Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі мардан сапарбаев институты мунашова Жамиля Балқыбекқызы



бет46/91
Дата21.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#69755
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   91
Пайдаланған әдебиеттер

  1. Жүсіпова Ж.А. Педагогикалық шеберлік. Оқулық. Алматы: Экономика, 2011.

  2. Жексенбаева У.Б.Компетеностно ориентированное образования в современной школе:учебно –методическое пособие.

Алматы,2009.

  1. Дүйсенбаев.А.Педагогика .Оқулық .-Астана:Фолиант,2018.

4.Тәрбие жұмысының теориясы және ұйымдастыру әдістемесі.Оқулық.Астана-2014.
5.Крапченко .А.И.Психология и педагогика. Оқу құралы. Москва: РИОР.2020.

  1. Ерканов С. Б. Основы ирофессионального самовоспитания будущего учителя. М., 1989

  2. Лысенкова С. Н. Методами опережающего обучения. М., 1988.

  3. Қоянбаев Р. М., Педагогика А.. 1999.

  4. Снайдер М., Снайдер Р. Ребенок как личность. М., 1997.

  5. Симонов В. П. Диагностика личности и профессиональное мастерство преподавателя. М., 1995.

  6. Хозяинов Т. И. Педагогическое мастерство преподавателя. М., 1988.

Тақырып № 9. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ҚАЖЕТТІ ЭЛЕМЕНТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭТИКА МЕН ТАКТ


Теориялық мәліметтер Жоспары:

  1. Педагогикалық қатынас және оның мұғалімнің кәсіби қызметіндегі орны.

  2. Педагогикалық қарым-қатынастың қажетті элементі педагогикалық этика мен такт.

  3. Сендіре білу – тілтабысудың негізгі әдісі ретінде

  4. Мұғалімнің кәсібі қызметіндегі кикілжіндер, олардың түрлері мен себептері және шешу жолдары.

Негізгі ұғымдар: ұстаздық әдеп, тіл табысу, этика, такт, кикілжің.
1. Педагогикалық қатынас және оның мұғалімнің кәсіби қызметіндегі орны.
Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты.
Қоғамнан тыс адам өмірінін болу мүмкін емес.
Кез келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарымқатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен «тілдесу» қажетін қанағаттандырмау - біртіндеп оның қасаң сезімді, мейірімсіз болып өсуіне әкеліп соқтырады. Басқалармен қарымқатынасқа түсу қай жастағыларға болмасын оған киім-кешек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен араласып, дұрыс қарым-қатынас жасай білу де сондай қажет. Мәселен, адамды қамап басқалармен араластырмай ұстау жазаның ең ауыр түрі екендігіне шүбә келтіруге болмайды.
Өзгелермен қарым-қатынас жасау, бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат алмасу деген сөз. Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. Әрине, қарым-қатынас ақпарат алумен шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл көп қырлыұғым. Біздің бәріміз де бір-бірімізбен қарым-қатынас жасаймыз. Қарым-қатынас дегеніміз тіл арқылы пікір алмасу. Адамның ең жарқын ерекшеліктерінің бірі – оның сөйлеу қабілеттілігі. Сөз - адам психикасының өмір сүруінің аса маңызды факторы. Қарым-қатынассыз қоғам ыдырап кетеді. Қарым-қатынас жасау мүмкіндігінен айырылған адам ойдағыдай дами алмайды. Қарым-қатынас адам іс-әрекетінің таным және еңбекпен қатар жеке адамды қалыптастыратын аса маңызды түрі болып табылады. Лингвистер тілді қарым-қатынас құралы, қоғам жасаған білімдерді таратушы ретінде зерттеп келеді.
Ұжымдағы көңіл-күймен қоғамдық пікір эмоциялық күшқуатпен өзара қатынастың деңгейін ондағы қалыптасқан әлеуметтікпсихологиялық климат (ақуал) айқындалады. «Психологиялық климат», «Әлеуметтік психологиялық климат», немесе «Микроклимат» ұғымдары ғылыми емес, астарлы, ауыспалы ұғымдар. Әлеуметтік-психологиялық климат ұжым мүшелерінің бірлескен ісәрекетпен өзара қатынас процесінің сипатын танытатын ұжымның сезімдік-психологиялық жағдайларының жүйесін білдіреді. Әлеуметтік-психологиялық климатты осылай түсіне отырып, оның мынадай негізгі қызметтерін атауға болады. Педагогикалық ұжымның әлеуметтік-психологиялық климатының топтастырушылық қызметі ұжым мүшелерінің оқу-тәрбие міндеттерін шешуге ұжымдық күшжігерді топтастыруын, бірігуін іске асырады. Ынталандырушылық қызметі педагогикалық әрекеттің қолдануына қажетті ұжымның «эмоциалдық күш-қуатын» қалыптастыруға байланысты. Тұрақтандырушылық қызметі ұжымішілік тұрақтылығын қамтамасыз етіп, ұжымға жаңа мүшелердің енуіне қажетті алғышарт жасайды. Реттеушілік қызмет өзара қатынас нормаларын нығайтуда, ұжым мүшелерінің тәртібіне баға беруде көрінеді.
Психологияда қолайлы әлеуметтік-психологиялық климаттың басты көрсеткіштерін айқындау бағытында зерттеулер жүргізілуде. Бір жағдайларда көрсеткіш ерекшеліктері ретінде тұлға аралық, адамгершілік, сезімдік, құқықтық өзара қатынастар қарастырылса, ендігі бір жағдайларда ұжымдық әрекет тиімділігінің барынша жалпы сипаттамасына аса мән беріледі. Ондай сипаттамаларға мыналар жатады.
Қолайлы әлеуметтік-психологиялық климаттың бұл белгілерін педагогикалық ұжымға баға беруде қолданылуға болады.
Әлеуметтік-психологиялық климаттың тұлғаға ықпал жасауының механизмі еліктеуден - өзге адамдардың сезімін, ойларын тікелей қолдану, пайдаланудан тұрады. Педагогикалық қызмет барысында кейбір мұғалімдер өзара әріптестерінің эмоциялық жағдайын түсінуге және оған төзуге қабілетті болса, екіншілер оның психологиялық жағдайына талдау жасап, өз сенімі, ықыласыменсәйкес келетін, келмейтіндігін салыстыруға бейім. Ұзақ уақыт бірлесе қызмет жасау, мүдде ортақтығы жағымды еліктеу процесін едәуір жеделдетеді. Өз әріптесінің сезімдік-психологиялық көңіл-күйін танып, оны түсіне алған педагог қалыптасқан жағдайда шығудың оңтайлы шешімін өз басынан іздестіреді.
Өзара әрекеттестіктен екінші жағы жеке тұлғаның ұжымдағы климатқа ықпалынан тұрады. Іске жауапкершілікпен қарайтын, тәртіпті, көпшіл, қайырымды, әдепті педагогтар ұжымда жағымды климат қалыптастыруға елеулі ықпал жасай алады. Ал керісінше, тоғышар, әдепсіз, тәртібі тиянақсыз, ұжым мүшесі жағымсыз климат орнықтыруға ықпал жасайды.
Ұжымның жалпы климаты оның мүшелерінің интеллектуалдық, сезімдік және мінездерінің жігерлілік белгілеріне тәуелді болып келеді. Жекелеген педагогтардың танымдық белсенділігі, өнер тапқыштығы ұжымды инновациялық қызметті дамытып, жаңа технологияларды іздестіруге ұмтылады. Жігерлі педагог-жетекші өзгелерді соңынан ерте алады. Егер ұжым мүшелерінің ақыл-ойы, сезімі, ерік-жігері педагогикалық қызметке жұмылдырса, онда табысқа жету қиын емес.
Жағымды психологиялық климат қалыптастыруға кедергі жасайтын факторлардың қатарына ұжымдағы келіспеушілікті немесе «климаттық ауытқуды» атауға болады.
Кәсіби педагогикалық қарым-қатынастың сипаттары:

  1. Балалар ұжымымен жұмыс істеу үшін мұғалімнің белгілі бір кәсіби қасиет-сапалары қажет. Кәсіби маңызы бар қасиеттер мәнін анықтауға бірқатар ғалымдар (А. Сатынская, В. А. Сластенин, К. Успанов және т.б) көңіл бөлді. Біртұтас педагогикалық процесс теориясының негізгі заңдарын басшылыққа ала отырып (Хмель Н. Д), педагогикалық процестің іске асыруын қамтамасыз ететін тұлғаның салыстырмалы орнықты сапалары мен ерекшеліктерін жиынтығын педагогтың кәсіби маңызды қасиеті деп санауға болады. Сонымен, біртұтас педагогикалық процестің нәтижелі «педагогтар-оқушылар» жүйесіндегі өзара қатынастың, ықпалдастықтың деңгейіне байланысты. «Оқушы» жүйесі үшін педагог тұлғасы қоршаған болмысты пәндендіру арасындағы делдал, ал мұғалім оқушы мен материалдық және рухани құндылықтар арасындағы делдал болып табылады. «Оқушылар» қатынас салдары ретінде жасалады. Бұл болашақ мұғалімді даярлауда мектептік педагогикалық процестің қызметін жандандыруға мүмкіндік беретін кәсіби маңызы бар сапаларды қалыптастырудың неге қажет екенін көрсетеді.

Жоғарыда баяндалғандардың балалар ұжымымен тиімді жұмыстар істеудің алғы шарттарының бірі ретінде қарастырылатын ұжымшылдық сияқты мұғалімнің жеке қасиеттерін қалыптастыруға қатысты.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет