Ұйымдастыру жұмысы: Көркем шығармалар оқу - В. Берестов «Оқи алу қандай тамаша»;
- Е. Утетлеуов «Кітапхана»;
- Б. С. Житков «Кітаптарды қалай басып шығарады»;
- Л. Разгон «Ақ бетке көк сиямен жазылған»;
- Р. Киплинг «Алғашқы хат қалай жазылған»;
- Р. Киплинг «Әліпбиді қалай ойлап тапқан»;
- С. Маршак «Кітапты қалай басып шағарды»;
Өнімді іс-әрекет түрлері - макеттерді жасау;
- топты редакцияға қажетті заттармен жабдықтау.
Балалармен әңгімелесу - «Редакция деген не?», «Ол не үшін?», «Адамдар үшін несімен пайдалы», «Редакция қызметшілерін ата»
- әртүрлі тақырыптағы журналдар мен газеттерді қарау.
Дидактикалық ойындар - «Керісінше»;
- «Ертегілерден жиналған винегрет».
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті - қоршаған ортамен таныстыру «Балаларға арналған журналды кім әзірлейді»;
- «Балдырған-кітап» сурет салу.
Ата-аналармен жұмыс - мүмкіндігі келгенше редакияға бару.
«Редакция» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
Мақсаты: Сюжетті-рөлді ойын барысында әлеуметтік өмірде болып жатқан жағдайларды көрсету, саяхат, бақылау барысында көргендерін ойынға айналдыру біліктерін қалыптастыру. Редакция қызметкерлерінің рөлдік әрекеттерін бекіту, олардың еңбектері ұжымдық және бір қызметкердің жұмыс сапасына бүкіл ұжымның жұмыс нәтижесі байланысты екенлігін жеткізу. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы, біздің өмірімізде газеттер мен журналдардың маңыздылығы туралы білімдерін бекіту. Балалардың тілдерін дамыту.