3. Педагогикалық өзара іс-әрекет, коммуникативтік қабілеті. Қарым-қатынас әлеуметтік-психологиялық құбылыс, ол адамдардың өзара әрекетінің үрдісі, оған қатысатын адамдар бірбірінің ұмтылысына, ойларына, күйлеріне әр түрлі дәрежедегі күштермен әсер етеді.
Коммуникативті құзыреттілік – адамдармен өзара әрекет пен қарым- қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларды шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынас шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады және келесі негізгі функцияларды атқарады:
Ақпараттық-коммуникативтік (ақпаратты қабылдау және беру (жеткізу);
Қарым-қатынасты реттеу (бірігіп әрекет істеу барысында өзара әрекетті өңдеу);
Афорективтік-коммуникативті (элюционалдық қатынасты беру (жеткізу).
Ақпараттық функция – қарым-қатынас арқылы әр түрлі тұрмыстық, оқу- әдістемелік, ізденушілік, ғылыми-зерттеу және т.б. ақпарат беру.Тәрбиелік функция - адамдарды қоғамдағы мәдени және адамгершілік құндылықтарға қатынастыру; адамдардың бір-бірін тану;түрлі әрекет барысында – оқу, өндіріс, ғылыми танымдық және т.б. – қызмет көрсету; адамдардың қажеттілігін септеу (достық қарым-қатынас, достармен, бірге оқыған оқушылармен кездестіру).
Педагогикалық қарым-қатынастың кезеңдері:
оқытушының модельдеуі – болашақ қызметін бейнелеу.