялары мен концепцияларын, олардың көзқарастарын ой сүзбесінен
қайта өткізу тұрғысынан қарастыру біздің ойымызша қазіргі заман талабына сай. Бұл тақырыптың
өзектілігін тағы да айқындай түседі.
Сонымен бірге бұл проблеманың ғылыми ғана емес, саяси өзектілігі де бар, өйткені халықтың өткен
тарихын зерттеу қазіргіні айқын түсініп, болашаққа көз жүгіртуге көмектеседі. Бұл аталған проблема-
ны зерттеу – Қазақстан тарихына арналған орыс əскери зерттеушілерінің жұмыстарының негативтік
жəне позитивтік жақтарын шын көрсететін объективтік көзқарас қажет екендігін дəлелдейді.
Тəуелсіз Қазақстанның егеменді өркениетті-демократиялық мемлекет ретінде одан ары қарай даму
бағытындағы маңызды міндеті – отарлық психологиядан арылу. Сондықтан өткеніміз бен келешегіміз-
ге де тəуелсіз ой деңгейінде қайта қарау-қоғамтанушылардың өзекті міндеттерінің бірі. Ол маңызды
міндетті шешу үшін де ең алдымен XVIII-ғ.-XX-ғ. басындағы Қазақстан тарихын зерттеген орыс
əскери тарихшылырының еңбектеріне тарихнамалық талдау жасап оларды дұрыс жаңа заман талабына
сай бағалау қажет. Мұның өзі де біз зерттеп отырған проблеманың құндылығын, уақыт талабына сай
екенін дəлелдей түседі.
300
Жалпыресейлік тарихнамадан Қазақстанның орыстық тарихнамасының арнайы бағыт ретінде
ерекшеленуі жəне оның шеңберінде əскери тарихнамасының қалыптасуы, ішкі ресейлік факторлар
əсерінен жəне Қазақстанның Кіші жүзінің орыс укіметінің қол астына кіруінен бастап экономикалық,
саяси стратегиялық мақсаттарына байланысты Ресей мемлекетінің бұл өңірге көп назар аударуының
күшеюінен туындаған оқиға.
Ресейде қазақ елінің тарихын зерттеудің өзіндік саласының пайда болуы жəне ғылыми түсініктердің
қалыптасуы XVIII ғ. 30 ж. Кіші жүздің орыс үкіметінің қол астына кіруінен басталып – 1917 ж. дейін,
екі ғасырға шамалы ғана жетпейтін уақытқа созылған даму кезеңін өтті. Қазақстанның жалпы орыстық
тарихнамасының, оның шеңберіндегі əскери тарихнамасының , дамуын екі негізгі кезеңге бөлуге
болады. Бірінші кезең 1730 – ХIX ғ. 60 жж дейін – Қазақстанға арналған тақырыптардың жалпыре-
сейлік тарихнамадан тарихи-этнографиялық танымның ерекше саласы ретінде бөлініп шығуы. Қазақ
халқының ресейлік тарихнамасының ғылыми негізде қалыптасуы; 2 кезең – ХIX ғ. 60 жж. – 1917 жж.
дейін Қазақстанның орыстық тарихнамасының одан əрі дамуы.
Бұл дəуірлеудің негізінде қазақ елінің Ресей империясының шеңберіндегі мемлекеттік статусының
өзгеруі, соған байланысты осы өңірді зерттеген Ресей ғалымдарының мақсаттылығының, жиналған
материалдардың толыққандығы мен ақпараттық деңгейі; орыс тарихи, қоғамдық ой өкілдерінің
бұл мəселені қарастырудағы методологиялық ұстанымдары мен зерттеу əдістері; жалпыресейлік
тарихнамадағы көптеген бағыттар, ағымдар мен мектептердің қалыптасуы мен олардың өзара күресі
жəне осы уақыттағы орыс мемлекетінің экономикалық, саяси, əлеуметтік өміріндегі өтіп жатқан
көптеген факторларының ықпалы жатыр.
Қазақстанның ресейлік тарихнамасының бірінші кезеңінің негізгі ерекшеліктері:
− Ресей империясының үіметінің бұл қалыптасып келе жатқан бағытқа қолдау көрсетуі;
− ресей əскери тарихнамасының қалыптасуы жəне оның көрнекті өкілдерінің Қазақстан тарихының
кейбір мəселелерін зерттеуге назар аудара бастауы жəне қазақ халқының тарихын зерттеудегі орыстық
əскери тарихнамада академиялық жəне практикалық бағыттың пайда болуы;
- бұл кезеңде Қазақстанның орыстық əскери тарихнамасының ғылыми приоритеті болған-келешек-
те бұл өңірді толық жаулап алу үшін бұл аймақтың экономикалық потенциалы, ішкі саяси жағдайы,
жүру жолдары, əскери қуаты туралы толық мəліметтер жинастыру.
− XVIII ғ. соңғы ширегіндегі Қазақстанды комплексті академиялық зерттеудің нəтижесінде орыс
офицерлерінің (И.Г. Андреевтің, Я.П.Гавердовскийдің) монографияларының пайда болуы;
− Қазақстанға арналған тақырыптардың жалпыресейлік тарихнамадан тарихи-этнографиялық
танымның ерекше саласы ретінде бөлініп шығуы, қазақ халқының орыс тарихнамасының ғылыми фор-
ма ретінде қалыптасуы;
− ХIX ғасырдың бірінші ширегіндегі Ресей империясының көшпенді халықтары туралы декабрист-
тік ойдың пайда болып, Ресей халықтарының дворяндық-революциялық декабристтік концепциясының
туындауы;
Қазақстанның ресейлік тарихнамасының екінші кезеңінің негізгі ерекшеліктері: ХIX ғасырдың 60
жж. барлық қазақ жерлерінің Ресей империясының толық қол астына кіріп, ішкі отарға айналғаннан
кейін, казақ жерлерін отарлау жəне оны шикі зат қоры мен тауар шығаратын базарға айналдыру үшін
бұл өңірді толық жəне жан-жақты мақсатты зерттелуінің жалғасуы;
− Қазақстанның ресейлік тарихнамасының ағымдарға жіктелуі;
− Қазақстан тарихының күрделі проблемаларының орыс əскери тарихи ойының өкілдерінің
еңбектерінде жан-жақты талдануы жəне Қазақстан тарихының орыстық əскери концепциясының
қалыптасуы.
Қазақстанның ресейлік тарихнамасының философиялық-тарихи негізі болған, орыс таным
мəдениетіне терең еніп, XVIIIғ. екінші ширегі мен XXғ басына дейін қазақ халқы туралы жазылған
зерттеулерде методологиялық қызмет атқарған XVIIIғ. француз ойшылдары ұсынған-мазмұны
шаруашылық формасының алмасуымен анықталатын адамзат қоғамының тарихындəуірлердің өзара
алмасатын жүйелі тізбегі ретінде қарастыру; ақыл – ойдың дамуындағы прогрессивтік өзгерістер
кезеңдердің дамуының себебі болады деген; географиялық ортаның көшпелі қоғамның əлеуметтік
– саяси құрылымына əсер етуі туралы жəне Евразияның көшпенді қоғамының көп ғасырлар бойы
тоқырауда(стагнацияда) болдыдеген идеялар. Олардың пікіріне сəйкес, ақыл – ой дамуы «тағылық»
дəуірлері арқылы алғашқы қауымдық «жабайылықтан» азаматтық қоғамға өтуді білдіреді. Бұл
сызбадағы «тағылықтың» бастапқы кезеңдерінің біріне көшпелі халықтардың дамуы сəйкес келді. Бұл
идеялардың жүзеге асырылуы орыс əскери тарихнамасының Қазақстан тарихын зерттеу бағытында
төмендегідей белгілерден байқалды: субъективизм методологиялық принцип ретінде қаралды, қазақ
301
қоғамын зерттеуде еуропоцентристтік жəне этноцентристік көзқарастардың басым болуы, Ресейдің
Шығыстағы өркениеттік миссиясын асыра бағалады.
Қазақстан тарихының орыстық əскери концепциясының мазмұны мынада болды: орыс үкіметінің
Шығысқа ілгерілеуі мазасыз көшпенді тайпалардан қорғану «өзін өзі сақтау», «табиғи шекаралары-
на» жету үшін жүргізілді; қазақ жерлері Ресей империясының құрамына жаулардан қорғану үшін,
қамқорлық іздеп өз еркімен кірді; Ресейдің Шығыстағы жалпы өркениеттік ықпалына байланысты бұл
оқиға (қазақ жерлерінің орыс өкіметінің қол астына кіруі – Қ.С.) жергілікті халықтың тағдырына про-
грессивтік ықпалын тигізді.
ХIX ғ. 60-жж. қазақ жерлерінің орыс үкіметінің қол астына бағындырылуы толық аяқталып,
Қазақстанның Ресей империясының ішкі отарына айналуына байланысты бұл өңірді жалпы жəне оның
жекелеген аймақтарын зерттеуге қолайлы мүмкіндіктер туды. 1860-1917 жж бұл өлкенің тарихын
қарастыруға белсенді түрде Бас штаб офицерлері, Əскери, министірліктерінің шенеуніктері қатыса
бастады.
ХIX ғасыр бойы орыс əскери тарихи əдебиетінде қазақ қоғамының əр түрлі салаларын сипаттай-
тын бірқатар мəліметтер жинақталды. Осы уақытта орыс əскери тарихнамасының қазақ елінің тари-
хына қатысты зерттеген көптеген проблемалардың ішінде, ең маңыздысы ретінде, олар (яғни, ресейлік
əскери тарихнамасы – Қ.Ж.) көп назар аударған, мына проблемаларды ерекше жіктеп шығаруға бола-
ды, олар: 1) Қазақстанға орыс үкіметіңің жылжу себептері; 2) қазақ жерлерінің географиясының; 3)
қазақ халқының шығу тегінің; 4) Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуының; қазақ жерлерін
отарлау жəне оның жергілікті халықтың тұрмысына тигізген əсері мəселелері.
Орыс үкіметінің Шығысқа жылжуының себептері туралы мəселе революцияға дейінгі орыс
тарихнамасының басты жəне маңызды мəселелерінің бірі болды.
Орыс əскери ғылымының өкілдері Қазақстан мен Орта Азия проблемаларын біртұтас-орта азиялық
аймақ ретінде, ал бұл аймақтағы царизмнің саясатын «орта азиялық» саясат ретінде баяндағанын еске-
ре кеткен жөн. XVІІІ ғ. 30 ж. мен XX ғ. басындағы орыс зерттеушілерінің патша үкіметінің шығыс шет
аймақтарды қосып алуға деген ұмтылысының негізінде жатқан себептерге көзқарасын осы аспектіде
талдаған дұрыс болса керек.
Сол уақыттағы орыс əскери тарих ойы Ресейдің Шығысқа ілгерілей қозғалуының экономикалық,
саяси, рухани себептерін ашуға ұмтылды.
Негізіннен еуропацентристік қөзқарасты ұстанған осы уақыттың барлық зерттеушілері, оның ішінде
ресей офицерлері де, орыс үкіметінің Шығысқа жылжу себебін – Қазақстан мен Орта Азия халықтарын
еуропалық өркениетке енгізу қажеттілігінен туды деп түсіндірді.
1820 жылғы орыс ғылымын Орта Азия мен Қазақстан туралы жан-жақты құнды материалдармен
байытқан А.Ф. Негридің Бұхараға дипломатиялық өкілдігінің мүшесі болған белгілі саяхатшы, Ре-
сей Бас штабының капитаны барон Е.К. Мейендорф өзінің «Путешествие из Оренбурга в Бухару в
1820 г.» деген еңбегінде былай деп көрсеткен еді: «Үлкен коммерциялық пайдамен қатар … Орталық
Азияны иелену Ресейдің жергілікті халықтарға Ресейдің игілікті ықпалын арттырып, игілікті əсерін
ұлғайтатын еді, одан кейін, Ресейге Азияның бұл бөлігіне еуропа өркениетінің жақсы жақтарының
өскінін егіп, кеңейтуге мүмкіндік берер еді» [2,54 б.]. Бұл «Ресейдің Шығысқа игілікті ықпалын арт-
тыру» туралы тезисті өз еңбектерінде ілгері дамытып, толықтырған ресей əскери тарихшылары болды.
Генерал-майор М.И. Терентьев өзінің «История завоевания Средней Азии» деген еңбегінде Орталық
Азиядағы Ресейдің күшеюі Британдық Үндістанға қауіп төндіреді дей отырып, Ресейдің Орта Азиядағы
өркениетті ролін тым асыра бағалады: «Бағындырылған халықтарға қатысты біздің саясатымыз (Ре-
сей саясаты – С.Қ.), азаматтық теңдік саясаты болып табылады. Жуық арада басып алынған Ташкент,
Самарқан жəне Қазақстан тұрғындары, мысалы, Мəскеу тұрғындары сияқты, тіпті көп жеңілдіктермен
Ресей азаматына айналады» [3, 185 б.]. М.И. Венюковтың айтуынша: «Əлем тарихында, оның ішінде
əсіресе Шығыс тарихының шежірелерінде, Ресейдің Орта Азияға жылжуы сияқты терең жəне маңызды
оқиғалар кездеспейді.
Адамзаттың табиғи тарихы тұрғысынан алғанда, бүл оқиға, көп жылдар бойы түркілер мен моңғол
ұлттарының үстемдігінде болған жерлерде арий ұлтының үстемдігінің қайта таралуы болып есепте-
леді.
…Өнегелілік, заң жəне діни тұрғыдан қарағанда, бұл оқиға, мұсылмандық изуверлікті христан діні-
нің гумандық бастамаларымен айырбастау жəне адамның тұлғасын мүсылман дінінің тар шеңберінен
босату болып есептеледі.
Ғылыми жəне сауаттылық тұрғысынан қарағанда, орыстардың Орта Азияға жылжуы бұл жердің
баяғы қараңғы тұрғындарына білім мен сауатылықтың бастамасын əкелу болып табылады.
302
Азаматтық тұрғыдан қарағанда, орыстардың Орта Азияға жылжуы бұл елдің халықтарын алдыңғы
қатарлы ұлттарға жақындастырды» [4, 1 б.].
Алайда бұл, царизмнің экспансиясын ақтай көрсететін жалпы пікір, қазақ халқының тарихын зерт-
теудегі ресейлік тарихнамадағы осы уақытқа таман қалыптасқан «Ресейдің Шығыстағы өркениеттік
миссиясы» концепциясының көрінісі болды.
Орыс зерттеушілері өз еңбектерінде Ресейдің Қазақстанға жылжуының көптеген факторларын
атады, олар – географиялық (тау, өзен, көлдер сияқты табиғи шекараларға ұмтылыс); этнографиялық
(Шығыс халықтарымен қарым-қатынасты жеңіл орнатуға мүмкіндік беретін орыс халқының мінез-
құлқының жұмсақтығы, жайдарылығы) жəне т.б., оларды ең ақырында саяси жəне экономикалық
нəтижелерге əкеліп сайдырды.
Нақты дəлелдерге ең алдымен экономикалық себептер жатты. «Ұлы Петр уақытынан бастап ресей
үкіметі Азиямен сауда қатынастарына ықылас білдіре бастады, оның негізгі бөлігін Бұхарамен болған
сауда құрды. 1731 жылы Орта жəне Кіші Орданың Ресей қоластына кіруі екі жақтың саудасына да
төтенше маңызды болды. Егер Хиуа біздің қолымызда болатын болса, онда Орта Азияның көшпенді
халықтары бізге бағынышты болар еді, сауда жолдары Əмудария арқылы Ресейге баратын болар еді.
…Біз Хиуада билік құрған болсақ, көптеген азия державалары бізге тəуелді болар еді» деп жазды 1819-
1820 жылдардағы Түркмения мен Хиуаға елшілік өкілдігінің басшысы офицер Н.Н. Муравьев [5,102
б.]. «Қырғыздардың Ресей қоластына кіруі оған ешқандай пайда əкелмеді деп айтуға болмас, өйткені
қоныстану аймағы кеңейген соң егіншілік ұлғайды жəне шығыс өнімдерімен сауда жасау кеңейді,
бай тау кендері ашылды. …Бұл шеткері аймақ Ресей аудандарын шапқын-шылықтардан қорғайды»,
– деді сол кезеңдегі Қазақстан тарихнамасының академиялық бағытының өкілі ресей офицері Я.П.
Гавердовский [6,53 б.]. Əскери тарихшы полковник М.И. Венюковтың пікірінше: «…экономикалық
тұрғыдан алғанда, Ресейдің Шығысқа жылжуы, ғасырлар бойы өзгеріссіз, стагнацияда өткен жерлерге
жалпыадамзаттық тұрмыс пен оларды қамтамасыз етудің еуропалық тəсілдерін əкелді» [4, 1 б.].
Осылайша, барлық дерлік орыс əскери тарихшылары сауда-экономикалық мүддені, ең алдымен
– Ресей империясының қуаты мен оның Еуропа істеріне ықпал деңгейін анықтайтын азия рыноктарын
иеленудің жан-жақты пайдасын Орта Азияға ілгерілеудің негізгі себебі деп түсіндірді.
Қазақстан мен Орта Азияның Ресейге бағындырылуы оның европалық саясатына əсер етіп, орыс
дипломатиясының маңызын арттырып, мемлекеттің халықаралық мəртебесін көтерді деп көрсетті
офицер Н.Н. Муравьев [5, 103 б.].
Кейбір əскери авторлар үкімет əрекеттерінің саяси себептеріне – Қазақстанға үстемдік ету үшін
болған Жоңғария жəне Қытаймен, одан кейін Орта азия хандықтарымен болған күреске, Қазақстан мен
Орта Азиядағы британдық бəсекелесінің тіміскі əрекеттерінен Ресейдің мүддесін арашалауға негізгі
екпін қойды.
Қазақстанның тарихи-этнографиялық зерттелуіне өз үлесін қосқан, «Сібір қырғыздары ауданында»
1808-1827 жылдар аралығында жиырма жылға жуық қызмет атқарған, 1824 жылы Батыс Сібір губерна-
торы Капцевичтің ынтасымен Қарқаралы мен Көкшетауға жіберілген əскери экспедициясының мүшесі
болған, сол саяхаттың нəтижесінде өзінің «Записки генерал-майора Броневского о киргиз-кайсаках
Средней Орды» деп аталатын еңбегін басып шығарған генерал-майор С.Б. Броневский Ауғанстан мен
Парсы елінің мемлекет құрамына енуін ескере отырып, Шығысқа жылжу тек «Ағылшын-Үндістан»
шекарасында тоқтайды деп есептеді [7, 34 б.].
Орыс əскери зерттеушілері өз еңбектерінде Ресейдің Шығысқа жылжуының жалпы себептерін ашу-
мен қатар, нақты Қазақстанның Ресей үкіметінің қол астына кіруі мəселерімен де айналысты.
Əскерилердің материалдарының көпшілігінде қазақ даласында əскери линиялардың негізделуі Ре-
сей қоластына жаңадан кірген халыққа «қамқорлық» көрсету мен сауда керуендерінің «қауіпсіздігімен»
байланысты болды делінді. Көптеген авторлар керуендерді қорғауды Қазақстан мен Орта Азияға
жылжудың экономикалық факторы ретінде қабылдады. Сауда жолдарын күзету үлкен саясатқа қатысы
жоқ əскери шара ретінде қарастырылды. Олар XVІІІ ғ. 30-шы жылдарындағы оқиғаларға түсінік бере
отырып, қазақ жерлерінің Ресей құрамына «өз ерік-терімен» кіргенін үнемі атап көрсетіп отырды.
Орыс əскерилерінің материалдарынан байқайтынымыздай қазақ даласындағы патша үкіметінің
қимылының белсенді жүргізіле бастауына бірнеше себептер түрткі болды, олар: 1) əсіресе Е.И.Пугачев
бастаған ұлт-азаттық көтерілістің нəтижесінде шайқалған елдегі ішкі саяси жағдайдың тұрақсыздығы.
Бұл көтеріліске Поволжье мен Орал халықтарының, сонымен қатар қазақтардың қатысуы империяның
шығыстағы саясатының тиянақсыздығын көрсетті; 2) орыс-түрік соғысы жəне сұлтандық Түркияның
Орта Азия хандықтары мен Қазақстандағы миссионерлік тіміскі əрекеттері нəтижесіндегі халықаралық
жағдайдың шиеленісуі; 3) Орта жүз билеушілерінің ең алдымен Абылайдың Цин империясының
303
үкіметімен біршама жақындасуы. ХІХғ. 20-шы жылдарының оқиғалары царизмнің отарлық саясатының
шарықтау кезеңі болды. Орта Азия хандықтары орыс-қазақ қарым-қатынастарына бұрынғыдай ара-
ласып, олардың жерлерінде қазақ халқының бірқатар бөлігі мекендеп немесе уақытша көшіп-қонып
жүргенімен де Ресей бұл аймақтың территориясында өз үстемдігін нығайтты[8, 157 б.]. Бұл кезең
орыс тарихи əдебиеті мен публицистикасында кең баяндалды. Ресей қоғамының əртүрлі өкілдері қазақ
хандықтарының Ресейге бағындырылу нəтижелерін талдап, оның бастапқы себептерін іздестірді, бұл
байтақ аймақтың империя құрамына қосылуының болашақтағы салдарына баға беріп, ой жүгіртті.
Бұл материалдарды талдау елдің ресми мекемелерінің Қазақстанның Ресейге бағындырылу фактісі-
не көзқарасын, көп жылдар бойы шығыс саясатын жүргізуде олардың басшылыққа алған дəлелдерін
анықтауға, орыс шенеуніктерінің қазақ жүздерін Ресей империясына кіруге мəжбүр еткен себептер
туралы пікірін білуге мүмкіндік тудырады.
Ресей империясының ХІХ ғ. екінші жартысына дейін Орта Азиялық мемлекеттермен бейбіт сауда-
экономикалық қарым-қатынастарын үзіп 50-80-ші жылдары Оңтүстік Қазақстанмен, Орта Азиялық
хандықтарды жаулап алушылыққа көшу тарихы орыс ғалымдары мен саяхатшыларының бұл аймақ
туралы еңбектерінде маңызды орын алады. Оларды екі топқа бөлуге болады:
1) орыс-қазақ қарым-қатынастарының тұрақталуы кезіндегі оқиғаларды шола баяндау;
2) Қазақстанның Ресейге бағындырылу процесі, империяның аймақтағы позициясының нығаюы.
Бірінші топ материалдарына төңкеріске дейінгі орыс офицерлерінің - И.Г. Андреевтің жəне т.б.тарихи
очерктері, Я.П. Гавердовскийдің, С.Б Броневскийдің ретроспективті шолу жұмыстары кіреді. Оларға
мұрағат деректері, сол кездегі авторлардың Қазақстан туралы монографиялары мен мақалалары негіз
болды.
Екінші топ едəуір кең. Бұлар, оқиға болған жерден хабар, жол жазбалары мен мақалалары, ресми-
бұйыру құжаттары, хаттар. Егер бұлардың мазмұны Қазақ даласындағы оқиғаларды тікелей баяндай-
тын болса, бірінші топ материалдарын жариялауда белгілі мақсаттар көзделді.
Əскерилер Түркиямен болған соғыстың сəтсіз нəтижесі патшаның көңілін орта азия хандықтарына
аударуға мəжбүр еткен «Петрдың билік еткен жылдарының екінші жартысын» орыс-қазақ қарым-
қатынастары тарихындағы жаңа кезең деп есептейді. Осы кезден бастап оқиғалар барысы толық сипат-
тала бастады. Бірақ оларды егжей-тегжейлі жаңғырта отырып, орыс əскери тарихшылары ақпараттық
міндеттермен қатар, саяси мақсаттарды да шешкені анық: тарихи экскурстар елде жəне шет елдерде
белгілі қоғамдық пікір қалыптастырып, Шығысқа ілгерілеудің əділ себептермен, тарихи дамудың ба-
рысына байланысты туған заңды құбылыс екендігіне сендірді. Қазақстан территориясындағы патша
əкімшілігінің əрекеттерінің заңдылығы негізделе отырып, орыс-қазақ қарым-қатынастарының бүткіл
тарихында қазақ халқы қуатты солтүстік көршісіне үнемі ұмтылып отырды жəне ресей қол астына
кіруге əлденеше рет əрекеттенді деген пікір үнемі келтіріліп отырды.
Көшпенділерді қиратушы күш ретінде көрсететін Ш. Монтескьенің «Заңдар рухында» баяндалған
көшпенділердің тарихи-философиялық үлгісіне сұйене отырып, ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы
орыс-қазақ қарым-қатынастарының тарихын зерттеулерде, орыс əскери тарихшылары Ресейде «өзін-
өзі сақтау» теориясы жете дайындалды. Оның міндеті мемлекеттің шығыстағы саясатының ішкі
құрылымын жəне азия халықтарының қосылу себептерін түсіндіруге тырысу болды.
Бұл теория тұрғысынан Ресей мемлекетінің тарихи міндеті, үнемі қозғалыста жүретін жəне көптеген
авторлардың «Батый жорықтарының жан түршігерлік үрейін» қайта туғызуы мүмкін деп есептейтін
көшпенді жауынгер ордаларының өркениетті əлемге басып кіруінен қорғаныс кепілін құру деп та-
нылды. Бұдан, Ұлы Петр дəуірінен бастап (кейбір еңбектерде Иван Грозный дəуірінен бастап), Ресей
мемлекетінің Азиядағы сыртқы саясатында көздеген басты мақсаты ол – əскери бекіністер салу жəне
олардың, көршілерінің дұшпандық тіміскілеу əрекеттерінен сенімді тосқауыл ретінде қарастырылатын
өзен, көл, тау сияқты табиғи шектерге дейін қазақ даласына тереңдей ену арқылы өзінің оңтүстік-
шығыс шекараларын тыстан басып кіруден қауіпсіздендіру болды деген қорытынды келіп шығады.
Қазақстан мен Орта Азияның негізгі Ресейге бағындырылуы, ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы
ғылыми зерттеулерде азия континен-тіндегі елдің қауіпсіздігі мен саяси тұрақтылығын қамтамасыз
ететін маңызды элемент ретінде бағаланды. Ресей экономикасы мен мемлекеттік билігінің көшпенді
өмірге ықпалының таралуы, теорияның негізін салушылардың ойынша көшпенділердің, мазасыз, жа-
уынгер мінез-құлқына жағымды əсер етіп, бұл ірі мемлекеттің күш қуатының артуына өз шаруашылық
дағдысын жəне еңбек үлесін қосатын толық тəуелді жəне отырықшы халыққа айналдыруы тиіс болды.
«Ресейдің өзін-өзі сақтау» концепциясының жекелеген элементтері XVІІІ ғасырдың соңғы ширегінде-
ақ қалыптасқанымен, жинақталған түрде ХІХ ғ. екінші жартысында ғана Я.П. Гавердовский, Г.Ф. Генс
сияқты орыс əскери тарихшыларының еңбектерінде тұжырымдалды. Жинақталған, тұжырымдалған
304
түрде бұл теория М.И. Венюковтың «табиғи шекаралар» концепциясында жалғасын тапты. Өзінің
«табиғи шекаралар» концепциясының негізгі мазмұнын ол «Поступательное движение России в Сред-
ней Азии» деген еңбегінде ол былай деп ашты: «…Саяси тұрғыдан алғанда біздің Орта Азиядағы
табыстарымыздың маңыздылығы мынада: Ресейдің өзі үшін, ол оның оған тиімді табиғи шектерімен
жақындасуы, Азия үшін, ол оның бір-ақ ұлтқа бағынышты болуы, ал жалпы адамзат үшін, Шығыстың
ең бай елдерін жаулап алған бір еуропалық мемлекеттің екінші еуропалық мемлекетке қарсы жылжуы»
[17, 1 б.].
Екі тарихи концепция да едəуір шамада евроцентризм ықпалынан азат болған жоқ жəне сыртқы са-
ясат пен халықаралық қатынастар мəселесінде ағартушылық көзқарастардың методологиялық шекте-
улігін көрсетті. Орыс офицерлерінің қазақ даласының Ресейге бағындырылу себептерін материалдық
тұрғыдан түсіндіруге деген ұмтылыстары іс жүзінде идеализмге айналды. Авторлар мемлекеттік
биліктің Шығыстағы саясатының əлеуметтік-экономикалық жəне таптық негізін талдау деңгейіне жет-
пеген еді. Олар тарихтан ысырып тастауға тырысқан идеализм, қайта еніп отырды. Бұның нəтижесінде
аталған авторлардың концепцияларында шешуі жоқ сұрақтар көбейіп, зерттелген мəселелердің өзіне
түсінік беруде кең бостандыққа жол берілді. Бұл дами келе аймақтағы патша үкіметінің ұлыдержавалық
бағытын ашық мадақтауға мүмүкіндік туғызды.
Орыс əскерилерінің еңбектерінде Ресей үкіметінің Орталық Азияға жылжуының себептерін негіз-
деу мен оның бұл аймақтағы саясатына баға беруде фактілік материалдарды келтіруде біржақтылыққа
жол берді. Бұл еңбектер көбінесе ғылыми емес еді. Орыс экспансиясы проблемасы бойынша бұл
зерттеулердің теориялық негізі дəлелсіз болды, оларда фактілік мəліметтерді жинақтау мен өңдеудің
бір жолға қойылған əдісі болған жоқ. Материалдарды іріктеу мен революцияға дейінгі орыс
офицерлерінің қорытындылары авторлардың субъективті көзқарасына тəуелді болғаны таң қаларлық
емес. Зерттеушілердің дəлелдемелірі нəрсіз, дəлелдері мен қорытындылары қисынсыз. Шығысқа жы-
лжу себептері айтарлықтай толық зерттелмеген жəне де бұл зерттеулердің көпшілігінде фактілік ма-
териал басым. Олар фактілік материалдардың мол болуымен құнды, бірақ авторлардың сословиесінің
үстем тапқа жататындығын ескере отырып, олардың қорытындылары мен берген бағаларына сыни
көзқараспен қарау керек.
Тұтас алғанда орыс əскери тарихшылары Ресейдің Шығыстағы саясатының мақсаттарына, əдістері
мен амалдарына баға беруде үкіметпен пікірлес бола отырып, əдетте империяның бұл аймақтағы саяси
жəне экономикалық мүдделерінің ара жігін ажыратқан жоқ.
Отарлық, еуропоцентристік, кейде нəсілшілдік идеологиясының тар шеңберінен шыға алмаған
əскери тарихшылар бұл мəселені метрополия өкілдерінің көзқарасы тұрғысынан шешті. Бұл онсыз
да орталыққа, Мəскеуге алаңдап отыруға мəжбүр болған Қазақстандық кеңестік зерттеушілердің
еңбектеріндегі олқылықтарды көбейте түсуге əсер етті.
Достарыңызбен бөлісу: |