3. К. С. Станиславскийдің педагог дайындауда театрлық жүйесінің принциптері К. С. Станиславский оқушының жан дүниесін түсініп, жұмыс жасауды ұсынады. Сондай-ақ, мұғалімнің 4 түрін атап көрсетеді: 1-ші түріне белсенді, қиялы жақсы дамыған, әркез ізденушілікпен айналысатын мұғалім. Олар сабақты жаңа әдістермен өткізуге тырысады. 2-ші түріне белсенді емес, өз пәніне деген немқұрайлықпен қарайтын мұғалім. 3-ші түріне бір ізбен жүрмейтін мұғалім. Бірде сабақты қызықты, кейде жалқаушылық танытатын. Бұл мұғалім кітаптағы материалды қайталап, еш жаңалық енгізбейді. 4-ші түріне ешнәрсе, тіпті кітаппен де, ізденушілікпен айналыспайтын мұғалім түрі. Мұндай мұғалім тіпті болмау керек деген екен. К. С. Станиславскийдің мектепте қолданылатын принципі - өмір шындылық принципі. Өмір шындылық принципінің мақсаты ешқандай өтірік, тәртіпті бұзатындай әрекеттер жасамау. Өмір шындылық принципіне көмекші принцип – алдын-ала тапсырма беру. Осы арқылы үміттенген арманды іске асыра алады. Алдын-ала тапсырма беру принципін қолдану арқылы оқушының дайындық деңгейін білуге болады. Үшінші принцип – белсенділік және әрекет ету. Мақсат – образға ену және сабақтың практикалық бөлімінде оқушыларды белсендіре түсу.
К. С. Станиславский, В. Э. Мейерхольд, А. Я. Таиров актерге қажет ерекшеліктер мен сипаттар жөнінде айта отырып, педагогтар актердің, сыналатын тұлғаның адамдық құндылығына, оның ақиқат пен сенім сезіміне яғни түрленуге деген қабілеттілігіне, саналық тартымдылығына, қызықтыра әсер беретініне және сендірерлігіне, сезім күшіне және эмоциялық шапшаңдығына, сахналық тұрғыдан ыңғайлы сыртқы мәліметтеріне көңіл бөлетініне назар аударды. Сәтсіз көрсеткіш кейде актердің абыржуымен, физикалық қысымымен, жанын күштеумен байланысты болуы мүмкін, ол шығармашылық ойлауға, олардың динамикасында күрделі сипаттарды жүзеге асыру шеберлігі бір көргеннен мүлдем байқалмайды. Егерде, болашақ мұғалім өзінің шығармашылығында әртістікке дейін көрсетілуге ұмтылса, онда театр педагогикасының элементтерін меңгеру орындауды қажет ететін шарттардың бірі болып табылады. Әртіс педагогтің міндеті оқушыларға эмоциялы ықпал ету, олардың үн қосуына, мұнсыз өмірді және оның ұғымын терең қабылдауды, балалардың санасы мен жүрегінде өзіне сенімді нығайту, өзінің қатынасымен, сезімдерімен әсер ету. Украин зерттеушісі В. Ф. Моргун былай дейді: «Актердің өнері біріншіден, әлеуметтік, екіншіден, өмірлік және үшіншіде ғана театралды болуы тиіс, оның үстіне мұндай ұйғарым педагогтың шеберлігіне қатысты әділ болып саналады. Демек, педагогикалық шеберліктің формуласы былайша көрініс табады: біріншіден, өнегелілік, екіншіден, біліктілік және үшіншіден әртістік.
Актерлік дарындылық табиғатының мәселесін, оның диагностикасының белгілері мен әдістерін зерттеу:
студенттерді курсқа іріктеу үрдісінде-ақ педагогикалық және актерлік шеберлікке табысты оқытуды болжау үшін;
бейімділіктердің, арнайы қабілеттіліктердің, тұлғаның жалпы көркемдік дарындылығы мен шығармашылық әлеуетінің ара қатынасын елестету үшін;
шамамен кәсіби маңызды ерекшеліктерді анықтағанда
қателеспеу үшін;
студентке өзінің мүмкіндіктерін, күшті жақтарын және кемшіліктерін түсінуде, қабілеттілік барда мамандықты меңгеру жолында нақты кедергілерді жеңуде жәрдем беру үшін;
шығармашылық дербестікті ынталандыратын факторларды белсенді ету және жағдай жасау үшін қажет. Бұдан нені байқауға болады?
Мұғалімнен жан-жақты терең білім-біліктілікті, сегіз қырлы, бір сырлылықты талап етіп тұрған жоқ па? Мұғалімге қойылатын талап – жауапкершілік жүктелген үлкен міндет, абыройлы істің сан қырлылығы одан жан-жақты терең біліктілікті, аса педагогикалық шеберлікті, өте нәзік психологиялық қабілеттілікті талап етеді.