Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі мардан сапарбаев институты мунашова Жамиля Балқыбекқызы


Семинар сабақтарға арналған тапсырмалар



бет50/91
Дата21.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#69755
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   91
Байланысты:
пед

Семинар сабақтарға арналған тапсырмалар
1.Мұғалім сөзі – тәрбие беру ісіндегі ең басты құралдардың бірі деген пікірге Сіз қалай қарайсыз?

    1. Педагогикалық этиканың категорияларын атаңыз. Соның ішінде біреуіне сипаттама беріңіз.

    2. Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың жолдарын атаңыз.

    3. Педагогикалық байқағыштық дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

    4. Педагогикалық қабілетті зерттеу мақсаты: Педагогикалық қабілеттің даму деңгейін зерттеу Нұсқау: Сіздің алдыңызда күрделенген педагогикалық жағдайлар қатары берілген. Әр берілген жағдайды оқи отырып, өз педагогикалық пайымдауыңыз бойынша көрсетілген нұсқаудың біреуін таңдайсыз. Егер берілген нұсқаулардың ешқайсысына көңіліңіз толмаса, онда жетінші нұсқаға өзіңіз дұрыс деген ойыңызды жазыңыз.

Сіз сыныпты тыныштандырып, сабақты бастап кеттіңіз. Бір уақытта оқушының қатты күлкісі естілді. Сіз тосыннан ештеңе айтып үлгермей, оған таңдана қарап едіңіз, ол сізге тіке қарап: «Сіз сабақ түсіндірген кезде менің сізге қарап күлкім келеді». Сіз қандай шешім қабылдайсыз? Төмендегі жауаптардың ішінен сіздің шешіміңізге сәйкес келетін жауапты белгілеңіз.

    1. Қарай гөр, өзін!

    2. Саған не күкілі?

    3. Еркің білсін.

    4. Есің дұрас па?

    5. Көңілді адамдарды ұнатамын!

    6. Сенің көңіл-күйіңді көтергеніме қуаныштымын.

    7. ____________________________________________________

6.Сіз сабақ берген бірінші күніңізде немесе бірнеше күннен соң, оқушы сізге: «Менің ойымша, сіз мұғалім ретінде бізге ештеңе үйрете алмайсыз.»

    1. Сенің ісің мұғалімге үйрету емес, өзің оқуың керек.

    2. Әрине, мен сендерге ештеңе үйрете алмаймын.

    3. Саған басқа сыныпқа ауысып, басқа мұғалімнен оқуың керек шығар.

    4. Шындығына келгенде, сенің оқығың келмейді.

    5. Неге олай ойлатыныңды білгім келеді.

    6. Бұл туралы нақтырақ сөйлессек қайтеді? Мүмкін мен бір нәрсені дұрыс істемегендіктен сенде осындай ой қалыптасып отырған шығар?

a. _____________________________________________________

    1. Мұғалім оқушыларға тапсырма берді. Оқушы берілген тапсырманы орындағысы келмей: - Орындағым келмейді, - деді Мұғалімнің әрекеті қандай болады?

    1. Орындағың келмесе орындатамын!

    2. Онда сен неге мектепке келдің?

    3. Дым білмей қалғаның өзіңе жаман. Сен оқымай өзіңе жамандық жасап тұрсың.

    4. Мұның немен аяқталатынына сен есеп бересің бе?

    5. Не себепті екенін сен маған түсіндіре аласың ба?

    6. Мүмкін сенікі дұрыс шығар. Бұл туралы отырып сөйлесейікші.

    7. ____________________________________________________

    8. Оқушы оқу үлгеріміне, қабілетіне көңілі толмай және жаңа тақырыпқа дұрыстап түсіне алмай, мұғалімге: «Мұғалім, мен келешекте жақсы оқып, сыныптағы басқа балалардан озады деп ойлайсыз ба? Мұғалім не деп жауап беруі керек?

    1. Шынымды айтсам, күмәнім бар.

    2. Әрина, сен бұған күмәнданбай-ақ қой.

    3. Қабілетің жақсы мен сенен үлкен үміт күтемін.

    4. Неге сен өз-өзіңе сенбейсің?

    5. Сөйлесіп қиындықтың неде екенін анықтап алайық.

    6. Бәрі екеуміздің бірігіп жұмыс істеуімізге байланысты.

    7. ____________________________________________________

9.Оқушы: «Қазір сіз беретін сабаққа қатысқым келмейді, оның орнына мен достарыммен қыдырсам деймін», - деді. Қалай жауап беру керек?

    1. Осыдан, солай істеп көр.

    2. Келесіде мектепке ата-анаңды ертіп келуіңе тура келеді.

    3. Өзің біл емтихан тапсыратын өзің ғой. Сабақты босатқан күндеріңе бәрібір жауап беруге тура келеді.

    4. Сен сабаққа ешқандай көңіл бөлмейтін сияқтысың?

    5. Мүмкін саған мектепті тастау керек шығар?

    6. Одан әрі сен не істеймін деп ойлайсың?

    7. Сенің сабақ оқығаннан гөрі, достарыңмен демалған, қыдырғаның неге қызықты екенін білу маған қызықты.

    8. Мен сені түсінемін. Сабақ оқығаннан гөрі демалған, қыдырған, концертке бару қызықты. Бірақ неге бұлай ойлайтыныңды білгім келеді?

    9. ____________________________________________________

    10. Есіктен кіріп келе жатқан мұғалімді көріп оқушы: «Сіз бүгін өте шаршаған кейіптесіз», - деді. Бұған мұғалім қалай жауап беру керек?

    1. Сенің тарапыңнан маған мұндай ескерту жасау дұрыс емес.

    2. Ия, мен өзімді нашар сезініп тұрмын.

    3. Өзіңді жөндеп ал!

    4. Бүгін нашар ұйықтадым және жұмыстарым да көп болды.

    5. Уайымдама, менің шаршағаным біздің сабағымызға зиянын келтірмейді.

    6. Қамқорлығыңа рахмет, сен өте байқағышсың.

    7. ___________________________________________________



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет