Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет175/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   196
Бүгін  қар  жауады  немесе  жаңбыр  жауады  деген  талғаулы 
салаластың  компонеттері  арасында    мағыналық  қатынас  жоқ. 
Мағыналық  жағынан  мұнда  бір-біріне  тәуелсіз  екі  түрлі  әрекет 
баяндалған  да,  олар  өзара  мағына  іліктестігіне  қарай  емес, 
интонациялық бірлігіне қарай құрмаласқан.  
      Талғаулы  салаластың  өзіндік  бір  ерекшелігі  -    мұның  құрамына 
енген  жай  сөйлемдер  бір-бірімен  жалғаулықсыз  құрмаласа  алмайды, 
тек  жалғаулықтар  арқылы  ғана  құрмаласады.  Талғаулықты 
салаластың  жалғаулықсыз  түрінің  болмауының  себебі  де,  жоғарыда 
айтылғандай,  компоненттерінің  мағына  жағынан  бір-бірімен  іліктес 
болмай,  әрқайсысы  дербес  әрекетті  баяндауларынан.  Мағыналары 
іліктестік арқылы байланысып тұрады да ол дәнекерлерден айырылса-
ақ бастары бірікпей бөлек-бөлек  сөйлем болып бытырап кетеді.  
      Сөйлемге  талғаулық  мағына  беретін  және  жай  сөйлемдерді  бір-
бірімен  құрмаластыратын  -не,  немесе,  я,  яки,  болмаса,  я  болмаса, 
әйтпесе, әлде, талғаулық мәнді жалғаулықтар.      
     Талғау  мәндес  жалғаулықтардың  я,  не,  әлде  деген  түрлері  жай 
сөйлем сайын қайталанып   айтыла береді.  Мысалы,  я, мен барайын, 
я сен бар деуге де, мен барайын, болмаса сен бар деуге де болады. 
     Талғау  мәнді  жалғаулықтар  жай  сөйлемдерді  құрмаластырудан 
гөрі  бірыңғай  мүшелер  шарасында  көбірек  қолданылады,  сондықтан 
да  талғаулықты  салалас  сөйлем  жазу  тілімізде  өте  сирек  ұшырайды.                                    
Кезектес  салалас  сөйлем.  Кезектес  салалас  сөйлем  деген  атау  тек 
профессор  С.Аманжолов  оқулығында  ғана  кездеседі.  Құрмалас 
сөйлемді  зерттеген  басқа  ғалымдардың  ешқайсысы  да  салалас 
құрмаластың  ондай  түрі  бар  деп  санаған  емес.  Бірақ  тіл  фактілері 
оның барлығын дәлелдейді.  
     Кезектес  салалас  сөйлем  деп  құрамына  енген  жай  сөйлемдердің 
мағынасынан  байқалатын  іс-әректтердің  бірінен  соң  бірі  кезктесіп 
болып  отыратындығын  білдіретін  салалас    құрмалас  сөйлемді 
айтамыз. 
     Кезектес  салалас  сөйлем  компоненттері  бір-бірімен  бірде,  біресе, 
кейде  деген  кезектестік  мәнді    жалғаулықтар  арқылы  құрмаласады: 


 
265 
Мысалы:  Біресе  бұл-бұл  нақышты,  көп  ырғақты  «жиырма  бесті» 
созады, бірде назды қоңыр, кең тынысты «Жанбота» шығады.   
     Кезектес  мәнді  жалғаулықтардың  бір-біріне  айтарлықтай  мағына 
өзгешліктері  жоқ,  сондықтан  олар  бірінің  орына  екіншісі  қолдана 
береді, бірақ мағынасына ешқандай  нұқсан да келмейді. 
     Шартты  салалас  сөйлем.  Салаластың  бұл  түрі  1961  жылғы  
«Қазіргі    қазақ  тілі»  оқулығынан  бері  қарай  қолданылып  жүр. 
Компонент        мағыналары  өзара  шарттас  болып  келетін  салалас 
құрмалас  сөйлем  шартты  салалас      сөйлем  деп  аталады.    Мысалы,  
Бүгін өзің  қоншы осы жерге, бәрін де көзіңмен көресің. Тағы да екі-
үш  күн  бөгейтін  амалын  тапшы,  қозыдай  көгендеп    қолына  берейік 
(Х.Есенжанов).  Осы  мысалдарда  бірінші  компоненттегі  іс-әрекеттер 
екінші  компонентегі  іс-әрекеттердің  алдағы  уақытта  болуына  шарт 
ретінде алынған.  
     Шартты  салалас  сөйлемдерде  екінші  компоненттегі  әрекеттің 
болу-болмауына бірінші компоненттегі әрекет шарт болып келеді. 
      1.  Екі  компонент  баяндауышы  да  бұйрық  райда  айтылады: 
Біраз  дем  ал,  тынығып  қаласың.  Айтқанды  істе,  зиян  таппайсың. 
Менімен бірге жүр, бәрін де көресің. 
     2.  Бірінші  компонент  ІІ  жақ,  екінші  компонент  І  немесе  ІІІ 
жақта  айтылады.  Осыны  істе,  ақысын  төлеймін.  Жағдайыңды 
түсіндір, ол жәрдемдемдеседі. 
      3.  Бірінші  компонент  баяндауышы  бұйрық  райдың  бірінші 
жағында,  екінші  компонент  баяндауышы  ІІ  немесе  ІІІ  жақта 
айтылады.  Мен  барайын,сен  қорықпайсың  ба?  Пальто  алып  берейін, 
ақша  тауып  бересің  бе?  Мен  ешкімге  айтпаймын,өзі  әкеп  беретін 
болсын. 
     4. Кейде қарсылықты жалғаулықтары арқылы да байланысады: 
Біз білмеген-ақ болайық,бірақ өзі тиіш жүрсінші. 
     5.  І  компонент  баяндауышы  ІІІ  жақта,  екіншінікі  І  жақта.  Ол 
тез  кететін  болсыншы,  біз  үндемейік.  Айтқанды  істесін,  әйтпесе 
ісін сотқа өткіземін. 
   Сөйтіп,  компоненттерінің  мағыналық  қатынастары  жағынан  да, 
шартты  білдіретін  жай  сөйлемнің  орналасу  тәртібі  жағынан  да  
шартты  салалас  сөйлемнің  шартты  сабақтас  сөйлемнен  ешқандай 
өзгешелігі  жоқ.  Бүгін  өзің  осы  жерге  қоншы,  бәрін  де  көзіңмен 
көресің  деген  шартты  салалас  сөйлемнің    Бүгін  өзің  осы  жерге 
қонсаң, бәрін де көзіңмен көресің деген сабақтас сөйлемнен құрылысы 
жағынан  да  өзгешелігі  шамалы.  Бұлардағы  өзгешелік  -тек  шартты 
білдіретін  компоненттердің  баяндауыш  формасында  тиянақсыз 
формада  да  (шартты  рай  формасында)  айтылады  да,  салалас  түрінде 


 
266 
ол  тиянақты  формада  (бұйрық,  қалау  не  ашық  рай  формаларында) 
айтылады. 
     Салыстырмалы  салалас  сөйлем.  Салыстырмалы  салалас  сөйлем 
құрмаластың бір түрі ретінде осы оқулықтың  бірінші басылымынан 
бері қарай ғана қолданылып келеді. Жалғаулықсыз салалас сөйлемнің 
бұл  түріне  бір-біріне  антитеза  немесе  аналогия  ретінде  алынған  екі 
түрлі  субьектінің  іс-әрекеттерін,    қасиеттерін,    жай-күйлерін 
салыстыра  баяндайтын  сөйлемдер  жатады.  Салыстырмалы  салалас 
сөйлем  мақал,  мәтелдерде  жиі  кездеседі.  Мысалы:  Саналы 
адам,сағыңды  сындырмас,  санасыз  адам  жағыңды  тындырмас. 
Білген  адам  тауып  айтады,  білмеген  адам  қауып  айтады.  Жақсы 
байқап  сөйлер,  жаман  шайқап  сөйлер.  Ынтымақты  елге  ешкім 
жетпес,  ынтымақсыз  елдің  өкініші  кетпес.  Тозар  елдің  жанжалы 
бітпес,  озар  елдің  арманы  бітпес.  Мысалдағы  сөйлемдердің  бір 
компонентінде жақсылықтың ізгі қасиеті, жақсылығы, артықшылығы 
айтылса,  екінші  компонентте  оған  жамандықтың  жағымсыз 
нәтижелері, кесапат қылықтары қарама-қарсы қойыла сағастырылған. 
Бірақ  салыстырмалы  салалас  сөйлемнің  барлық  түрі  бірдей  бұлай 
болып  келе бермейді. Ол кейде бір-біріне аналогия ретінде алынған 
екі  түрлі  заттың,  құбылыстың,  іс-әрекеттің  жай-күйін  жай  ғана 
қатарластыра  баяндайды.  Мысалы:  Қарағайға  қарап  тал  өсер, 
қатарына қарап бала өсер. Тау мен тасты су бұзар, адамзатты сөз 
бұзар. Өнер – ағып жатқан бұлақ, ілім - жанып жатқан шырақ. Кең 
киім  тозбайды,  кеңесті  ел  азбайды.  Көп  қорқытады,  терең 
батырады.  Ата  көрген  оқ  жонар,  ене  көрген  тон  пішер.  Міне,бұл 
келтірілген  мысалдағы  сөйлемдер  декомпонентте  баяндалған  іс-
әрекеттің  ешқайсысына  жоғарыдағыдай  артықшылық  мән  бермейді. 
Бір-біріне  анология  ретінде  алынған  субьектілердің    қайсысының 
қандай  қасиеті  барлығы,  қайсысы  қандай  әрекет  жасай  алатындығы 
баяндалады.  Сөйтіп,  мұндағы  салыстырудың,  теңдестірудің, 
анологияның 
негізгі 
компоненттері 
субьектілерінде 
болады. 
Мысалдағы  сөйлемдерде  бір-біріне  анология  ретінде  алынып 
отырғандар:  тал  мен  бала,  су  мен  сөз,  өнер  мен  ілім,  кең  киім  мен 
кеңесті  ел,  көп  пен  терең  т.б.  Бұл  субьектілердің  әрекеттері  өзара 
теңестіріліп,  бір-біріне  ұқсастырыла,  анология  ретінде  баяндалады: 
Тау  мен  тасты  су  қалай  бұзса,  адамзатты  сөз  де  солай  бұзады. 
Қарағайға қарап талдың өсетіні сияқты қатарына бала да өседі т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет