Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі мардан сапарбаев институты мунашова Жамиля Балқыбекқызы


Педагогикикалық этиканың категориялары



бет48/91
Дата21.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#69755
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   91
Педагогикикалық этиканың категориялары:

Педагогикалық этиканың категориялары:
Парыз - әлеуметтік стаус талап ететін адамның адамгершілік міндеттерін білдіретін этикалық категория.
Кәсіби парыз – қоғамның тұлғаға немесе белгілі бір мамандыққа қоятын талап, моарльды қережелер жиынтығы.
Әділеттілік – моральдық сана ұғымы.
Кәсіби ар-ождан – тұлағының жеке басы және кәсіби намысы туралы ұғым.
Ар-намыс – қоршаған ортаның адамның құқытарын мойындауы, оның еркіндігін, әрекеттерінің моральдық құндылығын түсінуі, құрметтеуі.
Жауакершілік – тұлғаның негізгі сапаларының бірі, адамның басты адамгершілік сапаларымен байланысты және оларды бақылайды.
Бедел – тұлғаның немесе адамдар тобының айырмашылық ерекшеліктері, соның арқасында сенім және басқа адамдарға ықпал жасауы жүзеге асады.
Кәсіби моральдың принциптері
Моральдық принциптер – адамгершілік сананың бір формасы, онда моральдық нормаларға жалпы түрде сипаттама беріледі.
Принциптер –белгілі бір адамгершілік нормалардың мазмұнын ашады, моральдық санаға сәйкес талаптарды білдіреді Педагогикалық этиканың негізгі принциптері:

  • Ізгілік принципі;

  • Педагогикалық оптимизм;

  • Педагогикалық ынтымақтастық және ұжымшылдық;

  • Азаматтық, патриотизм;

  • Тұлғаға талап қоя алу және оны құрметтеу;

  • Профессионализм, шығармашылық;

Педагогикалық такт– мұғалімнің кәсіби санасына, шеберлігінің бөлігі. Педогогикалық такт жалпы такт түсінігінен мыналар арқылы ерекшеленеді: мұғалімнің жеке, өзіндік қасиетін (әдептілік, құрмет, балаға деген мейрім, кішіпейілдік) белгілейді.
Сонымен, педагогикалық такт – бұл оқытушы мен оқушының орынды іс-әрекетіндегі педагогикалық өлшем бірлігі, қарымқатынастың өнімді стилін құра білу шеберлігі. Педагогикалық такт оқушылармен қарым-қатынасқа түсу барысында сыйлай отырып, мұғалім балаларға құрмет көрсетуге міндетті.
Педагогикалық такт– мұғалімнің салмақты, байсалды мінезқұлқынан көрініс табады.
Педагогикалық такт – мұғалімнің мінезіндегі жоғары гумандылық, оқушының қасиетін құрметтеу, әділдігі және әрекетіндегі балаға, ата-аналарға, еңбек бойынша әріптестеріне қатысты шыдамдылығы мен өзін-өзі ұстай білуінің сана-сезімдік өлшемі; педагогикалық этиканы іске асыру формаларының бірі.
Өзіндік жұмысты мұғалім сенімімен бақылау керек. Практиканы мұғалімге оқушыларды ұдайы тексермей-ақ, олардың әрбір қозғалысын бақылауға болады. Мұғалім мен оқушы арасындағы даужанжал бұл мұғалімінң тактісінің дұрыс қалыптаспауының себебінен туындайды.
Мұғалімге такт сабақтың барлық этабында қажет. Әсіресе, оқушылардың білімін бағалау, тексеру кезінде көңіл аудару керек.
Мұнда такт оқушының жауабын тыңдауға шеберлігін білдіреді: жауаптың формасына мазмұнына көңіл аудару, қиын оқушыларға төзе білу.
Барлық оқушы жауап беру кезінде өзіне көңіл қойып тыңдағанды, жақсы көреді. Жауап беру барысында қолдау көрсету: жақсы көзқарас, күлімдеу, мимика, сонымен қатар баға қою кезінде өте маңызды болып есептеледі. Сонымен педагогикалық такт мұғалімнің мінез-құлқы, жүріс-тұрысы. Өйткені, педагог оқушының алдында әртүрлі рөлге еніп шығады.
Сабақта – айқындық, қаталдық, кластың берілген тапсырмаға дайын болмаған жағдайда өзін-өзі ұстай біліп, салқын қанды болу керек. Сыныптан тыс жұмысты – еш зорлықсыз, сырластықпен, әсіресе жеке тұлғамен сұхбат жүргізу тиімді.
Тәрбие беру існдегі аса маңызды жайттардың бірі – педагогикалық такт. Педагогикалық такт деп мұғалім бойындағы мақсатқа сай адамгершілік сезімді айтады. Мұғалім оқушыларға педагогикалық ықпал жасайды.
Ықпал оқушылар арасындағы мұғалімнің беделі мен өнегесі. Мұғалім қайда болмасын тек оқушылар үшін ғана емес, бүкіл жұртшылық үшін үлгі- өнеге. Ол әркез көпшіліктің бақылауында болады.
Өзін-өзі үйлесімді ұстай білетін, ілтипатты, қарапайым, әділетті болуында тактыға жатады. Әділетті ұстазды бола әр кезде бағалап, сыйлайды. Үлгі тұтады. Ол бала жүрегіне жол тапқан үнемі ұмтылмайтын, педагогикалық істің шебері.
Педагогтық әдеп – мұғалімнің ең жақын кәсіптік белгісі. Ол әртүрлі әрекет саласында педагогтың балалармен дұрыс қарымқатынас жасауы. Жалпы әдеп «жұғысу», «адамдар арақатынасының түрі» мағынасында қолданады. Ал этикалық сөздікте «әдеп» адамдар арасындағы қатынастың ерекшеліктерін, мінез-құлық кодексін айтады. Бірақ бұл анықтама толық емес.
Кейбіреулер педагогтық әдеп - мұғалімнің балаларды баурап алатын табиғи қабілеті десе, енді біреулері – мұғалімнің жалпы мәдениетінің құрамдас бөлігі, ал үшіншілері – пәнді жетік білу және оның әдістемесін жақсы меңгеру деп есептейді. Бұл айтылғандардың барлығы да қай-қайсысында педагогтық әдептің азды-көпті белгілері бар. Педагогтық әдепті мұғалімнің жалпы мәдениеті тәртібі және жалпы әдістемелік сауаттылығымен қою қате. Педагогтық әдеп мұғалімнің барлық жақсы қасиеттерімен жымдасып жатады, бірақ өзіндік ерекшелігі болады. «Педагогтық әдеп дегеннің өзі, шын мәнінде психологиялық әдеп», - деген болатын К. Д. Ушинский.
Педагогтық әдеп тек қана педагогтық мораль принциптерінің мәнін қарастырып қоймай, олардың категорияларының мәнін де қарастырады.
Категориялары:

  1. Кәсіби педагогтық борыш.

  2. Педагогтық әділеттілік (әділдік), абырой.

  3. Педагогтық беделділік.

Педагогтық әдептің басты ерекшелігінің бірі – мұғалім жас буынға моральдық тәрбие беру процесінде қайталау арқылы емес, бүкіл оқу-тәрбие жұмысын адамгершілікке тәрбиелеу ісімен тығыз ұштастыра білуге байланысты болмақ. Бұл мұғалімнен принципшілдік пен жауапкершілікті талап етеді.
Ұстаздың білімділігі жастардың моральдық қасиетін өзінен-өзі қалыптастыра алмайды. Адам білімді болуы мүмкін, бірақ оның мінез-құлқы , адамгершілік қасиеті кейбір жағдайларда оның біліміне қайшы келуі мүмкін. Өмірде кейбір білімді адамдар арасынан мораль нормасы мен принциптері қайшы келетін, сөзі мен ісі арасында алшақтық бар адамдар да кездесіп отырады.
Педагогтық әдептің тағы бір ерекшелігі – мұғалім жас ұрпаққа белгілі бір салада жүйелі білім беру мен қатар, өздерінің іс-әрекеті, дүниеге көзқарасы, адамгершілік пен гуманистік қасиеттері арқылы оларды мораль нормаларына тәрбиелеуі тиіс.
Кәсіби борыш - педагогтық әдептің ең маңызды категорияларының бірі. Бұл түсінікке мұғалімнің жеке басына қоғамның қоятын талаптары мен моральдық ұйғарымның жиынтығы туралы, кәсіби міндеттерді орындауы туралы, яғни анықталған еңбек
функциясын жүзеге асыру, оқушылардың және олардың атааналарымен әріптестерімен дұрыс өзара қарым-қатынас орнату, таңдаған
кәсібіне деген өзінің қатынасын терең сезінуі.
Кәсіби педагогтық борышта мұғалімнің өзінің еңбегіне деген шығармашылық қатынас жасауға қажеттілігін, өзіне ерекше талап қоюға, кәсіби білімін көтеруге, оқушыны және оның ата-анасын құрметтеуге және т.б. бағдарланған.
Педагогтық әдепте әділдік түсінігінің ерекшеліктері бар. Әділдік педагогтық моральда мұғалімдердің объективтілігін, балалардың қылықтарын, олардың оқуға және қоғамдық пайдалы іс-әрекетке қатынасын бағалауда көрінетін адамгершілік тәрбиелілігінің деңгейінің өлшемін білдіреді.
Әділдік бір жағынан мұғалімнің адамгершілік қасиеті ретінде, екінші жағынан оқушылардың іс-әрекетін бағалау өлшемі ретінде қабылданады. Әділеттілік педагогтық қызметте оқушылардың оқу процесіндегі еңбегін әділ бағалау арқылы жүзеге асады. Бағаны дұрыс, орынды пайдалану тәрбиелік мәні зор. Баға балалардың санасезіміне, психикасына, қылықтарына үлкен әсер етеді. Бала тек «бестік» бағаны қалайда алуды мақсат тұтпау керек, ол үшін көп еңбек етудің қажеттілігін ұғуға, материалды толық игеруге дағдыландыру керек. Сол сияқты «екілік» баға оқушыларды мұқатуға қолданылатын, яғни мұғалімнің субъективтік көңіл-күйінің нәтижесі емес, оқушының жеке басындағы ұқыпсыздық немесе жалқаулығының салдары екендігін көрсететіндей болуы қажет. Әрбір әділ қойылмаған баға балаға моральдық соққы. Бағаны артық не кем қою мұғалімнің әділетсіздігінің кепілі. Оқытушының сөзі мен ісі арасындағы алшақтық баланың моральдық ұғымына теріс әсер етеді.
Әділетілік пен абыройдың арасында біте қайнасқан білік бар. Себебі, әділетті мұғалім оқушылар арасында абыройлы келеді. Бірақ абырой тек әділетті болу емес, педагогтың өз жұмысына шебер келіп, көп еңбек сіңіруге байланысты болып келеді. Мысалы, кейбіреулер балаларға қатал көзбен қарау арқылы абыройлы болып көрінем деуі мүмкін. Осындай жағдайда оқушы сырттай мұғалімнің тілін алып, сөзін тыңдайтын болғанмен, іштей оны жақсы бағалай бермейді. Кейбір мұғалімдер сабақты асқан шеберлікпен, бағдарламалық материалды жақсы игерген, білімдарлықпен өткізуі мүмкін. Бірақ оқушылар арасында беделі болмауы мүмкін.
Мұғалім білікті де білімді болса, оны шәкірт тез таниды, сыйлайды. Сыйластық қарым-қатынастың бұзылуы, оқушының мұғалім тапсырмасын орындамауынан, орындағысы келмегеннен басталады. Мұғалім мәдениетінің тағы бір шарты - өз талабын орындата алуы. Мұғалімнің өз шәкіртінің жай күліп түсініп оған дем беруге, көмек көрсетуге дайын тұруы, бәрінен бұрын шәкірттің еңбегін әділ бағалауы да мәдениеттіктің белгісі.
Ұстаздық әдеп – мұғалімнің көркі. Сондай-ақ, мұғалім мен мұғалімнің қарым-қатынастағы ең маңызды көрсеткішінің бірі – ұстаздық әдепті сақтау. Ұстаздық әдеп – инабаттылық, әділеттілік, ұстанымдылық, адамгершілік және т.с.с. қасиеттерден көрініс беруі тиіс. Ұжымда бір істейтін әріптестерінің арасында түсінбестік, даудамай, кикілжіңдер кездесуі мүмкін. Мұндай жағдайда әр педагогтың өзін ұстауы, өзін сыйлай білуі, өзгені сыйлай білуі, ойы, сөзі ұстазға тән ерекшеленуі керек. Баланы түсінбестікке бола өз басның жалпы ұстаз беделін түсірмеуі керек. Сондай-ақ, мынадай кемшілктер мен келеңсіздіктерге қарсы тұрып, оларды жеңе білуі тиіс: шаршап шалдығушылық, ұйқысыздық, аурушаңдық, басқа адмадар туралы теріс ой-пікрлер айту, өзінің жұмысына салақтық немқұрайлық таныту, ашуланшақтық, ынжықтық, орынсыз ұялшақтық және т.б.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет