Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі мардан сапарбаев институты мунашова Жамиля Балқыбекқызы


Сөз әрекетінің психологиялық құрылымы: мақсаты, мазмұны, формасы



бет36/91
Дата21.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#69755
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   91
Байланысты:
пед

2. Сөз әрекетінің психологиялық құрылымы: мақсаты, мазмұны, формасы.
Сөйлеу әрекетінің мәдениеттілігін анықтайтын сөз сапаларының төмендегідей 23 түрін айқындайды. Олар мыналар: сөздің дұрыстығы (мінсіздігі), тазалығы, байлығы, дәлдігі, қисындылығы, мәнерлілігі, бейнелілігі, әсерлілігі, орындылығы, түсініктілігі, жүйелілігі, мағыналылығы, байланыстылығы, айқындылығы, жандылығы, тартымдылығы, айғақтылығы, ғылымилығы, идеялылығы, ықпалдылығы, сендірімділігі, тұтастылығы.
Сөз қолдану мәдениетін арттыратын негізгі шаралардың бірі – тіл тазалығы. Тіл тазалығы дегеніміз – айтайын деген ойымыздыеркін жеткізу, сөйлегенде бөгде тілдік элементтерді − диалектілерді, варваризмдерді араластырмай сөйлеу халқымыздың асыл сөз қазыналарын тиімді пайдаланып, жатық, анық сөйлеу, әдеби тілде сөйлеу.
Жұрт алдында сөйлеу кезінде ең бастысы – тіл заңдылықтарын сақтау мен сөйлеу техникасын меңгеру. Сөйлеуші айтар ойын, сезімін, көзқарасын дауыс ырғағы, дауыс күші, ым-ишара, әрі қимылқозғалысы арқылы жеткізеді. Сөйлеуші сөзінің тыңдаушы көңіліне қонуы таңдап алған сөздерін дұрыс қолдану әрі оларды дұрыс байланыстырумен бірге сөзді құлақпен естіп, қимылын көзбен көруінің де ықпалды екенінде.
Балаларды сөйлеу мәдениетіне төселдіруді әсіресе мектеп жағдайында қолға алу үшін мұғалімге төмендегідей жұмыстарды жүргізуге болады:

  1. Оқушылардың жеке дыбыстарды, буындарды, сөздерді, фонетикалық, лексикалық жағынан дұрыс жаза айта алуына, ана тілінің грамматикасын саналы меңгерумен қатар практика жүзінде қолдана білуіне ерекше қамқорлық жасау қажет.

  2. Оқушылардың тілінде байқалатын кемшіліктерді (мәселен, кекеш, тұтықпа, кей дыбыстарды дұрыс айтпау және т.б.) жою мәселесі де мұғалімге қатысты мәселе. Осы мәселе жөнінде ол логопедтермен (тіл кемістігін түзейтін мамандар) тығыз байланыс жасау қажет.

  3. Мұғалімдер өз сыныбындағы оқушылардың ана тілімен қатар, орыс тіліндегі белсенді сөздік қорының шамасын біліп, олардың екі тілде дұрыс сөйлей алуына көңіл бөлуі тиіс.

  4. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін тәрбиелеу – оқу-тәрбие процесінде көзделетін негізгі міндеттердің бірі.Өйткені сөйлеу мәдениеті – мәдениеттіліктің басты белгісі. Оқушыларды сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу түрлі әдістер арқылы жүзеге асып отырады. Мысалы, оларды өз ана тілін қадір тұтып, құрметтей білуге тәрбиелеу – сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеудің бір элементі.

Мұғалімдер мен ата-аналар, оқушылар, бір сөзбен айтқанда барша жұртшылық осы айтылғандардан тиісті қорытынды шығарып, өздерінің сөйлеу мәдениетін, әсіресе ана тілінің кәусәрінен мол сусындап жетілдіріп отыруды естен шығармаулары тиіс.
Педагогтың сөйлеу мәдениеті дегеніміз – сөз мәнеріне шеберлігі, стилистикалық ойды нұсқаны тандай білу, ойын анық және айқын жеткізе білу дағдысы.
Сөйлеу дегеніміз – тілдің көмегімен қарым- қатынас жасау процесі. Тіл – қоғам өмірінің обьективті құбылысы,ол бүкіл халық үшін бірдей және адамдар білген құбылыстардың алуан түрін түгел қамтиды. Қарым-қатынаста адам тіл байлығының шағын бөлігін ғана пайдаланады. Ұлы жазушылардың тілінің өзінде 10 мыңнан 20 мыңға дейін ғана сөз болады, ал жалпы тілдің құрамында бірнеше жүздеген мың сөз болады.
Адами сөйлеу күрделі, сондықтан да көп құрамдас түсінік. Педагог ауызша және жазбаша әдеби тіл нормаларын, яғни екпінді, грамматиканы, сөздің қолданылу аясын білуі тиіс. Осы тұрғыдан сөз мәнерінің дұрыс не дұрыс еместігін бағалайды.
Педагогтың сөз мәдениеті барлық кез келген адамзат баласындағыдай өз Отанына деген махаббатының және жалпы мәдениеттілігінің жоғарғы деңгейін көрсетеді. Дауысының эстетикалык сұлулығы, байлығы, мазмұны мен бейнелілігі бар педагог оқутәрбие үрдісіндегі міндеттерін жақсы атқаруға қабілетті болады. Даусының күші, сарыны да, сонымен қатар шынайылығы мен нақтылығы да біршама рөл атқарады.
Сөйлеу мәдениеті жөніндегі ғылым тілдік сферамен тығыз байланыста болады. Бұл мәселелермен әдебиет теориясы, психология, педагогика және физиология тәрізді ғылымдар айналысады. Тілдік нормалар(орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық) - қоғам үшін мейлінше қажетті жиынтық.
Тәжірибелі мұғалімдер үнемі сабақта айтылып, беріліп отырған түсініктің маңыздылығына аса мән береді. «Сөздердің мағынасын ашып түсіндіріңдер. Сол кезде сіздер оларды жаңылысулардың жартысынан кұтқарасыздар», - деп жазды Р.Декарт.
Сөйлеу мәдениеті көптеген. факторларға байланысты - тілдесудің ойлы, бағыттылығы, оның мазмұны, жаңа ақпараттың болуы және т.б.
Лингвист Б. Н. Головин «Сөз мәнеріндегі мәдениеттілік» кітабында оның келесі құрамдас бөліктерін көрсетті:

  • Сөйлеу дұрыстығы: екпін нормалары;

  • Сөйлеу дұрыстығы: грамматика нормалары;

  • Сөйлеу нақтылығы;

  • Сөйлеу логикасы;

  • Сөз мәнерінің тазалығы;

  • Сөз мәнерінің анықтығы;

  • Сөз мәнерінің байлығы, әр алуандығы; - Сөздіңорындылығы;

  • Тілдік және сөйлеу стилі.

Тілдің бай лексикалық - сөздік жүйесі педагогтың сөздік мәнеріндегі педагогикалық мәдениеттілігінің анық белгісі болып табылады. Тіл байлығы тек сөз қкорына (санына) байланысты емес, оларды бірнеше мағынада қолдану мүмкіндігімен де анықталады. Бір ғана «жүру» сөзінің бірнеше мағынасы («жаяу жүру», «адымдап жүру», «іс оңға басты» т.б.) бар. Тілдің лексикалық байлығы әр түрлі ойлар мен сезімдерді жеткізе білуге мүмкіндік береді.
Сөйлеу мәдениетінің маңызды белгісі нақтылықболып табылады. Сөз мәнерінің нақтылығы пен анықтылығына тілдің көптеген кұралдарын қолдану аркылы қол жеткіземіз.Мысалы, синонимдер. Синоним дегеніміз - мағынасы жағынан бірдей, ал жазылуы әр түрлі сөздер. Мысалы, «атақты», «дәрежелі», «белгілі»; «еркіндік», «бостандык», «тәуелсіздік». Тілдің синонимдік кұрылымы ойды әр түрлі тәсілдермен жеткізуге, нақтылыққа жетуге көмектеседі.
Сөз нақтылығы оның сыңарын дұрыс келтіре білуге де байланысты, айтылуы ұқсас, бірак мағынасы әр түрлі сөздер: «абонемент» - «абонент», «тәжірибелі» - «тәжірибелік».
Педагогикалық тіл табысудағы сөйлеу мәдениеттілігінің кажетті шарттарының бірі - ойды ауызша жеткізудің маңызды белгілері - қарапайымдылық пен қысқаша сөйлеу. Сөйлеу мәнерінің сапасын бір нәрсені қайталап айта беру, яғни тавтология (мағынасыз сөздерді кайталап айта беру) бұзады.
Педагогтың сөйлеу мәнері табиғи және анық болуы тиіс. Сөйлеудің грамматикалық дұрыстығы - бұл сөз тіркестерін және сөйлем құрудағы сөз формаларының орынды қолданылуы мен нормативтілігі.
Мұғалімнің сөйлеу мәнерінде оқушылар жеңіл қабылдайтын қарапайым, қүрделі емес сөйлемдер болуы тиіс.
Дыбысталу дұрыс болмаса, жоғары дәрежедегі сөйлеу мәдениеттілігі мүмкін болмайды. Бұл - орфоэпия саласы. Екпін орфоэпиямен тығыз байланысты. Көптеген жағдайларда екпін қоя білу киынға соғып жатады.
Педагогтың сөйлеу мәнері тек дұрыс болып қоймай, сонымен бірге анық, бейнелі, эмоционалды болуы тиіс. Бұл жайға тек фразеологиялық мұраларды, мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді қолдану дағдысы арқылы қол жеткізуге болады. Фразеологизмдер әр түрлі құбылыстарды сипаттау үшін, сөйлеу мәнерін анық ету үшін қолданылады. Педагог «мақалсыз тіл - тұзсыз ас» екендігін ұғуы тиіс.
Ауызша сөйлеудің анықталған анафора, градация (бірден-бірге сатыланушылык), инверсия (сөйлемдегі сөздердің дағдылы ретін өзгерту) т.б. тәрізді стилистикалық фигуралар күшейтеді. Анафора- бір сөздің бірнеше жол т.б. басында қайталануы. Мұндай тәсілді М. Ю. Лермонтов пайдаланған. Градация - сөйлемдегі сөздердің айтылу деңгейіне қарай орналасуы.
Сөз мәнерінің жекелеген элементтерін ашып көрсету үшін, инверсия жиі колданылады (сөйлемдегі сөз ретінің өзгеруі).
Педагогтың сөз мәнері тек пән жөнінде жаңа ақпараттар болған жағдайда ғана емес, оқушылардың сезімдері мен ойларын белсендіре алған жағдайда да ойдағыдай нәтижеге жетеді.
Оқыту-жаттықтыру кештерін немесе тәрбие жұмыстарын өткізген кезде педагогтың табиғи сөйлеу мәнері оқушыларға негізгі әсер ету құрылғысы ретінде рөл атқарады. Сөз көмегімен мұғалімжаттықтырушы оқу үрдісін басқарады, тәжірибелік әрекеттерді қадағалайды, оқушыларға қажетті білімді жеткізеді. Сөйлеу кей кездері ым-ишара және дене қозғалысымен іске асырылады. Жаттықтырушы үнемі ауызша және жазбаша сөз мәдениеттілігін жетілдірумен, нақтылық, тазалық, логикалық, айқындылық, білімділік, орнықтылық тәрізді коммуникативті қасиеттерді жақсартуға ұмтылумен айналысуы тиіс.
«Сөз мәнерінің жоғары мәдениеттілігі» ұғымын ашып көрсету барысында С. И. Ожегов былай деп жазған: «...бұл өз ойларын тіл құрылғылары арқылы нақты және айқын жеткізу. Дұрыс сөз мәдениеті деп қазіргі заманға сай әдеби тіл нормалары сақталған сөз мәнері айтылады».
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін жетілдіру белсенді тілдік қорды толықтырып отырумен тығыз байланысты. Жазбаша мәнердегі мол, белсенді лексикалык сөз қоры ауызша сөйлеу мәнерінің коммуникативті және әр түрлі бейнелі сапаларына әсер етеді. Ауызша сөйлеу мәнерінің мәдениетін арттыру үшін әр кезде (достармен тіл табысканда да) әдеби тілдің нормаларын сақтауға және үнемі еркін, дұрыс сөйлеу дағдысын өңдеуге тырысу қажет.
Классикалық көркем әдебиетке үнемі назар аудару да осыған септігін тигізеді. Егер сөз мәнері дұрыс берілмесе («э-э», «м-м-..» дыбыстары арқылы), аудитория эстетикалық тұрғыдан қанағаттанбайды. Осы әдеттерден құтылу үшін және дауыс ырғағын дұрыстау үшін өзіндік мәтіндерді іштей оқып, өзінің сөз мәнерін жазып алып тындап дайындалу қажет.
Оқушылардың ақпаратты қабылдауы мен меңгеруі тек мұғалім дұрыс сөйлеу мәнерін байқатса және анық сөйлесе, екпіндерде қателік жібермесе ғана жақсара түседі.
Егер педагог екпінді және жалғау-жұрнақтарды дұрыс айтпаса, оқушылар дұрыс назар да аудармайды, мазмұнды да түсіне алмайды.
Педагог сөзінің әрекет ету күші орнықтылықпен де (оқушылармен тіл табысу кезінде) байланысты. Оқушыларға білім беру және оның меңгерілуі айтылған мазмұнның тиімділігін жеңілдетеді. Жаңа оқушы келген күннен бастап, жаттықтырушы тек оның физикалық мәліметтерін ғана біліп коймай, психикалық қасиеттеріне де назар аударады, мінез-құлқын, темпераментін, ұнамды, интеллектуалды және эстетикалық сезімдерін, талғамын, қажеттілігін, дағдылары мен қызығушылықтарын, көңіл-күйінің өзгеруін және оларды қадағалау мүмкіндігін таниды. Тұлғаның психикалық қасиеттерін есепке ала отырып (егер сез оның техникалық жаттығуларға үлгермеушілігі жөнінде болатын болса), тәрбиеленушімен сұхбаттасатын орынды және уақытты таңдау кажет.
Бір спортшымен көпшіліктің көзінше сөйлесу керек болса, енді бірімен оңашада сөйлесу қажет болады. Заңдылық бойынша әңгіме жай, қарапайым түрде дауыс көтермей өтеді, кейбір мадақтаулар немесе әрекет ету жөніндегі кештер өзгеше тонмен, мейлінше қаттырақ дауыспен өтеді. Педагогтың кез келген сөйлеу мәнерінде жағымсыз сөздер болмауы тиіс. Сөйлесу екпіні оқушының психикалық жағдайына, рухани тепе-теңдігіне, жасалған әрекеттерге байланысты қайғыруына қарай таңдалады.
Жаттықтырушы сайыстарда өз оқушыларымен мүлдем өзгеше сөйлеседі. Бұл кездерде спортшыға қиын кезенді бастан өткеруге көмек беретін, сәтті нәтижеге деген сенімділігін оятатын сөз мәнері орнықты болып саналады. Кеңес беру кезінде жаттықтырушы сәтсіздікке деген күмәнді сейілтетін, сенімділігін нығайтатын дауыспен сөйлейді. Спортшылармен жұмыс кезінде жаттықтырушы сөзінің әсерлі болуы көптеген факторларға байланысты - берілген спорт саласы жөніндегі терең білімділігіне, дене тәрбиесі,педагогика, динамикалық анатомия, физиология, спорттық медицина теориясына, қорыта келгенде, спортшыны даярлаудағы мол практикалық тәжірибесіне, интеллекттісіне, сөйлеу мәдениетіне - осының барлығы оқушының мұғалім айтқан барлық жайға сенімділігін оятады.
Педагогтың беделі, оның ұнамды қасиеттері, шыншылдығы, нақтылығы, берілген спорт саласының дамуында алар орны ерекше. Бет бұлшық еттері шаршағанда, бас, қол және дене қозғалыстарында байқалатын өзгерістер адам сезімдерін білдіретін ішкі факторлар. Қолды үздіксіз сермей беру де жақсы пікір қалыптастырмайды, тек сөздің коммуникативті әсерін төмендетеді де, оқушыларды білімді меңгеруден алшақтатады. Жаттықтырушының әр түрлі әрекеттер барысында байқалатын ішкі жағдайы сезімін кадағалай білуіне байланысты. Ішкі жан-дүниесін сыртқа, яғни оқушыға байқатпай өзөзін ұстай білу дағдысы, әсіресе, сайыстар кезінде спорттық тартыстарға толы кездерде. Сондықтан жаттықтырушы ішкі жандүниесін сыртқа шығармай шыдамдылық танытуы қажетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет