Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар 1.«Педагогикалық техника» деген ұғымға анықтама беріп, оның мазмұнын мұғалімнің практикалық іс-әрекеті тұрғысынан түсініктеме беріңіз.
2.Педагогикалық процестегі мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасындағы пантомимиканың мәні неде?
3.Педагогикалық процесті басқару үшін мұғалімге қандай қасиеттер қажет?
4.Оқушылармен қарым-қатынаста мұғалімнің сыртқы киім мәдениеті әсер ете ме? Сіздің пікіріңіз.
5. Мұғалімнің қимылы қандай болуы керек?Сөйлемді аяқтаңдар:
«Мұғалімнің қимылы ...»
6.Сөйлемді аяқтаңыз: «Мимика дегеніміз ...»
Сынып бөлмесін тазарту жұмысын аяқтаған соң, алтыншы сынып оқушылары түгел киноға баруды ұйғарады. Мектеп директоры келіп, коридорды жинауға көмектесу керек екенін айтты. Балалармен қалай әңгіме жүргізесіз?
4-кластың оқушылар ұжымында әртүрлі іс-әрекетке байланысты мамандар тобы пайда болды. Олар: “эрудиттер”, “спортсмендер”, “артистер”, “жұмысшылар”, “шопандар”, “мұғалімдер”. Бұл топтар неліктен және қандай жағдайларға байланысты пайда болған деп ойлайсыз? Бұл топтармен қандай жұмыстар жүргізуге болады деп есептейсіз?
Сен неге бүгін күні бойы мектептен шықпай қойдың? - Тек мені ғана емес, бәрімізді де қамап койды. - Кім сендерді қамады? Тағы бірдеңені “бүлдіргенсің ғой? - Жоқ, ештеңе де бүлдірген жоқпын. Бізді жібермей, бәрімізді хор репитициясына апарады. - Қашаннан бері сен әншілікке жазылып едің? - Мен жазылған жоқпын, мені қуып апарды. Не дейсің, қуып апарғаны қалай? - Туу апа, қандай түсіне алмайтын адамсыз. - Оқу ісінің меңгерушісі сыртқы есіктің алдынды тұрды да, киім ілгіштің жанында тұрды. Бізді сабақтан кейін қатарға тұрғызды да, залға тура алып келіп өлең айтқызды. - Ал енді мұның несі жаман? - Мені зорлап ән айтуға мәжбүр етті, ал мен өлең айтуды сүймеймін. Осы диалогта баланың қандай психологиялық ерекшелігі көрінеді? Осы ерекшелікті баланың анасы және мектеп педагогтары қалай ескеріп отыр? Сіздің пікіріңіз қандай?
4-а сыныбына басқа мектептен үш қиын оқушы қабылданды. Сынып мүшелері араларында іріткі туып, оқушылар топ-топқа бөліне бастады. Тәртіп те төмендеді. Сынып жетекшісі сыныптағы беделді оқушыларға сүйеніп, қиын балаларды тәртіпке шақырып, сынып дәстүрін мойындауға мәжбүр етті. Ал, 4-б сыныбында осындай педагогикалық жағдайда сынып жетекшісі тек өз тарапынан ықпал жасап, балалар ұжымы бұл істен сырт қалды. Қиын оқушылардың тәртіпсіздігі туралы шағымдар басқа мұғалімдерден түсе берді. Сынып «қиын сынып» деп аталды. Сұрақ: ұжымдағы тәрбие жұмысындағы сынып жетекшілерінің іс-әрекеттерін салыстырыңыздар. Өз іс-тәжірибеңізде қай әдісті қолданған болар едіңіз?