Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі мардан сапарбаев институты мунашова Жамиля Балқыбекқызы


Семинар сабақтарға арналған тапсырмалар



бет32/91
Дата21.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#69755
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   91
Семинар сабақтарға арналған тапсырмалар

  1. Жаттығу. Сабақ барысында берілген тапсырманы сезім ретінде қабылдау үлгісін көрсетіңіз.

  2. Жаттығу. Жалпы мимикалық әсер ету. Жаттығу барлығына бір уақытта жүргізіледі. Берілген жағдайлар мұғалімдермен бірге отырып шешіледі:

Сабақ басталды. Сіз стол басында отырсыз. Есік ашылды. Кіріп келген адамға назар аударады: – талапты түрде: «жылдам отыр»; – таң қалып: «күткен жоқпын»; – ызаланып: «басқаға назарыңды аудартып отырсың»; – сұрап: «бір нәрсе болды ма?»; – сынай отырып: «кедергі жасайсың»; – қуанышпен: «біттіау» т.б.

  1. Жаттығу. Жеке реакцияны көрсету. Алдыңғы жаттығуларға қарағанда бұл жаттығу аудиторияда орындалады. Ситуация жағдайы оңайтылған шығармашылық қарым-қатынасты талап етеді. Студенттер кезекпен мұғалім рөлін ойнайды. Барлық топтың ішінде мақсатты топ таңдалып, аудиторияға таныстырылады. Тақтаға жазыңыз: – таң қалу: «Не болды?»; – сын айту: «Кім тағы жұмыс істей бастады?»; – үнсіз: «Мен тыныштық күтемін»; – ашу: «Бізде осындай маңызды шаруа болып жатқанда қалай шулауға болады?». Студенттер әсері тек сырттай болмас үшін ішкі сезімнің органикалық қарым-қатынасы ретінде студенттерге мұндай әсерді түсіндіруді ұсыну пайдалы. Таңдалған әсер ету нұсқасын, ойша сынып бейнесін толықтыру, өзінің ішкі сезімін монолог ретінде жеткізе біледі.

  2. Жаттығу. Ақпаратта жеке жеткізу. Студенттер жиі есептерді үлестірмелер арқылы жеке орындайды. Үлестірмедегі берілген жұмыс: 1) Сіз сабақ басталуымен қанағаттаныңыз. 2) Сіз сыныпқа кіресіз. Бұл айқай-шу. Сіз мұны күтпегендіктен таң қалып тұрсыз. 3) Сіз сыныпқа кіресіз. Бұл сіздің сүйікті ұжымыңыз. Сіз сабақты жақсы өтесіз. 4) Сіз сыныпқа кіресіз. Бұл сыныппен жұмыс істеу әзірге қиын түсіп отыр. Сіздің бірінші мақсатыңыз оқушылардың басын біріктіру.

  3. Жаттығу. Вербальдық іс-қимылдың түсіндірмесі – бұл шығармашылық деңгейінің бекітілуі. Студенттерге белгілі бір мектептерде әртүрлі жағдайлар туындағанда, өз ойымен шеше білу, жұптасып жұмыс істеу содан кейін аудитория қосылады. Мысалы, жағдай: «білімді тексеру».

6.Ішкі монолог. Пән материалынан басқа бағытта кету жағдайына мұғалімнің көзқарасы қандай.Сіздің ойыңыз.. Монолог құрастырып, оны аудиторияға ұсыныңыз. Оған дайындауға М. О. Кисбельдің әдебиетін пайдаланыңыз.
7.Жаттығу. Телетакт. Белгілі ойларға өзінің қарым-қатынасын жеткізу үшін өзінің ішкі сезіміңді телефон, теледидар, телеграф т.б. арқылы жеткізіңіз. Студенттер қол ұстасып, шеңбер құрады. Жүргізуші бір ақпаратты жеткізуге тырысады. Берілетін ақпарат жөнінде ойлай отырып, қол алысу арқылы жеткізуді талап етеді. Жүргізуші берілетін ақпаратты ойластырады, содан кейін сол ақпаратты қол алысу арқылы жеткізуге тырысады. Ақпаратты алған адам асықпай, қол алысу көршісіне жеткізеді, содан кейін сол ақпараттың берілуі жүргізушіге жеткенге дейін жалғасады. Жүргізуші ақпараттың түсінігінің қабылдануына келіседі немесе қарсылық білдіреді. Содан кейін әркәм кезекпен қабылданған және берілген ақпараттарын айтады. Берілген ақпараттың алынған, өзгертілген жерлері білініп, сарапқа түседі.

  1. Жаттығу. вербальдық емес іс-әрекет арқылы адамның эмоциялық іс-қимылын анықтау. В. А. Лабунский кітабында ұсынылған адамның қуаныш, қорқыныш эталондарын анықтауға болады. Оңай болуы үшін белгілі бір жағдайды елестету керек.

  2. Жаттығу. Эмпатия арқылы эмоциялық жағдайын анықтаңыз Якопсон кітабында берілген суреттерді пайдаланыңыз. Адамның жағдайын түсіне білуситуацмяларды жазбаша орындаңыз.

10.-жаттығу. Бұл кім? Қасыңыздағы көршіңізді сипаттаңыз.Жазбаша жұмыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет