Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі мардан сапарбаев институты мунашова Жамиля Балқыбекқызы


Педагогикалық қарым-қатынастың қажетті элементі педагогикалық этика мен такт



бет47/91
Дата21.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#69755
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   91
Педагогикалық қарым-қатынастың қажетті элементі педагогикалық этика мен такт.

Мұғалімнің ұжымшылдығы оның оқушылармен және оқушылардың бір-бірімен дұрыс өзара қарым-қатынас жасауының негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға даярлығы арқылы көрініс табады. Тұтас педагогикалық процесс теориясында бұл өзара ықпалдасатын тәрбиелеуші механизм болып табылады және қызмет барысындағы ынтымақтастықтың сипатына тәуелді. Қызмет барысында сипатын түсіну мұғалімнің құзырына кіреді. Соған байланысты мұғалім өзінің жинақтаған білімінің негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға дайын болу керек.
Тұтас педагогикалық процесс және балалар ұжымы теорияларының негізгі қағидаларына сүйене отырып, мұғалімге, сынып жетекшісіне оқушы ұжымын қалыптастыру бойынша тиімді жұмыстар ұйымдастыру үшін білім, біліктерді меңгерулер қажет.

  1. Мұғалім іс-әрекетінің заңдылықтарының, қозғаушы күштерінің және тәрбиелеу механизімдерінің объектісі ретінде педагогикалық процестің мәні мен құрылымы туралы теориялық білім.

  2. Оқушы ұжымын қалыптастыру теориясы мен тәжірбиесі және оның негіздері мен даму заңдылықтары жөнінде біртұтас түсініктің болуы.

  3. Оқушы ұжымының қалыптасу жағдайы мен деңгейін диагностика жасай алу, біртұтас педагогикалық процестің негізгі көрсеткіштеріне диагностиканы негіздей алу, ұжым дамуын болжау үшін диагностикалық мәліметтерді пайдалана алу.

  4. Педагогикалық ықпалдастырудың негізгі құралдарын білу және оларды балалар ұжымын қалыптастыру процесінде қолдана алу.

  5. Әрбір оқушының қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес жалпы мақсатқа жетуге бағытталған оқудағы және оқудан тыс ісәрекеттерін ұйымдастыра алу;

  6. Алғашқы ұжымдық қалыптасудың мұғалімнің педагогикалық жетекшілігімен ұжымда өзін-өзі басқаруды үйлестіре алу.

Педагогикалық қарым-қатынастың қажетті элементі ретінде педагогикалық этика мен такт рөлі ерекше орын алады.
Этика – мораль туралы ғылым. «Этика» терминін б.з.б. ІV ғасырда Аристотель енгізді. Ол этика адамгершілік, мораль туралы ілім деп көрсетті.Этика – мораль туралы түсінік береді, оны түсіндіреді және моральға үйретеді. Этика – педагогтың бір ерекше қасиеті. Этиканың орысшасы «такт», латынша «тактус». Ол арабтың сыпайлылық, ізеттілік деген сөзіне келеді. Біз мұны этика деп алып жүрміз.
Сонымен, «Этика – белгілі моральдық нормалар мен принциптерді бұлжытпай орындау. Егер моральдық нормалар мен принциптер кісінің бойына сіңсе, олар адамдардың этикалық қасиеті, не этикалық сезімі болып саналады. Этика - өте қажетті қасиет, сезім мүшелерінің негізгі белгісі».
Синица И. Е. «Педагогтік этика және педагогтік шебрлік» деген еңбегінде: «Педагогтік этика- мұғалімнің ең етене кәсіптік белгісі. Қай-қай мамандықтың да белгілі бір айрықша белгісі болатынын өздеріңізде білесіздер. Ол белгілі адамның ұйреншікті әдісінен, сөйлеген сөзінен, тіпті киім киісінен де байқау мүмкін. Мұғалім кәсібінің ерекшелігі ең алдымен, оның педагогтік әдісіне жатады. Әнші үшін үн, ал мұғалім үшін педагогтік әдеп сондай қажет», -дейді.
Педагогикалық этика - этика ғылымының бір бөлігі. Педагогикалық процесте көрніс алатын моральдің ерекше түрі. Мұғалімнің қызметіндекөрніс алатын адамгершілік әрекетінің аспектілері.
Педагогикалық әрекет этикасы жай ғана сыпайлық білдіру ғана емес, ол шығармашылық, ақыл-ой әрекеті, мәдени мінез-құлықтың, саналы іс-әрекеттің, білімділікпен іскерліктің жиынтығы. Педагогтың әрбір қадамында, баламен арақатынасында сезгіштік, байқампаздық, салмақтылық, ұстамдылық, ілтипаттық, кешірімділік, талап қоя білу, адамға сенім арту, ынталы ықыласты болу, талас-тартыс туған жағдайда әділдік, адалдық көрсету, бала жүрегіне жол таба білу, оны тыңдай білу, түсіне білу ұстаздық этика белгілеріне жатады.
Педагогтың кәсіби этикасының ерекшелігі:
-Еңбек объектісі – адам;
-Педагог адамның болашағы үшін үнемі адамгершілік
жауакершілікте;
-Педагог еңбегі психологиялық және ұйымдастырушылық жағынан күрделі;
-Педагог адамды адамгершілікке тәрбиелеу үлгісі, ол жоғары адамгершілік идеалы.Кәсіби этика – ұжымда моральдық микроклимат орнатады, тұлғаның моральдық денсаулығын қамтамасыз етеді, қоғамда моральдық атмосфераның қалыптасуына әсер етеді.
Педагогикалық этика кәсіби этика түрінде көрініс табады. Кәсіби этиканың зерттеу пәні – кәсіби мораль, оның ерекшеліктері, қалыптастыру жағдайлары, нақты тарихи жағдайлардағы даму заңдылықтары.Кәсіби мораль белгілі бір кәсіби іс-әрекет түріне тән жалпы адагершілік принциптерді нақтылайды.
Кәсіби этиканың міндеттері:
Теориялық міндеттер – тұлғаның адамгершілік қажеттіліктерін, моральдық құндылықтары және бағдарлануын қалыптастыру процесі туралы зерттейді, оны қалыптастыру механизмдерін, педагогтың бұл механизмге әсерін қарастырады.
Практикалық міндеттер – моральдық құндылықтарды қалыптастырудың тиімді тәсілдері мен жолдарын таңдауға көмектеседі.
Педагогикалық этика мұғалімге педагогикалық ұжымдағы конфликтерді шешуге көмектеседі, моральдық конфликтерді шешу тәсілдерін үйретеді, олардың алдын алу жолдарымен қаруландырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет