Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі мардан сапарбаев институты мунашова Жамиля Балқыбекқызы


Педагог мамандығындағы актерлік және режисерлік шеберлік элементтері



бет10/91
Дата21.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#69755
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   91
2.Педагог мамандығындағы актерлік және режисерлік шеберлік элементтері

  1. Болашақ маман қызметінің негізінде жатқан және заманауи мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің алғы шарттары болып табылатын қабілеттіліктер диагностикасының белгілері мен әдістері жөнінде нақты және айқын түсініктің студенттердің кәсібипедагогикалық дайындығының тиімділігі мен ерекшеліктерін арттыруда маңызы зор. Өмір мұғалімнің нақты ғылыми білімдердің және жалпы адамзаттық рухани құндылықтардың ұстанушысы болуын ғана емес, сондай-ақ өзінің жұмысында жоғары шеберліктің маңызды қайнары болуын, ол нені дұрыс, шабытты және сенімді, қызықты және жөн айтуды білуін ғана емес, сонымен бірге қалай айтуды білуін талап етеді.

  2. Педагогикалық және актерлік дарындылық табиғатының мәселесін, оның диагностикасының белгілері мен әдістерін зерттеу.

  3. Студенттерді курсқа іріктеу үрдісінде-ақ педагогикалық және актерлік шеберлікке табысты оқытуды болжау үшін.

  4. Бейімділіктердің, арнайы қабілеттіліктердің, тұлғаның жалпы көркемдік дарындылығы мен шығармашылық әлеуетінің ара қатынасын елестету үшін (кәсіби маңызды ерекшеліктерді айырып және олардың бір-бірімен қалай байланысқанын, қандай психикалық үрдістермен қамсыздандырылғанын анықтау, не нәрсесіз оқытудың болашағы жоқ, ал оқыту үрдісінде не дамитынын оңтайлатыруға болады).

  5. Шамамен кәсіби маңызды ерекшеліктерді анықтағанда қателеспеу.

  6. Студентке өзінің мүмкіндіктерін, күшті жақтарын және кемшіліктерін түсінуде, қабілеттілік барда мамандықты меңгеру жолында нақты кедергілерді жеңуде жәрдем беру.

  7. Шығармашылық дербестікті ынталандыратын факторларды белсенді ету және жағдай жасау үшін қажет.Алдымен педагогикалық қабілеттіліктер құрылымының бөлшегі болып табылатын актерлік қабілеттіліктер белгілерінің мәселесін қарастырайық. Актерлік қабілеттіліктердің тәжірибеде жинақтаған өз белгілері бар. Көптеген театр қайраткерлері, түрлі театр мектептерінің негізін қалаушылар К.С.Станиславский, В.Э.Мейерхольд, Е.Б.Вахтангов, А.Я.Таиров актерге қажет ерекшеліктер мен сипаттар жөнінде жазды.

Адамдардың актерлік дарынды басты ерекшеліктері есебінде түрлі сипаттар аталады:

  1. эмоциялы стресс жағдайында өнімді және жалғастыру

әрекетіне қабілеттілік;

  1. ой тудыруға және әрекет арқылы ойдың трансляциясын

жүзеге асыруға қабілеттілік;

  1. бір ойыннан екіншісіне ауысуға дайын болу;

  2. эстетикалық қызметке, көркемдік образдарды жасауға бағыттылық;

  3. қоршаған ортаға әсердің нақтылығы және айқындылығы;

  4. түрленуге икемделу, өзін-өзі сендіруге қажеттілік;

  5. жеке тартымдылық, сүйкімділік;

Жүргізілген зерттеу нәтижелері мынаны көрсетеді, яғни педагогикалық мамандықты алатын студенттер адамдардың әртістік (арнайы көркемдік білімдері жоқ) деп айтуға болатын негізгі ерекшеліктері деп мыналарды есептейді:

  • өзімен, өзінің сезімдерімен, ойларымен, күйзелістерімен, ассоциациясымен, іште, жүректе әрдайым пайда болатын дүниемен бөлісу қабілеттілігі;

  • өзінің сезімдерін басу және сыртқа “тастағысы” келетін сезімдерді ғана “тастау” икемділігі;

  • әр түрлі болу, таңдандыру шеберлігі;

  • кез келген істі жүргізіпәкету қабілеттілігі, қызықтырып әсерлендіру, қоршаған адамдарды өзіне сендіруге мәжбүрлеу шеберлігі, тартымдылық;

  • жасы келгенге қарай өмір сүріп жатқан сияқты ойнау

қабілеттілігін жоғалтпау;

  • көпшілік алдында батыл болу;

  • дамыған бейнелі ойлау, реактивтілік, жігерлілік;

  • әр түрлі адамдармен қарым-қатынас кезінде жеңілдікті сезіну, барлық жағдайда оларға және өмірге қызығушылық таныту, ақ көңілділік;

  • мықты визуалды және эмоциялық интеллект (әңгімелесушіні тыңдау және сезіну бейімділігі);

  • еркіндік сезімі, мүмкін еместі елестету шеберлігі;

  • қанағатшылық сезім, әсершілдік;

  • сезімталдық;

  • өмірден, адамдардан әрдайым жаңа бір нәрсе іздеу;  шапшаңдық, бай қиял, юмор сезімі;  зеректік, түсінгіштік, білімділік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет