Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ


   Салалас   құрмалас  сөйлемнің мағыналық   түрлері



Pdf көрінісі
бет173/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   196
7.11   Салалас   құрмалас  сөйлемнің мағыналық   түрлері 
       
Мағыналық      жағынан      9  түрлі      саралауға  салалас  құрмалас 
сөйлем  бірден  келген  жоқ.  Мәселен,  алғашқы  тілтанымпаз 
А.Байтұрсынұлы  еңбегінде  салалас  құрмалас  сөйлемнің  5  түрі  - 
жайылыңқы,  қайырыңы,  айырыңы,  сұйылыңы,  қойылыңқы  –  деп   
белгіледі.   
Қ.Жұбанов  тарапынан  салалас  құрмалас  сөйлемге  қатысты 
талдау,  мысал  деректемелер  болған  жоқ.  Бірақ  1936  жылы 
жарияланған  алғашқы  оқу-бағдарламада  ыңғайлас,  ереуіл,  талғама, 
себеп-салдар, шарт-жағдай деп 5 түрге жіктеп береді.        
С.Аманжолов  пен  Н.Сауранбаевтың  авторлығымен  1939  жылы 
орталау  және  орта  мектептерге  арналған  «Қазақ  тілінің 
грамматикасында»  жай  сөйлемдердің  жалғасу  түріне  қарай 
жалғаулықты  және  жалғаулықсыз  салаластар  деп  екіге  ажыратқан. 
Жалғаулықты  түрін  өз  ішінде  тіркес,  қарсылас,  үдетпелі,  талғаулы, 
себепті,  кезектес,  бейтараптық  деп  таратады.  Ал  жалғаулықсыз 
түрі  жікке  бөлінбейді.  Бұлайша  сараламау  мұны  Н.Сауранбаевтың 
іргелес құрмалас деп тануына әкелді.  
    1941ж.  С.Жиенбаев  «Синтаксис  мәселелері»  еңбегінде  салалас 
құрмалас  сөйлемдерді  ыңғайлас,  қарсылас,  талғаулы,  себеп-салдар 
деп жіктеген.     
    1961  жылғы  Т.Қордабаев  пен  М.Балақаевтың  оқулығында  салалас 
құрмалас  сөйлемнің  жалғаулықты  түрлері  жалғаулық  шылаулардың   
ыңғайлас, іліктес, қарсылықты, себеп-салдар, талғаулы, кезектес деп 
келтірген.  1967  жылғы  грамматикада  жалғаулықсыз  салалас  сөйлем 
құрамын салыстырмалы, шартты толықтырып, жалпы алты сандық 
түр сақталған.   
    Салалас 
құрмалас 
сөйлем 
компоненттерінің 
аралығында 
қойылатын ең негізгі тыныс белгісі — үтір (,). Ол салалас құрмалас 
сөйлемнің  жалғаулықты  түріне  де,  жалғаулықсыз  түріне  де  бірдей 
қызмет  атқарады.  Демек,  екі  жай  сөйлемдік  үлгі  бір-бірінен  үтір 
арқылы  ажыратылады.  Тек  ескеретін  жай:  қарсылық,  себеп,  шарт, 
салыстырмалы  мәнді  жалғаулықтар  екінші  сыңар  құрамының 
басында келеді де, үтір олардың алдынан қойылады. Ал мезгілдес 
мәнді  жалғаулықтар,  негізінен,  бірінші  сыңар  құрамының 
соңында  келіп,  үтір  олардан  кейін  қойылады.  Тек  әр  жалғаулығы 
бірде  бір  рет  беріліп,  екінші  сыңардың  басына  енді,  бірде  екі  рет 
беріліп,  екі  сыңардың ішінде келе береді. Екі сыңарға бірдей келу  — 


 
261 
талғау және кезектес мәнді жалғаулықтарға да тиесілі. Егер екі жай 
сөйлемдік 
үлгіні 
және 
жалғаулығы 
байланыстырса, 
үтір 
қойылмайды.   
Сөйлем  ішінде  (ортасында)  келетін  тыныс  белгілерінің  бірі  - 
сызықша.  Салалас  құрмалас  сөйлемде  сызықшаның  қызметі 
түсіндірмелі  түрінде  көрінеді.  Екі  жай  сөйлемдік  үлгіні  әрі 
құрмаластырушы,  әрі  оның  баяндауышы  (шын  мәнінде,  өзінен 
кейінгі  сыңарға  іс-әрекетті  сілтейді)  қызметін  атқаратын  сол, 
сондай,  сонша,  соншалық,  соншама  сөздерінен  кейін  қойылады.  
Бұлайша қою — кейінгі зерттеудің жемісі.    
     Сызықша 
екі  жай  сөйлемдік  үлгіні  байланыстыратын 
қарсылықты,  себеп   мәнді жалғаулықтардың  түсіріліп айтылуында   
қолданылады. Бірақ алдыңғы сыңардың тыныс белгісі (,) сақталады. 
Мысалы:  Қасындағы  біреуі  Лықбекке  қаңылтыр  тостағанмен  шай 
ұсынып еді,  - алмады (Ж.Аймауытов). Алды, — бердім, енді өкіндім, 
өзіме аз (Абай). 
    Салалас 
құрмалас  сөйлем  түрлері  үшін  қос  нүкте  де 
пайдаланылады.    Бұл  көбіне  түсіндірме  мәнді  салаласқа  қатысты. 
Себеп мәнді жалғаулықтардың түсірілуі де қос нүкте қоюға әкеледі: 
Салған  әні  жан  -  дүниемді  балқытты:  дауысы  аса  әдемі  екен. 
Салалас  құрмалас  сөйлемге  тән  нүктелі  үтірдің  де  қойылатын  жері 
бар.  Бірақ  мұндай  жағдайда,  көбіне,  құрамындағы  жай  сөйлемдер 
саны екіден жоғары болып келуі шарт. 
     Мезгілдес  салалас  құрмалас  сөйлем.  «Мезгілдес»  атауы  қазіргі 
күні әбден орныққан. Кейбір  еңбектерде  «ыңғайлас»  салалас  деп  
те  аталады.    Бұл үлгідегі салалас құрмалас сөйлемдер құрамындағы 
синтаксистік 
компоненттердің 
қарым-қатынасы 
бір 
уақыт 
шеңберінде  болып  жатады.      Басты  ескеретін  жай,  белгілі  бір 
сыңарда  келесі  бір  сыңардың  уақыты,  мезгілі  баяндалмайды,  қайта, 
екі сөйлем құрылымындағы іс-әрекет бір мезгіл көлемін қамтиды. Әрі 
олар  жалғаулықты  және  жалғаулықсыз  ыңғайда  келе  береді.  Олар 
мыналар: 
      Мезгілдес  салалас  құрмаласта  екі    компонентте    баяндалған  іс-
әрекет бір мезгілде қатар өтіп жатады немесе ыңғайлас мәнде болып 
жатады.  Мысалы:   Шам жағып еді, қалың қырау басқан терезелері 
түксейе қарады (Ғ.Мүсірепов). Таң ата жел де тыңды, бұлттар да 
ыдырады (Ж.Аймауытов). Мезгілдес  салалас компоненттері  да, -де, -
та, -те, -және,  әрі    жалғаулықтары арқылы  да, жалғаулықсыз  да  
құрмаласады.  
      Мезгілдес салалас  сөйлемге компоненттері бірыңғай, біртектес іс-
әрекет,  жай-күйлерді  санамалап,  тізбектеп,  жарыстыра  көрсететін 
сөйлемдер  де  жатады.  Мысалы:  Қуанышы  ботасының  айналасында, 


 
262 
қайғысы  інгенің  маңайында.  Мұндағы  завод  аты  -  Спасс,  кен  аты  - 
Воскресен, Нілдідегі кен аты - Успен (Ғ.Мүсрепов). Төрт-бес жылдан 
бері  мырзаның  ашылмаған  қабағы  биыл  ашылайын  деді,  жасты  көзі 
биыл  құрғайын  деді.  Қымыз  ішусіз,  жұрт  тілсіз  қалды  біразға  дейін 
(Ғ.Мұстафин). 
      Себептес  салалас  құрмалас  сөйлем.  Салалас  құрмалас  сөйлемнің 
бұл түрі 1936жылы жарияланған оқу прогроммасында  «Себеп-салдар 
салалас»  деген  атпен  тұңғыш  рет  сөз  болды.  Терминдік  жағынан  әр 
түрлі  аталғаны  болмаса,  содан  бергі  зерттеулердін  барлығында  да 
құрмалас  сөйлемнің  бір  түрі  ретінде  салалас  сөйлем  құрамында 
қаралып келеді. 
     Себептес  салалас  сөйлем  деп  компоненттері  бір-бірімен 
себептестік  қатынаста  тұратын  құрмалас  сөйлемді  атайды. 
Салаластың бұл түрі өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті дейтін 
жалғаулықтардын  дәнкекерлігі  арқылы  да,    жалғаулықсыз  да 
жасалады. 
     Өйткені,  себебі  деген  жалғуалықтар  арқылы  құрмаласатын  жай 
сөйлемдердін  соңғысы  іс-әрекетін  себебін  білдіреді  де,  алдыңғысы 
сол  себептен  туған  нәтижені,салдарды  білдіреді.  Мысалы,  Оның 
толқығанын  Әмір  байқаған  жоқ,  өйткені  ол  аң-тан  болып  барлық 
назарын  Әбдірахманын  түрінің  жан  танымастай  өзгеріп  кеткеніне 
аударды.                                                                                                             
Бұл  мысалдағы  салалас  сөйлемде  әуелі  болған,  естілген  іс-әрекет, 
жай-күй  айтылады  да,  соңынан  оның  солай  болу  себебі,  ненің 
нәтежесінде,  неліктен  солай  болғандығы  баяндалады:  оның  бұл 
толқыуын  Әмір  неліктен,  не  себептен  байқаған  жоқ?  Оның 
байқамауының себебі – барлық назарын Әбдірахманға аударғанынан.   
     Сондықтан,  сол  себепті  жалғаулықтары  да  екі  жай  сөйлем 
арасында қолданылады да, өзінен кейінгі жай сөйлем құрамына енеді. 
Бұл  жалғаулықтар  құрамына  енген  компоненттер  алдыңғы 
компоненттегі  іс-әрекет  арқасында  туатын  немесе  туған  нәтижені, 
салдарды  білдіреді  Мысалы,  Менің  кім  екенімді  қысқаша  түрде 
Жұмабайға  әкесі  айтып  берді,  сондықтан  менен  қымыранбай 
сөйледі(С.Мұқанов). Мұнда бірінші сөйлемдегі іс-әрекеттің себебінен 
туған-нәтижені, салдарды білдіріп тұр.    
     Себептес  салалас  сөйлемдер  компоненттері  бір-біріне  тіркесе, 
іргелес  айтылу  арқылы  жалғаулықсыз  да  жасалады.  Мысалы: 
Сәуленің  Бөлекбай  арқылы  Нұрланныңсырын  білмек  болған  манағы 
ойы әлі арылып кеткен жоқ  еді, соны есіне алып Бөлекбастың бірге 
қайтқанын мақұл көрді (Ә.Әбішев).   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет