Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғылым комитеті ш. Ш. УƏлиханов атындағы тарих жəне этнология институты



Pdf көрінісі
бет44/61
Дата03.03.2017
өлшемі4,5 Mb.
#5474
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   61

Əдебиеттер

1. Ницше Ф. Так говорил Заратустра. – Алматы, 1991.

2. Мейендорф Е.К. Путешествие из Оренбурга в Бухару. – М., 1975. 

3. Терентьев М.А. История завоевания Средней Азии с картами и планами. – СПб., 1906-1910. В 3-х томах. 

4. Венюков М.И. Поступательное движение России в Средней Азии. СПб., 1867.

5. Муравьев-Карский Н.Н. Записки//Русский архив. – 1877. – № 3. – С. 1-100.

6. Гавердовский Я.П. Обозрение Киргиз-кайсацкой степи //Рукопись Ленинградского отдела Института исто-

рии (ЛОИИ). Коллекция 115. – 1820. – № 495. 

7. Записки генерал-майора Броневского о киргиз-кайсаках Средней Орды. – СПб., 1829. 

8. Масанов Э.А. Очерк истории этнографического изучения казахского народа в СССР. – Алма-Ата: Наука, 

1966. – 322 с


305

РҮСТЕМОВ С.К.

т.ғ.к., доцент, Ш.Ш. Уəлиханов ат. ТЭИ (Алматы)



ЖЕТІСУ ӨҢІРІНДЕГІ ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚТЫҢ БОСҚЫНШЫЛЫҒЫ:

СЕБЕБІ МЕН НƏТИЖЕСІ

1916  жылы 25 маусым  күнгі  «бұратана»  ер  азаматтарды  тыл  жұмысына  «реквзициялау  туралы» 

патшаның 25 маусым  күнгі  жарлығының  түрткі  болуымен  шілде  айында  басталған  толқулар  та-

мызда Орталық Азияның басым бөлігін қамтыған қарулы көтеріліске ұласты. Патшалық Ресей бірін-

ші дүниежүзілік соғыс майдандарында əскери қимылдар жүргізіп жатқанына қарамастан көтерілісті 

басуға қаруланған жазалаушы отрядтар шығарып, Түркістан өлкесінде əскери жағдай жариялады.

Көтеріліске қатысушылар мен оған қолдау көрсетушілерді жазалау қанды қырғынға ұласып, жер-

гілікті  халық  өкілдерін  көршілес  елдерге  өтіп  кетуге  мəжбүр  етті.  Мұндай  жағдай  басқа  өңірлерге 

қарағанда Жетісуда айқын аңғарылды. 

95  рота, 24 казак  жүздігінен  тұратын, 16 зеңбірегі  мен 47 пулеметі  бар  жазалаушы  отрядтар 

Жетісудағы қазақтар мен қырғыздардың 94 ауылын ойрандап, 5377 үйін өртеп, 1905 адамын өлтіріп, 

684-ін жаралап, 1105 адамын тұтқынға алды [1, с. 290-297]. Мұнымен қоса патша өкіметі шенеуніктері 

тарапынан қолдау мен қорғауға ие болған орыс қоныс аударушылары қарулы топтар құрып, қазақ пен 

қырғызды қырып жатты. Кінəлі ме, жоқ па деп қарап жатпай атып кету, өлтіріп тастау, тіпті, бала-

шағасымен қырып жіберу жиі орын алуына орай бас сауғалаған 300 мыңға жуық адамды құрайтын 

жетісулық қазақтар мен қырғыздар Қытай жеріне асты. Соның нəтижесінде 1916 жылдың соңына қарай 

қазақтардың үлес салмағы Жаркент уезінде 73%-ға, Лепсі уезінде 47%-ға, Верный уезінде 45%-ға азай-

ды [2, с. 162]. Кейбір болыстықтарда қазақ түтіндерінің саны бірнеше есеге кеміп кетті. Мəселен, Вер-

ный уезіне қарасты Қызылбөрік болыстығындағы 1129 түтіннен 263 ғана қалып, түтін саны 4 еседен 

астамға қысқарды [3, 6 п.].

Орталық Азияда көтерілістің орын алуы Ресейдің халықаралық беделіне белгілі дəрежеде өз нұқсанын 

тигізді. Көтеріліс басталған кезде Үрімжідегі қытайлық азаматтар арасында Ресей бірінші дүниежүзілік 

соғыста жеңіліс тауып жатқандықтан қазақтарды мобилизациялауда деген пікір қалыптасып, Ресейдің 

консулдығы қызметкерлеріне менсінбей қараушылық белең алды [4, с. 265]. Бұл жағдайды Жетісудан 

ағылған босқындардың Қытай жеріне келуі күрделендіре түсті.

Қытайға қазақтар мен қырғыздар ғана емес, майданның қара жұмысына шақырылған дүнгендер де 

өтіп кетті. 1916 жылғы шілденің ортасына қарай тыл жұмысына шақырылған дүнгендердің біразы өз 

туыстарымен бірге Ақсу мен Құлжа жаққа өтіп, қытайлық дүнгендер арасына қосылған еді. Соған орай 

Құлжадағы Ресей консулы Л.Г. Бродянский Жетісу облысының əскери губернаторы М.А. Фольбаумға 

дүнгендердің Қытайға қашуы қазақтар мен қырғыздарға үлгі болады деп дабыл қаққан еді [5, 109 п.].

Ресей консулының хабарлауынша, Құлжа өңірінде алғашқы қазақ босқындары 1916 жылғы тамыз 

айының  ортасында  пайда  болған. 3 мың  түтінді  құрайтын  бұл  босқындарды  бастапқыда  жергілікті 

қытайлық əкімшілік елдің ішкі тыныштығына теріс əсер етуі мүмкін деп, оларды кері көшіріп жібергісі 

келді [6, 19 п.]. 

Қытай билігі Шыңжаңға Ресей иелігі аумағынан бас сауғалап барғандарды «босқындар» деп емес, 

«қашқындар» ретінде қабылдап, оларға қайырымдылық көмек жасаудан құтылуды көздеді. Шекарадан 

өтіп  кеткендерді  қуып  шығуға  əрекеттенді.  Бірақ  мұндай  шараны  шекара  əскері  күшінің  əлсіздігіне 

байланысты  атқара  алмайтынын  жəне  оны  қарумен  шешудің  тиімсіздігін  Қытай  билігі  ескерді [7, 

213 б. ]. Сонымен қатар босқындарды қайтаруды шұғыл түрде жүзеге асыру Шыңжаңдағы мұсылман 

халықтарының наразылығын туғызатындығын, оның соңы көтеріліске ұласып кетуі де ықтимал екенін 

назардан тыс қалдырмады [4, с. 270]. 

Өз  кезегінде  Жетісу  облысының  əскери  губернаторы  Құлжадағы  Ресей  консулдығы  арқылы 

қазақ  босқындарын  кері  қайтуға  шақырды.  Ол  өз  мəлімдемесінде  қайта  оралған  қазақтарға  жаза 

қолданылмайтындығы жөнінде кепілдік беретінін де айтқан-ды [6, 20 п.]. Бірақ əскери губернатордың 

мұндай  ұсынысын  қазақ  босқындары  Жетісуда  қанды  қырғын  жалғасып  жатқанына  байланысты 

қабылдамады.

Қазақ босқындары патша өкіметінің жазалаушы отрядтары мен қарулы орыс қоныс аударушыларының 

халықты қыруды күшейе түскені жөнінде жаңа босқындар легі арқылы хабардар болып отырды. Мұндай 

қорқынышты хабарлардан шошынған босқындар Қытай азаматтығын алу жөнінде Шыңжаңдағы билік 

орындарына өтініштер білдіре бастады [6, 54 п.].

Жазалаушы отрядтардың қысымымен қазақ-қырғыз босқындары көп жағдайда Қытай шекарасын 


306

бұзып  өткен.  Сондай-ақ  қытайлықтардың  шекара  маңына  шоғырланған  қазақтар  мен  қырғыздарды 

өткізіп жіберу үшін төлем ретінде 9 жорға, 9 арғымақ, 10 мың сом жəне 12 жамбы алған кездері де 

болған [8, с. 86-87].

Қытай жеріне қашып келген босқындардың өзін орыс əскерлері шекарадан өтіп барып жазалауға 

ұмтылды. Сондай сəтте Тарбағатай өңіріне босып барған қазақтарды қытайлық қазақтар өз арасына 

қосып  алып,  орыс  жазалаушы  отрядтары  жете  алмайтындай,  шекарадан  қашықтау  жерлерге  көшіп 

кетіп  отырды.  Тарбағатайдағы  қытайлық  қазақтар  жергілікті  əкімшілікке  өздерінің  бұл  əрекеттерін 

бүркемелеп,  жиі  көшу  себептерін  жердің  жұтаңдығымен  байланыстырды [7, 210 б.].  Мұның  аста-

рын  аңғарған  Қытай  билігі  Бейжіңдегі  ресейлік  елшілікке  патша  өкіметінің  жазалаушы  отрядтары 

«бүлікшілердің» соңына түсіп, Шыңжаңға өтіп кетпеуі керек деген шарт қойды [9, с. 307].

Қазақ-қырғыз босқындарының Шыңжаңдағы қандастары тарапынан қолдауға ие болуынан сескен-

ген патша өкіметі Қытай билігінен «бүлікшілердің» басшыларын ұстап беруді талап етуін жəне орыс 

жазалаушы отрядының Шыңжаңға енуіне рұқсат сұрауын үдете түсті. 

Шыңжаңдағы  Қытай  əкімшілігін  ондағы  əскердің  санынан  босқындар  санының  артып  кетуі 

толғандырмай қоймады. Осыған қарамастан Қытай билігі орыс əскерлерінің Шыңжаңға еніп, босқындар 

арасында  жазалау  шараларын  жалғастыруына  қарсылық  білдірді.  Мұндай  шараның  жүзеге  асыры-

луынан қытайлықтар да жапа шегеді деп, босқындар мəселесін бейбіт түрде шешуге кірісті [8, с. 88]. 

Осы мəселе бойынша Іле аймағының əкімі Яң Фичян Құлжадағы Ресей консулына жолығып, оған бас 

сауғалап келген қазақ босқындарын адамгершілік принциптері тұрғысынан орыс əскерлерінің қолына 

тапсыра  алмайтынын  ашық  мəлімдей  отырып,  патша  өкіметінің  Жетісудағы  отарлық  əкімшілігінің 

қазақ босқындарын қуғындуын, жазалауын доғаруы керектігін талап етті [7, 211 б.].

Қазақ  жəне  қырғыз  босқындарының  Шыңжаңға  барып  орналасуын  патша  өкіметі  Қытайдың 

«арандатушылық  бағыттағы  жымысқы  əрекетімен»  байланыстырып,  Қытай  азаматтарының  Ресей-

ге  келуіне  уақытша  тыйым  салды.  Бұл  шарадан  Ресей  иеліктеріне  келіп  сауда  жасайтын  қытайлық 

көпестер зиян көре бастады. Қытай өкіметі осыған қарамастан босқындарды Ресейге кері қайтару ісін 

қолға алуға асығыстық танытпады. Шығыс Түркістандағы Қытай əкімшілігі шенеуніктерінің арасында 

босқындармен жақсы қарым-қатынас орнатуға тырысқандар да болды. Ондай шенеунітер босқындарға 

белгі  дəрежеде  көмек  ұйымдастырды  жəне  оларға  қарақшылық  жасап  жүргендерден  қорғану  үшін 

біраз қару таратып та берді [4, с. 267]. 

Бірінші  дүниежүзілік  соғыс  басталғаннан  кейін  Шыңжаңдағы  мұсылман  тұрғындар  арасында 

Түркияға ілтипат танытушылық белең алып, Қашқардағы мешіттерде оқылған намаздар кезінде түрік 

каруының жеңіске жетуі тіленетін [9, с. 308]. Қалыптасқан осындай жағдайда Шыңжаңдағы елді ме-

кендерде  Осман  империясы  түріктерінің  бой  көрсетуі  патша  өкіметін  бей-жай  қалдырмады.  Ресей 

консулдықтарының хабарлауына қарағанда, түрік азаматтары Қашғарда, Құлжада, Кучарда, Үрімжіде, 

Жаркентте  жəне  Хотанда  байқалған.  Патша  өкіметі  Шыңжаңға  келген  түрік  азаматтары  «Иттихад 

вə  тəррəки»  ұйымының  мүшелері  ретінде  қазақ-қырғыз  босқындарын  жергілікті  түркі-мұсылман 

халықтарымен  бірге  Ресейге  жəне  оның  оның  соғыстағы  одақтастарына  қарсы  үгіттеуі  мүмкін  деп 

сезіктенді.  Түрік  азаматтарының  əрбір  қадамын,  іс-əрекетінің  астарын  айқындауды  патша  өкіметі 

Шыңжаңдағы консулдықтарына тапсырды. Осыған байланысты Ресей консулдығының кызметкерлері 

Англияның консулдығы қызметкерлерімен бірлесіп, Қытай билік орындарына шағым түсіру арқылы, 

түрік азаматтарының бірқатарын германдық тыңшылар ретінде Шыңжаңнан кетіруге қол жеткізді [6, 

53 п.]. 

Османдық түріктердің қазақ-қырғыз босқындарына ықпалы болуы мүмкін деген патша өкіметінің 

күдігі негізсіз емес тұғын. Өйткені 1916 жылдың тамыз айының соңына қарай Мұзарт арқылы Қытай 

шекарасынан өтпек болған босқындар шоғырын казактар жүздігінің қоршауынан Шыңжаңда жүрген 

4 түрік азаматының құрған жасағы аман алып шыққаны отарлық билік орындарына мəлім еді [10,126 

б.].  Бұл  түрік  азаматтары 1915 жылы  Кавказдағы  соғыс  майданында  əскери  тұтқын  ретінде  қолға 

түсіріліп,  Қапалға  жіберілген  болатын [11, 1 п.].  Олар  кейіннен,  көтеріліс  кезінде  Қапалдан  қашып 

шығып,  Құлжаға  өтіп,  ондағы  Мұсабаев  деген  ұйғырдың  көмегімен  босқындарға  қолдау  көрсетуге 

ниет танытқан [10, 125 б.]. 

Жетісудан эмиграцияға кетушілер легінің жуық арада бəсеңдей қоймайтындығын ескерген қытайлық 

билік 1916 жылдың  қыркүйек  айынан  Шыңжаңға  босқындардың  енуіне  тосқауыл  қою  шараларына 

кірісті. Мұны жүзеге асыра алмаған əскери шенеуніктер жазаланатын да болды. Мəселен, Файзабад 

гарнизонының бастығы Жетісу қазақтарының шекарадан өтіп кетуіне жол бергені үшін Қашғар титайы 

тарапынан қатаң сөгіс алды [6, 30 п.]. 

Қытай  билігінің  мұндай  шараларына  қарамастан,  Жетісудан  қазан-  қараша  айларында  шекара-


307

дан өтуге талапынған қазақтар мен қырғыздардың саны арта түсті. Қытайлық əскерилердің тосқауыл 

қойғанын  аңғарған  босқындар,  шекараның  тау  шатқалдарындағы  осал  тұстары  арқылы  Шыңжаңға 

өтіп  кетіп  жатты.  Мұндай  босқындарды  кері  қуып  шығуға  Шыңжаңдағы  қытайлық  қазақтар  мен 

қырғыздардың өз қандастарының тағдырына алаңдаушылық танытуы кедергі келтірді [6, 6 п.].

Қазан-қараша  айларында  тау  шатқалдары  арқылы  Қытайға  өтіп  жатқан  босқындарға  жазалаушы 

отрядтардың  қуғындауының  екпін  алуымен  қатар,  ауа  райының  суып  кетуі  өзіндік  қиындықтар 

туғызды. Босқындар үсікке шалдықты. Олар айдап шыққан малдың біразы тау шатқалдарын қар басып 

қалуынан, шөптің тапшылығынан қырылды [12, 190 п.].

«Бүлікшілердің» Шыңжаңға өтуіне жол бермеу үшін патша өкіметі шекара маңына тосқауыл отряд-

тарын қоюды да жүзеге асырды. Мұндай тосқауыл отрядтары пулеметпен жəне зеңбірекпен атқылап, 

көптеген  босқындар  легінің  жолын  кесті.  Соған  орай  Мұзарт  арқылы  шекарадан  өтуге  талпынған 

босқындардың  біразы  Қытай  жеріне  жете  алмай  қалды.  Бұл  босқындар  кері  қайтуға  жазалаушы 

отрядтың қырғынынан үрейленіп, қысты тау шатқалдарында өткерді. Мұзартта қалған босқындардың 

2 мыңға жуық адамы аштықтан жəне суықтан өлді [10, 125 б.].

Қазақ-қырғыз  босқындары  жазалаушы  отрядтардың  тонауынан  жəне  жолда  қырылған  малының 

аман  қалғанын  Қытай  жеріне  айдап  барғанда  сондағы  қалмақтардан  құрылған  қарақшылар  тобына 

тағы тоналды [13, 2 п.].

Қытайға  бас  сауғалап  барған  босқындар  Шыңжаңның  алты  аймағына – Іле,  Тарбағатай,  Алтай, 

Қашқар, Ақсу жəне Байынғұлын аймақтарына шашырай орналасты. Оның ішінде босқындар ең көп 

барған аймақтар Іле мен Тарбағатай болды. Шамамен 200 мыңдай босқын Іле аймағын паналады [7, 

221 б.]. 

Босқындардың қатарында мал-мүлкінен айырылғандардың саны тым көп еді. Ондай босқындарға 

Қытай жерінде босқыншылықтың тақсіретін тартуға тура келді. Өз жерінде жазалаушы отрядтардың 

ойранын  бастан  өткеріп,  Шыңжаға  жеткен  қазақ-қырғыз  босқындарының  ауыр  жағдайға  душар 

болғаны жайлы М. Дулатов былай деп жазған-ды: «Жаяу, үй-күйсіз Қытай жеріне жеткенде қар жа-

уды, қыс түсті. Онда жаны ашитын жан таба алмай, қара басты. Аштан өліп бара жатқан соң қалмақ, 

қытайларға  бала-шағаларын  сата  бастады.  Адам  базары  ашылып,  баланың  құны  бір  шелек  бидайға 

шықты. Бой жеткен қыздарын, жас келіншектерін қаны қара қалмақтар алып кетті. Аш-жалаңаш, аузы-

на не түссе, соны жеп, қайда болса, сонда жатып, неше түрлі дертке ұшырап тағы қырылды. Бақытсыз 

сорлылардың мұң-зарын, көз жасын естір құлақ, көрер көз болмады. Туған жер, өскен ел, кешегі бастан 

кешкен қызық дəурен көздерінен бұл-бұл ұшты. Мыңды айдап, жүзді сапырып шалқыған байлар бір 

үзім нанға зар болды. Əлпештеп өсірген балалары телміріп, көрінгеннің көзіне қарап, мойнына дорба 

салып  қайыршы  болып  кетті.  Бай-кедей,  жас-кəрі,  жақсы-жаман  айырмасы  бітіп,  бəрі  бірдей  сорлы 

болды.  Бəрі  бірдей  мұңлы  болды.  Атадан  ұл,  анадан  қыз,  жардан  жар  айырылды.  Жүрек  қанға,  көз 

жасқа толды» [14, 3 б.]. 

1916  жылы  желтоқсанда  «бүлікшілердің  басшыларын»  ұстау  мақсатында  Шыңжаңның  аумағына 

енуге  қол  жеткізген  жазалаушы  отряд  қазақ-қырғыз  босқындарының  мүшкіл  хəліне  куə  болды.  Ка-

зак жүздігінен тұратын бұл отрядтың басшысы, старшина Бычков аптасына екі күн – дүйсенбі жəне 

бейсенбі күндері болатын базарда аштық қырсауына іліккен босқындардың қыздарын ғана емес, ұл 

балаларын да сатып жатқанын өз көзімен көрді. Ол Жетісу облыстық əскери губернаторына берген 

мəлімдемесінде: «Үштұрпандағы  біздің  қазақ,  қырғыздардың  кедейлігіне  таң  қалмасқа  шара  жоқ. 

Мұндай жағдайда олар көктемге қарай барлық малынан ажырап, өздері де сүзек пен қарқұлақ аурула-

рынан өліп бітеді» [15, 291 б.], – деп жазды. 

Ашыққан босқындарға қытайлық қандастары мен діндестері қамқорлық танытып, оларға азық-түлік 

таратып беріп тұрды. Бірақ мұндай қамқорлық саны жағынан тым көп босқындардың жағдайын түзете 

алмағандықтан елді мекендерде қайыр сұраушылар малайлыққа жалданушылар қаптап жүрді [10, 127-

128 б.].


Тамақ  іздеп  төңіректі  шарлап  кетуші  босқындардың  көбеюі  Шыңжаңдағы  билік  орындарын 

əбігерлікке  түсірді.  Үштұрпандағы  əскери  мекеме  тарапынан  босқындарды  Ресей  иелігі  аумағына 

қайтару керек немесе оларға үкіметтік деңгейде көмек көрсету қажет деген мазмұндағы пікір білдіріле 

бастады.


Тарбағатайдағы  шекара  күзетінің  басшылығы  қазақ  «қашқындарын»  тамақтандыру  «бүлікшілерді» 

қамқорлыққа  алумен  бірдей,  ал  оларды  қырып  тастау  дипломатиялық  дауға  қалдыратынын  айтып, 

үкіметтен  бұл  мəселе  бойынша  нақтылы  нұсқау  сұраған  еді.  Бұған  қайтарылған  үкіметтің  жауабын-

да  былай  делініп  көрсетілді: «Ресей  қазақтарының  Қытай  жеріне  қашып  келуі – орыстардың  оларды 

қырғындауынан бой тасалау екен. Егер оларға əскер жұмсап шабуыл жұмсайтын болсақ, онда олар барар 


308

жер таппай тəуекелшілікке басып, жеріміздің тас-талқанын шығаруы сөзсіз. Оның үстіне Ресейге келген 

қазақтар көп, біздің Тарбағатайдағы əскеріміз аз, оларға шабуыл жасалған күннің өзінде, олардан басым 

түсіп жеңіске жете қоюымыз неғайбыл. Онда мемлекетіміздің абыройына нұқсан келтіреміз, сондай-ақ 

соғыстың соңын тоқтату қиынға соғады. Сондықтан бейбіт жолмен Ресей қазақтарын кері қайтарып жі-

беру – ұтымды саясат болады деп ойлаймыз. Қысқасы, Ресей қазақтарын бағуға да, қыруға да болмайды. 

Оларды кері қайтарудан басқа шара жоқ. Жағдайға қарап жұмыс істеңдер» [7, 214-215 б.]. 

Қытай билігі босқындарға Ресей үкіметі кешірім жарияламайынша, оларды кері қайтару мүмкін емес 

екенін ескеріп, бұл мəселе бойынша 1917 жылдың бас кезінен бастап, Ресей елшілігімен келіссөздер 

жүргізуді қолға алды. Сонымен бірге босқындардың толық тізімін алу бағытындаы шараларды жүргізіп, 

босқындардың қандай шарттар бойынша Ресей иелігіне қайта оралғысы келетіндіктерін айқындауға 

тырысты [4, с. 270].

Түркістан генерал-губернаторы А.Н. Куропаткин босқындарды елге қайтару үшін олардың бірін-

шіден, өздерімен бірге алып кеткен орыс тұтқындарын қайтаруы тиістігін, екіншіден, қолдарындағы 

қаруларды  жасырмай,  түгелдей  тапсыруы  керектігін,  үшіншіден, «бүлікке»  бастаған  басшыларын 

ұстап  беруі  қажеттігін,  төртіншіден,  жасаған  «бүліктері»  үшін  өкініштерін  білдіріп,  тыл  жұмысына 

«реквизициялау  туралы»  патша  жарлығының  барлық  талаптарын  орындауға  міндеттенуін,  бесінші-

ден,  бұрын  пайдалануында  болған  жерлердің  «орыс  қаны  төгілгені  үшін»  қазыналық  қорға  алынып 

қойылатындығына көнуін қалады [16, с. 684]. Ресей үкіметі бұл шарттарды орындатуға мəжбүрлеу істі 

асқындыратынын  ескеріп,  алдымен  қайтуға  ниет  танытқан  босқындардың  қолдарындағы  қаруларды 

жинап, «бүлікшілердің»  басшыларын  тұтқындап  алу  керектігі  жөнінде  ұйғарым  жасады.  Қытай 

билігі Ресей тарапынан «бүлікшілердің» басшысы ретінде ұсынылған тізімдегі 54 адамды ұстап беру 

босқындардың кері оралуына кедергі келтіреді жəне мұны жүзеге асыру қақтығыс тудыруы мүмкін 

деген пікірде болды. Бірақ Ресей шенеуніктерінің талап етуімен Қытай билігі 54 адамның бəрін емес, 

оның 12-сін ұстауға келісім берді. Сөйтіп, 1917 жылдың 7 ақпан күні старшина Бычковтың жазалаушы 

отряды Ақсудағы босқындар арасынан қазақтардан Б. Исабековті, қырғыздардан Ə. Əлібековті, А. Му-

синді, Б. Боранбаевты тұтқынға алды [15, 189-190 п.].

Осындай шаралардың жүзеге асырылуымен патша өкіметі Шыңжаңдағы босқындардың кері ора-

луына Ресей шекарасының ашық екенін мəлімдеді. Бірақ патша өкіметі Қытай билігі талап еткендей 

«қашқындарға» кешірім жариялап, оларға елге оралғанда жаза қолданбайтындығына кепілдік бермеді. 

Бұл өз кезегінде босқындардың кері оралуға құлшыныс таныта қоймауына алып келді. Соған байла-

нысты  Шыңжаңдағы  Қытай  билік  орындары  «қашқындар»  арасында  Ресейге  оралуды  насихаттаған 

жұмыстар жүргізе бастады. Мəселен, Ақсудағы 2 мыңдай адамды құрайтын қазақ босқындары Ресей 

иелігіне оралудан бас тартқанда, олардың арасында жергілікті əкімшілік өкілдері насихат жұмыстарын 

жүргізді.

Насихат  жұмыстарының  жүргізілгеніне  қарамастан,  Ақсудағы  «қашқындар»  өздерінің  кедейлен-

геніне байланысты кері орала алмайтындығын, əрі патша өкіметінің жазалау шараларынан сескенетін-

дітерін айтып, əлі де Қытай жерінде қала беруді қалайтындықтарын білдірген [4, с. 272].

Қазақ босқындары бұрын сатып жіберген ұл-қыздарының тағдырына алаңдап, кері оралуға құлық 

танытпады.  Олар  өздерінің  саудаға  түскен  ұл-қыздарын  билік  орындары  қайтарып  əперсе,  оралуға 

даяр екенін білдіріп жатты. Бұл талапты орындауға Шыңжаңдағы билік орындары шартты түрде уəде 

берді.


Қытай билігі бейбіт түрде Шыңжаңды босқындардан тазартуды мақсат етіп қойып, оған қол жеткізу 

үшін барлық амалды қолданды. Жергілікті əкімшілік орындар аш босқындарға шамалы болса да азық-

түлік беріп, оларды шекараға дейін шығарып салып тұрды. Ресейден келген босқындарды шығарып 

салу ісін жақсы атқарған аудан əкімдеріне үкімет сыйлық беріп марапаттады [7, 218-219 б.]. 

Тамақ беріп, шығарып салудың жолға қойылуы босқындардың шекараға жетуін едəуір жеңілдетті. 

Бірақ  босқындарды  кері  қайтару  қыстың  күні  жүргізілуі  көп  қиындықтар  туғызды.  Суықтан 

босқындардың жас өспірімдері арасында өлім-жітім көбейді, егде тартқан жəне ауру босқындар жол-

жөнекей көз жұмып, көмусіз қалып жатты [10, 129-130 б.].

Босқындардың алғашқы легінің атамекенге оралуы аса қайғылы жүрді. Бұл кезде патша өкіметінің 

Жетісудағы отарлық əкімшілігі Жер шаруашылығы министрлігімен бірлесіп босқыншылыққа ұшыраған 

қазақтар  мен  қырғыздардың  жерінің  бəрі  қоныс  аударушылар  пайдасына  алынуы  тиіс  деген  шешім 

қабылдап, Жетісуда таза орыс ауданын құруды ойластырып қойған еді [18, с. 274-275]. Сондықтан да 

қоныс аударушылар босқындардың Жетісуға оралуын қаламай, оларды шекарадан өткен сəтте қарумен 

«қарсы алып», қанды қырғынды қайта жалғастырды. Мұндай жағдай босқындардың оралуына зор ке-

дергі келтірді.


309

Шыңжаңдағы босқындардың өз жеріне оралу үдерісі тежеліп қалғалы тұрған шақта оған 1917 жылғы 

Ақпан революциясының нəтижесінде патша өкіметінің құлауы жəне Уақытша үкіметтің 1916 жылғы 

көтеріліске қатысушыларға 7 наурыз күні кешірім жариялауы серпін берді [19, 11 п.]. 

1917  жылдың  көктемінен  бастап  босқындардың  елге  оралуы  жиілей  түсті.  Уақытша  үкіметтің 

Түркістан комитеті мүшесі М. Тынышбаевтың мағлұматынша, шілдеге дейін өз жеріне шұбырып жет-

кен босқындардың саны 69 мың адамды құраған. Сол мерзімге шейін Қытай жеріндегі аштықтан, түрлі 

аурулардан жəне оралған кезінде қоныс аударушы орыс шаруалары құрған қарулы топтың қолынан 83 

мың босқын қаза тапты [20].

Небір қиындықтарды бастан кешкен босқындар атамекенге жеткеннен кейін жаңа тауқыметке тап 

болды.  Босқындар  бұрындары  өздері  орналасқан  жердің  қоныс  аударушылар  қолына  өтіп  кеткенін 

аңғарумен  қатар,  азық-түлік  тапшылығынан  қайтадан  аштыққа  ұрына  бастады.  Оның  үстіне  қоныс 

аударушылардан құралған қарулы топтардың қырғынға ұшыратуды доғара қоймауы жағдайды аурла-

тып жіберді. Осыған орай Жаркент уезінен Уақытша үкіметтің Түркістан комитетіне жолданған же-

делхатта  Шыңжаңнан  оралған  албандар  мен  суандар  қару-жарағы  жиналып  алынбаған  орыс  қоныс 

аударушылары  тарапынан  қырғынға  ұшырап,  ашығып,  жемтік  жеп  жатқандығы,  олардың  үкіметтік 

көмекке зəру екені айтылған еді [21, 5 п.]. 

Қытай жерінен қайтқан босқындарға бірінші қол созып, жанашырлық танытқан Жетісу облыстық 

Қазақ  комитеті  болды.  Бұл  қоғамдық-саяси  ұйым  тек  жанашырлық  танытып  қоймай,  босқындарды 

орналастыруға  ыңғайлы  жерлерді  белгілеп,  қоныс  аударушы  орыстар  төндірген  қауіптен  қорғап, 

жұмыс тауып беру, аштарға тамақ беретін пункттер ашу сияқты нақты көмектер ұйымдастырды.

Екі бағыт бойынша, Ақсу мен Құлжа жақтан арып-ашып қайтқан босқындарды қоныс аударушылардың 

қарулы тобының қолынан қырылып кетпеуі үшін қауіпсіздеу жерге орналастыру ісі аса маңызды бол-

ды. Сондықтан Жетісу облыстық Қазақ комитеті 1917 жылы 12-13 сəуір күндері өткен облыстық қазақ 

съезінде қабылданған босқындарды орналастыру шешімді жүзеге асыруды қолға алды. Съездің шешімі 

бойынша Қашқар, Ақсу аймақтары жақтан қайтқан босқындарды Пржевальск жақтағы қауіпсіздеу жер-

лер Ұлар, Семізбел, Тоң өңірлеріне, Пішпек уезінің Қошқар, Сусамыр, Жұмғайт аңғарларына, Нарын 

жақтағы Тоғызтарау, Құланақ, Аңдалы өңірлеріне, Құлжадан қайтқандарды – Верный уезінің шығыс 

жағына  жəне  Жаркент  уезінің  Шонжа,  Шөлтатыр  аңғарларына,  Бесқарағай  мен  Қарқара  өңірлеріне 

орналастыру  қарастырылған  болатын.  Бірнеше  мың  десятина  аумақты  алып  жатқан  бұл  жерлер 

қазыналық жерлер болып саналатын. Жетісу облыстық Қазақ комитетінің төрағасы И. Жайнақов 26 

сəуірде Түркістан комитетінің төрағасы Н.Н. Щепкинге съездің бұл шешімін жолдай отырып, оны іске 

асыруда қақтығыстар, түсінбеушіліктер тумауына жəне босқындарға арнап тамақтандыру пункттерін 

ұйымдастыруға билік орындарының кепілдік бергені жөн екенін мəлімдеді.

Жетісуға  оралған  босқындар  жағдайы  Ə.  Бөкейханов,  А.  Байтұрсынов,  М.  Дулатов  секілді  қазақ 

қайраткерлерін шет қалдырмады. Олар «Қазақ» газеті арқылы қазақ жұртын босқындық тауқыметін 

тартқандарға көмек көрсетуге шақырды. Олар жақсы істі өздері бастап, елге үлгі бола білді. Мысалы, М. 

Дулатов бұрын патша өкіметі қолына түспей, сақталып қалған мың дана «Оян, қазақ!» шығармасының 

ақшасын босқындарға арнадым деп мəлімдеді. Мұқтаждықтың мол шырмауына қалған босқындардың 

бұл азаптан тезірек шығуына беріліп жатқан жəрдемдер əлі де аздық ететінін түсінген Ə. Бөкейханов 

Түркістан комитетінің мүшесі М. Тынышбаевқа қазынадан қаражат бөлдіру керек деген кеңес берді.

Түркістан комитеті 13 мамырда елге оралған босқын қазақ-қырғыздың қайыршылық жағдайын ес-

керіп, Жетісу облыстық Қазақ комитетіне 100 мың сом бөлді. Бұл қаражатқа Қазақ комитеті Қытайдан 

оралған босқындарға жəрдемақы, азық-түлік беруді ұйымдастырды [22, 15-16 б.]. 

Елге оралған босқындарға көмек көрсетуде Пішпек уезіне қарасты Қарақоңыз қыстағындағы Бұлар 

Магуев бастаған дүнгендер де тартылды. Олар екі айдан аса уақыт 1700-дей аш босқындарды асырап 

тұрды.  Сонымен  қатар  босқындарға  күрке  жасап  алу  үшін 20 мың  бау  қамыс  жəне  отын  мен  суын 

тасуға деп 7 арба бөлді [23].

Ресейдегі 1917 жылғы ақпан революциясынан кейін де Қытай жерінде қалып қойған босқындар да 

көмеккке зəру еді. Осындай қиын жағдайдағы қазақ-қырғыз босқындарына Ресейдегі жəне Шыңжаңдағы 

өзге түркі-мұсылман халықтары қол ұшын соза білді. Мұның жарқын үлгісі ретінде Құлжада С. Юва-

шев  төрағалық  ететін, 38 адамнан  тұратын  «Босқын  қырғыздарға  жəрдем  комитетінің»  құрылуын 

айтуға болады. Бұл комитет құрылған бетте босқындарға жəрдем есебінде Құлжа мұсылмандарынан 

З. Алдияров 1000 сом, «Тяньшан» серіктігінен Низамалдин 1000 сом М. Қабылбаев 500 сом, ағайынды 

Ювашевтар 400 сом, М. Сабыров 200 сом, С. Хасенов, Х. Барақов, М. Абулқасымбаев, Қ. Мұқтаров, 

Инғалжан ахун, Р. Ахунбабаев 100 сомнан жəне басқа кісілер өз үлестерін қосты. Бір көңіл аударарлық 

жағдай, Құлжа тұрғыны Хасен қажы Мұсабаев мыңға жуық босқындарды бағып, осы мақсатта 35 мың 


310

сом өз қаржысын жұмсайды. Ал босқындарға жəрдем комитеті ашылғанда тағы да 1 мың сом ақша 

қосады.

Құлжадағы  жəрдем  комитеті  атына  мамыр  айында  Жетісу  облыстық  Қазақ  комитетінен 10 мың 



сом, Орынборда шығып тұрған татар тіліндегі «Вакыт» газеті басқармасынан 598 сом, Ырғыз уезіндегі 

қазақтардан 251 сом, Павлодар мұсылмандары комитетінен 275 сом, Ақтөбе мұсылмандары бюросы-

нан 300 сом, Семей мұсылмандары комитетінен 1 мың сом, Түркістандағы Нəсіровтен 100 сом, Омбы 

имамынан 117 сом, Троицкідегі Яушевтан 835 сом, Құлжа мұсылмандарынан 1240 сом, барлығы 14716 

сом қаржы жиналады [24, 271-282 б.].

Қытай жерінде қалып қойған босқындарға көмек көрсетуді мақсат тұтқан Құлжадағы комитет Те-

кес маңындағы босқындар туралы мəлімет жинап, сол төңіректегі қытайларға жəне дүнгендерге саты-

лып кеткен босқындардың əйелдері мен қыздарын босатып алу үшін төрт адамнан тұратын комиссия 

құрды. Ондай босқындарды босатып алуға, яғни қайтадан сатып алуға комиссия комитеттің есебіндегі 

халықтан жиналған қаражатты пайдалатын болды. 

Жетісулық  босықындарға  көмек  ұйымдастыру  барысында  қазақ  жəне  қырғыз  халықтарының 

өзара  туыстық  қатынасы  жаңа  қырынан  көріне  білді.  Қазақ  жұрты  жетісулық  босқындарға  жəрдем 

көрсеткенде  оларды  қазақ,  қырғыз  деп  бөліп  жармады.  Босқындарға  жəрдем  берушілердің  арасын-

да 46 сом жинап жіберген Петропавл уезіндегі Пресногорков мектебінде оқитын шəкірттер, 312 сом 

жинаған шалқарлық мұғалімдер, 745 сом жинаған Басқұншақтағы «Игілік қауымы», халықтан 1 мың 

сом ақша жинап жіберген Омбыдағы «Бірлік» қауымы бар еді. Жəрдем қорына жалақысының 5%-ын 

бергендердің арасында Ə. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Есболв, Ə. Бірімжанов, Р. Мақатов жəне 

басқалар болды. Босқындарға көмек ұйымдастыру барысында орын алған елеулі оқиғаның бірі қырғыз 

халқының ағартушы ғалымы И. Арабаевтың қазақ халқына үндеуінің жариялануы еді. Ол өз үндеуінде 

босқын  қырғыздарға  белсене  қамқорлық  танытқан  Жетісу  облыстық  қазақ  комитетінің  төрағасы  И. 

Жайнақовқа алғысын білдіре отырып, қырғыздардың əлі де жəрдемге мұқтаж екенін білдірген еді [24, 

282-285 б.]. 

Босқындарға елдің түпкір-түпкірінен түрлі көмек көрсету ұйымдастырылып жатқанда қоныс ауда-

рушы орыс шаруаларының қарулы тобы қоқан-лоқы көрсетуін үдете түсті. Олар босқындар арасында 

тұтқын орыстар бар, соларды құтқару керек деп тінтулер жүргізе бастады. Сондай топтың бірін басқарған 

Зимин Уақытша үкіметтің Жетісу облыстық комиссарының атына: «Босқын қазақ-қырғыздың арасын-

да əлі күнге тұтқын орыстар бар көрінеді, бірақ оларды қайтарар ойлары жоқ. Босқындар орыс деле-

гаттарын оқпен қарсы алды. 9 шілде күні екі адамды ғана құтқару мүмкін болды. Бүлікшілерге ықпалы 

жүретін комиссар Тынышбаевты Қытай маңына орыс тұтқындарын қайтаруға үгіттеу үшін жіберуді 

сұраймыз. Егер босқын қазақтар мен қырғыздар тұтқындарды босатпаса немесе өлгендердің көмілген 

жерін көрсетпесе, тамақтандыру пункттерін ашуға, елге оралғандардың онда тамақтануына жол бер-

мейміз» [25, 1 п.], - деген мазмұнда жеделхаттар жіберіп, аштан бұралған, ауру-сырқау босқындарға 

азық-түлік комитеттерінен тамақ беру секілді істерге барынша қарсылық көрсетіп бақты.

Жетісуға Уақытша үкіметтің Түркістан комитеті мүшелері ретінде 1916 жылғы көтерілістің ауыр 

салдарын  жою,  облыста  ұлтаралық  келісім  орнату  жəне  жаңа  биліктің  органдарын  құру  істеріне 

көмектесу үшін арнайы іссапарға жіберілген М. Тынышбаев пен О. Шкапский Шыңжаңнан оралған 

босқындар  мəселесіне  ерекше  мəн  беріп,  оған  орталық  билік  орындарының  назарын  аудартуға  күш 

салды. Мəселен, О. Шкапский Министрлер Кеңесінің төрағасы князь Г. Е. Львовқа, Уақытша үкіметтің 

бірқатар  министрліктеріне,  Түркістан  комитетінің  төрағасы  Н.Н.  Щепкинге,  Мемлекеттік  думаның 

Мұсылман  фракциясына  жəне  «Речь», «Дело  народа»  секілді  т.б.  газеттердің  редакцияларына  же-

делхаттар  жолдап,  өз  көзімен  көрген  Жетісудағы  қайғылы  жағдайды  мынандай  мазмұнда  жеткерді: 

«Бірінші  маусымда  уездік  комитеттің,  комиссияның  басқа  мүшелерімен  бірге  Жырғалаң  жəне  Түп 

өзендерінің жоғарғы сағасына келіп жеткен Қытайдан оралған босқындардың үш қосынында болып 

қайттым. Олардың ауыр тұрмысы адамды есеңгіретіп тастағандай. Адамдардың үстіне киген киімдері 

алба-жұлба, əбден тозған, балалар өте аз, барларының көпшілігі тамақтың жетіспеуінен рахит ауруы-

на  шалдыққан.  Бой  жеткен  қыздар  мен  жас  келіншектер  жоқтың  қасы,  олар  қытайлық  Түркістанда 

нанға  сатылған.  Киіз  үй  дегеніміз  таяққа  қыстырылған  ескі  киіздің  қиындылары,  мал  басы  өте  аз, 

оны да Қытай жерінде тонап алған. Таудағы керемет жайлаулар өмірсіз. Ең жаманы сол – босқындар 

аштықтан қырыла бастады. Қарқараға бара жатқан жолда көмусіз қалған жиырма адам тəнін кездестір-

дік, олардың арасында бірнешеуі балалрдікі. Орыстардың қырғыздарға қатынасы адамгершілікке жа-

тпайды. Олардан шыққан қарақшылар қарғадай тап беріп, қырғыздардың Қытай Түркістанынан аман 

алып келе жатқан малдарын тартып алуда. Мен келер қарсаңда Түпке демалысқа келген солдаттардан 

құрылған бандылар шабуыл жасап, жұмыс істету үшін малымен үш отбасын ала кеткен. Жолда оларға 


311

малдарын  сойғызып,  астырып,  тамақ  ішіп  болған  соң  ақшаларын  алып,  өздерін  атып  кеткен.  Аман 

қалған бір əйел маған келіп, болған істі түсіндіріп, шалажансар жас сəбилердің өлген ата-аналарының 

үстімен қалай еңбектеп жүргенін көргенін айтты. Қарақшыларды іздеу басталды. Бұл жалқы көрініс 

емес» [24, 276-277 б.].

Жергілікті халқының біраз бөлігі босқыншылыққа ұшыраған Жетісу облысында қалыптасқан ауыр 

жағдайды  жан-жақты  талдап,  қорыта  келіп  М.  Тынышбаев  пен  О.  Шкапский  Петроградтағы  үкімет 

орындарына,  Ташкенттегі  Түркістан  комитетіне  дағдарыстан  шығудың  өздері  ұсынған  жолдарын 

баяндаған бірнеше мəлімдемелер жолдайды. Оларда мынандай ұсыныстар жасалған еді: 1. Ең алды-

мен  Қытайдан  оралып  жатқан  босқындарды  жерге  орналастырып,  оларға  үй-жай,  азық-түлік  жəне 

ақшалай қаржы түрінде көмек көмек көрсету. 2. Құрылыс материалдары мен ақшалай көмек көтеріліс 

нəтижесінде  күйзеліске  ұшыраған  қоныс  аударушылардың 9989 қожалықтарына  да  берілмейінше 

облыста  ұлтаралық  жарасымдылық  орнамайды. 3. Облыстағы  ашаршылықпен  тиімді  күрес  жүргізу 

үшін астық монополиясын енгізу. Ол басы артық астықты жиып алып, мұқтаж болып отырғандарға 

тең  бөліп  беру  мүмкіншілігін  туғызады. 4. Күн  өткен  сайын  панасыз  қырғыз  бен  қазақ  ауылдарын 

тонаушылықтың,  оларға  қарсы  жасаған  түрлі  зорлық-зомбылықтың  кең  қанат  жаюына  байланысты 

мемлекеттік  билік  жүйесін  петроградтан,  Ташкенттен  интеллигент-кадрлар  жіберу  арқылы  күшейте 

түсу, əсіресе сот ісін жүргізе алатын мамандар жіберу. 5. Қазақ пен қырғызды осындай ауыртпалыққа 

алып келген 1916 жылғы көтерілістің негізгі себебі – əділетсіз қоныс аудару саясаты. Сондықтан да 

үкімет осы жағдайды ескере отырып, бір жағынан, ішкі Ресейге қайтадан қоныс аударуды қалайтын 

отбасыларына қаржылай көмек көрсетіп, екінші жағынан, керісінше ішкі Ресейден қазақ жəне қырғыз 

жерлеріне шұбырған қоныс аударушылар легін тоқтатуды көздейтін шаралар белгілеу керек [24, 275-

276 б. ]. 

Қоныс аударушылар құрған қарулы топтарға 1917 жылдың ортасына қарай соғыстан қашқан солдат-

тар мен ақ билеттілер (əскер қатарынан босап шыққандар) келіп қосылуымен босқыншылыққа түскен 

жергілікті халықтың мал-мүлкін тонап алу үйрешікті əдетке айналды [26]. 

Покровский селосындағы шаруалар құрған 30 адамдық қарақшы топ 6 маусым күні Үштұрпаннан 

оралған босқындардың 59 жылқысын, 32 ірі қара малын, 400 қойын тартып əкетті [27, 82 п.]. Пішпек 

уезінде осындай қарулы топ бір түнде Геогриевка селосында 3 қазақ пен 8 қырғызды өлтіріп, жергілікті 

халықтың мүлкін тартып алған [28, 51 п.]. Босқындар орналастырылған Тоң өңірінде 20 адамнан тұратын 

қарулы топ 42 адамды өлтіріп, 15-ін жаралап, қолдарына түскен мал-мүлікті алып кеткен [27, 132-134 

п.]. Жүгенсіз кеткен қарулы топ босқындарға ойран салғаны соншалықты, қазақ босқындарының тар-

тып алар мал-мүлкі болмаған жағдайда, олардың қыздары мен əйелдерін масқаралап кететіп отырды 

[29]. 


Мұндай  қарақшы  топ  мүшелерін  Жетісу  облыстық  Қазақ  комитетінің  төрағасы  И.  Жайнақов 

бастаған жергілікті ұлттық зиялы қауым өкілдері жазаға тартылуын талап етіп, облыстық билік орын-

дарына, одан қалды Түркістан комитетіне сұраулар салды. Қазақ комитеті жанынан қылмыскерлердің 

ісін қарайтын халыққа жайлы сот құру керек деген ұсыныс та білдірді. М. Тынышбаев пен О. Шкапс-

кий де қарақшыларды тезірек соттауды жүзеге асыру үшін уақытша сот құруға Əділет министрлігінен 

рұқсат сұрады. Бірақ бұл шаралардың бəрі жоғары билік тарапынан қолдауға ие бола қоймады.

Түркістан өлкесі қазақтары мен қырғыздарының 1917 жылы 2-5 тамыз аралығында Ташкентте өткен 

жалпы жиналысында Жетісуда қалыптасқан жағдай арнайы қаралып, Соғыс министріне, Ішкі істер ми-

нистріне,  Пероградтағы  жұмысшы  жəне  солдат  дептутаттары  кеңесіне  орыс  шаруларының  қолынан 

қару жиналып алынсын деген жеделхат жіберілді. Сонымен бірге қабылданған қаулыда босқын қазақтар 

мен қырғыздардан 1916 жылы тартылып алынған малдың құны қазақ-қырғыз ұйымдарына берілуі ке-

ректігі талап етіліп, Сырдария, Самарқан жəне Ферғана облыстарындағы ұлттық ұйымдардың «Бір-

лік туы» газеті арқылы қазақ-қырғыз босқындарына жəрдем пұл жинауға атсалысуы қажеттігі аталып 

көрсетілді [30].

Жетісу  өңіріндегі  босқыншылықты  бастан  кешкен  қазақтар  мен  қырғыздардың  Уақытша  үкімет 

жағдайында қоныс аударушылар тарапынан қысымшылық көріп жатқаны өзге өңірлердегі жұртшы-

лықтың қынжылысын тудырды. Жетісудағы қанды оқиғаларға тыйым салуға билік орындарының на-

зарын аударту мақсатында 1917 жылдың 15 тамызы күні ташкент қаласының мұсылман тұрғындары 

демонстрацияға  шықты.  Осы  демонстрация  жөнінде  «Бірлік  туы»  газетінде  былайша  мəлімделді: 

«Ташкентте мұсылмандар Жетісу оқиғалары тақырыпты демонстрация (қыр көрсету) жасады. Бұған 

шаһардағы сарт, ноғай, қазақтан көп адам қосылды. Демонстрация күндіз сағат 1-2 шамасында баста-

лып, кешкі 9 шамасында тарқады. Демонстрацияшылар 3-4 ту көтеріп, өлең айтып көшелерді аралады. 

Туларда «Бітсін зорлық, жасасын туысқандық» һəм «Бітсін Жетісу қырылысы» деп жазылған» [31].


312

Түркістан  өлкесіндегі  жетісулық  қазақтар  мен  қырғыздардың  басына  түскен  ауыр  жағдай 1917 

жылдың 12-15 тамызы  аралығында  Уақытша  үкіметтің  ұйымдастыруымен  Москвада  өткен  Мемле-

кеттік  мəжілісте  əзірбайжан  халқының  көрнекті  қайраткері  Ə.  Топчибашев  тарапынан  көтерілген-

ді.  Ол  елдегі  қоғамдық-саяси  ұйымдардан,  армиядан,  кооперативтерден  жəне  түрлі  мекемелерден 

2414 өкіл қатысқан осы мəжілісте жетісулық босқындардың Қытайда, сондай-ақ елге оралған кезін-

де 83 мыңының аштықтан, түрлі аурулардан əрі қуғын-сүргіннен көз жұмуын мұсылман халықтары 

мүддесінің ескерілмеуінің айқын көрінісі ретінде бағалады [32, с. 80]. 

Семей  өңіріндегі  қазақтар  арасында  да  Жетісудағы  қанды  оқиғалар  айыпталды.  Соған  орай  Р. 

Мəрсеков төрағалық ететін Семей облыстық Қазақ комитеті жетісулықтарға мынандай ұсыныс та біл-

дірді: «Жетісудағы қазақ, қырғыз өзіңді-өзің сақтамасаң, сендерді қорғайтын өкімет жоқ деп біліңдер. 

Жақсылықты аспанға қарап, жоғары ауылдар өзі əкеліп етегіме салар деген үміттен безу керек. Ұлт 

қазынасына пұл жинап, жігіттерден милиция құру керек» [15, 308 б.].

Түрлі  күштердің  талап  етуімен  Уақытша  үкіметтің  Түркістан  комитеті 1917 жылдың  қыркүйек 

айында Жетісу облысында əскери жағдай жариялап, қарақшылық істерді тексеру үшін тергеу бригада-

сын жіберді [24, 288 б.]. Сонымен бірге мұның артынша, яғни 6 қазанда Уақытша үкімет 1916 жылғы 

көтерілістің Жетісудағы зардаптарын жою үшін қазынадан 11 млн. 150 мың сом бөлді. Бұл қаржының 

6 млн. 150 мың сомы орыс қоныс аударушыларына, 5 млн. сомы жергілікті халыққа берілуі тиіс болды. 

Жергілікті халыққа бөлінген қаржыдан əр түтінге 100 сом көлемінде беру көзделді [33].

Босқындардың жағдайын жақсарту үшін тек қаржылай көмек ғана емес, 1916 жылғы көтерілістен 

кейін шиеленісе түскен ұлтаралық қатынасты реттеу керек еді. Өйткені Жетісудағы орыс жұртының 

арасында қазақтар мен қырғыздар тағы да көтеріліс жасағалы жатыр екен деген өсек құйындай кезіп 

жүрді.  Мұны  естіген  орыс  жұрты  үрейленіп,  билік  орындарынан  əскер  гарнизондарын  үлкейтуді, 

олардың  құрамына  демалысқа  келген  солдаттарды,  əскер  қатарынан  босап  келгендерді  алуды  талап 

етті. Мұндай өсектер шындық есебінде Петроградтағы үкімет орындарына да жетіп жатты. Ал үкімет 

орындары, өз ретінде, жергілікті басқару орындарынан орыс жұртын «бұратаналардың» шабуылынан 

қорғау мақсатында нақты шараларды іске асыру жолдарын қарастыруды тапсырды [24, 275 б.].

Жергілікті  халық  босқыншылықтан  қажып,  қайтадан  көтеріліске  шығайын  деп  жатыр  деген 

қауесеттің негізсіз екенін əшкерелеуге жəне қоныс аударушы орыс шаруаларын тату көршілік қатынасқа 

шақыруға Жетісудағы ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдар баса мəн беріп, орыс тілінде үндеулер тарату-

ды қолға алды. Сондай үндеулердің бірінде: «Егер достық қолдарыңды уақытында созбасаңдар, онда 

өздеріңе-өздерің жау болғандарың. Зорлық, ұрлық жасаушылар жəне күш көрсетушілер халықтың жа-

улары», - делініп көрсетілді [22, 19-20 б.].

1917 жылы тамыздың соңында Жетісу облысындағы барлық қоғамдық ұйымдардың біріккен жи-

налысында халықтың бір бөлігін екіншісіне айдап салып, ұлттық араздықты тудырушы арандатушы-

ларды  ауыздықтап,  тізгіндеу  үшін,  сондай-ақ  елдегі  бейберкеттікпен  күресу  мақсатында  қоғамдық 

қауіпсіздік  комитеті  құрылған  болатын [34, 233 п.].  Мұндай  шаралар 1916 жылғы  дүрбелең  кезін-

де  босқыншылыққа  ұшыраған  жергілікті  халықтың  жəне  орыс  қоныс  аударушыларының  тұрмыс-

тіршілігінің бір қалыпқа түсуіне оң ықпал етуге бағытталған еді. Бірақ араға көп уақыт салмай, 1917 

жылдың 25 қазанында Уақытша үкіметтің құлап, кеңестік билік орнықты. Соған байланысты кеңестік 

билікті Қытай жерінде қалып қойған босқындардың елге оралуын қамтамасыз ету жəне Жетісуда орын 

алған ұлтаралық қырқысты тоқтатып, бейбіт өмір орнату жолындағы зор жұмыс күтіп тұрды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет