2. Педагогикалық өзара қызметте ауызша қатынас құралдары. Өзара қатынас кезіндегі вербалсыз құралдардың рөлі. «Қарым-қатынас процесі неден тұрады? Ненің көмегімен қарымқатынас жасаймыз?» Қатысушылардың айтқандарын қарымқатынастың вербальды және вербальды емес принципі бойынша 2 бағанаға бөліп жазыңыз. Бұл бағанадағыны атаудан бұрын, олардан не үшін қарым-қатынас құралдарын 2 бағанаға бөліп жазғанымызды сұраңыз, ойларымен бөлісіңіз. Аталған тренингте барлық қарымқатынас құралдарын талқылайтынымызды қатысушыларға түсіндіріңіз.
Қарым-қатынастың вербальды (сөздік) құралы:
(Л.Д. Столяренконың «Психология негіздері» кітабындағы классификация бойынша берілген)
Қарым-қатынас құралының маңызына тоқталсақ, қалай ойлайсыздар, қарым-қатынас құралдарының (вербальды немесе вербальды емес) қайсысы маңызды? Қандай қарым-қатынас құралы бізге әңгімелесуші туралы көп ақпарат береді? Альберт Мейерабианның анықтауынша, вербальды (сөздік) құрал арқылы - 7 %, дыбыс (дауыс ырғағы және екпіні) арқылы - 38 % және вербальды емес (сөздік емес) құрал арқылы -55% ақпарат беріледі. Вербальды немесе вербальды емес қарым-қатынас құралдарының маңызын көрсеткен соң, қатысушыларға өмірде әңгімелесуші бір ақпараттың өзін сөзбен бір бөлек, дауыс ырғағымен бір бөлек, ишаратпен бір бөлек және аралықпен бір бөлек. Мұндай жағдайда ол адамның не айтқысы келгенін түсіну қиын. Әсіресе, оны адаммен қауіпсіз әрекетке келісу кезінде есте сақтаған маңызды.
Ишарат, дауыс ырғағы және сөз бір-біріне сәйкес келуі тиіс екенін есте сақтаған жөн.
Қорыта келе:
Біз сөздік және сөздік емес құралдардың көмегімен қарымқатас жасаймыз.
Вербалды құралды (жабық және ашық сұрақтар, белсенді тыңдау) қолдану арқылы біз әңгімелесушінің көзқарасын тиімді түрде өзгертеміз, әсіресе қауіпсіз әрекетті талқылаған кезде бұл ұтымды.
Қарым-қатынас кезінде ситуацияға сәйкес қарым-қатынас аймағын дұрыс таңдау қажет.
Біз ишарат пен аралық арқылы әңгімелесішіге деген қатынасты жақсы көрсете аламыз, өзіміз қабылдаған шешімді бекіте аламыз.
Ишарат, дауыс ырғағы және сөзіміз сәйкес келмеген жағдайда, әңгімелесуші бізді дұрыс түсінбей қалуы мүмкін.